Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің билеуші топтары өзхалықтарының революциялық қозғалысына соғыс кедергі болады деп ойлаған еді. Алайда соғыс бірқатар елдердің жағдайын нашарлатып жіберді. Соғыс қимылдарының бірінші айларында-ақ Германия әскерлерінің авантюристік есептерінің сыры мәлім болды. Екі майданда соғысу өте ауыр еді.Бірақ та неміс армиясы Парижден 40 шақырым Марну ауданына жетті, қан төгіскен соғыстан кейін олардың кейін шегінуіне тура келді.
Шығыстағы майданның жетістіктеріне қарамастан Германия және оның одақтастары Россияны қатардан шығара алмады. 1915 жылы күзде шығыста майдан қалпына келді.
Күткендей ешқандай өзгеріс болмады, немістерді түншықтыратын газды да су астындағы соғыста нәтижесіз болды. Германия материалдың және адамдар жағынан да үлкен және ауыр күйзеліске ұшырады.
1914 жылдың бес айында соғыс кезінде өлген адамдар мен тұтқындардың саны миллионнан асып кетіп, үзақ уақытқа созылды./16/.
Дайындап қойған артық қару жарақтар жұмсалып, енді соғыс өнеркәсібін жылдам дамыту керек болды.
Соғыс жылдарындағы Германия тарихи әлеуметтік экномикалық қанытастарды түгелдей қамтыған жалпы ұлттық дағдарыстың өсуімен сипатталады. Елдегі реакциялық саясат, бұқара хлық үшін мағынасыз соғыс неміс халқын апатқа, терең экономикалық құлдырауға, жұмысшылар мен еңбекшілердің бұрын сонды болмаған қайыршылығына, аштығына әкелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Германияның қоғамдық-сяяси құрылымын дағдарысқа әкелді. Германияның соғыс жылдарындағы экономикасы, соғыстың ауыртпалығы еңбекші халықтын тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді. Жұмысшылар, соғыстағы солдаттар мен матростар Германия монархиясынан соғысты тоқтатуды талап етті. Буржуазиялық топтар Германиядағы монархиялық билікке қарсы күреске шыға отырып, халық күресін қолдап, монархияны құлатуды талап ете бастады. Германияда революциялық ахуал пісіп-жетілді. Монархияның елдегі саяси билігі әлсіреп, халықтың алдында беделі түсті. Соғысты бастаған ірі буржуазия мен монархия әскерлері соғыс майданында бірінен соң бірі жеңіліске ұшырады. 1915-1917 жылдағы соғыс майданындағы жағдайдың қиындауы солдаттар мен матростар арасындағы революциялық жағдайды шиеленістіре түсті. Қарапайым халық соғыстан қалжырап шаршады. Елде монархияға қарсы ереуілдік қозғалыс кең етек алды. 1916 жылы 240 ереуіл болса, 1917 жылы — 562, 1918 жылы — 773 ереуілдік қозғалыс болды. Мұндай қозғалыстар Германияның ірі қалаларын түгел қамтыды.
Өнеркәсіп өндірісі күрт төмендеп кетті. Өнеркәсіп өнімінің дәрежесі 1913 жылы 98 болса, 1918 жылы 56-ға азайды. Көмір өндіру -190, млн, т-дан 158, 2 млн т-ға, темір рудасы-28,6 млн т-дан 7,9 млн т-ға, шойын — 167 млн, т-дан 9,2 млн т-ға азайған./17/.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі тіпті нашарлады./18/. Астық пен картоптың түсімі соғысқа дейінгі мөлшерінің жартысына ғана Бидай-1913 жылы 4565 млн тонна болса, 1918 жылы 2458 тоннаға,картоп-1913 жылы 54121 мың тонна болса, 1918 жылы 29470 мың тоннаға азайған.
Сауда төмендеп, елді аштық жайлады. 1918 жылы еттің тұтынылуы соғысқа дейінгі мөлшерінің тек 12 проценті ғана болса, балық 5 проценті, үн, күріш 50 проценті ғана болып қалған. Азық-түлік бағасы соғысқа дейінгімен салыстырғанда 2,5 есеге, ал өнеркәсіп бұйымдары 3-7 есеге дейін көтерілген./19/.
Халық бұқарасының қайыршылық өмірі, таптық қайшылықтарының күрт ишеленісуі Қазан революциясының ықпалы соғысқа қарсы революциялық қозғалыстың күрт күшеюіне әкелді. 1916 жылы 240 ереуіл, 1917 жылы 561 ереуіл ал 1918 жылы 772 ереуіл болды./20/.
Негіз күрес орталықтары Берлин, Рейн-Вестфаль өнеркәсіпті, ауданы, Силезия, Бранденбург, Саксония болды. Белсенді күрес жүргізгендер тау-кен жұмысшылары, металлургтер, машина жасаушылар яғни өнеркәсіп пролетариятының негізгі өкілдері еді.
Неміс жұмысшыларының ерлігін паш еткен, түңғыш рет саяси туын көтерген Берлин жұмысшыларының 1918 жылдың қаңтар күндеріндегі еуілдерін ерекше атау керек. Германия жұмысшыларының көтерген саяи талаптары төмендегідей еді.
1.Тез арада бейбіт келісімге келу;
2.Келіссөздерге барлық елдер пролетариятының өкілдерін шақыру; 3.Баспасөз, жиналыс, сөз бостандықтарын беру, әйелдер мен балалар еңбегін қорғау туралы заңды күшіне енгізу;
4.өндірісті миллетаризациялауды тоқтату;
5.саяси тұтқындарды босату;
6.Германияның барлық мекемелерін толықтай демократияландыру /21/.
1918 жылы Германияда жалпы 772 ереуіл болса оның 531-і экономикалық, 241-і саяси ереуіл болды.
Әскері сәтсіздіктер, адам шығындары, тылдағы туғандарының ауыл өмірі солдаттар арасында да қобалжу туғызды. Солдаттар соғысудан бас тартты.
Германияның әскері апат табалдырығында тұрғаны, күші ревлюциялық сілкіністің жақындағанын билеуші топтар үшін қүпия емес еді. Дағдарыстан шығу жолдары іздестіріле бастады.
Германияда және соғысқа дейінгі мемлекетте капиталистік монополия басқарған еді. Соғыс басталған кезде директордың ұсынысы бойынша электр көзінің барлық жалпы компаниясы Вольтер Ротенау пруссия әскери тұрағында әскері өнім бөлімі құрылды./22/.
Оған ірі капиталистік монополиялар кірді. Осындаи әскері қоғамға мемлекеттік және конценр арасындағы ортадан басты роль атқарды.
Сонымен бір мезгілде әскері өнеркәсіптік комитет құрылды. Оның құрамына үкімет басшылары және ірі өнеркәсіптің ұйымдары кірді. Мемлекеттік мекемелер көмегі арқасында экономика алға жүрді. Басқа мемлекет органдарының өзгерістері 1916 жылдың жазында басталды.
Әскері азық-түлік мәселесінің басында Шығыс Пруссияның президенті Фас Батауки-Фрибе темір жолдың әскері меңгерушісінің басшысы генерал Вильгельм Грёнёр және бас директор Хлотте Рейне болды. Осы белгілеулер бойынша бұл аталған адамдар азық-түлік жеткізуде үкіметтен ірі көмек алды.
1916 жылы Германияның әскері-стратегиялық жағдайы нашарлады, Антанта табысқа жете бастады. Осындай жағдайда Пруссияның миллитаристік топтарының басшысы кайзермен бірге ірі монополиялық капитал барлық ішкі қорларды майданға қажет заттарын шығаруға бағыттады.
Тамыз айында генерал Фалкенпейін бас штабының бастығы болып тоғайындалды, ал оның орынбасары болып генерал Модендарф тағайындалды. Монополиялармен біргі «Геденбургтің бағдарламасы» деген атпен жарияланды, ал оны іске асыру үшін әскери мекеме құрылды. Басшысы генерал Гренер 1916 жылы 5-желтоқсанда рейхстаг Отанға көмекші қызмет» заңын қолдап, еңбек шарттарын ретке келтереді.
Ер адамдар үшін жұмыс 17 ден 60 жасқа дейін белгіленді.Жұмыс күні көбейіп, әйелдер мен жас өспірімдер үшін төмен жалақы белгіленді./23/
Күнен-күнге әскерге кеткен шығынады басқарып отырған орта халықтың қатысуымен салып отырады, сол кезде кәсіпорындар қожалары қару жарақты әскери қамтамасыз ету бөлімінен әкеліп отырды.
Крупп фирмасына келіп отырған қосымша пайдасы соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда 4 есеге артты. Стинес өзінің меншігін он есе өсіріп, миллиард маркге жеткізді.
Үкіметің соғысқа бөлген қаржысы ірі байлардың қалталарына түсіп 5-7 миллиард маркеден тұрды. Осылайша мемлекеттің соғысқұмарлық саясаты ірі монополиялардың баюуының көзі болып табылады.
Халықтың шаруашылығын және елдегі шаруашылықтың құлдырауы белгілі болды. Астық Германияда болғанмен, одан қатты азап көрген жұмысшылар мен шаруа жанұясы болды.
Көмір шығару және металл өндіру төмендеп кетті. Бұл соғыс халықты барған сайын құрта бастады. Күннен-күнге ұлттық бөліну халықтың бірікіп саясаттық азаматтақ бейбіт қозғалысына ешқандай да кедергі жасай алмады. Тек революциялық басшылар бұл күресті қолға алғанда ғана біраз басылғандай болды.
Германия социал-демократиялық партиясының басшылығы және оның қол астыда соғыстың бірінші күшінен бастап революциялық және интернационалдық әдет-ғүрыптарынан қол үзіп, өзінің буржуазиясына келді.
Жұмысшылар соғысқа дейін бірнеше күн бүрын, өздерінің жиналыстарында өздерінің көсемдерін ауыстыруды талап еткен. Реформистік партияның қайта туылуы бірнеше онжылдықтар бойы, Германия жұмысшы класын қаруландыруға ерік берді. Өте атағы шыққан жетекшілер партиясының төрағасы Фридрих Эберт епті, шешен реформистиік ойларды жолғастырушы.
Филипп Шейдеман милитаристерді өзінің «Ұттық» мақтауалармен мақтауға тырысатын Густов Носке.
Гупо-Гаозе-партияның екінші төрағасы ұзақ уақыт өздерінің марксистік мектептің басшылары деп санап келген еді, бірақта барлығы оппартумистік бағытта болды.
Германияның социал-демократиясының революциялық ағыны полицияның аңдуына және оппартунистер мен келісушілерінің қарсы шығуына қарамай ерлікпен, антиимпериалистік, антимилитаристік бағыт ұстап, социалистік интернационалистік идеяларға деген сенімен сақтады. Карл Либкнехт өзін жастар арасында танымдық танытып, өзінің капитализм мен милитаризм туралы басты шешімдерін таратты.
Германдық және халықаралық жұмысшылар қозғалысында ревзионнализмге қарсы нағыз күріскер — Роза Люксембург болды, марксистік жұмыстың авторы.
Революционерлер арасында ең көрнекті орынды атақты публицист және тарихшы Франц Меринг және халықаралық әйелдер қозғалысының демеушісі Клара Цеткин алды./24/
Бірақ Германиялық шептегілердің ортасы тар болды және олар жұмысшы класының сана сезімін оятып және олардың соғыс алдында өз бетінше революциялық ұйымдарды құруына жол ашты.
Бастаған соғыс революционердің социал-шовинистермен 1914 жылы 2-желтоқсанда Карл Либкнехт рейхстагта әскери кредиттерге қарсы дауыс берді.
Ол соғысқа империалистік тұрғыдан мінездеме беріп, дүние жүзілік базардағы капиталістік басқарушылық бөтен территорияларды басып алуы өндірістік және банктердің капиталы үшін деп айтты./25/
Бұл батыл айтылған сөздер тек ғана Германияда емес оның жан жағындағы әскерлерге де таратылды.
Жақын арада Либкнехт пен оның достарымен ұрандары шықты.
«Ең басты жау-өз елімізде»
«Азаматтық бейбіт емес, азаматтық соғыс қажет»,- деген сөздер интернационалистік жұмысқа бірігуін, осы ұрандарға қосылуын және де бұлларды бірінші болып Ленин, орыстар,большевиктер бастағанын түсіндірді.
1915 жылы наурызда Карл Либкнехт, Роза Люксембург, Франц Клара Цеткин, Вильгельм Пик және басқалары «Интернационал» деп аталған журнал шығарды, бірақ бірнеше санынан кейін-ақ оның шығаруына тыйым салынды. 1916 жылы 1-қаңтарда олар Берлинде конференцияда Интернационал тобын құрып және оның бағдарламасын қабылдап алды.
«Спартак хаттары» деп аталған үгіт жүргізу қағаздарын шығаруды іске асырып отырады «Спартак» тобының жұмысының арқасында Германиялық пропогенистердің революциялық сезімдері оянды/26/
«Спартакпен» бірге Германияда басқа революциялық топтар құрыла бастады.
Карл Либкнехт және оның әріптестері 1916 жылы 1-мамырда Берлинде шеру ұйымдастыруды шешті.
Олардың шақыруы бойынша орталық алаңда мыңға жуық жұмысшылар жиналды. Оларға керегі нан, бостандық және бейбітшілік еді. Либкнехт топтан бірнеше рет, «Соғыс құрысын, өкімет құрысын» деп айқай салады. Полициялар оны ұстап,түрмеге алып кетті.
Рейхстаг әдейі шешілген шешімімен оны парламенттен алып тастады. Әскери сотта Либкнехт сөз сөйледі: «Мен бұл жерде кінәлі болу үшін емес, өзімді қорғау үшін емес, Азаматтық бейнет емес, азаматтық соғыс-міне» менің ұраным деп айтты.
«Соғыс құрысын, үкімет құрысын». Шығарылған қағаздардағы Либкнехтің ерлік сөзі халыққа үлкен әсерін тигізді.
Бірнеше мыңдаған Берлиннің, Бременнің, Штутгарттың және басқа қалалардың жұмысшылары Либкнехтің сотталып, каторгыға айдалуына қарсы ереуілге шықты.
Осыдан кейін түрмеге Роза Люксембург, өте қартайған Франц Меринг, Клара Цеткин, Юлиан Мархлевский қамалды.
Бірақта еңбекшілердің әлеуметтік күресін тоқтату мүмкін емес еді, 1916 жылғы мәліметтер бойынша 240 ереуіл болып, 129 мың адам қатысты.
1916-1917 жылдары қыста бүкіл елде аштық шеруінің толқыны жүріп өтті. 1917 жылы ақпан-наурыз айларында Берлин, Дюсельдорф және басқа қалалардың жұмысшылары ереуілдер жасады. Осы ереуілдер сөзінде Спартак тобы Карл Либкнехтті өздерінің жетекшісі деп жариялады./27/.
Роза Люксембург түрмеден өз достарына жазған хатында орыс революциясы Дүниежүзілік соғыстағы ең басты оқиға деп жазып және оны бүкіл әлемге әсерін айтса, Карл Либкнехт каторгодан жазған хаттарында, ол орыс революциясына көмекке келетінін және әлемнің жұмысына өзнің мыңдық өмір қиятынын жазды.
Совет үкіметі Ленинді, Франц Меринг және Клара Цеткинді және Иогаин Книфті жақсы қарсы алды.
1917 жылы спартакшылардың заңсыз таратылған қағаздарында, Россияда шешуші қағаз соқты, өте ерлікпен қиындықтан қорықпай өз жүректерінің қанын аямай, орыс пролетариаты шаруалар мен бірге өздері жеңіп алған мемлекеттік үкіметті сақтау және қатайту үшін күресті; деп айтылған еді.
Спартакшылардың шақыруы ойдағыдай болды. Берлинде 18 қарашада шеру басталып 25 қарашада астананың жұмысшылары көшеге ұрандарымен шықты. «Жасасын Советтік Россия», «Либкнехтке бостандық берілсін » деген.
Социал-демократиялық ұйымдардың шерулері мен жиналыстары Лейпцигте Мангеймде, Гамбургте, Бременде, Эссенде және басқа қалаларда өтті.
Орыс герман майданында солдаттардың бірлестігі күшейе түсті. Солдаттар мен еңбекшілер соғыстың аяқталуын зор үміттеп күтті.