Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары

Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының  дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасы тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету бағыттарын ұсыну үшін, бұл саладағы қатерлердің себептері мен салларларына тоқтала кеткен жөн. Осы жерде себептерді өзара байланысты екі топқа бөліп көрсеттік.

Бірінші топтың себептері — қазақстандық тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық деңгейі. Осы топта шетел тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейіне сәйкестендіре отырып, жеті көрсеткішті анықтадық.

  1. Кәсіпорындардың мамандануы. Шетелдің көптеген тоқыма және  кілем өнеркәсібінің кәсіпорындары өнім түрлері бойынша
    әмбебептылығымен ерекшеленіп, әртүрлі талшықтар мен жіптерден маталар, тоқыма бұйымдарын, маталық емес өнімдер өндіріп, осы арқылы сұраныс пен сән беталысына оңтайлы бейімделе біледі. Біздегі тоқыма  өнеркәсібіндегі фабрикалар талшықтар және маталар түрлері бойынша қатаң бөлінді. Шетелдік тоқыма және кілем өнеркәсібінің  өнімдерінде  тоқыма және  маталық  емес  өнімдер үлесі көбірек, олардың өндірісі маталармен салыстырғанда аз еңбек сыйымды.   Қазақстанның  тоқыма  және   кілем   өнеркәсібінде   бұл өнімдердің үлес салмағы аз. Қазір шығарылатын өнім құрылымы жақсара   бастады.   Тоқыма және тоқыма-галантереялық өнімдер үлесі жыл сайын артып келеді.

З.Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының көлемі. Шетелдік тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының көбісіндегі адамдар саны 300-ге дейін, нарық талаптарына жедел икемделетін шағын фабрикалар саны басым. Адамдар саны 1000-ға дейін жететін қазақстандық кәсіпорындардың нарықтық талаптарға сай келмеуі экономикалық қатердің бір себебі болды. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің алып кәсіпорындарының құрылымын өзгерту, ұсақтандыру өндіріс шығындарын төмендетуге, нарық талаптарына жедел бейімделуге мүмкіндік туғызады.

  1. Технологиялық өндірісті басқаруды компьютерлеу. етелдік тоқыма және кілем кәсіпорындарындағы ақпараттарды жинау,  жоспарлау, өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды кеңінен компьютерлеу, өндірісті басқару тиімділігін және құрал-жабдық жұмысының көрсеткіштерін біршама арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық кәсіпорындарда бұл элементтерді саусақпен санарлықтай ғана кәсіпорындарда байқауға болады. Қазір кәсіпорындарда өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды компьютерлеу жақсаруда. Бірақ, станоктарды компьютерлеу, олардың жұмыс параметрлерін оңтайлау, тек қана жаңа заманғы құрал-жабдық алынған соң жүзеге асырылады.
  2. Синтетикалық талшықтарды пайдалану. Шет елдердегі кілем және     тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары синтетикалык талшықтар мен жіптерді, әсіресе, тоқыманың тұтыну қасиеттерін арттырып  және  өзіндік құнын  төмендететін, полиэфирлі талшықтарды  өте  кең  қолданады.   Дамыған    елдерде оларды пайдалану 50%-дан  асып кетті.  Қазір синтетикалық жіптер мен талшықтарды пайдалану мүмкіндігі мен қажеттілігі де артып отыр, енді олардың еркін нарығы пайда болғандықтан, фабрикалардың
    оларды оңай сатып алуға мүмкіндігі бар.
  3. Маталардың  ассортименті мен  сапасы. Шет елдік кәсіпорындар шығаратын ені кең маталардың көп экономикалық артықшылықтары   бар,   өндірісте ені 140 сантиметрден асатын маталар үлесі басым.  Бұл    маталардың    ассортименті нарық конъюктурасымен қалыптасып және оның әсерінен жедел өзгеріп отырады.  Қазақстан кәсіпорындарындағы дайын маталардың ені 103  см-ге тең  болды.  Бұрыннан,  негізінен,  көлемді арттыруға бағытталған   Қазақстан   Республикасының   тоқыма   өнеркәсібінде
    технологиясы жеңіл, қарапайым маталар өндірісі басым болды.
    Қазіргі  кезде   маталардың   ені  ұлғайтылды,   себебі  кәсіпорындар бірте-бірте ескі пневморапирлі станоктарды өндірістен алып тастауда.   Нарықта   импорттық маталармен бәсекелесіп, сауда-саттық жүргізуге тура  келгендіктен, маталардың сапасы мен ассортименті жақсарып  келеді.  Дегенмен, құрал-жабддықтардың жағдайы   және   деңгейімен   тежелетін   маталардың   сапасы   мен ассортиментін ары қарай жақсарту қажеттілігі де бар.
  4. Құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы. Шетелдік тоқыма кәсіпорындары үнемі бәсеке жағдайында болғандықтан, жұмыс параметрлері компьютерлендірілген жоғары өнімді, жетілген құрал-жабдықтармен өздерін қамтамасыз етуі қажет. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін, өнім сапасын арттырады, өнімнің өзіндік кұнын төмендетеді. Қазақстандық тоқыма кәсіпорындары жетілдірілмеген отандық құрал-жабдықтармен жабдықталған болатын.   Тек   қана  жіп  иіру  өнеркәсібіндегі   машиналар   мен станоктар шет елдерден сатып алынатын еді. Соның өзінде де, сатып алынатын машиналар амортизация кезеңінен шығып кеткен болуы мүмкін. Қазіргі кезде құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы одан да нашарлана түсті. Себебі, өткен жылдарда біз айтқан машиналар мен станоктар одан ары моральдық және физикалық түрде тозды. Бұл жағдайдан кәсіпорындарды қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы шығуға болады.

Екінші топтың себептері — кәсіпорындарды басқару деңгейі. Көптеген фабрикалардың басшыларында шикізаттарды сатып алу, маталарды өткізу, қаржы ресурстарын басқару сияқты сұрақтарды шешуде жеткілікті тәжірибелері болған жоқ. Жақсы жүмыс істеп отырған фабрикалар басшылары нарық жағдайларына тез бейімделді, даму стратегаясын бекіту және менеджерлер тобын қалыптастыру арқылы табысқа жетіп отыр.

Бірінші топтың факторларын жақсарту көп қаржы салымдарын қажет етеді және бір күннің немесе бір сағаттың ішінде шеше салатын мәселе емес. Сондықтан олар «инерциялық» факторларға жатады. Екінші топтың факторлары — кәсіпорындарды басқару деңгейін де аз уақыт ішінде түбегейлі өзгертуге болмайды. Осы екі топтың факторларын қазірден бастап, біртіндеп дұрыс жолға қойса, уақыт өте келе жемісін жейтініміз анық .

Нарықтық экономика зандары бойынша, бәсеке қабілетсіз кәсіпорындар дағдарысқа ұшырып, бәсеке қабілетті кәсіпорындар қызметін жалғастыруы керек екенін білеміз. Тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі жағдайды талдау, осы саладағы көп кәсіпорындардың дағдарыс жағдайында екенін, бір тобының дәрменсіздік жағдайында екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес тоқыма және кілем өнеркәсібі ішкі бағдардағы тоқырау блогына жатады. Осы стратегияда тоқыма және тігін өнеркәсібін қолдау шараларына мемлекеттік сатылымдар жүйесін ұйымдастыру және нарықты теріс пиғылды бәсекеден қорғау жатады.

Алматы қаласының 2010 жылға дейінгі индустриалдық дамуы саясатының регионалдық бағдарламасы бойынша жеңіл өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттары болып:

  • кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру;
  • жаңа технологияларды игеру арқылы бәсекеқабілеттілікті арттыру;
  • ішкі тұтыну нарығында отандық өндіріс тауарларының үлесін арттыру табылады.

Саланың дамуы ең алдымен отандық ауыл шаруашылық шикізатты    өңдеуге    бағытталған    қолда    бар    өндірістік    әлеует базасында өткізіледі. Саладағы маңызды міндеттер болып, тиімділігі аз өндірістерді сегментациялау, бейінін өзгерту, солардың базасында шағын және икемді бәсекелесті өндірістер құру табылады.

Селективті қолдаудың негізгі нысандары болып, жеңіл өнеркәсіптің дайын тауарларын конкурстық негізде әскери және соларға теңестірілетін тұтынушыларға мемлекеттік сатып алуларды орналастыру және ұзақ, орта мерзімге несиелеу жатады.

Кілем  және тоқыма өнеркәсібінің өз артықшылықтары бар, олардың ішіндегі ең елеулісі: жоғары капитал айналымдылығы. Қазіргі экономикалық жағдайда тоқыма және кілем өнеркәсібіне инвестициялар және инновацияларды салу инвесторлар үшін тартымды болмақ-тоқыма және кілем өнеркәсібіне салынған инвестициялар басқа салаларға қарағанда аз болуы мүмкін және істі білікті түрде жүргізе білсе, аз уақыттың ішінде қайтарып алуға болады. Айналым қаржыларын ұсыну да тиімді, себебі бір жылдың ішінде қаржылардың 4-6 рет айналысы болуы мүмкін.

Тоқыма жөне кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды  қамтамасыз ету экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қажет. Тұрғылықты жерлерінде жұмыстан босаған әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету шешуін таппаған сұрақтардың бірі. Оның үстіне,. токыма және тігін өнеркәсібінің құлдырауы ауыл шаруашылық кешенінің, химия өнеркәсібінің және машина жасау саласының өніміне деген сұранысты төмендетті.

Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды  қамтамасыз ету төмендегідей салалық және салааралық мәселерді шешумен байланысты:

  • Мақтаны, зығырды (оның котонизациясы жоғары сапалы аралас
    маталарды алуға мүмкіндік береді), химиялық шикізатты, жүнді
    өңдеудің жаңа технологияларын, былғары-тері шикізатын (оның
    ішінде тігін, автомобиль, жиһаз, тері-галантерея өнеркәсібі үшін)
    кеңірек пайдалану негізінде саланың шикізат базасын дамыту;
  • Маркетингтік, ақпараттық, жарнамалық қызметтерді, дилерлік желілерді, өткізуді, бағаларды, қаржылар мен инвестицияларды басқару бойынша ассоциацияларды дамыту;
  • Салада ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, киіз, текемет, алашалар бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту;
  • Мақта-мата   және   жүн   өнімдерінің,   өңделген   тері,   шетелдік
    үдемелі құрал-жабдықпен материалдарды пайдаланған тігін өнімдерінің экспортын дамыту;
  • Тоқыма және  кілем  өнеркәсібі кәсіпорындарындағы әлеуметтік
    сфераның обьектілерін жергілікті бюджеттің балансына беру;
  • Қазақстан Республикасында шығарылмайтын құрал-жабдықтар мен материалдар үшін  баж салықтарын төмендету немесе  алып тастау;
  • Әскери құрылымдардың, балалар үйлерінің, көмір, мүнай өндіру-өңдеу өнеркәсіптерінің үдемелі сұраныстарын қанағаттандыру үшін тендерлер ұйымдастыру;
  • Спорт  және   басқа  да  мәдени шараларды өткізу үшін түрлі ассортименті киімдерге сұранысты қанағаттандыру үшін жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарын тарту.

Тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды  қамтамасыз ету жүйесі мемлекет түрғысында келесідей бағыттарды қамтуы мүмкін:

  • Теріс пиғылды бәсекені жою.Қазақстандық нарыққа тоқыма және   кілем бұйымдарының кедендік баж  төлемдерінсіз және жеңілдікті салық төлеу арқылы түсетін каналдарын жою. Қазақстанның кедендік территориясына  импортты тауарды енгізгенде оның  құнын төмендетуді жою үшін   өнім   топтары бойынша ең төменгі бағалар каталогын жасау.
  • Салалық лизингтік компанияны құру және сала кәсіпорындарының техникалық қайта жарақтану мәселесін шешуге мүмкіндік беретін лизингтік операцияларды жүргізуге қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету.
  • Жоғары сапалы,  экологиялық таза және қауіпсіз өнім шығару үшін мемлекеттік стандарттарға жаңа техникалық регламенттер, стандарттар,   өзгерістер мен толықтырулар, метрологиялық және талдау құралдарын, әдістерін енгізу. Бұл шараны орындау халықаралық стандарттарға сай жүргізілуі керек. Жоғары сапаны анықтайтын сертификациялық орталықтар желісі болуы тиіс.
  • Елдің барлық территориясында аймақ аралық көтерме-жеке тауар өткізу желісін құру.
  • Кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере  отырып, мемлекеттік деңгейде қосымша құн салығына, Қазақстанда шығарылмайтын технологиялық жабдықты және оның қосалқы бөлшектерін ел территориясына енгізгенде кедендік төлемдерге жеңілдіктерді қайта қалпына келтіру.
  • Тоқыма және кілем өнеркәсібі ғылыми-зерттеу секторын қайта
    қалыптастыруды өткізу.

Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейінде экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды  қамтамасыз етуді біз келесі бағыттардан көреміз:

  • Химиялық талшықтар қосылған,  ені  150 сантиметрден асатын
    маталар өндірісін ұлғайту.
  • Жіп иіру өндірісіне талшықтарды тұту, араластыру үшін кардотарайтын, ленталық машиналарды енгізу.
  • Өндеу (отделка) өндірісіне таза мақта және химиялық талшықтар
    мен жіптер қосылған маталарды өңдеу үшін мерзімді және үздіксіз
    жұмыс істейтін құрал-жабдықтарды енгізу.
  • Жуылған, жуылмаған және карбондалған жүнге және солардан
    жасалатын өнімдерге нормативті-техникалық  құжаттаманы халықаралық стандарттарға сайлау.
  • Сәнді көркем-колористік, жеңілдетілген ерлерге және әйелдерге
    арналған пальто, костюмдік маталарды өндіруді игеру және өндіру.
  • Түйенің жүнінен жасалатын маталар өндірісін игеру.
  • Сән әлемінде тақымал дизайнерлердің лицензиялары бойынша
    киім өндірісін ұлғайту .

Әлемдік тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын жасалған талдау, синтетикалық талшықтардың, маталардың үлес салмағының артқанын көрсетті. Жасанды талшықтардан жасалған тоқыма және кілем өнімдерінің әлі де арта түсетінін мамандар болжап отыр  (24 кесте).

 

24  кесте — 2040 жылға тоқыма талшықтарын әлемдік тұтынудың болжамы

Талшықтардың түрлері

Өлшем бірлігі

жылдар

 

 

1960

1970

1980 1990 2000

2040(болжам)

1

Жүн

млн. т

1,5

1,6

1,6 1,7 1,5

2,0

2

Мақта

млн. т

9,4

12,3

14,2 18,2 20,2

33,0

3.

(нарықтық үлесі)

%

64,5

53,3

46,6 45,8 37,3

21,0

4

Химиялық талшықтар

млн. т

1,8

4,8

8,2 10,4 16,2

38,0

5.

(нарықтық үлесі)

%

12,0

20,5

27,1 26,2 30,0

24,0

6.

Химиялық жіптер

млн. т

1,5

4,0

5,9 8,9 15,5

85,0

7

(нарықтық үлесі)

%

10,1

17,1

19,4 22,4 28,7

53,0

8.

Барлығы

млн. т

14,6

23,2

30,3 39,8 54,1

160,0

9.

Өсу қарқыны (алдыңғы кезеңге шаққанда)

%

4,7

2,7 2,8 3,1

2,2

10

Жер шарының тұрғындары

Млр адам

3,0

3,6

4,4 5,3 6,1

9,2

11

1адамға шаққандағы талшықтарды тұтыну

кг/адам

4,7

6,2

6,7 7,5 8,8

17,3

Ескертпе: Мәліметтер [24] дерек көзі бойынша есептелген.

Кесте мәліметтері химиялық талшықтарды тұтыну жылдан-жылға артқанын, 2040 жылға дейін барлық талшықтар мен жіптердің 50%-ын қамтитын көрсетеді. Тұрғын халықтың санының артуы талшықтарды пайдаланудан аз болуы мүмкін. Демек, Қазақстан Республикасы тоқыма және тігін өнеркәсібінің осы үрдістен өз орнын табуға ұмтылуы қажет.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуының негізі болып, фундаментальды және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері, тауардың тұтынушылық қасиеттерін арттыратын жаңа материалдарды, өнімнің жаңа үлгілерін, жаңа технологияларды жасау жатады. Қазақстан Республикасында жібек, астарлық маталарды, тігін жіптерін, қосымша материалдарды, молния-замоктарды, синтетикалық және жасанды талшықтарды шығаратын бір де бір кәсіпорынның жоқ екенін айта кету керек.

Ауыл шаруашылық кешенін басқару сұрақтары байсалды ойлануды талап етеді. Мамандану есебімен құрылған, міндетті түрдеи сервисті бөлімшелері  бар ауыл  шаруашылық кооперацияларын қолдау керек. Сол жағдайда «Өндіріс — өндеу — сақтау — тасымалдау — өткізу» циклы аяқталған тізбек болады.

Ғылыми және инновациялық зерттеулердің басыңқы бағдарлары болып:

  • тоқыма өнеркәсібіне ресурс үнемдейтін, экологиялық таза технологияларды жасау;
  • сорбциялық сиымдылығы және селективтілігі жоғары тоқыма материалдарын және технологияларын ойластыру;
  • аз сызықтық тығыздықты жеңілдетілген жартылай жүн маталарын табу жатады.

Өнеркәсіпте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану «ғылым — өндіріс» тізбегінің қай кезде де осал тұсы болғаны анық. Нарықтық қатынастар кәсіпорындарды ғылыми-техникалық ізденістерді қолдануға мәжбүрлейді деу артық айтқандық болар еді. Бұл мәселе кәсіпорындардың төмен қаржылық жағдайымен, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді ынталандыратын заңдылықтың жоқтығынан ушыға түседі.

Нарықтың дамуы, бәсеке, тұтынушылар талаптары сапа түсінігін кеңейте түсіп, кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілік және сенімділік факторы ретінде қарастырылатын болды. Тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы қатынастар қазіргі кезде тиімді сапаны басқару жүйесін қажет етеді.

Қазір тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдерінің сапасы ҚР-ның «Стандарттау туралы», «Сертификаттау туралы» заңдарына және «Сапа» бағдарламасына сәйкес жүргізіледі . Аталған зандар мен бағдарламаның басты мақсаттары адам өміріне, қоршаған ортаға қауіпсіз және бәскекеқабілетті өнім өндіру болып есептеледі.

Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда халықаралық сапа стандарттары талаптарына көшу әлуеті бар. Қазір көптеген кәсіпорындарды менеджмент жүйесі жұмысының дұрыстығы және ақырғы өнімнің сапасы толғандырады. Сондықтан сапа менеджменті жүйесін енгізу процессі өзекті болып отыр. Халықаралық деңгейде сапа менеджменті деген атауға ие болған жүйенің негізіне халықаралық сапа стандарттары, менеджменттің өзары байланысқан жүйесі және сапаны жалпы басқару жүйесі жатады .

ISO халықаралық стандарттары жалпы сипатта болады және өнеркәсіптің немесе экономиканың нақты саласынан тәуелді болмайды. Ұйым қажеттіліктерінің әртүрлілігіне байланысты халықаралық стандарттар мақсаты сапа жүйелерінің біртүрлілігін қалыптастыруда емес.

Сапа жүйесін тұрғызу және тәжірибеде қолдану нақты ұйымның міндеттерімен, өнімімен, процестерімен және жеке тәсілдемесімен анықталады. ISO халықаралық стандарттары сапа жүйесі қандай элементтерден тұратынын көрсеткенмен, нақты кәсіпорын қалай өткізетінін көрсетпейді. Тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру және тиімділікті барынша қамтамасыз ету үшін сапа жүйесінің қызметтің немесе ұсынылатын өнімнің нақты түріне сай келуі керек .

Бұл жүйе тек кәсіпорынның ішкі құрылымын жақсартып және тиімділігін арттырып қоймай, әлемге танымал ISO халықаралық стандартын алуға да мүмкіндік береді. Мысалы: ISO 9000 стандарты бойынша сертификацияланатын компаниялар мемлекеттік жәке жеке тендерлердің тұрақты қатысушы болып қалады. ISO 9000:2001 стандартының мәні өндірістік процестерді үнемі жақсартуды білдірсе, ISO 14001 сертификациялық жүйесі бар компанияның үшін тұтынушыларға, жергілікті халыққа, үкіметке және қоғамға жолы ашық .

Осы ISO жүйесін енгізу процесіне кәсіпорындардың көп санын тартып қана қоймай, оларда болатын қайта құрылымдаудан қорықпау қажеттігін айту орынды. Қазақстандағы бірлескен немесе шетел компаниялары тоқыма және тігін бұйымдарымен жабдықтайтын отандық кәсіпорындарды тандағанда, халықаралық стандарттар бойынша сапа сертификатының болғаныны тартымды. Өкінішке орай, кәсіпорындар көп жағдайда оны ұсына алмайды.

Қазір бұл стандарттар әлемнің 73 елінде қолданылады. Қазақстан Республикасында ISO 9000 стандарттарын енгізіп, ҚР СТ ISO 9000-2001 талаптарын дайындады. І8О халықаралық стандарттарын  енгізуге  әрбір кәсіпорын  ерікті болғанымен,  оны енгізу қажеттілігін нарық талаптары анықтап отыр. ISO 9000-2001 талаптарын кәсіпорынға енгізу сапаны жалпы басқару негіздеріне сәйкес және 4 деңгейде жүргізіледі:

  1. Стандартқа сәйкестігі;
  2. Пайдалануға сәйкестігі;
  3. Нарықтың нақты талаптарына сәйкестігі;
  4. Ерекше талаптарға сәйкестігі.

Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындарында, оның ішінде біз «Алматы кілем», «Алматы мақта» ЖШС, ІSO халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыстар әзірше тек бағдарда ғана бар. 2003 жылдың 7-қарашасында Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар Қауымдастығы өткізген «ІSO стандарттарын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында енгізу» семинарына қатысқан тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындары басшылары халықаралық стандарттарды кәсіпорындарға енгізу қажеттілігімен келісті.

Әлемге танымал стандарттарды енгізу халықаралық сауда және өнеркәсіптік қатынастарына жол ашады. Бұл сондай-ақ, Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына кіруді оңтайландырады.

Әлемдік экономикада терең өзгерістер болып жатыр. Олардың сипаты мен серпініне баға беру үшін белгілі бір уақыт мерзімі қажет емес. Қазірдің өзінде де бүл өзгерістердің сипаты анықтальш келе жатыр, олардың барлығы да ғаламдандырумен тікелей байланысты. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің әлемдік дамуында келесідей бағдарларды анықтадық:

  • тоқыма және кілем өнеркәсібі азия елдерінде қарқынды дамып келеді, оған еңбек ақының, энергияның төмен болуы әсер етіп, экспорттық мүмкіншіліктері мен өндірістік әлуеті жыддан-жылға арта түсуде;
  • орта сапалы, көлемі шектелмеген өнімдер Еуропалық Одақтан,
    АҚШ-тан, Жапониядан тыс мемлекеттерде өндірілуде;
  • дамушы елдердің шығаратын тоқыма бұйымдарының сапасы жоғарылауда;
  • экономикасы дамыған елдерде технологиясы күрделі, сәнді, модельдік бұйымдар өндірісі даму үстінде.

Дамушы индустриалдық елдердегі фабрикаларды қаржыландырудың нұсқасын зерттей келе, А.Ормирод бүл тәжірибенің дамыған елдер үшін де пайдалы болатынын айтады. Қаржыландырудың жалпы формуласы келесідей: кәсіпорын капиталының 51%-ы меншік капиталы, 49%-ы қарыз капиталы, өтеу мерзімі 2-3 жыл болуы керек. Қаржыландырудың осы нысанын Халықаралық қаржыландыру    корпорациясы  (ІҒС), еуропалық инвестициялық банк (ЕІВ), Африкандық даму банкісі (АІВ) қолдайды .

Ұлттық экономикалардың өзара тартылысының бір-біріне әсер етуі реттеуді қажет ететін кезеңге жетті. Әлемдік экономиканың дамуында 1950-2000 жылдар аралығында әлемдік өндірістің 7 есе, әлемдік экспорт көлемі 20 есе, әлемдік өнеркәсіптік өндіріс 10 есе, оны сыртқа шығару-35 есе артқанын көруге болады.

Әлемдік шаруашылықтың ашықтығы жағдайында аса маңызды орын Бүкіл Әлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) беріледі. Себебі, ол халықаралық сауданың либерализациясы мен дамуын қамтамасыз етуші субьект болып табылады.1947 жылы құрылған Сауда мен Тарифтер бойынша Бас келісімнің мұрагері болып табылатын БСҰ өз қызметін 1995 жылдың қаңтарынан бастады. БСҰ — әлемдік деңгейдегі ірі ұйым ғана емес, қызметіне жүздеген келісім жүргізушілер, эксперттер қатысатын, үдемелі дамып және өзгеріп отыратын кұрделі механизм болып табылады. Басқа халықаралық ұйымдармен салыстырганда БСҰ-ң ерекшелігі — миллиардтаған сомалармен бағаланатын мәмілелерді бақылайды, нәтижесінде тұтынушылардың және нақты компаниялардың мүдделерін көздейтін тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортының ережелері белгіленеді .

БСҰ              халықаралық     сауданың     максималды     мүмкін

болжамдығы мен еркіндігін қамтамасыз ету және сауда, сауда шекаралары бойынша қатысушы-елдер арасындағы кез-келген сұрақтарды шешу үшін халықаралық сауда ережелерін әзірлейтін, әлемдік деңгейдегі бірден-бір ұйым.

БСҰ-на кіру үрдісі Қазақстан үшін 1996 жылдың қаңтарында басталды және осы шараның нәтижелері біздің ел өмірінің барлық тұстарын, экономиканың барлық салаларын, отандық немесе импортгық өнімнің тұтынушылыры мен өндірушілерін қамтиды. Бүл ғаламды мәселе, оны әлемдік экономиканы ғаламдандыру деңгейінде қарастырған жөн. Осы беталыс отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындарын, олардың тұтынушыларын айналып өтпейді.

Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларының БСҰ-на кіру дайындығының әртүрлілігін, осы БСҰ-на кіруден бірдей деңгейде қайтарым алмайтындығын айта кету керек. БСҰ-на кіруден тез қайтарым экспорттаушы-салаларда, қазіргі заман талаптарына сай жоғары бәсекеқабілетті технологиясы мен құрал-жабдығы бар, әлемдік деңгейде сапа және өнімнің өзіндік қүны бойынша жұмыс жасайтын салаларда болады.

Қазақстанда қызметі экспортқа бағытталған жеке салалар мен кәсіпорындар бар, бірақ әлемдік нарықта толық бәсеке қабілетті салалар мен жеке кәсіпорындар жоқтың қасы. Сондықтан БСҰ-на өту Қазақстан экономикасы үшін күрделі, көп жылдық болса да қажетті міндеттердің бірі. Бірақ, бұл шараны өткізбей отандық экономика дамуға ынтасыз, бәсекеқабілетсіз болып қала бермек.

Соңғы 10-15 жылдардың тәжірибесі БСҰ-на өткен дамушы елдер (Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия) өндірістің барлық түрлерінің технологиялық және техникалық деңгейін көтеріп, экспорт үлесін арттырғанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы БСҰ-на мүше болып кіргеннен кейін, отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінде қандай өзгерістер болмақ? БСҰ-на өту үшін қандай қиыншылықтар мен ұтымдылықтар бар?

Біздің ойымызша, қиыншылықтарға төмендегілерді жатқызуға болады:

— Бәсекеқабілетті технология мен өнімді қамтамасыз ете алмайтын құрал-жабдықтардың тозған, қазіргі заман талаптарына сай емес паркі;

  • Ұзақ мерзімді,  көп сатылы,  шығынды технологияларды қажет етумен       бірге кәсіпорындарда айналым қаражаттарының жетіспеушілігі;
  • Кәсіпорындардағы менеджменттің орташа деңгейі.

Тоқыма және одан өнім өндірушілердің БСҰ-на кіруіне жеңілдіктерді келесі сипаттардан көреміз :

— Дамыған және дамушы елдердегі еңбек ақы деңгейімен салыстырғандағы жүмыскерлердің еңбек ақы деңгейінің төмендігі. Бұл көрсеткіш өнімнің өзіндік құнында аз үлестік салмақты алатын болғандықтан, баға бойынша бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуы керек. Осы себептен, Батыс Европа, АҚШ, Жапониядан технологиямен бірге капиталдың көші дамушы елдерге бет бұрды. Дамушы елдерде өндірілген өнім дамыған елдерге өткізіледі. Осылайша, еңбектің, капиталдың, ақырғы өнімнің және пайданың еңбек бөлінісі жүргізіледі. Бүл жерде барлығы да, дамушы елдер де ұтыста, оларда жүмыс орындары ашылады, қазіргі кезге сай технологиялар енгізіледі, еңбек ақы мен тұрғын халықтың әл-ауқаты артады.

  • Жеке қазақстандықтың салыстырмалы түрдегі төмен  төлем қабілеттілігіне қарамастан, жалпы қазақстандық жиынтық тұтыну нарығының   жоғар   төлем қабілеттілігі. Осындай кең нарықта тоқыма және тігін өнімдерінің отандық және шетелдік өндірушіліерінің   бәріне   орын   табылады.   Киім   мен тоқыманың отандық өндірушілері үшін ішкі тұтыну нарығы көлемінің 50-60%- ын игерудің өзі де өндірісті дамыту үшін жеткілікті болар еді.
  • Сапасыз  импорттың  ағынын  жоғары  баж  салықтарымен емес
    (БСҰ-ның ережелеріне қарсы), өркениетті сертификация өткізіледі. Осындай жүйеде ешқандай сертификациялау органдары керек болмай қалады.
  1. Лабораториялардың тәуелсіздігіне мін түспеген болуы керек.
  2. Тәуелсіз тестілеу лабораториясын ұйымдастыру-оңай дүние емес,   арнайы маманданған персонал, қымбат құралдар, жабдықталған тұрғын-жай,  аккредитация болуы қажет. Осындай лабораторияны үйымдастырудың өтелім мерзімі — үш-төрт жыл.
  3. Өнім сапасын тестілейтін жүйелер, әдістер, құралдар деңгейі
    тоқыма   және    киім    өндірушінің   соңғы   онжылдықта   «жоғары
    технологиялы» болған құрал-жабдықтарынан қалмауы керек.

    1. Тестілеу қымбат болмауы керек.
    2. Тестілеу жүйесін ұйымдастыруға қоғамдық ұйымдар белсене
      ат салысады. АҚІП-та тоқыма өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін
      тексеру әдістерін Америкалық химиктер-токымашылар және колористер ассоциациясы, Европа үшін ISO жасайды.

Осының бәрін қорытындылай келіп, тоқыма және кілем өнеркәсібінің алдына жаңа талаптар қоямыз:

  • қазіргі  заманға сай жабдықталған тәуелсіз тексеру лабораторияларын жасау;
  • тексеру құралдарын Қазақстан Республикасында    жасауды Ұйымдастыру.

Қазақстанның БСҰ-на енуі тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін оң эффект беруі керек. Бірақ, бір жағынан, саланың осал тұстары бойынша шетелдік инвесторлардан корғау шараларын қабылдау, екінші жағынан елімізде өндірілмейтін тауарлар импортына жағдай жасау қажет. Осындай тауарларға жүн жіптері, мақта маталары, киім, тоқыма бұйымдары жатады. Киім өндірісінде үрдістерді технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық тұрғысынан қайта қүру кажеттігі бар. Бұл үрдістер икемді болуы, басқару шешімдерін тез арада қабылдау мүмкіндігіне ие, минималдық инвестицияларды, өндірістік аудандарды, энергия ресурстарын қажет етуі керек. Кәсіпорындар нарық жағдайының талаптарына сай, киім ассортименті мен моедельдерін жаңалауға, әмбебап технология мен құрал-жабдықтарды пайдалануға, киімді тігу үрдісін автоматизациялауға қабілетті болып тұрғызылуы тиіс. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарыыда айтылған артықшылықтардың бәрі сақталады. Сондықтан, киім өндірісінде шағын кәсіпорындардың кең желісін қалыптастыру ұтымды болмақ.

БСҰ-на өту отандық кәсіпорындарға әлемдік саудаға жалпыға бірдей және тең жағдайларда қатысуға, БСҰ-ң механизмдерін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдерінің мүдделерін қорғауда пайдалануға, сала кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, өнім экспортын жеңілдетуге мүмкіндік береді. БСҰ-ның мүшелігі болу Қазақстан Республикасы үшін өзекті қажеттілік болып отыр. БСҰ шеңберіңде сауда саясаты арқылы Қазақстанға келесідей негзгі міндеттерді шешу керек:

  • қазақстандық экспорттың дискриминациясын болдырмау;
  • өркениетті  сауданың  ережелері  мен  принциптерін  қабылдаған ашық нарықты экономикалы ел имиджін бекіту;

— ЕврАзЭО және ТМД шеңберінде    аймақтық    регионалдық интеграциялық процестерді дамыту;

—   нақты   Кедендік   одақ   пен   бірегей   нарықтың   қалыптасуына ұмтылу;

— экспортты   ынталандыру   бойынша   шараларды жасау  және өткізу.

Қазірдің өзінде қазақстан БСҰ-на мүше 144 елдің 135-імен сауда қатынастарын жүргізіп отыр. БСҰ-на мүшелікке өту қазақстанға осы елдермен бірегей ереже мен талаптар бойынша сауда жүргізуге мүмкіндік береді .

Соңғы кезде баспасөз бетінен Қазақстан БСҰ-ның 2005 жылы толыққанды мүшесі болады деп айтылып жүр. Бұл процесс біздің елдің стратегиялық әріптесі Ресей Федерациясымен бірге өткізілмек .

Әлемнің ғаламдануы жағдайында тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындары үшін Қазақстан Рестубликасының БСҰ-на мүшелікке өтуі, халықаралық стандарттау ISO 9000 жүйесін енгізу, салада шағын кәсіпкерлікті дамыту, химиялық талшықтар өндірісін жолға қою және басқа да жоғарыда сөз болған ұйымдастырушылық шаралар осы саланың кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етеді деп тұжырымдаймыз.