Герундийдің сөйлемдегі басты қызметі

Герундийдің сөйлемдегі басты қызметі туралы қазақша реферат

       Герундий бастауыш қызметінде

Бастауыш қызметінде герундий предлогсыз қолданылады. Аудау кезінде зат есіммен немесе тұйық раймен аударылады. Мысалы:

Smoking is bad for health. – Темекі шегу денсаулыққа зиянды.

Reading gives you knowledge. – Оқу сізге білім береді.

Герундийде герундиялық айналым пайда болатындай өзіммен бірге етістікке шек қоятын бағыныңқы сөз болуы мүмкін. Мысалы:

Swimming in the lake is forbidden. – Көлде жүзуге тиым салынады.

Қазіргі сөйлеу мәдениетінде бастауыш қызметіндегі герундий тұйық рай сияқты, әдетте, it формальді бастауышпен тіркескен құрылысында қолданылады. Мысалы:

It was dangerous for him swimming in such cold water. – Осындай суық суда жүзу ол үшін қауіпті болды.

Герундий тура толықтауыш қызметінде

He hates being asked about it.- Ол одан бұл мәселе туралы сұрағанды өте ұнатпайды.

Герундий тура толықтауыш қызметінде әдетте келесі етістіктерден кейін қолданылады:

to like – ұнату; to prefer – қалау; to regret — өкіну; to want – қажет ету; to enjoy – ләззат алу; to continue – жалғастыру; to mind – қарсы болу, қарсылық білдіру; to feel like – бейім болу; to avoid – қашқақтау; to excuse – кешіру

және келесі тіркестерден кейін:

it cannot help – бір нәрсеге шыдай алмау; is no use – бекер; it is useless –мағынасыз; to be worth – соған тұрарлық.

Герундий жанама толықтауыш қызметінде

The archaeologists succeeded in excavating several new sities.- Археологтарға бірнеше жаңа аймақтарды қазуы қолдарынан келді.

Жанама толықтауыш қызметінде герундий келесі предлогтармен тіркескен етістіктерден кейін қолданылады:

to aim at – мақсат қою, ұмтылу; to fall to – бастау; to turn to – қатынасу, біреуге жолығу; to insist on (upon) – талап ету; to keep from – кедергі жасау; to prevent from – кедергі болу; to complain of – шағымдану ; to think of (about) – бір нәрсе туралы ойлау; to accuse of – айыптаy; to suspect of – күдіктену; to object to – қарсылық білдіру; to be fond of – қатты сүю; to be furious at – қатты ыза болу, ашулану.

Зат есімнің предлогтармен тіркесінен кейін:

for fear of —  қауіптенуден, қорқыныштан; in terror of – бір нәрседен қорқа отырып; in the hope – үміттене отырып; with the object of – бір нәрсе үшін, мақсатпен.

Күрделі предлогтардан кейін:

far from – бір нәрсе үшін алыс, алыстырақ; instead of – бір нәрсенің орнына.

Герундий анықтауыш қызметінде

Әдетте предлогтармен тіркескен дерексіз мағынадағы зат есімдермен қолданылады (for, in, оn). Мысалы:

His intention of getting this book.- Оның мақсаты (қандай?) бұл кітапты табу.

Анықтауыш қызметіндегі герундий тұйық раймен, өткен шақтағы предлогпен тіркескен зат есіммен немесе «үшін» сөзімен басталадын бағыңынқы сөйлеммен анықталады.

Герундий пысықтауыш қызметінде

Берілген жағдайда герундийдің алдына әрқашан да өткен шақтағы етістік пен зат есіммен қолданылуына қатысы жок предлог тұрады. Осындай предлог герундиймен тіркесе отырып уақыт (қашан?), себеп-салдар (неліктен?), мақсат (қандай мақсатпен?), қимыл-сын (қалай? қалайша?) жағдайын қалыптастырады. Осыған сәйкес уақыт, себеп-салдар, мақсат, қимыл-сын жағдайымен аударылады.