Фрейдизм туралы қазақша реферат
Австриялық невропатолог, психиатр және психолог Зигмунд Фрейдтің ілімінен басқа, ешқандай психологиялық ілім баға беруде келіспеушіліктер туғызған жоқ. Фрейдизм «адамның жаңа бейнесін», жаңа дүниетанымды жасауға тырысты.
Психиатрлар мен невропатологтардың көптеген бақылаулары адам ─ XIX ғасырдағы психология бейнелегендей, интеллектуалдандырылған тіршілік иесі емес екенін көрсетті. Олардың бақылаулары, адамның психикалық өмірі аффектілер мен эмоцияларға, қызығушылықтар мен құмарлықтарға, бір-біріне қарама-қайшы, кейде адамның қабылдауы мен ойлауын басқаша көрсететін, ұмтылыстар мен тілектерге толы екенін көрсетті. Адам көп жағдайда өз қылықтарының себептерін, мотивтерін білмейді және өзінің бойындағы кейбір ілімдерді, естеліктерді жоққа шығарады, бірақ оларды гипноз әсерінде көрсете алады. Осы бақылаулар психоаналитикалық фрейдистік теорияны жасаудың көзі болды.
З.Фрейд өөзінің ғылымдағы жолын физиологиялық институтта бастады, сондықтан ағзаға энергетикалық шама ретінде қарау оның санасына терең бойлады: ағза мінез-құлықтың қозғалыс күшін ерекше энергия түрінде білдіреді. З.Фрейд невропатолог-дәрігер болды. Оның пациенттері психикалық-жүйке ауруларына шалдыққандар еді. Бірақ олардың жүйке жүйесінің құрылысынан аурудың себебін түсіну болмады. Ол өз тәжірибесінде, анатомо-физиологиялық ұғымдар түсіндірмейтін, айғақтарды жиі кездестірді. З.Фрейд алдында мынандай дилемма болды: мотивация механизмдерін анатомо-физиологиялық схема тұрғысынан қарау керек пе, әлде белгілі бір психиолгиялық айғақтарға жүгіну керек пе ?
З.Фрейд дәстүрлі психологияға қарсы шықты. Бұрынғы түсініктеме схемаларын ығыстырып, жаңаларын ұсынды. Ол өзінің емдеу тәжірибесінде ерікті ассоциациялар әдісін кең қолданды. Әрбір ассоциация қандайда бір себептің салдарынан басталады деп санады. Ассоциация арқылы ол өзінің пациенттерінің ойын білуге тырысты.
З.Фрейд ұғымдарының өзегі болып метаморфозалар идеясы қалыптасты. З.Фрейдтің сәбидің жыныстық дамуы және эдипов комплексінің теориясы баламалар мен талқылауларға негізделіп жасалған, сондықтан да ғылымды емес, мифологияны білдіреді.
З.Фрейд тұлға туралы психологиялық ілімге маңызды ықпал еткен, басқа модельді ұсынды. Онда тұлға 3 компоненттен тұрады және олар терминдермен белгіленеді деп тұжырымдалған:
— «ИД» (ол), «ЭГО»(мен) және «СУПЕР-ЭГО»( менен жоғары).
— ИД ─ инстинктерді тасымалдаушы: ол санадан тыс және иррационалды бола тұрып, рахаттану ұстанымына бағынады.
-ЭГО ─ шынайылық ұстанымына бағынады, сыртқы әлемнің ерекшеліктерін, оның қасиеттері мен қатынастарын ескереді.
— СУПЕР-ЭГО ─ рухани стандарттарды тасымалдаушы. Бұл сыншы және цензор рөлін атқаратын тұлға бөлігі.
Егер ЭГО ИД-қа тиімді, ал СУПЕР-ЭГО-ға қарсы әрекет жасаса немесе шешім қабылдаса, ол өзін кінәлі сезініп, ұялып, өзін-өзі жазалайды.
ЭГО-ға қоятын әр түрлі инстанциялардың–ИД және СУПЕР-ЭГО ─ талаптары ұқсамайтындықтан, ол үнемі келіспеушілікте болады. Мұндай жағдай төзгісіз күштеу тудырады.
Бұл күштеуден ЭГО арнайы «қорғаныс механизмдері»─ ығыстыру, сублимация және т.б. арқылы құтылады.
Ығыстыру дегеніміз ─ тұлға қабылдамайтын, белсенді құбылыстарды жою.
Сублимация ─ тиым салынған жыныстық қуаттың басқа әрекет түрінде шығу механизмі.
Психоанализдің негізгі дәрежесі болып мотив дәрежесі саналады. Психоанализ адамның мінез-құлқының серіппелері мен қуат қоры туралы адамның өзі жайлы ұғымдарынан көбірек айтуға тырысты. Бірақ З.Фрейд мотивацияны санаға қарсы қойды.З.Фрейдтегі психикалық қуаттылық биологиялықты алмастырды және қоғамдық дамудың басты қозғаушы күшінің рөлін атқарды. Ағза да, қоғам да пішінделетін материал түрінде қарастырылды.
З. Фрейд жеке тұлғаның дамуының әр түрлі міндеттерін жүзеге асыратын кезеңдерін бөліп және анықтай отырып жеке тұлғаның даму теориясын тұжырымдады, және даму дағдарыстарын сипаттады; психолог бұл дағдарыстардың мазмұнымен жұмыс жасай отырып адамға интенционалдылыққа жетуге көмектеседі.
Эмоционалды және мінез-құлықты стереотиптерді тану үшін жеке тұлғаның қорғаныс механизмдерін оқи отырып жүзеге асыруға болады. Пситхоаналитикалық консультация клиент мәселесінің бастауын тануын ортаға қояды. Инсайт, саналы түрде түсіну тұлғалық өзгерістердің басталуына жиі жеткілікті болады.
Тұлғалық қақтығысты З. Фрейд Ол (Оно), Мен (Я), және Жоғары-Мен (Сверх-Я). Қазіргі теориялар модификациясында психолог міндеті Мен көмегімен белгілі қарсылықсыз Ол мен Жоғары-Мен арасында қатынасты адам табуы керек. Ол – санадан тыс облысы. Жоғары-Мен — әлеуметтену үрдісінде алған тұлға қасиеттері. Мен – Жоғары-Мен мен Олардың арасындағы сілтеуші. Әлді Мен Ол мен Жоғары-Мен арасындағы қатынасты жасаушы – интенционалдылыққа жетудің маңызды шарты.
Мен-нің негізгі міндеті адамға әсер ететін сыртқы (әлеуметтік) күштер мен ішкі (санасыз) арасындағы балансты сақтау болып табылса, онда психолог үнемі тұлғаның өзін қорғайтын механизмдерімен жұмыс жасайды. Психодинамикалық теорияларда көптеген қорғану механизмдері сексуалдылықты тежеу үшін деп саналады.