Ежелгі Вавилондағы шаруашылық пен тұрмыс туралы қазақша реферат
«Ежелгі шығыс тарихы. Ежелгі қоғам кластарының туындауы және құл иелену цивилизацияның алғашқы атауы 1 бөлім Месопотамия» (М: 1983) деген іргелі еңбектің авторлары қарастырылып отырған Қосөзен кезеңінің сай тұрмыстың, тұрмыс-үй мәселесін сипаттаулы өзіндік ерекшелікпен қарастырады.
Аталған мәлімет көзі бойынша қалалықтар үйлері, екі қабатты үйді дұрыс емес формада салған, шығу қабырғалары көшеге артымен қараған, олардын төменгі жақтары шайылудан сақтайтын күйдірілген кірпіштен салынды. Төбеден шағын желдеткіш – тесіктер жасалды. Бұндай тұрғын үйге жарық іс жүзінде есік тесігі арқылы түсті. Шатыр тегіс болды. Ең бағалы мүлік болып ағаш есіктермен төбе ағаштары саналды, сондықтан үй иесі қоныс аударғанда өзімен бірге алып жүретін.
Жоспарлау міндетті бөліктерді қарастыруды білдірді. Жеткілікті адамның үйінде көше жақтағы есігінде аяқ жууға арналған құмыра тұрады және шаруашылықтық құралдар сақталынды, ал ішкі жаққа қарап тұратын басқа есіктер болды, оның алаңы 20 метрді құрады, ол да күйдірілген кірпіштен мүмкіндігінше төселді. Құмырадан шыға беріс есікке апотропей (шайтандардан сақтайтын) – демон бейнесі орнатылды, ал аула ортасында бассейн орналасқан. Аулаға қараған үйдің 2-ші қабатымен ішкі қабырғалары деңгейінде ағаш галерейкалары созылып тұрды. Ауладан құлдарға арналған жатақханаға, жерден қазылған асханаға, қоймаға жол болды. Бірақ көпшілік үйлерде, яғни құлдарға арналған үйлерде, асхана да болмады.
Бірақ, әрбір үйдің шыға берісінде қарсы алушыға баратын есік орналасқан, оның ұзындығы әртүрлі болды, бірақ көпшілік үйлерде стандартты есік болды – 2 м. (4 шынтақ)
Горница алдында жуылатын және төселгіш заттар (палас, т.б.) үшін қоймалар орналастырылды, бірақ бұл қоймалар кез келген үйде болмады. Горница арқылы кішкентай ғана аулаға баратын жол болды, одан сырттан адамдар кіре алмады, өйткені онда үйдің мінәжат ететін орны және қайтыс болған отбасы мүшелерін сақтаған.
Бірінші аулада галереяға баратын баспалдақ болды, ол баспалдақ астында керекті бөлме орналасқан. Үйдің тазалығын сақтау үшін далаға шығып тұратын құбыр арқылы қоқыстарды шығаруға тырысты.
Екінші қабатта жеке бөлмелер болды, бірақ ол бөлмелер туралы мәліметтер аз, өйткені зерттеу барысында үйлердің біреуі де екінші қабатқа дейін сақталмады. Екінші қабатқа қарағанда бірінші қабат үлкен көлемді алып жатты. Үлкен адамдар мен балаларды орналасу үшін 1-2 горница, яғни 18-30 шаршы метр көлемде жеткілікті болды.
Осындай үйге ұқсас, бірақ көлемі жағынан кішкентай үйлер де болды. Бұндай үйлер алғашқы тұрмыстық жатақханаларды бөлу нәтижесінде пайда болды.