Ежелгі Вавилондағы экономикалық өрлеу туралы қазақша реферат
Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың басында-ақ, сол уақытта жоғарғы дамыған аймағы – Қосөзен қала ғасыры кезеңіне енді. Темірден жасалған еңбек құралдарын қолданғандығы белгілі болып отыр. Металды жүйелі түрде пайдалану – аймақ экономикасындағы 1-ші дәрежелі маңыздылығын жоғалтпаған жер өңдеуде еңбек өнімділігінің өсуіне себеп болды.
Сол кезде кетпен, орақ сияқты еңбек құралдары қолданылды. Ауыл шаруашылығындағы еңбек құралдары жетілдіре бастады. Күрделі құрылымда соқа дәл осы Ежелгі Вавилон патшалығының тұсында кеңінен қолданыла бастады деген болжам бар. Бұл соқаның бидайды салатын арнайы құйыншағы және ұрықтарды жыртылған жерге шашатын түтікшесі болған. Бірақ, кейбір мәліметтерге сүйенсек, мұндай соқа ІІІ Ур династиясының тұсында да болған.
Жерді жырту үшін бұқалар пайдаланылды. Есек, қашыр сияқты үй жануарлардың арасында жылқы пайда болды. Жер өңдеудің жоғары өнімділігі тек аллювиалды жердің жемістігімен ғана емес сонымен қатар ирригациялық жүйенің болуымен шарттандырылды. Қыстық қысқа мерзімді жаңбырлар кезеңі, өте жоғары ауа температурасы, сонымен қатар өзендердің толу кезеңі мен егу кезендерінің сәйкес келмеуі — жасанды суландыруды ойлап табуға түрткі болды. Негізгі каналдар өз бастауларын Тигр және Ефрат өзендерінен алып, олардан су кішігірім тармақтарға бөлініп, тікелей егістерге жететін. Жүйедегі судың қажетті деңгейі бірқатар су бөгеттерінің болуымен сақталып отырады. Биік аудандарға суды жеткізу үшін арнайы құралдар көмегімен көтерген, бұл құралдар шумерлік кезеңмен салыстырғанда едәуір жаңартылған. Шынында, су көтеру құрылысы техникалық қатынас жағынан ауыр емес, ал адамның қара жұмысының едәуір шығындарын талап етті.
Халықтың өмір сүру деңгейін жасауды өсіру айқын көрсетті. Хаммурапи, ирригацияның дамуының арқасында ел тұрғындарын «қажеттілігінің қанағаттандырылғаны» туралы түсіне білді. Айтып кеткендей, патшаның бұйрығы бойынша канал қазылып шумер және аккад халқын сумен қамтамасыз етті.
Заңда ирригационды жүйелерді пайдалану мен күтіп ұстауға үлкен мән берді. Бірқатар құжаттар біліктің бұл мәселелерге тұрақты көңіл бөліп келгенін куәлендіреді. Тіпті жергілікті шенеуніктер жалға алынған патша жерінің игілігін қамтамасыз етуге материалдық жауапты болды. Егер төмен түсімнің себебі – нашар суландыру деп танылса, онда арендатор үшін арендалық төлемнің жетпеген бөлігін шенеунік төлеуге міндетті.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Вавилон далаларында астықтан басқа дақылдар өсірілді. Әсіресе, Хаммурапи кезеңінің түрлі сортты жеміс ағаштары бар бақ шаруашылығы қатты дамыды. Едәуір кең кеңістікке құрма пальмасы отырғызылды.
Тау етектерін, жазықтарды, жайлауларды пайдаланатын бай жайылымдардың бар болуы мал шаруашылығының одан әрі дамуына мүмкіндік берді.
Вавилондық шаруашылық өмірі, егер бас орманшы басқаратын орман шаруашылығын ескермесек, толық болмайды. Жекелеген «орман учаскелері» оның бағынушылардың қарамағында болды, олар аса бағалы құрылыс материалдарының көзі болып табылатын – орманның сақталуына жауап берді.
Қолөнер де жылдам дамыды. Қолөнердің дамуы ғылыми білімдердің өсуін арттыра түсті.
Месопотамия жерінің Вавилон қаласына бірігуі сыртқы сауданың да ішкі сауданың да кеңеюіне мүмкіндік берді. Аграрлық елде жер иелену өнімдерінің сату-сатып алу объектісі болуы – азаматтық заңдылық болып табылады
Құжаттық куәліктері бар аздаған ауыл шаруашылық тауарларының арасында мыналар аталады: астық, май, құрма, жүн.
Б.з.д. ІІ-мыңжылдық басында ақша қызметін күміс атқарды және сақталған құжаттар тауарға деген баға қатынасын атқаруға мүмкіндік береді. Жалдаушының дәстүрлі натуралды төлемімен қатар, оның шаруашылығында ұзақ мерзім жұмыс атқарған жұмысшылар мен күміспен есеп айырысқан жағдайлар да белгілі.
Саудагерлер, тамкорлар бұрынғыдай патша өкілдері ретінде саналды. Бірақ, олардың билігінде керуенді бастаушы және бөлшек сауда мен айналасушы көмекшілері болды.