Ежелгі Кореядағы ғылыми — техникалық жетістіктері туралы қазақша реферат
10-15 ғасырларда Корей мәдениетінің жетістігі — кітап басып шығару болды. Тақтайшаларға басып шығару немес ксилография Корей елінде 8 ғасырда бастау алды. Коре мемлекеті кезінде кітап басу өзінің шарықтау шегіне жетті. 1011 — 1090 жылдары алты мың томнан тұратын «әулие Буддалық жазбалар жинағы »(Течжанген) жазып шығу үшін сексен мың ағаш тақтайшалар қолданылған ,оны корей тілінде «Пхальман течжанген» деп ререкшелеп атаған. 1232 жылы монғолдардың жаулап алу кезінде бұл жазбалар жанып кеткендіктен жинақ қайта басып шығарылады. Корей леінде кітап баспасының дамығандығының тағы бір дәлелі 1091 жылы Қытай императоры корей еліне 5 мың том кітап басып шығаруға тапсырыс береді. Корей елінен сундық Қытайға жіберіледі.
Әр кітап баспасына жаңа тақтайшалардың даярлануы кітап басуды ұзақ және қымбат үрдіс етті. Сондықтан Таяу Шығыс елдерінде ксилиграфия көптеп дасыды. Басқа сөзбен айтқанда арнайы дайындаоған тақтайшаларға дайын иероглифтер қойылып осылайша кітап жызлған. Корейлердің алғаш жылжымалы шрифтер қолданған деген дерек 1234-1241 жылдарға сәйкес келеді.
Корейліктердің тағы бір техникалық жетістігі корелық ашық жасыл селадон керамикасы. Бұл керамиканың ерекшелігі нефритке ұқсас ашық жасыл түсті болуы. Селадонды жасаудың жақсы дамыған кезі 1120-1190 жылдар болып келеді.
Ашық жасыл түсті алу үшін оның глазурына металл ұнтағы және ұсталардың құпиясы болып табялатын тағы бірнеше қоспалар қосылады. Керамиканы күйдір үшін ерекше кама пештері қолданылған, олардың ұзындығы 40 метр, ені 1 мерт болады. Бұл арнайы пештер жоталардың бойында соғылған, өйткені басы мен аяғының биіктік жағынан айрымашылығы 7 метр болуы қажет. 2,2-2,3 метр сайын ыстық ауаны шығаруға арналған жарықшақтар болған. Пеш едені құммен жабылған.
Селадоннан вазалар, тәрелкелер, шәйнектер және т.б бұйымдармен қоса арыстан, айдаһар, тасбақа, маймыл, көгершін, үйректің мүсіндері жасалған. Селадон керамикасында кездесетін ою — өрнектердің негізіг 4 түрін бөліа көрсетуге болады. Ашық аспандағы ақұтан бейнесі, үйрекпенн аққұтанның судағы бейнесі, әр түрлі гүлдермен көбелектердің бейнесі және қарапайым адамдар өмірінен үзінділер. Осы барлық өрнектер сол ыдыс егесіне бақыт пен сәттілік әкелу мақсатымен салынған.
Қару жарақтар жасауда техникалық жетістік саласына жатады. Корелықтар белсенді түрде зеңбірек секілді отты қаруларды қолданған. Сонымен қатар корейлік арбалеттер өздерінің ұшу траекториясының ұзақтығымен ерекшеленген.
Коей елінде кемелерді соғу ісіде жақсы дамыған. Олардың кемелерінің алдыңғы бөлігі ерекшелендіріп жасалған, егер жаулардың флотымен кездескен жағдайда қарсылас кемені тебе алатындай етіп.
Кореяда астрономия саласына да ерекше ен берілген. Сарай территориясында оларға арнайы әкімшілік құрылып, оларға аспан денелерімен аспанда орын алып жатқан өзгерістерді зерттеу міндеттелген. Негізгі обсерватория Кэген қаласының маңында орналасқан. Корелықтар кун мен айдың тұтылуын болжап қана қоймай күннің бетіндегі дақтарды анықтаған. Күндегі дақтар жайлы он шақты жазба деректер кездеседі, соның ішіндегі ең көнесі «Суси — рек Чхобоп» атты Кан Бо астрономының жазбасы.
Медициналық әкімшілтерді сарай маңында құрылып, жоғары лауазымды тұлғаларға өз еңбектерін көрсеткен. 958 жыдлан бастап медициналық қызметке тағайындалу үшін емтихан тапсыру міндетті болды. Коре елінде дәстүрлі медицина жайында бірнеше трактаттар жазылған. Солардың ең әйгілісі — «Ханьяк кугыппан».
География саласының даығандығы жайлы — «Үш патшалық картасы» «Индия картасы» «Коре картасы» дәләл бола алады.