Қазақстанда құрылған шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы

Қазақстанда құрылған шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды. Ал, кәсіпкерліктің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.

Жалпы   шағын және орта бизнес экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

Елімізде шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға  Елбасының өзі ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауларында да атап көрсетіледі.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде белсенді жұмыстардың жүргізілуі елімізде бизнестің дамуына оң әсер етеді.

Әдебиеттер тізімі 

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Енгізілген өзгертулер 2007-2011жж.

1. Акимова А. К. «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» ҚР Кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жинақ. Арнайы салық режимі бойынша Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған. Астана, 2001.

2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім). Түсініктеме. Жауапты ред. М.К Сүлейменов., Ю.Г.Басин – Алматы, «Жеті жарғы», 1997

3. Путеводитель для предпринимателя. Республикалық шағын кәсіпкерлік бойынша ақпараттық есептеу орталығы. Астана, 2002

4. «Малый бизнес Казахстана» журналы. Алматы. 1998. № 1-16.

42. «Малый и средний бизнес Казахстана» журналы. Астана, 2004-2005. №

5. Деловой мир Казахстана: Журнал. Предпринимательство, инновация
плюс информация. Алматы, 1997. № 1.

6. «Как вести свое дело в Казахстане» журналы. Қазақстандық меншік иелеріне арналған оқулық. Алматы. 2001.

7. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.

8. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.

9. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов, «Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы, 2001ж.

10. Шаруашылық серіктестігі: құру, қайта ұйымдастыру, тарату. Нормативтік-құқықтық актілердің жинағы. – Алматы: Юрист, 2004

11. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері (сұлбалар мен кестелерде). Кәсіпкердің шағын кітапханасы. «Секрет + сервис» Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығы» мекемесі, 2-б, 2005 ж. маусымы, №11(41).

12. Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдаулары

13. Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру. Оқу құралы.