Инфляцияның мәні, туу себептері

Қазіргі  кездегі  ауқымды  өзгерістер  кезеңі  қоғам  өмірінің  барлық  саласын  жан-жақты  қамтуда экономика  мен  экономикалық  теория  бүгінгі  күндерде  қоғамды  дамытудың  басты  пәрменді  күші  болып  отыр. Экономикалық  құрылымы  өте  күрделі  және  экономика  ғылымы  эволюциялық    жолмен  дамып , болжамдарды  жалғастырып  келеді. Экономика соныменқатар  қоғам  өмірінің  көптеген  мәселелерін  қамтиды. Әсіресе  ,  соның  ішінде  баға , табыс , жұмыссыздық  және  тағы  басқа  құбылыстардың  өзгерісімен тығыз  байланысты . Қазіргі  күндері  экономиканы  біріншіден — өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын  түсіндіру  және  жазу  үшін , екіншіден – экономикалық  тәртіпті  негіздеу  үшін  қолданылады.
               Экономиканың  өзін  макроэкономика   және  микроэкономика  деп  екі  салада  қарастырамыз. Бұл екі  сала  өзара  бір – бірімен  тығыз  байланысты  болады. Міне, осы  макроэкономика  саласының  күрделі  мәселелерінің  бірі — инфляция  болып  табылады.
Инфляция  адамзат  тарихында  жаңа  құбылыс  емес. Оның  бай  тарихы  бар 1775 – 1783  жылдары  Солтүстік  Америкада  тәуелсіздік  үшін  болған  соғыс  доллардың  құнсыздануына әкеліп  соқтырды. Франция  1789 – 1794  жылдары  революция  кезінде  ендірілген  қағаз  ақшалар  7  жылда  883  есе   құнсызданды.
Алғашқы  рет  ″ инфляция ″  деген  ұғым  ақша  айналымына  қатысты  АҚШ – та  Азамат  соғысы  кезінде  / 1851 – 1865 ж.ж / орасан  зор  гривналар  /ақша  орнына  қолданылған  күміс  кесек  450  млн  доллар / шығарылуына байланысты  қолданыла  бастады, ал оның  төлем  қабілеті 2  жылдың  ішінде  60 %  -ке дейін  төмендеді.
Инфляция  тек  қағаз  ақшаға  тән  және  ол  экономиканың  кез – келген  үлгісінде  орын  алады,  көбінесе  инфляция  айналымдағы  ақшаның   көбеюімен  бейнеленеді. Бірақ  кейде, инфляциялық  ахуал, айналымдағы  ақшаның  саны  бір  қалыпта  қалған  күнде – де  туады. Мысалы, егер  елде  тауар  өнімінің  көлемі  азайып  кетсе, онымен  тікелей  байланысты  тауар  айналымының  да  көлемі  азаяды. Олай  болса , оларға  жұмыс  жасайтын  ақшаның  да  саны  азаяды. Сөйтіп , дәл  осы  кезде  айналымда  жүрген  ақшаның  кейбір  бөлігі   артық  болып  шығуы  мүмкін . Тап  осындай  жағдай  ақша  айналымы  жеделдетілсе де  туады. Ақша  айналымын  жеделдету , басқа  жағдайлары  бірдей  болғанда, айналымға  қосымша  ақша  шығарғанмен  бірдей.
Сонымен   инфляциялық  ахуал  көптеген  себептердің  әсерінен  тууы  мүмкін. Осы  себептерді  екі  топқа   бөлуге  болады :
1.    Ақша  айналымымен тікелей  байланысты  себептер
•    Айналымға  бюджеттің тапшылығын  жабу  үшін , тауарлық  ресурстармен  қамтамасыз  етілмеген  тым  көп  қолма – қол  ақша  шығару;
•    Айналымға  қолма – қол  емес  ақша  шығарумен  байланысты , шаруашылыққа  шамадан  тыс  көп  несие  беру;
•    Ұлттық  валютаның  бағамын   бір  деңгейде  ұстау  үшін  Ұлттық  банктің , басқа  елдердің, еркін  айырбасталымды валюталарын   сатып  алу  немесе  сату.
2    Ақша  айналымы  мен  жанама  байланысты  себептер
•    Шаруашылықтың  үйлесімді  өркендеуінің  бұзылуы ;
•    Шаруашылықтың   шығынды  тетігі ;
•    Салық  саясаты ;
•    Баға  саясаты ;
•    Мемлекеттің  сыртқы  экономикалық  қызметі

Бір  қарағанда   екінші  топта   келтірілген  себептер инфляциямен  байланысы  жоқ  сияқты   болып  көрінеді , бірақ  бұдардың  әрқайсысы  айналымдағы  ақшаның  жинағының  өзгеруіне  әсер  ете  алады , сөйтіп   инфляциялық  ахуал  туғыза  алады. Мысалы , шектен  тыс  жоғары   салықты  өндіріс  пен  тауар  айналымының  өсуін  ынтымақтандырмайды , керісінше , инвестицияның  белсенділігі  төмендейді , соның  нәтижесінде  өндіріс   көлемі  де , тауар  айналымы да  азайып , айналымда  артық  ақша  пайда  болады.
Макроэкономикалық   құбылыстарға  басты  себептер   ұлттардың  табысқа  жету – жетпеуіне  байланысты  болады.
Ұлттар  өзінің   экономикалық   жағдайындағы  шығындар, салықтар, ақша  айналысындағы  өзгерістеріне  экономикалық  саясат   арқылы  әсер  етеді.
Өсудің  тенденциясын   анықтау  көрсеткіші  үшін  өндірістің  потенциалдық  көлемін, яғни  оның  мүмкіндігінің  минимумын  алады.
Өндірістің  потенциалдық   көлеміне  жету – жұмыспен  қамтамасыз  етуге , инфляцияның  ұлғаюына  байланысты, жұмыссыздық  көбейген  кезде  инфляция  төмендейді. Сонымен  қатар, соңғы  уақытқа  дейін  біздің  санамызда  ″ инфляция ″  ұғымы  капитализмнің  келелі  ретінде  орнықты. Құн  заңы  әрекетімен  анықталатын   тауар  ақша  қатынастарының  болуы  инфляциялық  процесстерді  тудырады. Инфляцияның  себебі, әрекет  ету  механизмі, көрінуі  және  оның  зардаптарымен  күресу  жолдары  бұрын  соңды  біздің  елде  зерттелмеген.
Қазіргі  кезде  ол  барлық  жұмысшы   күштерінің  6 % -тін  қамтиды.
Сонымен  инфляция  дегеніміз — / латын  сөзінен  алғанда  inflatio/ қағаз  ақшаның  құнсыздануына  байланысты  болатын   әлеуметтік – экономикалық   құбылыстар   жиынтығы, басқаша  айтқанда  айналыстағы  ақша   өлшемдері  қосындысынан  артып  кетіп , осының   нәтижесінде  тауарлармен  қамтамасыз  етілмеген  ақшаның  пайда  болуы  инфляцияны  білдіреді. Оның  мәнін  түсіну  үшін  10 млрд  алтын   доллар  керек  екен , ал  қағаз  ақша  20 млрд  доллар  шамасында  шығарылды  делік. Мұның  өзі  қағаз  доллардың  екі  есе  құнсыздануына  әкеліп  соқтырады. Инфляция жұмысшылардың   жағдайына  зардапты  ықпалын   тигізеді. Себебі , тауар  бағасы  бірнеше  есе  өседі, ал  мемлекет жалақыны  бұрынғы  дәрезесінен  арттырмауға  тырысады. Ақшаның  құнсыздануы , халықтың  әл – ауқатының  дәрежесін  төмендетуге  әкеп  соқтырады.