Әдебиетте инновацияларды топтастыру қатары келтірілген:
1. В.Аньшин, В.Дагаев келесі белгілер бойынша ажыратады:
— қолдану саласы бойынша: ғылыми-техникалық, ұйымдастыру-экономикалық, әлеуметтік-мәдениеттік;
— қанағаттандыратын қажеттер сипаттамасы бойынша: жаңаларды шығаратын, барларды дамытатын;
— қолдану бұйымы бойынша: инновация-өнім, инновация-ұрдіс, инновация-қызмет, инновация-нарық;
— батылдылық дәрежесі бойынша: сана (креативті, негізгі), имитациялы (жетілдірілген);
— таратылу көлемі бойынша: салалық, аймақтық, микро-, макро-, мега-деңгейлі;
— өндіріс процесінде рөлі бойынша: негізгі және толықтыратын;
— материалдандыру бойынша: қатты және жұмсақ.
2. А.И. Пригожин ажыратады:
— жаңалық түрі бойынша: материалды-техникалық, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру-басқару, құқықтық, педагогикалық;
— инновациялық потенциал бойынша: батылдылық, қиыстыруға негізделген, модификацияланатын;
— ізашарға қатынас принципі бойынша: орын баса тұратын, өзгертетін, қайтатын, ашатын;
— қолдау көлемі бойынша: таңбалы, жүйелі, стратегиялық;
— нәтижелілік бойынша: инвестициялық, өндірістік, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық;
— ынта көзі бойынша: тікелей әлеуметтік тапсырыс, ойлап табу нәтижесінде;
3. М.Хучек инновацияларды келесідей топтауға ұсынады:
— өзгерістер мінезінің саналығы: сана, сана емес;
— шаруашылық саласы: материалданған, материалданбаған;
-жаңалық дәрежесі: дүние жүзілік, салалық, кәсіпорын көлемінде жаңалықтар;
— әрекет радиусы: кәсіпорын сыртында, кәсіпорында еңгізілген;
— қолдану саласы: техникалық және технологиялық, ұйымдастыру және экономикалық, қоғамдық.
4. С.Д.Ильенкова жаңалықтардың басқа технологиясын ұсынады:
— технологиялық көрсеткіштермен байланысты: өнімді және процесті; жаңалықтан: әлемде, елде, кәсіпорында сала үшін жаңа; кәсіпорындағы орыннан: кірісте, шығыста, жүйелік құрылымында инновациялар; еңгізілген өзгерістер тереңдігінен: батыл, жақсартатын, модификациялық; әрекет саласынан: технологиялық, өндірістік, экономикалық, саудалық, әлеуметтік басқару саласында.
5. П.Н.Завлин инновацияларды келесі белгілер бойынша топтастырады:
— қолдану саласы – басқару, ұйымдастыру, әлеуметтік, өнеркәсіптік;
— ҒТҮ кезеңі – ғылыми, техникалық, технологиялық, құрылымдық, өндірістік, ақпараттық;
— өнімділік дәрежесі – «бум», біркелкі, әлсіз, көпшілік;
— жүзеге асыру қарқыны – жылдам, ақырын, өсетін, біркелкі, секірмелі;
— инновациялар көлемі – трансконтиненттік, трансұлттық, аймақтық, ірі, орта, ұсақ;
— нәтижелілік – жоғары, төмен, тұрақты;
— тиімділік – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, интегралды.
Жаңалық дәрежесі мен инновация затына назар аударып, ғалымдар оларды 3 топқа бөледі: 1) дүниежүзілік көлемді жаңалық; 2) ел көлемінде жаңалық; 3) осы кәсіпорынның көлеміндегі жаңалық.
Кәсіпорында инновациялардың әлеуметтік-экономикалық мазмұнын инновациялардың топтастыруына сүйеніп қараймыз.
Өзгерістер соңғы белгілердің көзқарасынан инновациялар бөлінеді: 1) өзіндік (креативті); 2) еліктейтін. Инновациялар кәсіпорынның кәсіп-саласының маңызды жаңартуы болып көрінетін батыл, тек жеке жаңартулардың сипаттамасы бар инкременталды, пионерлі, яғни нарық үшін жаңа болуы мүмкін.
Экономика саласының белгісіне сүйеніп, инновацияларды бөлуге болады: 1) материалда жүзеге асқан (қатты) инновациялар; жүзеге аспаған (жұмсақ)(ұйымдастырудың, оқу процесінде жақсартудың жаңа жүйесі).
Егер топтастыру негізінде олармен келтіретін зардаптардың көлемін алсақ, инновацияларды бөлуге болады: 1) стратегиялық; 2) қазіргі инновациялар.
Инновацияларды топтастыру негізінде қоғамға пайда әкелетін белгі болуы мүмкін: 1) шығындарды азайтуға апаратын инновациялар; 2) өнімнің сапасын жақсартуына әкелетін инновациялар; 3) шығаратын өнімнің санын көбейтуіне мүмкіндік туғызатын; 4) адам еңбегін сақтайтын; 5) қоршаған ортаны қорғауға апаратын инновациялар.
Инновациялар заттарының көзқарасынан олар келесіге бөлінеді: 1) өнімдік және процестік; 2) техникалық; 3) ұйымдастыру; 4) экономикалық және қаржы; 5) адам потенциалын басқару жүйесінде (еңбектік); 6) әлеуметтік; 7) экологиялық; 8) ақпараттық.