Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы қазақша реферат
Отандық агроөнеркәсіп кешенін табыспен реформалау үшін жоғарыда айтылған мемлекеттік реттеу әдістерінің үлкен тәжірибелік маңызы бар. Оларды пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда олар нарықтық экономика дамыған және агроөнеркәсіптік өндірістің салыстырмалы тұрақтылығы жағдайындағы өндірістік-экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталғанын естен шығармау керек.Қазіргі жағдайда дағдарыстан шығу біздің республикамыздың ауыл шаруашылығындағы барынша қиын жаңғыруларды жүргізуде мемлекеттік реттеудің қоршаған ортаның жай-күйін қатаң бақылау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау және басқа аспектілердегі бірқатар бақылау бағыттары Қазақстандағы агробизнес үшін айта қаларлықтай пайдалы. Реттеудің экономикалық тегерішінің басқа да жақтары болашақта, қажетті саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар пісіп жетілген кезде өте перспективалы болатыны сөзсіз. Бұл жерде сондай-ақ жергілікті аймақтық ерекшеліктердің басты назарда болғаны дұрыс. Дегенмен, агроөнеркәсіп кешені өзінің бірқалыпты жұмыс істеуі және дамуы үшін міндетті түрде мемлекеттік реттеу мен қолдауды қажет ететін жағдай ең басты нәрсе болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда агроөнеркәсіп өндірісі дамыған елдерде кеңінен пайдаланылатын фермерлік бағалар мен табыстарды қолдаудың тегерішін оқып үйрену және үнемі назарда ұстау кезек күттірмейтін жұмыстардың қатарына жатады. Ол нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеудің маңызды талаптарын орындаудың тамаша үлгісі болып табылады: мемлекеттің іс-қимылы нарықтық тегерішті толтырады және түзетеді, бірақ еш уақытта оның негіздеріне тиіспейді.
Бағаны мемлекеттік реттеу фермерлердің табыс деңгейін реттеумен тікелей байланысты. Сондықтан да осы салада жүргізілетін саясат «баға және табыстар саясаты» атауға ие болды. Оның үстіне фермерлік бағалар мен табыстарды қолдаудың әлеуметтік-экономикалық функцияларымен қатар мемлекеттік реттеу бұл салада дағдарысқа қарсы реттеу функцияларын атқарады. Айталық, қолайлы рыноктік конъюктура және салыстырмалы түрде ауыл шаруашылығының жоғары бағасы кезеңінде бағаны қолдауды қамтамасыз ететін дайындау мекемелерінің операциялары тоқтатылды делік. Бұл кезеңде алдынғы планға мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық аспектілері шығады. Бұған керісінше, шамадан тыс өндіру және өнімге бағаның төмендеу жылдары мемлекеттік реттеу толық күшіне пайдаланылады.
АҚШ-та фермерлік бағалар мен табыстарды қолдауды жүзеге асыратын негізгі ұйым 1933 жылы құрылған Тауарлы-несиелік корпорация – ТНК болып табылады. Баға деңгейін қолдау кепілдік-дайындау операциялары көмегімен жүргізіледі. ТНК-ның кепілдік операциялары тікелей де, фермерлік резерфтер арқылы да жүзеге асырылады.
Бірінші жағдайда ТНК фермерлерге олардың өніміне кепілдік бағасы бойынша 9 айдан 12 айға дейінгі мерзімге фермерлерге несие береді. Бұл жағдайда бөлінетін ссуда жеңілдік проценттер бойынша алынады. Егер рыноктік баға процентімен есептегенде кепілдіктен өз өнімін сатып алып, ссуданы процентімен қайтаруға құқылы. Егер рыноктегі ситуация қолайсыз болып, рыноктік баға кепілдіктен төмен түссе, онда фермер кепілдік операция ны өз өнімін әдеттегідей сатуға айналдыруы мүмкін. Бұл жағдайда ол өз өнімін ТНК-да қалдырып, ссуданы қайтармайды және тіпті төлемейді. Онан әрі өнімді өткізу ТНК-ның құзырына кіреді. Ол сол жылы әлеуметтік көмек бағдарламаларына сәйкес ішкі рынокте сатылуы мүмкін, не конгресс бекітетін баға бойынша сыртқы рынокте сатуы мүмкін. Міне, осылай кепілдік баға мемлекет ең аз мөлшерде кепілдік беретін бағамен есептеледі. Мұндай тегеріштің түрі қайтарылмайтын ссудалық бағдарламалар деген атқа ие болған.
Тнк-дағы кепілдік операцияларының екінші түрі фермерлік резервтер арқылы жүзеге асырылады. Ссуданың бірінші түріне қарағанда бұнда фермер астықты кепілдікке тапсыруға бірден құжаттар дайындайды. Бұл – 9 айдан 12 айға созылатын фермерлік резерв процедурасының бірінші кезеңі. Онанкейін фермер фермерлік резерв туралы жаңа келісім жасасуы мүмкін. Ол өнімді оны сатып алмай 3 жыл ішінде рыноктік баға белгілі бір деңгейге жеткенінше, яғни деңгейдің жіберілетін немесе босатылатын бағаға жеткенінше сақтауды қарастырады. Бастапқыда олар бидайдың бушелі үшін 4 доллар, арпаның бушелі үшін 2,36 доллар, жүгерінің бушелі үшін 2,71 доллар құрады. Рыноктік баға осы деңгейге жеткен жағдайда фермер ссуданы төлеп, резервтен өзінің астығын қайтып ала алады. Бұл жерде сақтауға кеткен шығындарды мемлекет төлейді.
Фермерлік резерв бағдарламасы маңызды дәнді дақылдарға – бидайға, жүгеріге, арпаға, соргоға, сұлыға, ал қайтарылмайтын ссудалық бағдарламалар тауарлардың барынша кең ауқымына таратылады.
ТНК-мен операцияларға тек қана фермерлер емес сонымен бірге өңдеуші фирмалар менкооперативтер де қатысады. Мысалы, бидайдың, күріштің, азықтық дәннің, мақтаның бағасы негізінен фермерлермен кепілдік операциялар арқылы, қант қызылшасы арқылы мен қант құрағына баға қант шығаратын кәсіпорындар арқылы, сүт өнімдеріне баға өңдеу фирмаларынан сары майдың, ірімшіктің, сүт ұнтағының артығын сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
ТНК ішкі рынокте бағаны түсірмеу үшін оған ішкі рынокке 115 %-тік кепілдік бағадан төмен баға бойынша қордағы астықты шығаруға, 105 % кепілдік бағадан төмен баға бойынша күрішті шығаруға тыйым салынады.
ТНК-ның кепілдік-сатып алу операцияларының ерекшелігі олардың ауыл шаруашылық рыногіне және бағасына әсер етуінің кешенді мәнде болуында жатыр. Шамадан тыс артық шығарылған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімінің едәуір бөлігін рыноктен алып тастау, егін орағынан кейін ұсынысты қысқарту жолымен қысқа мерзімге рынокті тұрақтандыру, егін орағы кезінде және ең төмен рыноктік баға болып тұрған тұста фермерлерге ағымдағы несие беру, экспорттық операцияларды несиелендіру сияқты корпорацияның функцияларын бөліп көрсетуге болады.
ТНК-ның фермерлік баға мен табыстар деңгейіне әсері әр түрлі кезеңдерде бірдей болмайды. Қолайлы конъюктура және жоғары баға кезеңінде фермерлер бағалық қолдауды қажет етпейді және корпорацияның қызметіне жүгінбейді. Шамадан тыс артық өңдірілген кезеңдерде олар өз өнімдерінің едәуір бөлігін кепілдік баға бойынша өткізеді. Кепілдік баға деңгейін АҚШ Конгресі 4 жылда бір рет анықтап отырады. Ауыл шаруашылығы министрі заңмен белгіленген шеңберде ғана оған түзетулер енгізуіне құқылы. Кепілдік баға экономикалық саясаттың маңызды құралы ретінде фермерлер тарапынан болсын, экономикалық ортаның тарапынан болсын егжей-тегжейлі талдау обьектісі болып табылады. Паритет проблемасы да соның деңгейіндей дәрежеде сөз болады. Кепілдік бағаның деңгейіне сондай-ақ нақты экономикалық ситуация да әсер етеді. Тұтастай алғанда кепілдік бағадағы паритеттің орнын толтыру деңгейінің өсуі төмендегі жағдайда көрінеді: 30-жылдардың аяғында кепілдік баға 1910-1914 жылдары паритетінің деңгйіне бидай бойынша 52-75%, жүгері – 75%, мақта бойынша 52% болды. Соғыс алдындағы және соғыстан кейінгі жылдары кепілдік бағаның жалпы деңгейі паритеттің 90%-не дейін, мақтаға тіпті 100%-ке дейін көтерілді. 50-жылдары бағаның паритетке қарағандағы деңгейі алдымен 82-90%-ке, одан соң 75-90%-ке түсуді бастады. 60-жылдары бидай мен мақтаның бағасы паритеттің 75%-дейін арзандады. 70-жылдары бидайдын бағасы паритеттің 40-50%-іне дейін, жүгерінікі 50-60%-ке дейін түсті.
Орта баға бойынша барлық ауыл шаруашылығы өнімдерін сату 1990 жылы паритеттің 54% деңгейінде болды.
1980 жылдары кепілдік баға белгілеу, кепілдік бағаның қалыптасуының негізі ретінде кез келген тәсілдегі паритет концепциясының ажырау принципінде түбірлі өзгеріс басталды. Алдынғы планға обьективті түрде қалыптасатын ішкі және әлемдік рыноктегі бағаларға бағаны бағдарлау шықты. Фермерлікті бағалық қолдаудың әлеуметтік-саяси бағдарлауының және оларға өнімін өткізуге жеңілдік жағдайлар жасауды ішкі және сыртқы рыноктің нақты жағдайында бәсекелестікке қабілеттілікті арттырумен алмастыру анық көріне бастады.
1985 жылдан бастап кепілдік бағалар өткен 3 жыл ішіндегі орташа рыноктік бағаның деңгейіне бағдар ұстайды, ал 1987-1990 жылдарда максимальды және минимальді шаманы шығарып тастағанда, өткен 5 жыл ішіндегі орташа бағаның 75-85%-і деңгейінде белгіленді. 1990-1991 жылдары оның деңгейі бидайдың бушеліүшін 2,44 доллар және жүгерінің бушелі үшін 1,96 доллар құрады.
Кепілдік бағамен қатар фермер табыстарын қолдауда мақсаттық деп аталатын баға үлкен рөл атқарады. Мақсаттық баға нақты рынокте қолданылмайтын, шартты есептесу бағасы болып табылады. Ол-фермер табысын қолдау деңгейін тікелей төлем немесе бюджеттен өтемақы төлеу жолымен есептеуге арналған негіз. Мәні бойынша ол қоғам обьективті қажеттілік ретінде бағалайтын, шығынды жабатын нормативтік баға болып табылады. Мақсаттық бағаны құру өңдірістің орташа шығындарының негізінде жүзеге асырылады. АҚШ-та осы шығындарды бүкіл ел көлемінде есептеу мен талдау үшін тұтас жүйе құрылған. Американдық әдістеме бойынша өндірістің шығындарына фермерлік төлемдер (салықтар,қамсыздандыру төлемдері, ссудалық процент және арендалық ақы) кіргізіліп және фермерлерге белгілі бір табыстың деңгейіне кепілдік беріледі.
Мақсаттық бағалар кепілдік бағалар сияқты 4 жылға белгіленген және тек белгілі бір шекте атқару өкіметімен түзетулер еңгізіледі. Мақсаттық баға деңгейі қазіргі жағдайда босаған бағаның рөлін атқарады, оған жету фермерлерге фермерлік резервтен өз өнімдерін сатып алуға мүмкіндік береді.
Мақсаттық баға көмегімен фермерлік табыстарды қолдау төмендегіше жүзеге асырылады: егер сату бағасы рынокте мақсаттықтан төмен құдыраса, онда мемлекеттік өтемақы төлеу тәсіліндегі бағалардағы айырмашылықты төлеу тегеріші іске қосылады; егер рыноктік баға мақсаттықтан жоғары болса, фермерлер табысы тек сату шарттарымен, яғни тұтынушыларымен қамтамасыз етумен анықталады.
Мақсаттық бағаның объективтік негізі өндірістің шығындары болып есептелгенмен, оның деңгейіне рыноктік конъюктура және экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеу ісіндегі саяси қондырулар әсер етеді.
Кепілдік және мақсаттық бағалар жиынтығы жақсы жолға қойылған фермерлік шаруашылықтарды қолдаудың тегерішін құрайды. Бұл бағаларды ойнату мемлекетке аграрлық саясаттың ішкі және сыртқы әр түрлі міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Кепілдік баға мемлекет Тауарлы-несиелік корпорацияарқылы фермер өнімдерін сатып алуға келісетін ең аз мөлшердегі баға болып табылады. Кепілдік бағаның деңгейі қалай болғанда да рыноктік бағаның орташа деңгейіне әсер ететін болғандықтан оларды жасанды өсіріп жіберудің алдын алу үшін мақсаттық баға және өтемақылық төлемдер жүзеге асырылады.
Аграрлық саясаттың американдық ауыл шаруашылығының бәсекелестік қабілетін арттыруға және фермерлікті қолдаудың жалпы деңгейін төмендетуге жаңаданбағдарлануы кепілдік те, мақсаттық та бағаның деңгейін төмендетуді талап етті. Алайда, фермерлік табыстар өте қатты зиян шекпеуі үшін мақсаттық бағаларды кепілдік бағаларға қарағанда барынша ілбіп, баяу төмендетті (1-кестені қараңыз).
1-кесте
Фермерлік бағалар мен табыстарды қолдаудың бағдарламасы бойынша кепілдік және мақсаттық бағалардың 1976-1991 жылдар ішіндегі (1 бушельге доллармен) деңгейі мен қозғалысы
Өнім және бағалар |
жылдар |
||||
1976 |
1980 |
1985 |
1990 |
1991 |
|
Бидай
Мақсаттық баға Паритетке қарағанда мақсаттық баға %-пен Кепілдік баға Паритетке қарағанда кепілдік баға %-пен Рыноктік баға Жүгері Мақсаттық баға Паритетке қарағанда мақсаттық баға %-пен Кепілдік баға Паритетке қарағанда кепілдік баға %-пен Рыноктік баға |
2,29
47 2,25
46 2,73
1,57
48 1,50
46 2,15 |
3,63
56 3,00
46 3,99
2,35
46 2,25
50 3,12 |
4,38
62 3,30
47 3,08
3,03
59 2,55
57 2,23 |
4,0
51 1,95
25 2,61
2,75
50 1,57
28 2,30 |
4,0
51 2,04
2,75
1,62 |
Кестеде келтірілген мәліметер бидай мен жүгеріге 16 жылдық кезең ішіндегі кепілдік бағаның қозғалысын, сондай-ақ осы бағаларды паритеттің жабудың проценттік деңгейінің 1910-1914 жылдардағы кезеңге қатысы бейнеленген.
1-кестеде кепілдік және мақсаттық бағалардың көмегімен бағалар мен табыстарды қолдаудың бағдарламаларында қамтылған жалпы өнім өндірудегі әркандай түрлердің үлесі туралы мәліметтер берілген. Мұнда рыноктік бағаның құлдырауында бағамен қолдау көрсетілетін үлестің мәнді тенденциясы жақсы көрінеді.
Әр түрлі дақылдар бойынша фермерлердің бағалары мен табыстарын мемлекеттік қолдау бағдарламасымен қамтылған өнімнің үлесі сатушылар тұрғысынан алғанда қолайлы жылғы 1%-тен қолайсыз жылғы 99%-ке дейін ауытқып отырады.
2-кесте
Өнім өндірудің жалпы көлемінде бағалар мен табыстарды қолдау бағдарламасымен қамтылған өнім үлесі, %
Өнім |
Жылдар |
|||
1976 |
1980 |
1985 |
1990 |
|
Бидай
Қара бидай Күріш Жүгері Мақта |
23,3 |
14,0 |
34,7 |
14,8 |
1,0 |
2,4 |
19,9 |
2,0 |
|
20,2 |
17,1 |
55,4 |
92,6 |
|
4,4 |
12,6 |
35,6 |
13,5 |
|
9,2 |
20,7 |
54,9 |
21,1 |
Міне, фермерлік бағалар мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік жүйесі осылай жүргізіледі.