Басқарудың интегралдық түрі

Жоғарыда айтылған жағдайға түспеу үшін, көптеген компаниялар бірте-бірте өз ұйымдық құрылымына инновациялық қызметін басқаруға интеграциялық түрлерін еңгізіп жатыр. Оны бірігіп құрастыру әдісі деп те жиі атайды.

Интеграциялық түрінің кең таралған түрі-ұйымның матрицалық жүйесі болып есептеледі. Оның негізі — дәстүрлі функционал және өндіріс бөлімшелерімен қатар жобаның бас жетекшісі мен оның мақсаттық- жобалар тобы ұйымдастырылады. Жобаның бас жетекшісі — үйлестіруші қызметін атқарады.

Тағы да бір инновацияның шешіміне келген кезде, жоба жетекшісі мақсаттық бөлімшелер ұйымдастырады. Оған жобаның іске асыру үшін, уақытша компанияның әртүрлі бөлімшелерінен мамандар шақырылады. Жұмыс кезінде шақырылған мамандар екі бастыққа бірдей бағынулары тиіс. Жоба жетекшісіне және өз бөлімше басшысына. Бірақ бағынушылық дауы көтерілмейді, себебі әрбір бастықтың қызметі нақты бөлініп қойған. Жоғарғы басшылықтың шешімдерін орындау үшін, жоба жетекшісі ең бірінші мақсаттарды анықтайды, ал функционалдық және сызықтық бастықтар ұйымдастыру қызметін орындайды (міндеттерді бөліп қою) және барлық істің жүруін бақылайды

Ірі кәсіпорындарда интегралдық түрлері жиі дербес кәсіпкерліктің  жаңа сфераларының дамуымен айналысатын ғылыми- өндіріс кешендеріне айналады (мысалы, IBM компаниясында) немесе егер, жобалар жоғары тәуекелді болып бағаланса венчурлық бөлімшесіне айналады.

Матрица жүйесінің негізгі артықшылықтары: жобаның орындаулу мерзімінің қысқарылуы, түрлі сыртқы өзгертулерге шапшаң көңіл аудару, бақылау жүйесінің  оңайлатуы, дәстүрлі шаруашылық қызметтің үзілмеуі.

АҚШ компаниялары интеграциялық құрылымды қолданғанда, оның көптеген артықшылықтарын байқады: инновация жобаларын енгізу уақыты 30-70% қысқарылуы, конструкторлық өзгертулер саны 65-80% төмендеуі, шешімдердің орындалу сапасы 200-600% жоғарлауы, ұжымда творчестволық атмосфераның қалыптасуы және инновация кедергінің азаюы.

Осы аймақтың тенденция жиынының арасында, өнеркәсібі дамыған елдердің компаниялары нарық бәсекесінің мақсаты орындалуы үшін, инновациялық қызметін күшейтуге бүкіл қуатын беріп жатыр. Инновациялық қызметпен басқару ұйымдарының бастаушы ретінде қалыптасқан тәсілдері:

— ұйымдық жекелеу қызметінің болашақта дамуы, яғни «иннервация» құрылымдарын енгізу;

— «нарық стратегиясының» құрылымдары мен оның түрлерін   пайдалану;

— горизонтальды үйлестік түрлерін дамыту, яғни жобалы басқару.

Дүниежүзілік инновациялық менеджмент тәжірбиесінде барлық белгілі ұйымдық түрлердің өңдеуі мен жаңалықтардың игерілуі, шарт түрінде бірнеше үлкен топтарға бөлінеді:

— жаңа өнімдерді өңдеуге арнайы бөлімшелер (ең алғаш рет 50- жылдары құрылды);

— ұйымның ішіндегі венчурлық бөлімшелер тобы (оның түрлері- кәсіпкерліктің жаңа салаларының дамуымен айналысатын орталықтар);

— шаруашылық қызметтің шекараларын біріктіретін және нақты өндірістің шеңберінде ерекшіліктерін қоса отырып, ескішіл және инновациялық процестерді орынды үйлестіру арқылы жоғары дәрежеге жетуіне мүмкіндік беретін бөлімше.