1918-1923 жылдары елді дүр сілкіндірген революциялық шайқастар буржуазиялық құрылыстың біршама нығайған кезеңімен алмасты. Оңшыл социал-демократтар неміс жұмысшыларының көпшілігін Германияның алдынан экономикалық және саяси прогресс жолы ашылғанына сендіре білді. Олар рейхстагта социал-демократия позицияларының нығаюына байланысты соңғылар еңбекшілер мүдделерін елеулі дәрежеде қорғап, капиталистік қанауды шектей түседі деп пайымдады. Тап қайшылығының бәсеңдеуі туралы ауылшаруашылығы өндірісінің дамуы ықпал етті.
Көп ұзамай-ақ немістің бұрынғы жер иеленген князьдары революция кезінде өздерінен тартып алынған жерлердің, орманның, банктердің құнын қайтаруды талап етті. Бұл талаптар демократиялық топтар арасында терең ашу-ыза туғызды. СДПГ басшылары халық бұқарасының қысымымен референдум өткізуге келісуге мәжбүр болды. Оның барысында 14,5 млн. сайлаушы (барлық сайлаушының 38%-і) князьдердің жеке меншігін толығымен экспроприациялауды жақтап дауыс берді. Сөйтіп, референдум солшыл күштердің қимыл бірлігінің орасан зор мүмкіндіктері бар екенін көрсетті.
Экономикалық өрлеуді пайдаланған буржуазиялық партиялар дүниежүзілік соғыстағы жеңіліс үшін кек алу идеясын ашықтан-ашық насихаттап, шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін бағындырудың бірінші кезектегі жоспарын жасады. Социал-демократтардың жетекшілері Версаль шартының германияға қойған әр түрлі шектеулерін жою жолындағы күрес дегенді желеу етіп, монополиялардың милитаристік талпыныстарын қолдады.
1929 жылыдың аяғында басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Германияда едәуір күшке ие болды. Жұмыссыздық 4,5 миллион адамды қамтыды. Жалақы екі еседей азайды. Жұмысшылар ереуілдер мен демонстрациялар ұйымдастырып, өздерінің өмірлік мүделерін қорғап қалуға тырысты. Дағдарыстан қаланың орташа топтары, шаруалары қасірет шегіп, ұсақ саудагерлер мен кәсіпкерлер күйзеліске ұшырады.
Капиталистер дағдарыстың бар ауыртпалығын жұмысшы табының мойнына жүктеуге тырысты. Үкімет бірінші кезектегі кажетті заттарға салықты көбейтіп, пенсия мөлшерін азайтты, жасы 21 -ге жетпеген жұмыссыздарға берілетін жәрдемді жойды. Бұл шаралардың барлығы дерлік төтенше декреттер негізінде рехстагқа соқпай жүзеге асырылды.
Фашистік биліктің орнауы Германияның экономика жағынан терең дағдарысқа ұшырау кезімен түспа-түс келді. Сондықтан еңбекшілердің жағдайын көрсететін көптеген факторлардың мағынасы мүлде өзгеріп кетті. Мысалы, жұмыссыздардың көбеюі салдарынан еңбекакының аумалы-төкпелігіне орай жұмыссыздыкқа байланысты төленетін каржының мөлшері өзгерді және оны төлеу шарттары да қиындап кетті. Бұрынғы сақталынып жүрген жұмыс күнінің ұзақтығы өз мағынасын жойды. Жұмысшы кысқартылған жұмыс аптасынан да азап шекті, мұның өзі жұмыссыздықтың бір түрі болып табылды.
Жұмыс күшінің керексіздігі елде қара жұмыстың, яғни еңбек ақысы ешқандай келісім катынастарымен реттелмеген жұмыстың етек алуына әкеліп соқты.
Герман фашизміне тән нәрсе, жұмыс күші мәселесін шешу үшін мемлекеттік-монополистік реттеуді пайдалану. Фашистік биліктің 12 жылының — 4 жылы соғысқа жанталасып дайындалуға, 6 жылы соғысқа кетті. Фашизм өкімет басына келгеннен кейінгі бар уақытта да елдің экономикасы қалыпты жағдайда дамыған жоқ. Соғыс жұмысшылардың қанын сорған зор салықты талап етті. Фашизм тұсында жұмысшылардың өздерінің жұмыс күшін сатуы мүлде нашарлап кетті. Веймар Республикасының дәуірінде бұл біршама дүрыс түрде іске асырылған болатын. Фашистік өкімет жағдайды мүлде өзгертті. Таратылған кәсіподақтардың орнын басқан неміс еңбек майданы жұмысберушілер мен жұмысшылар арасындағы қатынасты реттеуді мүлде қолына алған жоқ. 1933 жылы майда шыққан заң бойынша провинциялық өкімет орындары ұсынған кандидаттардан ірі шаруашылық аудандарына «еңбек қамқоршылары» етіп бекітуге империялық канцлерге құқық берілді.
1934 жылы 20 қаңтарда үкімет «¥лттық еңбекті реттеу» жөніндегі заң шығарды. Осы жаңа заң бойынша жұмыс уақыты, еңбек ақының мөлшері, жұмысшыларды жалдау, жұмыстан шығару, айып мөлшерін белгілеудің бәрі өндірістің «көсемінің» қолына берілді. Фашистер жұмысшылар мен капиталистердің «әлеуметтік теңдігі» туралы идеяны кең түрде дамытты. Бұл жұмысшылардың өздерінің қожайындарымен «теңдікте» жүрміз деген елесін тудыру үшін пайдаланылды. Жұмысшы мен кәсіпкер арасындағы жалғастырушы ретіндегі экономикалық аудандарда арнайы еңбек қамқоршыларын еңбек министрі тағайындады. Бұл «қамқоршылар» фашистердің көңілінен шығып, жұмысшылардың наразылығын бір сарынға бағыттап отырды. Олар ірі капиталистердің, солардың ұсынған адамынан тағайындалды. «Көсемдердің» басшылығымен өндірістерде «Сенімділердің кеңесі» құрылды. Оған кандидаттарды кәсіпкерлер нацистік партияның жергілікті өкілдерімен ақылдаса отырып ұсынатын болды. Егер «сенімділерді» жұмысшылар тағайындамаған жағдайда «еңбек қамқоршысы» ешбір дауысқа салусыз-ақ тағайындай алатын болды. «Кеңестің» өзіне берілген құқық — ол «еңбек қамқоршысына» өтініш жасай алатын болды. 1935 жылдан бастап «Сенімділер кеңесіне» сайлау жүргізілмейтін болды.
1933 жылғы мамырдан бастап «Неміс еңбек майданы құрылды», еңбек майданына мүшелік барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге міндеттендірілді. Бұл «майдан» іс жүзінде өндірістегі фашистер партиясының органы болды. Оның негізгі мақсаты: жұмысшыларды шовинистік рухта, басқа халықтарды жек көрушілікке тәрбиелеу болды. «Еңбек майданының» жанынан спорт, мәдениет, туристік үйірмелер құрылып, еңбекшілердің еңбегін фашизмнің мүддесіне пайдалану мақсатымен бақылап, пайдаланып отырды. 1938 жылы он сағаттық жұмыс күнін бекіткен заң шықты.
Еңбек жағдайын зерттейтін арнайы комитет құрылды. Бұл комитет өндірістегі еңбекті интенсивтендіру шараларын қарастырды. Еңбекшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету едәуір төмендеді. Фашистер шет елден сатып алатын күнделікті қолданылатын товар мен азық-түлік көлемін қысқартты. Бүкіл валюта стратегиялық заттарды сатып алуға жұмсалды.
Гитлершілер неміс жұмысшыларының алдында жұмыссыздыққа қарсы үлкен күрес жүргізіп жатқаны туралы аңызды кең таратты. Бірақ фашистік диктатура кезеңіндегі жұмыссыздықтың азаю себебі мүлде басқаша жағдайға байланысты еді:
- Фашистер өкімет басына келгенде ел экономикалық дағдарыстан өткен болатын. Германияның экономикасы біртіндеп көтерілді, жұмыссыздық та азайды.
- Фашистік Германиядағы жұмыссыздық 1933-1939 жылдары гитлершілердің жаңа соғысқа дайындалуына байланысты әскери өндірістің кеңейтілуімен азайды.
1935 жылы 26 маусымда 18 бен 25 жас арасындағы қыздар мен жігіттерге еңбек міндеткерлігін енгізді. Олар стратегиялық жолдар мен шекара бекіністерін салуға пайдаланылды. Сонымен қатар жастарды алғашқы әскери дайындыққа үйретті. Үш жүз мыңнан астам жұмыссыздарды гитлершілдер «ауыл шаруашылығы көмекшілері» ретінде юнкерлерге батрактар етіп берді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында фашистер бүкіл Германияны еріксіз еңбек лагеріне айналдырды.
Фашистер жұмысшыларды белгілі бір өндіріс пен салаға бекіту мақсатымен бірнеше заңдар шығарды. 1934 жылы мамырда ауылшаруашылық жұмысшыларына басқа шаруашылық саласына ауысуға тиым салды. 1934 жылы желтоқсанда және 1936 жылы қарашада машина жасау және металлургия өндірісінің жұмысшыларына еріксіз еңбек туралы шара енгізілді. Бұл жұмысшы күштерін белгілі мақсатпен соғыс дайындығына жіберу үшін қажет болды.
1938 жылы 22 маусымда «Төрт жылдық жоспарды» іске асыру жөніндегі жұмыстың басы ретінде Геринг ерекше мемлекеттік-саяси тапсырманы орындап отырған жұмысшы күштерінің қажеттілігін өтеу туралы шешім қабылдады. Фашистік «еңбек бюросы» мен басқа ұйымдар кез-келген адамды жасына, жынысына, мамандығына қарамастан кез-келген ауданға, кез-келген жұмысқа жібере салуға шексіз құқыққа ие болды. Өйткені соғыс өнеркәсібі жаңа кадрларды талап ете бастады.
1935 жылы ақпанда 25 жасқа толмаған, жанұясы жоқ әйелдер бір жарым жыл емделу және балалар мекмесінде еңбек етпей тұрып басқа жұмысқа шығу құқығынан айырылды/38/. 1938 жылдан бастап барлық түрмедегілер мен лагердегілер де қамалу уақытына ешбір қарамастан еріксіз еңбекке тартылды. Қартайған жұмысшылар фашистік дәрігерлердің арнайы рұқсатынсыз жұмыс орнын тастап кетпейтін болды.
Буржуазияның және жұмысшылардың арасында аралық орын алған әлеуметтік топ дағдарыс кезеңінде фашистер алға қойған идеяға мойынүсынып, солардың негізгі базасын құрды, Фашизмді ертеден зерттеуші буржуазиялық либералистік ағым өкілі Ниринг: -Фашистік қозғалыстың тура ортасында өздерінің құрып кету қаупінен қорқып, өкіметтің билігін өзіне алу жолымен өздерін сақтап қалғысы келген саяси және әлеуметтік органдарын құруды көздеген орта топ түр — деп көрсетті/39/.
Өздерін елдің қожайынымыз деп есептеген кейбір орта топ өкілдері НСДАП өкімет басына келгендегі ұранмен өздерінше бағдарлама құрғысы келді. Ерекше белсенділік көрсеткен «Жауынгер одақ болды». Оған округ пен провинциялардың заказдарын бөліп отыру құқығы берілген еді. Осы құқықты іске асыру барысында мүлік қолөнершілер өндірісіне жіберілді, олардың қожайындары осы одақтың мүшесі болды. Одақ өндірістік-товар палатасының ісіне белсене араласты және үй өндіріс иелерін басшылықтан ығыстыра отырып жүзеге асырды.
1933 жылы 15 шілдедегі заңмен үкімет одақтық заказдардың бөлінуіне тиым салды. Сонымен бірге одақтық бар қолөнер ұйымдарын картелдендіру мен оларды бағаны көтеру құралы ретінде пайдалануын заңсыз деп жариялады. 1933 жылы 8 тамызда одақ таратылды. Бірақ одақ фашистік-социализмнің негізгі сүйегін құрап тұрған орта топты мүлде ескермей қалған жоқ. Белгілі бір дәрежеде орта топқа жеңілдік жасалған бірқатар заңдар жарық көрді Үкімет қолөнершілерді тыныштандыру мақсатымен 1933 жылы 12 мамырда заң қабылдады. Ол әмбебап дүкендерде жаңа қолөнер үйірмесін ашуға, завод лавкаларында, корпорацияларда өз бағасын қоюға тиым салды.
Сауда саласында қолданылған шараның бірі — 1933 жылы 12 мамырдағы заң негізінде жаңа сауда өндірісін ашуға тиым салынды. Осы заң бойынша бірінші қыркүйекке дейін осы уақытқа дейін болып келген сауда өндірісін кеңейтуге, дүкендердегі азық-түлік заттарын сатуды көбейтуге тиым салынды.
1934 жылы желтоқсанда арнайы декрет бойынша товарды өз бағасынан төмен бағаға сатқан адамдарды түрмеге жабуға немесе үлкен мөлшерде айып төлеу туралы бұйрық берілді. Заңдық ретпен көшеде сауда жасауға тиым салынды.
Фашистік үкімет 1933 жылы бірінші желтоқсаннан бастап мемлекеттік аппаратта Веймар республикасынан қалған адамдарды тазарту жүргізді. Бұл шара бойынша негізінен жұмыстан шығарылғандар мынадай топтар еді:
- Міндетті қызметін атқаруға арнайы білімі жоқ және қызметке 1918 жылы 9 қарашадан кейін келгендер.
- Шығу тегі арийлік еместер.
- Бұрынғы саяси қызметі кез-келген уақытта сөзсіз фашистік
мемлекетке қызмет етуге күмәнді адамдар.
- Бұрынғы саяси қызметі кез-келген уақытта сөзсіз фашистік
1935 жылы үлкен бюрократиялық машина — сословиелік басқарма құрылды. Неміс қолөнершілерінің империялық шбер басқарған сословиесі құрылып, оған қолөнершілер тобы мен неміс қолөнершілер партиясының одағы бағынды. Осы бюрократиялық жүйе шеңберінде қолөнерге қатысты бар мәселелер шешілді. Олар: заказ беру, шикізат әкелу, қолөнер заттарына баға қою, қолөнерші өндірістер қожайындары мен қызметкерлері мен оқушылары арасындағы шиеліністі шешті. Империялық топ құрамына он мың цехты біріктіріп отырған 52 империялық цехтық одақ енді/40/. Цех басында шеберлер отырды. Обер-шеберлер мен шеберлер көсемін жоғарыдан тағайындады.
Орта топтың негізгі бөлігі гитлершілердің ықпалында болды. Олардан фашистік партия, полиция мен әскери аппаратқа кадрлар дайындады. Мемлекеттік және коммуналдық мекемелерде чиновниктер саны 1933-1939 жылдары екі есеге өсіп, елдің бүкіл халқының 18,4 процентін құрады/41/.
Монополистік капитализмнің мемлекеттік-монополистік капитализмге үласу, монополия күштерінің мемлекет күштерімен қосылып, біртұтас механизм құруы жылдамдатылды, Мемлекет шаруашылықтың түрлі салаларының дамуын, сондай-ақ еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды реттеп отыруға тырысты. Монополияларға тиімді әскери заказдар, қарыздар, субсидиялар беріліп, салық жеңілдіктері жасалды. Мемлекеттік-монополистік капитализм әр елде әр түрлі жағдайда көрінді. Алайда мемлекеттік-монополистік капитализмге өту жүзеге асқан барлық жерде өндіріс пен капиталды шоғырландыру процесі күшейіп, монополиялардың езгісі ауырлай түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін басталған өнеркәсіптің жандануы әлсіздеу, әрі елеусіз болды. Германияда дегенмен үкімет пен монополиялар елдің экономикасын әскери жолға түсіру және сыртқы саясатта басқыншылық программасын жүзеге асыруға көшу жөнінде қабылдаған шараларының нәтижесінде біршама бәсеңдеген болатын. Германияда Бұл кезде монополистік буржуазия буржуазиялық демократиядан бас тарту жолына түсіп, фашистер тұрпатындағы ең реакцияшыл күштерді өкімет басына әкелді, сөйтіп ашық террорлық диктатура орнатты.
Германияда жұмысшылардың жағдайын күрт төмендеткен шаралар да жүргізілді. Гитлершілдер коллективтік шарттар жүйелерін жойып, фабрика-завод комитеттерін таратып жіберді. Жұмысшылардың жұмыс орынын ауыстыруына тиым салынып, кәсіпкерлер жұмысуақытын сағатқа дейін ұзартуға право алды. Бұл шаралар пролетариаттың әлеуметтік жеңістерін толығымен жойып, еріксіз жұмыс істеу жүйелерін орнатуға әкеп соқтырды. Жұмысшылардың жекелеген топтары үшін ынталандыру шаралары қарастырылды. Соғыс өндірісінің күрт өсуі жұмыссыздықты кемітті.
Монополияларды нығайту ұсақ және орташа кәсіпкерлерді жаппай күйзеліске ұшыратты. «Нәсілдік» тексеруден кейін олардың кейбіреулеріне мемлекеттік немесе партия аппаратынан пайдалы орындар берілді. Экономикалық өрлеуді пайдаланған буржуазиялық партиялар дүниежүзілік соғыстағы жеңіліс үшін кек алу ашықтан-ашық насихаттап, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріы бағындырудың бірінші кезектегі жоспарын жасады. Социал-демократтардың жетекшілері Версаль шартының Германияға қойған әр түрлі шектеулерін жою жолындағы күрес дегенді желеу етіп, монополиялардың милитаристік талпыныстарын қолдады.
Гитлершілдер кәсіподақтарды таратып, олардың орнына «Герман еңбек майданын» құрды. Жұмысшыларды Бұл ұйымға күштеп кіргізді. Жас аралығындағы жастар үшін екі жылдық еңбек ету міндеті енгізілді. Олар Бұл міндетті әскери лагерлерде өтеді де, бекініс, жол құрылыстарын және т.б. салумен шұғылданды. Еңбек лагерлерін құру жұмыссыздықты біршама қысқартып, гитлершілердің жастардың бір бөлігіне саяси ықпал етуін жеңілдете түсті.
«Бірыңғайлау», яғни «біркелкілік» орнату мақсатымен гитлерлік партиядан басқа партиялардың барлығы таратылды.