Герундий

Герундий ұғымының жалпы сипаттамасы, оның белгілері мен қасиеттері

        Герундий — орыс тілі мен қазақ тілінде ұқсастығы жоқ ерекше грамматикалық дәреже. Бұл етістік пен зат есімнің қасиеттерін біріктіріп, іс-әрекетті білдіретін етістіктің жақсыз тұлғасы.

“Герундий” атауы латынның “gerere” (әрекет ету) етістігінен шыққан. Ол герундий арқылы іс- әрекеттің іске асу процесіне бағыттайды. Герундий үлкен бағыныңқы сөйлемдерді қолданбауға көмектеседі және қысқа да нұсқа сөз айналымдарын құрастыруды жеңілдетеді.

Герундийдің құрылуы есімшенің қасиеттері етістіктен жасалған зат есімге тасымалдана басталуымен байланысты болды. Бұдан ол есімше сияқты етістік басқаруын алып, одағаймен анықтала басталды, осылайша етістік жүйесіне енді. Басқа қырынан қарайтын болсақ, бұл араласу етістіктен жасалған зат есім  есімшеге белгілі бір әсер ететіндіктен, ұзақ формалардың дамуына әкеп соқты. Етістіктен жасалған зат есімнің әсерінен есімшемен бірге құрылысында герундиймен сипатталатын үрдістің мағынасы арта түсті, бұл ұзақ формалардың дамуына мүмкіншілік берді.

Тарихтың бас кезіңде  бұл –ing  жалғауымен аяқталатын форма барлық зат есімнің қасиеттері бар субстантивтік дәреже болған. –Ing  етістік формасының 3 қолданысы бар: есімшенің құрылуы, герундия, Continuous тобының шақтары. Уақыт өте келе, тіл дамуының орта және жаңа ағылшындық кезеңінде етістіктен жасалған –ing  жалғауымен аяқталатын зат есімдерді құрастыру тәсілі пайда болды, сонымен қатар бұл етістіктен жасалған зат есімдер етістіктердің кейбір қасиеттерін де сақтайтын болған. Осылай тілде зат есім мен етістік арасындағы жаңа форма- герундий пайда болды. Герундий етістік пен зат есім арасындағы өзгеше бір делдал ретінде қарастырылады. Ағылшын тілінде әрбір етістіктің герундийсі бар және де олар өте кең қолданылады. Кейбір сөйлем айналымдарында тек қана герундийдің қолдануын талап етеді, себебі басқа етістік формалары ол жерде қолданыла алмайды.

Герундийдің екіұдайлылық табиғи ізі  жаңа тілде оның қызметінің екіұдайылығы ретінде сақталды: онда зат есімнің де, етістіктің де қасиеттері бар және де ол осы екі дәреженің әрқайсысымен де байланыс жасайды.

А. В. Клименконың айтуы бойынша, зат есім мен герундийдің байланысы, соңғысының:

—  іс-әрекетті емес, тек ғана оның атауын, іс-әрекеттің процесін білдіреді;

— бастауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш, баяндауыштың бөлшегі ретінде сөйлемде зат есімнің қызметін атқарады;

— предлогтармен тіркесіп, тәуелдік септіктегі зат есімдермен және тәуелдік есімдіктермен анықталады.

Герундийдің зат есімнен айырмашылығы оның артикльінің, көпше түрінің болмауында, сонымен қатар герундийдің сын есіммен анықтала алмайтынында тұрады.

Герундийдің етістікпен байланысын қарастыратын болсақ, герундий келесі белгілерімен анықталады:

— етістіктің түбірінен жасалады;

— шақ пен етіс айырмашылығы бар;

— тура толықтауыш бола алады;

— үстеумен анықтала алады;

Герундийдің етістіктен айырмашылығы оның етістіктің жақсыз тұлғасының болуында, яғни ол жақ дәрежелерін де, сан дәрежелерін де анықтай алмайды және  ол баяндауыш қызметін атқара алмайды, ол тек оның бөлшегі бола алады.

Формасы бойынша герундий есімше  II мен перфекті есімшеге ұқсас.

Есімшеге қарағанда сөйлемде герундийдің алдында предлогтар, ілік септігінде тұрған зат есімдер немесе тәуелдік есімдіктер тұруы қажет. Мысалы:

The author has succeeded in basing his study on sound principle.- Автор өз зерттеу жұмыстарын дұрыс принциптерге сүйене отырып іске асырды.

In spite of his being tired we had to disturb him.- Оның шаршағанына қарамастан, бізге оны мазалауға тура келді.

I have been told of your friend’s coming soon.- Маған сіздің досыңыздың жақын арада келетінін хабарлады.

Анықтауыш пен пысықтауыш қызметін атқаратын есімшеге қарағанда, герундий бастауыш пен толықтауыш қызметін атқара алады. Мысалы:

Collecting rare books was his favourite occupation.- Сирек кітаптарды жинау оның сүйікті ісі болды.

He likes reading aloud. —  Ол дауыстап оқуды жақсы көреді.

Егер герундий анықтауыш пен пысықтауыш қызметін атқаратын болса, бұл жағдайда оның алдына предлог қойылады (ал есімшеннің алдына ешқашан предлог қойылмайды). Мысалы:

In studying it they applied a new method of deciphering. – Оны зерттеу кезіңде олар шифрді ашудың жаңа әдісін қолданды.

Герундий –ing аяқталатын етістіктен жасалған зат есімге ұқсас болғанмен, оның одан келесі айырмашылықтары бар:

1) Тақырыптық айырмашылығы бар. Мысалы:

He likes showing his photographs. – Ол өзінің суреттерін көрсетуді ұнатады (оған өзінің суреттерін көрсету ұнайды).

The child likes being shown pictures. – Сәбиге оған суреттерді көрсеткен ұнайды (Сәби оған суреттерді көрсеткенді ұнатады).

2) Герундий есімше сияқты дербес уақыт мағынасын бермейтіндігінен, етістікпен берілген іс-әрекетке бір мезгілді немесе өткен шақты іс-әрекетті білдіре алады.

Герундий Indefinite әдетте етістікпен берілген іс-әрекетке бір мезгілді іс-әрекетті (немесе оған байланысты келер шақты) білдіріеді. Мысалы:

I know about his returning from Moscow.- Мен оның Мәскеуден келетіндігін білемін.

Герундий Perfect етістікпен берілген іс-әрекетке өткен шақты іс-әрекетті білдіреді. Мысалы:

I know about his having returnedfrom Moscow.- Мен оның Мәскеуден келгенін білемін.

3) Өтпелі етістіктерден жасалған герундий тура толықтауыш бола алады. Мысалы:

Writing comedies took all his time.- Әзіл-ысқақты жазу оның барлық уақытын алды.

The writing of his work occupied seventeen years.- Оның еңбегінің жазылуы он жеті жылды қамтыды.

4) Етістіктен жасалған зат есімдерге қарағанда герундий көпше түрдің формасын алмайды, артикльмен қолданылмайды және етістіктен жасалған зат есімдер сияқты сын есіммен емес, үстеумен анықталады.