Неміс ғалымы Герхард Менш экономикалық өсу және циклдік қарқынды негізгі жаңалықтар пайда болғанымен байланыстыруға тырысты. Негізгі инновациялар пайда болғанымен жаңа кәсіпорындар пайда болады. Ол экономика циклділігін жаңа кәсіпорындардың даму кезеңдерімен байланыстырады. Г.Менштің пікірі бойынша, негізгі жаңалықтар өз потенциалын тамамдаған кезде, экономикалық дамуында тоқырауды анықтайтын технологиялық құлдырау жағдайы пайда болады. Өнеркәсіптік даму – бұл бір құлдыраудан екіншіге көшу. Бір технологиялық құлдыраудан екіншісіне көшу процесі негізді жаңалықтан жақсартатын және одан әрі жалған инновацияларға (енгізу, өсу, жетілу, басылу) көшу арқылы өтеді. Г.Менш технологиялық құлдырау ұзын толқынның рецессия кезеңіне тура келеді, содан соң негізді инновацияларға көшу кезеңі басталады деп белгілейді.