Этностың табиғаты мен тарихы

ЭТНОСТЫҢ ТАБИҒАТЫ МЕН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

Өткенді білу бүгініміз үшін керек, сондықтан ол өзіне біздің назарымызды әрдайым аудартып отырады. Біздің жадымыз мағынасы бар нәрсені сақтайды. Әсіресе, Ел басқарған жандардың өз халқының тарихынан, этностық ерекшеліктерінен хабары мардымсыз болса, олар көп қателік жіберіп алады. Ағылшын ғалымы Г.С.Боллингброк «История – это философия, которая учит нас с помощью примеров», – деген еді[1]. Ал, неміс ғалымы И.Г.Гердер «Пространства полны мудрости, человек сотворен, чтобы искать порядок,… чтобы грядущее строить на прошедшем – иначе зачем человеку память, зачем воспоминания», деп жазған[2]. В.В.Алексеев айтқандай, тарихи тәжірибе – бұл ұрпақтардың іскерліктері мен білімдерінің сабақтастығы, өткендегі әлеуметтік практиканың жинақталған және қазіргі заман мәселелерінің шешімін табуды қамтамасыз ететін социум қызметінің бейнеленуі. Сондықтан ұлт болып тұтасуымыз үшін, ұлттық санамызды ояту үшін, өткеннен сабақ ала отырып, қазіргі жағдайымызды жақсырақ түсіну үшін төл тарихымызға, яғни ата-бабаларымыз тарихына және этностық құндылықта-рымызға деген құштарлығымызды үдете түсуіміз қажет.

Зерттеу жұмысының мақсаты тек әлеуметтік – саяси заказбен ғана емес, сондай-ақ тарихшылар мен этнологтардың ұстанған құндылықтарының жүйесімен, дүниетанымымен, ұлттық сана-сезімімен анықталады. Осыдан барып зерттеуші-лердің түрлі методологиялық ұстанымдары айқындалады. Де-генмен де, олар саясаттан тысқарыда тұра алмайды. Сондықтан зерттеу жұмыстары ұлттық мүдделерге қызмет етуі тиіс. Керісінше болған жағдайда, зерттеушінің пиғылы теріс, зерттеу жұмысының түбі шикі болады. М. Ломоносов «… Историю России должны писать природные россияне»[3] деп бекерге айтпаған ғой. Шынында да, ұлттық өмірдің нәрімен сусындаған жандар ғана өз халқының тарихын жетеқабыл жаза алады, өткен дәуірді, оның «заттылығын» түйсіне алады. Бұл ретте А.Н.Толстой былай деп жазады: «Каким образом люди далекой эпохи получились у меня живыми? Я думаю, если бы я родился в городе, а не в деревне, не знал бы с детства тысячи вещей – эту зимнюю вьюгу в степях, в заброшенных деревнях, святки, избы, гаданья, сказки, лучину, овины, которые особенным образом пахнут, я, наверное, не мог бы так описать старую Москву. Крутины старой Москвы звучали во мне глубокими детскими воспоминаниями. И отсюда появлялось ощущение эпохи, ее вещественность»[4]. Әрине, қоғамдағы өзгерістер мен процестерді идеологиялық жағынан қамтамасыз ету – тарихшылардың, этнологтардың, философтардың қасиетті міндеті. Г.Трейки олар ғылымның барлық мүмкіндігін өз елінің қажетіне жаратуы керек дейді[5].

Зерттеуші тарихшы мен этнолог өткенді өзінің өмір сүріп отырған кезеңінің әлеуметтік талап-тұжырымдамалары мен идеологиялық құрылымдарына арқа сүйей отырып, белгілі бір интеллектуалдық модельдерге айрықша ықыласы ауып түсіндіреді. Демек, тарихи білім шындықты бейнелеуде әрқашан шартты және субъективтік сипаттас болады. Мұнда деректердегі олқылықтарды көрсете отырып, олардың түпнұсқалық мағынасын қалпына келтіру маңызды. Бірақ бұл материалдар зерттеу объектісінің бір бөлігі ғана болып табылады, өйткені ол объект бір бүтін ретінде баяғыда-ақ жоқ болып кеткен және ол тарихшының қалпына келтіре алған өлшемінде ғана бар деуге болады. Демек, тарих жөніндегі біліміміз – бұлар зерттеушінің мәліметтерді іздеп табуы арқылы саналы түрде қалпына келтіруге болатын қауымның өткен тарихының бір бөлігі ғана. «Такая сложная наука, как история, где, прежде чем формулировать вывод, приходится, обыкновенно накоплять факты миллионами… Историческое построение не делается прямо по рукописям, точно также как история «не пишется по рукописям» на одном и том же основании – ради сбережения времени, чтобы двигать вперед науку нужно комбинировать выводы, добытые тысячами частичных работ»[6].

Тарихшы өзінің алдына саяси жағынан мемлекеттік құрылымдар дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейтін маңызды оқиғаларды, жалпы алғанда қоғамдық динамиканы зерттеуді мақсат етіп қояды. Әрине, оқиғалармен бір қатарда адамдардың мінез-құлқы, тәртіп-тағлымы, жеке тұлғалардың қоғам өміріндегі рөлі назардан қалыс қалмайды. Сондай-ақ, әлеуметтің рухани тұрмысы да қамтылуы тиіс. Итальян тарихшысы және философы Бенедетто Кроче (1866-1952) позитивизмге тән болған тарихқа деген натуралистік көзқарас зерттеудің ауқымын шектейді, сондықтан мақсат оқиғалардың хроникасын беруде емес дей келе, сезімдер мен рухани өмірдің тарихы ретінде түсінілетін ұлттық тарихты жазудың қажеттілігін тұжырымдайды[7]. Ол әрбір халықтың рухани дамуының сабақтастығын айқындауға ұмтылып, тарихты өткен мен қазіргі жағдайдың органикалық байланысы ретінде түсіну керек дейді.

Тарихи объективизмнің жеңіске жетуі үшін тарихшы болған уақиғаны ыждаhатпен мұқият баяндауы керек. Мұнда деректердің алуан түрін пайдаланған жөн. Тақырып жөнінде толық ақпарат беретін материалдар жиналып, олар талданып, әріптестердің қолы жеткен жетістіктері толық игерілуі керек. Сонда тарихи шығарманың құндылығы арта түседі. Жазба және вербальдық емес деректер өткен замандағы құндылықтар жүйесін түсінуге жәрдемдеседі. Ағылшын тарихшысы және философы Р.Дж.Коллингвуда айтқандай, дүниедегі құбылыс-тардың баршасы бір нәрсенің белгісі мен әлеуетінің куәлігі болып табылады[8]. Тарихи танымның объективтілігі мен ғылы-милығы тарихшы мен этнологтың өте биік кәсіпқойлығымен, деректерді қатаң сыни талдау жасауымен, синтетикалық про-цедуралардың ережелерін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Тарихшы өткендегі идеялар мен оқиғалар тізбегі жөніндегі мәліметтерді жинақтай отырып, белгілі бір жағдай, зат, іс-әрекет, тіпті сөздің қазіргі заман үшін қандай маңызы бар деген сұраққа жауап іздейді. Осылардың негізінде тұжырымдалған идеялар, сондай-ақ әлеуметтік тәртіп, мінез- құлық, саяси институтттар мен құндылықтар нормаларының ықпалымен ғана емес, бұқаралық психология, иррационалдық сезімдер мен түсініктер арқылы да қалыптасқан бағдарламалар тұтас халықты жүздеген жылдар бойы орныққан құндылықтар жүйесінен бас тартқызып, оларды белгілі бір идеологияның қолдаушыларына айналдыра алады.

Тарихи ортада, әлеуметтік, саяси, діни және мәдени мәнмәтіндерден туындайтын, таралатын, дамитын идеяларды зерттеудің маңызы зор. Мұнда мәдениеттану мен интеллектуалдық тарих қосылып бір бүтіндікті құрайтын болады. Бұрынғы идеялардың қайсыбірі бұқаралық санада қабылданып, орнығып қалғандығын және олардың орнын, әсіресе шұғыл бетбұрыстық кезеңдерде жаңа идеялардың басуы мен таралуының жолдарын, тәсілдерін зерттеу аса қажет. Мысалы, дін тарихының өзі шіркеудің немесе шіркеудің ресми доктринасының, тіпті оппозиция ретіндегі діни секталардың тарихы емес. Бұл – жеке-даралық топтар мен жалпы алғандағы руханилардың бағдарларын анықтайтын сенімдер және мұраттардан құралатын діни сана мен діни ойлау жүйесінің тарихы.

Бір қарағанда саяси лидерлер мен партиялардың іс-әрекеттері тудыратын оқиғаларды көптеген түрлі фактілерді есепке алмастан түсіндіруге болмайды. Өткеннің кез келген құбылысы, оның атқарған әлеуметтік функциялары тұрғысынан бағалануы керек. Деректердегі мәліметтердің толыққандылығы, шынайылығы анықталып, олардың пайда болған нақты әлеуметтік-тарихи жағдайы есепке алынуы қажет. Барлық деректерде, оларды жасаушылардың түсінігі, көзқарасы мен мұратының іздері көрініс тауып жататындықтан, деректер қарастырылып отырған дәуірдің мәдениетінен хабардар етеді. Мәтіндердегі басымдықтар, жорта айтылмаған жәйттер мен баяндаудағы мағыналық екпінділікті анықтайтын идеология элементтерін деректер өздерінде сақтайды. Тарихшы әрдайым нақты да, бірегей уақиғаларды зерттеуді діттейді. Бұл ретте уақиғаның тарихи бағалануы абсолютті түрде объективті және толық, жан-жақты, жеткілікті болуы мүмкін емес. Өткеннің құбылыстары тарихи санада әрқашан қоғамда басымдау саналатын идеялар мен түсініктердің ықпалымен қалыптасады. Өткеннің бейнесі – бұл, қаласақ та, қаламасақ та, үнемі біздің мүдделеріміздің бейнеленуі. Әрине, нақтылықты емес, құбылыстардың жалпы ерекшеліктерін көрсетуге деген талпыныс–шынайылыққа жақындататын үдеріс. Тарихшының ой тұжырымдалуына қозғау салатын нәрсе – құжаттың өзі саналады. Ойда бейнені тудыру мен алынған фактілерді топтастыру өткенді қазіргіге ұқсата тұжырымдау арқылы жүзеге асырылады.

Оқиғаларды көзімен көріп, сол қоғамда өмір сүріп отырған тарихшылар немесе замандастар олардың, жалпы алғандағы қоғамның жағдайының толыққанды және жан-жақты сипаттамасын беруге қабілетсіздік танытады. Олар, әдетте шындықтың жекеленген жақтарына бірсарынды қарап, басқа құбылыстарын елеусіз қалдырады. Қалай болғанда да, олардың тарихи уақытты объективті түрде және шеттен тұрып бағалауы қиындау келеді, өйткені олар осынау заманның шындығымен шырмалған ғой. Бұл ретте Лукианның мына бір пікірімен санасу керек-ақ: «Единственное дело историка – рассказать все так, как оно было. А этого он не может сделать, если боится Артоксеркса, будучи его врагом, или надеется получить в награду за похвалы, содержащиеся в его книге, пурпурный кафтан»[9]. Ал, кейінгі ұрпақтардың өткенді риясыз, әділірек тануына мүмкіншіліктері бар. Олар оқиғаларды, адамдардың іс-әрекеттерін, адам өмірінің жеке-даралық көріністерін кеңірек көлемде көре алуы, оқиғалардың алғышарттары мен салдарларын айқындай алуы мүмкін. Бірақ олардың да бағалауы құбылыстардың «шынайы мағынасының» абсолютті түрде дәлме-дәл сипаттамасы бола алар ма екен? Мұнда тарихи құбылыстар жөнінде ой қозғаған тоғышар да, кәсіби-зерттеуші де көптеген өзара байланысқан фактілер мен факторларға тап болуы мүмкін: бірақ олардың тізбесі мен әрқайсысының рөлінің бағалануы – әр түрлі болады. Яғни қарастырылып отырған оқиғаларды тудырған тарихи үдерістердің мағынасы бірдей бағалана бермейді. Оқиғалардың мағынасын анықтау олардың себеп-салдарын зерттеумен байланысты. Сонымен бірге өткеннің оқиғалары қашан да болса айрықша тарихи мағынаға ие ме? Немесе олар түрлі жағдайлардың кездейсоқ тоғысуының нәтижесі ме деген сұрақтардың қаумалайтыны рас. Мысалы, римдіктер Римнің құлауын варварлардың басқыншылығымен байланыстырса, бұл оқиға герман халықтарының жадында герман тайпалары тарихының ұлы да, қаhармандық кезеңі ретінде сақталған. Кеңес Одағының ыдырауы жөнінде де осыны айтуға болады. Әңгіме – фактілердің мән-мағынасын қаншалықты шынайы ашып бере алуда екен.

«Факт» ұғымы болған жайтті білдіреді және сол жөніндегі мәліметтердің сенімді екендігін көрсетеді. Жекеленген тарихи фактілерді талдауға қаратылған Фактологиялық Тарихтың нәтижелері негізінде ауқымды теориялық тұжырымдар жасалынады. Эмпирикалық ғылым ретіндегі тарих өткеннің фактілерін анықтайды, сипаттайды, классификациялайды. Теориялық тарих тарихи процесті жүйелі түрде, ішкі құбылыстар мен сыртқы факторларды қабыстыра, қоғамның саясатын, шаруашылығын, әлеуметтік қатынастарын және халықтың рухани өмірін байланыстыра отырып зерттеуді діттейді. Сонда ғана өткен заман туралы объективті көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік туылады. Ол тұтастай алғандағы қоғам дамуының және жекеленген объектілердің заңдылықтарын қарастыруға бағытталған. Ал, қарапайым тарихи санаға мыналар тән: қайшылықтық, үзік-үзіктік, жүйесіздік, көтеріңкі эмоционалдылық, енжарлық және т.б. Этнология мен этнография жөнінде де осыны айтуға болады. Этнографиялық ізденістерге жүйелеп баяндау тән, ал этнологтар тұжырымдауға ден қояды.

Әрбір этнос өзінің этномәдени вариантын немесе басқаша айтқанда, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастырады. Жалпы алғанда, этнология (ол этнос жөніндегі ғылым) – тарих, философия, дінтану, психология, география және биология пәндерінің түйіскен тұсындағы жапсарласатын мәселелерді зерттейтін ғылым.

Әсіресе, халық аңыздары, ертегілері мен әндерінде құнды мәліметтер сақталынады. Бұларды абайлай пайдалану, тереңдете талдау қажет болады. Дерек ретінде белгілі бір кезең мәдениетінің мағынасын бейнелеген кез келген тарихи куәлікті бағамдаудың артықшылығы жоқ. Жеті атаның арғы жағындағы тарих жөніндегі шежірелер күңгірттеу мәліметтерді береді. Бізден алыс, арғы дәуірдің мән-мағынасы фольклорда көрінісін тауып жатады. Онда қауым тіршілігінің рухы жалпыластырылған түрде бейнеленеді.

Әдіс мәселесіне келсек, жалпы философиялық ұстаным-дарды басшылыққа алған жөн. Мұнда табиғат ғылымының әдістерімен көп әуестенудің қажеті шамалы. Себебі, тарихшы зерделенуі тиіс оқиғаны тікелей бақылай алмайды. Өйткені, ол әлдеқашан өтмішке айналып қалған ғой. Сондықтан зерттеуші тарихтың сыни қағидаларын басшылыққа ала отырып ойды тұжырымдау жолымен әрекет етеді. Тарих ғылымындағы таным теориясы жан-жақты қарастырылып, оның ұстаным-дары нақтыланбай кез келген тарихи процесті объективті түрде баяндау қиын. Әсіресе, қолға алынып отырған тақырыптың немесе бір жобаның бас жағында мәселенің теориясы мен методологиясын дәйектеп беру – объективті түрдегі тарихты жазудың айнымас кепілі. Осы қағиданы ұстанғанда ғана жақсы бір жұмыстың төбесі көрінуі мүмкін.

Шпленгер тарихи танымның басты әдісі ішкі интуициямен байланысты десе, Хейзинга тарих – халық мәдениетінің өткенінен хабардар ететін ғылым деп түйеді ойын. Әрине, интуицияға дем беретін жоғары деңгей мен ғылыми әлеуеттің шығармашылықты арттыратын рөлінің зор екендігі белгілі.

Тарихи уақиға белгілі бір кеңістікте, белгілі бір уақыт аралығында өрбиді. Сондықтан тарихи зерттеулер өркениеттік теориялар тұрғысынан жүргізілуі керек. Батыс өркениеті, Шығыс өркениеті, Славян-орыс өркениеті, Ислам өркениеті, Түрік өркениеті және т.б. дегендер табиғатта бар нәрсе. Сондай-ақ, монопәндіктен пәнаралық зерттеулерге ден қою маңызды. Жүйелік теория, нарративтік және герменевтикалық әдістер туралы да осыны айтуға болады.

Тақырыпты зерттеудің әдіснамасын (методологиясын) сөз еткенімізде, оны жеке ғылымдық әдіспен тәндестірмеуіміз керек. Әдіснама Қазақстан территориясында қалыптасқан мемлекеттер жөніндегі танымның барлық деңгейлері мен формаларының жалпы бағытын көрсетуі тиіс. Мұның өзі бұл реттегі ізденісті дәйектеу мүмкіндігін жетілдіре түсер еді. Әдіснама, сайып келгенде, Қазақстан тарихын жіті зерттеудің нысанасын дәл тануға негіз боп қаланатын бастапқы ғылыми қағидаларды қамтиды.

Этнос мәселесінің негіздемесін өркениеттік тұрғыдан анықтауға ден қойған жөн. Бұл ретте, мына авторлардың еңбектеріндегі тұжырымдардың маңызы бар деп білеміз. Неміс тарихшысы Э.Бернгеймнің пікірінше, («Тарих ғылымына кіріспе»), адамдардың материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынған нәрселерді, әрине тарихи деректер ретінде пайдалануға болады. Ал, өткендегі оқиға, не болмаса құбылыс туралы өзінде белгілі бір мәліметтерді сақтаған бейнелеу материалдарының, сондай-ақ ауызша-жазбаша деректердің маңызы зор. Бірақ, олардың шынайылығын тексеріп көру керек, өйткені фактілер арадағы басқа бір адамдардың айтуымен жеткен болуы мүмкін[10].

Бұл айтылған пікірлер, мысалы, Шу қаған, Афрасиаб сынды және басқа қаған-хандардың тарихи тұлғалығы жөнінде ой таратуға қозғау салады. Ол жөнінде бір, екі немесе үш емес, көптеген айтылымдар мен дастандардың, әр түрлі аймақ-өлкелерде өмір сүрген авторлардың аузынан бірдей сөздің шығуы кездейсоқ жәйт емес.

И.Г.Дройзен «Тарих ғылымының негіздері» атты еңбегінде зерттеу ісі ұлттық тарих аясында жүргізілуі керек деп тұжырды. Әрине, ол эмпирикалық фактологияға да ден қоюды жақтап, жалпы тарихи дамудың әлеуеті күшейген сайын халықтар бірінің артынан бірі ілеседі деп көрсетті. Егер дәп қазір түрік халықтарының ішінен бірі локомотив болатындай даму әлеуетіне ие болса ғой, шіркін, біздер басқаша сөйлеп, басқаша бағдарлар мен құндылықтарды ұстанған болар едік. Батыстың батпағына батып, орыстың ой-ойраны мен орманынан жол тауып шыға алар едік қой.

Жоғарыда аты тілге алынған автор түкке тұрғысыз ғалымдықты-ғылымилықты сынай отырып, өткен оқиғалардың жанды байланыстарын іздеп табуға мән беру керектігін қадап айтқан[11].

К.Поппер, әлеуметтану – теориялық тарих дей отырып, әлеуметтанулық эксперименттің орнын статистика мен байқау, салыстыру мен аналогия басады, осылар арқылы оқиғалар түсіндіріледі деп көрсетті.

Неміс философы, тарихшысы, психолог В.Вунд үшін тарих – психикалық процестердің жиынтығы. Ол тарихты примитивті кезеңге, мәдениеттің даму кезеңіне, мәдениенттің толықтай даму кезеңдеріне бөлді.

Тарихи дамудың бірінші кезеңін ол примитивті адам кезеңі деп анықтай келе, бұл кезеңде аңшылық және терімшілікпен айналысқан, рухани өмірі магияға негізделген қауым өмір сүрген дейді. Екінші кезең – тайпаларға бөліну, әскери істің дамуы, соғыстардың белең алуы, тотемдік мәдениеттің пайда болу кезеңі. Ал, үшінші кезең – мемлекет пен діннің пайда болуы, солар негізінде нағыз өнер туындылары дүниеге келген кезең. Төртінші кезең гуманистік, философиялық, тарихи танымның пайда болған кезеңі[12].

Тарихтың мақсаты, – дейді В.Дильтей,– танымдық әдістің және білімнің әлеуетін мемлекет пен қоғамдағы жағдайларды реттеуге жұмсау, оларға әсер етуге бағыттау болып табылады[13]. Бұл оңай ғана іске асатын шаруа емес; ол мемлекет пен қоғам тізгінін ұстап отырған жандардың ой-өрісі мен жалпы алғандағы рухани дүниесіне байланысты болып, оң немесе теріс нәтижесін береді. Басшылық үнсіз қалған жағдайда тарихи таным халықтың санасына қаратылуы керек.

Француз ағартушысы Вольтер («Опыт о всеобщей истории и о нравах и духе народов. 1756-1769 жж.») тарих дегенде «өркениет» тарихын назарда ұстау керек деп есептеді. Ол мұнда мәдениет, салт-дәстүр, Шығыс пен Батыс халықтарының ойлау салты мен ерекшелігі басты мәселе болып табылады дей келе, тарихты адамдар өздерінің қасиеттеріне сәйкестендіре жасайды деп білді. Сондықтан адамның санасы мен ақыл-ойын жетілдіруге айрықша мән беру қажеттілігін ұқтырды[14].

Неміс тарихшысы Э.Бернгейм («Учебник исторического метода», 1889) адам баласы қызметінің заттай деректері шынайы, дұрыс тарихи дерек алудың объективті негізі екеніне сенімді. Ол адам қызметі, оның санасының оянуынан өрбиді, тарихи үдеріс – адамдардың рухани, психикалық қызметінің жемісі деп тұжырымдады.

А.С.Лаппо-Данилевский «Методология истории» (1913) атты еңбегінде сана, қоғамдық идеялар міндетті түрде тарихи дамуға әсер етеді, оны тарихшы зерттеулерінде ескеруі керек деп біледі[15].

Бұл авторлардың барлық пікірлерімен толықтай келісе беруге болмайды, әлбетте, бірақ олардың тарих пен этнология ғылымдары қоғам, адам және олардың мінез-құлқы, қарым-қатынастары мен рухани әлемін зерттеу керек деген тоқтамының жөні бөлек. Бұл ретте, Ж.Артықбаевтың тарихи танымның өзегіне материалдық ескерткіштер емес, қоғамдық сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар… қойылуы тиіс деген пікірі біздің тарихшылар арасында күні бүгінге дейін тарала қоймағаны өкінішті-ақ. Тарихшы Н.Нұртазина да осы арнада сөз қозғайды[16]. Сондай-ақ, теориялық деңгейде ойлайтын философтардан да асырып айта алған тарихшылардың бірі – Х.М.Әбжанов. Ол былай деп жазады: «Біздің оқулықта-рымызда күні бүгінге дейін экономикалық детерминизм, адамды қанау, соғыстар, жорықтар тарихы бірінші орында тұр. Мүмкін, алғашқы қауымдық құрылыс үшін бұл қалыпты жағдай шығар. Одан берідегі қоғамның ішкі өмірін тағылық пен жабайылық анықтаған жоқ… Ал, мінез-құлықтағы, дүниетанымдағы, әлеуметтік-демографиялық құрылымдағы өзгерістер жер мен көктей болатын. Соңғылары қазақ тарихының шығыршығын айналдыруға пәрменді әсер етті»[17].

Біздің пікірімізше, тарих ғылымы ұсақ-түйек, көр-жөрді жіпке тізе бермей бүтін басты халықтың тарихи тағдырында бетбұрыстық кезеңге бастау болған оқиғаларды ажыратып алып, індете зерттеуі тиіс. Біз Қазақ мемлекеттілігі мен мәдениетінің өрімдерін таратып айтып-жазуда осынау қағиданы берік ұстануымыз керек.

Бұл ретте біздің айтатынымыз мынау болмақ: зерттеу нысанына тікелей қатысты деректер мен мағлұматтардың шындығы мен жалғанын айыра білу, жақсы-жаманының парқын, құнды-құнсызын талғай білу – зертттеушінің талғам таразысы мен логикалық ой жүйесіне, сондай-ақ дүниетаны-мына, ұлттық сана-сезіміне байланысты. Ең қажеттісі – жинақталған бай деректер мен фактілер ішінен зерттеушінің көңіліне қонатынын, ойлау жүйесіне сай келетінін ғана емес, айтылуы қажетті шындықты айта алу қабілеті мен өресі.

Этнос әуел баста территория мен тіл бірлігі негізінде қалыптасқан деуге болады. Қазақстан аумағындағы табиғи-жағрафиялық факторлар ру-тайпалардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастарының, мінез-құлқы мен салт-санасының сипатын анықтаған еді. Бұл әдіснамалық ұстанымды қаперімізден шығармауымыз керек.

Дамудың тарихи сабақтастығы бұзылған жерде ілгерлеу болмайды. Кейбір еңбектерде «ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанды мекен еткен этностар, мемлекеттік құрылымдар аспаннан түсе қалғандай баяндалады.

Олардың арасындағы генетикалық, нәсілдік, тілдік, экономикалық саяси, рухани ортақтық, сабақтастық, жалғастық кешенді һәм қисынды ашылмаған күйде қала береді»[18]. Әсіресе тілі, ділі, діні бір түріктер мекендеген ата мекеннің әр жерінде династиялық сипат алып құрылған мемлекттік ұйымды жалпы тарихи контекстен жырып алып дараландыруға әуестену ортақ тарихымызды сыңаржақ қарастыруға әкеліп соқтырады. Әрине, қазақ мемлекеттілігін зерттеудің өзекті мәселесі мемлекеттік биліктің түрін, мәні мен ерекшелігін әр кезеңге қарай анықтау болып табылады. Соған қарамастан мемлекеттердің ғасырлар бедеріндегі дамуының ортақ желісінен көз жазып қалмауымыз керек. «Өйткені қоғамның барша мүддесі, тағдыры, күш-қуаты түйісіп, оң немесе теріс шешімін табатын жер мемлекеттік билік болған және бола береді. Адамзат тарихы мемлекеттік биліктің алмас қылыштай өткір құрал екенін қапысыз дәлелдеді». Ол Алып Ер Тонгадай кемелдің кемеліндей ғана тұлғаның яки тұлғалардың қолында жарқылдап елдің бойындағы дерт пен кеселді сылып тастауға пайдаланудан басқаға сілтенбеуі керек. Қазіргі заман Түрік мемлекеттерінің елбасылары ата-бабалардан қалған осынау ұлы дәстүрді ешуақытта да есінен шығармағаны абзал.

Танымның әдіснамалық ұстанымдары мемлекеттің мүддесіне, мемлекетті құраушы байырғы халықтың мүддесіне сай келуі объективті қажеттілік. Бұл басқалардың ренішін туғызбаса керек. Қазақстан тарихының мазмұнын, ерекшелігін әу бастан автохтонды тұрғындар, олардың төл мемлекеттері анықтаған. Байырғы халық пен оның мемлекетінің етене байланыстылығының тарихын адал ашатын методология бірінші орынға қойылуы керек. Бұл қағидатқа жығылмаған зерттеудің түбі шикі, авторының пиғылы теріс[19].

«Түркістан», «турлар» сөздерінің Иран сияқты көрнекті елдердің жазба деректерінде сақталуының өзі Тұран тайпалары бірлестігінің жай ғана ру-тайпалық деңгейде өмір сүріп қоймай, олардың елдік, мемлекеттік дәрежеге көтеріліп, оны өзгелерге таныта қоңсы елдермен қарым-қатынас жасағанын да көрсетеді. Тұранда тек парсы тілді тайпалар ғана емес, түрік тілдес бірлестіктердің аралас, іргелес өмір сүруі басым болған. Олардың арасында болған байланыстың арақатынасы, бір-біріне тигізген саяси, экономикалық, мәдени және антропологиялық әсерлері жеткілікті зерттелуі тиіс. Қалай дегенмен турлар осы өлкенің барлық тұрғындарын, ру-тайпалары мен тайпалық бірлестіктерін қамтыған жиынтық атау түрінде бой көтерген. Ол – бірегей өлке, отан, ел атауы. Қала берді, біртұтас өркениетті бейнелейтін ұғым. Мұның өзі қазақ этносын осылардың аумағында қарастыруды діттейді.

Патшалық Ресейде салт-дәстүрлері мен тілдері аса жақын қарашайлар, құмықтар, балқарлар және әзербайжандар және жалпы түріктер татарлар деп аталған. Ал, тілі басқа кавказ ха-лықтары: чешендер, ингуштер, лезгиндер өз атымен айтылған.

Сол сияқты турлар, Тұран және Түркістан сөздері елдің парсы тілдес ирандықтарға туыстас тайпаларына ғана емес, барша тұрғындарына қаратыла айтылған. Бұларға сақтар да кірген. Сақтар деген атауды да парсы жазбаларынан кезіктіреміз. Парсы жазуында «сака», ал санскрит тілінде (б.д.д. І мыңжылдықтардың орта шенінде белгілі болған деп есептелінетін «Махабхарата» мен «Рамаяна» поэмаларында) «шака» түрінде кездеседі. Бірақ сол сақтар өздерін қалай деп атаған, әрине, бұл жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Сақ жөнінде де шәлкестіктерге жол берілмеген деп кім айта алады. Әрбір халық өкілдерінің басқа халықты біліп-білмей, өзінше құбылтып атай беретін әдеті бар. Мысалы, 60-шы жылдары Саха жазушыларының әңгімелері тұңғыш рет қазақ тілінде жеке кітап болып жарияланып, оның аты «Жақұт әңгімелері» деп қойылыпты. Сонда сахаларды орыстар «Якут» деп бүкіл әлемді бір шатастырса, қазақтар орыстардан да асырып жіберіп, «жақұт» деп аяғын аспаннан бір-ақ келтірген. Біз якуттер деп жүрген сахалар өздерін «Саха сирэ» – «Саха жері» деп атайды. Қыпшақтар мен оғыздар орыс жылнамаларында «половцы» және «торктар» деп аталынған.

Халықтық этноним көп жағдайларда немесе жекеленген кезеңдерде тұрақсыз болып келетіні бар. Бірақ соған қарамастан этностардың діні, ежелгі мәдениет иелерінің тіршілігі мен қызметі бүгінге дейін тоқтаусыз жалғасып келген. Мысалы, қазіргі Өзбекстан территориясын мекендеген жұрт ертеде Тұран, Түрікстан, кейінірек Соғды, Хорезм, Шаш, Паркан, Бақтрия деп бөлініп-бөлініп аталған. Арабтардың қол астында болған кезде ол өлке Мәуараннахр деп аталды. Әмір Темір қайтадан Тұран деп түрлендірді (ХІV-ХV). Моғолдардың тұсында Шағатай ұлысы деп аталды.

ХVІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шәйбани ханның бастауымен Батыс және Орталық Қазақстаннан Мәуараннахрға барғаннан соң, бұл жердің тұрғындары бірте-бірте өзбектер деп атала бастады. Өзбек ұлысының Қазақстанда қалған көшпелі және жартылай көшпелі тайпалары біржолата қазақтар деп аталатын болды[20].

Өзбек ұлысына Қазақстан даласының көп жері – оңтүстік-батысында солтүстік Арал өңірі мен Сырдария бассейнінен бастап, солтүстік-шығысында – Тобыл мен Ертіске дейінгі жерлер кірді. Онда жергілікті тайпалар (қыпшақтар, қоңыраттар, қаңлылар және т.б.) тұрды. Бұлардың бәрінің ол кездегі өздерінше атауы өзбек болатын[21].

Жоғарыда айтылған өзбектер – шынында да Өзбекстан жеріне ХV-ХVІ ғғ. келіп, өзбек халқының құрамына қосылған көшпелі өзбектер. Бұрыннан көшпелі өзбектердің атын иеленіп жүрмеген болса да, өзбек халқы олардың Өзбекстан территориясының отырықшы аймақтарына келіп табан тірегенінен ондаған жүзжылдықтар уақыт бұрын осы өлкенің өзінде түрік сипаттас этникалық қауымдастық ретінде қалып-тасқан болатын. Бұл халықтың өз атын көшпелі өзбектерден алғаны рас, бірақ ол осынау өзбектер ауып келгенге дейінгі кезеңдерде-ақ өздерінің жоғары деңгейдегі мәдениетін көне түрік-соғды-хорезм өркениеті негізінде жасап үлгерген еді.

Сонымен, Мәуараннахрдың түрік халқының, сондай-ақ Соғды, Хорезм, Ферғана, Шаш тарихы өзбек халқының да тарихы болып табылады. Сондықтан да қос өзен аралығын мекендеген халықтың көпшілігін құраған Ферғана, Шаш тарихы өзбек халқының да тарихы есептелінеді. Сондықтан да қос өзен аралығын мекендеген халықтың көпшілігін құраған түріктер бұл аймақты қарахандықтар жаулап алған кезде ғана пайда болған деу қате болар еді. Бұл ретте біз халық тарихы мен тілі көп жағдайларда оның атауынан әлдеқайда көп бұрын жасалынып белгілі болатынын естен шығармауымыз керек болады. Түрікстанда, оның ішінде Қос өзен аралығындағы жерлерде де түрік тілінде сөйлейтін тайпалардың (бір кездері түрік деп аталмаған болса да) б.д.VІғ. дейінгі жүзжылдықтарда өмір сүргені белгілі. Мұндай әсерлесулерден тәжіктер де тыс қалмаған. Олар тек парсы тілдес көне бақтриялықтар және соғдылықтардан ғана құралған деп ойлауға болмайды. Оңтүстік Тәжікстанда, А.Ю.Якубовский жазғандай, атам замандардан бері түріктердің қалың тобы тұрған. Ендеше, тәжіктердің де этногенетикалық құрылымының күрделі екендігі күмән туғызбайды.

Тарихтың белгілі бір кезеңінде күшейе түскен тайпалар немесе олардың жекеленген бөліктері басқа қатарлас және туыстас тайпалардан оза ілгері шыққанда тұтас бір ел жоғарыда аталған тайпалар және олардың көсемдері мен билеушілерінің атымен аталып кете берген. Мысалы, Қазақстан территориясында да еңсесін көтере дәуірлеген ел әрі мемлекеттік бірліктер тарихтың әр кезеңінде Тұран, Түрікстан, Сақ, Қыпшақ және т.б. бірлестіктері, Қарахан мемлекеті сияқты боп аталғаны белгілі. Бұл мемлекеттік бірлестіктердің субъектісі де сол жерлерді мекендеген тайпа-ұлыстар болған. Бұлардың бәрі осынау мемлекеттілік пен елдікті орнықтыруға қал-қадерінше үлес қосқан. Біз – сол тарих пен мемлекеттіліктің мұрагеріміз, заңды иесіміз. Тоқ етерін айтатын болсақ, тарихымыз арыға кете береді. Сондықтан ХV ғ. орныққан қазақ хандығын ғана қанағат тұтып, тарихымызды ХV ғасырдан қайтара салу тарихи жадсыздық болар еді.

Рас, қазақтың өз ерекшеліктері бар. Бұл – жалқылық. Сонымен бірге ол барлық Түрікстандықтарға да тән болған ортақ қасиеттермен де ерекшеленеді. Бұл – жалпылық. Қазаққа мұның екеуі де жақын, ыстық, қажет. Бірақ қазақ келешекті көздейтін болса, үлкею мен ұлғаюды қажетсінетін болса Тұран-Түркістанмын деуі де керек шығар. Біз тек қана қазақпыз деп оңашалансақ, тарихи санамыз тайыздана түспесе, молаймайды. Онда біздің этникалық, саяси қалыптасуымыз-дың, әсіресе бастапқы кезеңдерінің қыр-сыры қалтарыста қала береді. Бұл, әсіресе, қазір керек. Кеше неге олай болғанын, бүгін неге бұлай болатынымызды да дәлелдеу үшін Тұран-Түркістанның – өткеннің куәгерлігі керек. Сол бағзы Тұранның бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан жалғастығы керек.

Нақты қалыптасқан этностың өзіне қарағанда, сол халықтың аты бірсыпыра ерте немесе кеш шығатын, тіпті уақытша пайдаланылмай қалатын кездері тарихта аз емес. Мысалы, б.д. басындағы қытай деректерінде «қырғыз» деген терминді кездестіреміз, бірақ этнос ретінде қырғыздар деректерде б.д. І мыңжылдықтар ақырында ғана белгілі бола бастаған. Ұйғыр этнонимі ХХғ. дейін жақсы белгілі болған. Алайда, Орталық Азия тайпаларының соққысынан Ұйғыр мемлекеті құлағаннан кейінгі кезде бұл термин деректерде пайдаланылмайды. Соған қарамастан бұл этностың бұрын да болғанын, қазір де бар екеніне ешкім де күмәнданбайды.

Бұдан шығатын қорытынды мынау: негізінен мәндік жағы-нан алғанда әңгіме этнонимде емес, халықтың антропология-лық-генетикалық қорында да тұрған айтарлықтай ештеңе жоқ. Әңгіме – мәдениетте (және менталитетте). Мәдениет пен менталитет бар екен, нақты этнос та табиғатта болған, бар және тіршілігін жалғастыра береді деп айта аламыз.

Бұл жердегі әдіснамалық ұстаным мынаған саяды: этностар мен өркениеттердің өзін-өзі танып-білуі негізінен «біз» және «олар» оппозициясы арқылы жүзеге асырылып отырған. Б.Ф.Поршневтің айтқанындай, әр қандай қарама-қарсы қою (әрине, психологиялық деңгейде және этникалық өздік санада) біріктіреді[22]. Тұтас халықтардың да, жекеленген адамдардың да қаласын-қаламасын өздерін төл этносымен тәндестіруінің жөні мен жолы осындай. Олар тіл мен діл, дін мен дәстүр, жалпыэтнонимдік атау мен этникалық өздік сана т.б. ерекшеліктердің негізінде топтаса өмір сүріп, бөлектеніп отырған. Фукидидтің жазуынша, «Эллин» деген атау Эллин және оның ұлдарының Феотидегі күш-құдіреті асқаннан соң орныға бастаған. Бұл жөнінде ең алдымен Гомер куәлік береді. Ежелгі гректердің жалпы атауы ретіндегі «эллин» сөзі алғаш рет Гесиод пен Архилохтың шығармаларында тілге алынған деген пікір бар[23]. Ендеше, жалпы эллиндік сананың қалыптасуы үдерісі б.д.д. VII ғасырға тура келеді деуге негіз бар. Ал, Гераклит пен Аристофан олармен бір тілде сөйлеспегендердің бәрін «варварлар» деп атаған екен[24]. Геродоттың да бұл реттегі пікірі осыған саяды[25]. Басқа авторлар бұл сөзді халықтардың әдет-ғұрпы, салт-санасы, тіпті киім киюі мен тамақтану ерекшеліктеріне байланысты қолданған. «Цзочжуань» жылна-масында және «Лицзи» атты конфуциандық трактатта «ся» тайпасы мен «варварлардың арасындағы тілдік және мәдениет айырмашылықтары сараланып көрсетілген[26]. Мәселен, Мэнцзы: «Мен «ся» тайпасының варварларды өзгеріске ұшыратқанын естіген едім, бірақ варварлардың «сяны» өзгерте алғанын естіп-білген емеспін” – деген екен[27]. Бұл артықшылықтарды көне заман авторлары табиғи-географиялық факторлармен түсіндіруге тырысқан. Мұны «орталық патшалықтар» және «чжун-гуо» терминдері айғақтайды: Чжун-го – бұл ғарыштық күштердің үйлесімі тапқан Аспан мен Жердің арасында орналасқан ел дегенді білдіреді.

Мұндай қарама-қарсылықтың орын алуы этностық жалпы атаудың пайда болуымен тұспа-тұс келген. Ежелгі дәуірлерде Европа мен Азияда өмір сүрген осынау екі халық тарихының материалдарының негізінде жасалынған тұжырым-тезисті ежелгі Иран мен Тұран өркениеттеріне, сондай-ақ қазақ этносына да қолдануға әбден болады деп білеміз. Өйткені, әрбір қауым өзін басқаларға жұптық қарама-қарсы қою арқылы өзіне ғана тән ерекшеліктерді анық түйсіне алған және түйсіне алады.

Біз тақырып бағыттарының негіздемесін өркениеттік тұрғыдан анықтауға ден қойдық: 1.Ежелгі түркілер дәуірінде өмір сүрген тұрғындардың антропологиялық кескінін, ата-мекенін, тілдік ерекшеліктерін, мәдениетін, екі халық тарихының материалдарының негізінде жасалынған тұжырым-тезисті ежелгі Иран мен Тұран өркениеттеріне, сондай-ақ қазақ этносына да қолдануға әбден болады деп білеміз. Өйткені, әрбір қауым өзін басқаларға жұптық қарама-қарсы қою арқылы өзіне ғана тән ерекшеліктерді анық түйсіне алған және түйсіне алады.

Біз тақырып бағыттарының негіздемесін өркениеттік тұрғыдан анықтауға ден қойдық: 1. Ежелгі түркілер дәуірінде өмір сүрген тұрғындардың антропологиялық кескінін, ата-мекенін, тілдік ерекшеліктерін, мәдениетін, олардың басқа этностармен өзара әсерлесуін тұтастай алып қарастырғанда Түрік өркениетті пішінді әлем айқындала бастағанын көреміз. 2. Түрік жұрты мен түріктерді басқалардан ажыратып, олардың біртұтас этникалық-өркениеттік бірлік ретінде көрінгендігін және кодын материалдық және рухани мәдениеттің мына түрлері – этностық өздік сананың маңызды элементі саналатын халықтың шығу тегі жөніндегі этногенетикалық аңыздарының болуы, өздерінің сенген құдайының культтері және діни жөн-жоралғылары, киім-кешектері, азық-түліктері, тамақтануының және темірден жасалған сауытының ерекшелігі, ерекше жерлеу рәсімдері, некелік-отбасылық қатынастары, қорғандардан табылған 2500 жыл бұрынғы кілемдерде безендірілген ою-өрнектері, басқалай айрықша этно-сакральдық құндылықтары, қоғамдық-шаруашылық құрылымының кешеніне, т.б. ие болуы, ақырында, олардың өмір сүрген табиғи-географиялық ареалы – растайды деген методологиялық ұстаным түрік атты этнос немесе суперэтностың табиғаты мен тарихын зерттеудің негіздерін құрайды. 3. Онда тарихи тағдыры жағынан туыстас иран-түрік тектес тайпалар қатар мекендеген, олардың жақындасып синтезденуінің нәтижесінде ежелгі Түрік өркениеттілігінің бой көтеруіне негіз қаланған. 4. Әсіресе, Тұран-Түркістанды тек ежелгі дәуір атауы деп емес, сонымен қоса тарам-тарам жолы болған көп тайпа-ұлыстардың бастауы деп қараудың реті келгендей, алдағы уақытта оны ілгері-кейінді өткен тайпалардың этникалық өлшемі деп қарастырудың да жөні бар. 5. Ежелгі түркілердің тарихы және табиғатымен жақын таныстықты көрсететін дәстүрлер, діни нанымдар, топономикалық атаулар, фольклорлық материалдар қазіргі қазақтар әлемінде молынан кездесіп отырады. Барша түрікстандық ру-тайпалар, ұлыстар, олар мекен еткен жерлер, олар жасаған мәдениет, дәстүрлер, сөйлеген тілдері, олар иланған діндер, ұстанған этикалық қағидалар, өрбіткен ойлар, дүниетанымы – бәрі қосылып Тұран-Түркістан әлемін құрайды, оның табиғаты мен болмысын тереңірек тануға бұлардың әрқайсысының да көмегі көп. 6. Тұран-Түркістан – барлық түрік тектес халықтардың, соның ішінде қазақтың да ата-мекені, Отан-Ордасы, олардың басын біріктіретін ұран іспетті. Бұл қазіргі түрік халықтарының басын қосу бағытындағы іс-әрекеттерімізге сай келеді және сол түріктердің түпкі Отаны – Қара шаңырағы – Ежелгі мекені Орталық Азия, оның ішінде біздің қазақ жері екенін еске салады. Және де олардың ежелгі замандарда, М.Қашқари жазғандай, Рим өлкесінен Жапарқаға дейінгі жерлерде мекендегендігін естен шығармайық. Түріктер достастығының аясын кеңейте түсуге бағыттайды. Тұран-Түркістан – тым арыдан, арғы заманнан келе жатқан әрі барша түрік ағайындар арасын қамтитын аса ауқымды да, кең ұғым. 7. Бұл тұжырымдама бойынша, ежелгі дәуірде өмір сүрген тайпалардың бірегей өркениет өкілдері екені және кез келген өркениеттің әлеуметтік, мәдени-саяси құрылым ретінде өзіндік рухани, ел билеу, тіршілік ету, ел аралық байланыстар орнату ерекшеліктеріне ие екендігіне көз жеткіздік. 8. Зерттеушілердің деректік материалдарға негізделіп жасалған тұжырымдарға сенімділік арта түседі деген ұстанымы зерттеу барысында барынша ескерілді. 9. Көне Ирандық және Түркілік мәтіндер дегеніміз – өркениеттің алақаны, алақандағы айнасы. Оларға қарап отырып ежелгі түріктер дәуіріне бойлауға болады деп білеміз. Ол, ол ма, археология күллі Тұран ареалының мәдени біртұтастығын көрсетіп отыр. 10. Халық тарихы мен тілі көп жағдайда оның атауынан әлдеқайда көп бұрын жасалынып, белгілі болатынына, барша түріктер үшін Тұран-Түркістан атауының символдық маңызға ие екендігіне, олардың болмысында түріктік тектік сана мен өркениеттік ерекшеліктердің орнығып қалғандығына дес қойдық. 11. Өркениетке берілген анықтамаларды толығымен терістеу ниетіміз жоқ. Бірақ, оны біз белгілі бір табиғи ойкуменде бір тұтас табиғи-мәдени кеңістік өмір сүретін бірнеше туыстас ру-тайпалар мен этникалық қауымдастықтарға, жалпы алғандағы халықтарға тән болған ортақ тарихи-рухани құндылықтар мен техникалық-шаруашылық факторлардың жиынтығы деп түсінеміз. Барлық өркениеттер халықтың тұтастығы сезімінің негізінде де құрылған. 12. Тұран-Түркістан өркениетін дәйектеуде біз парсы және түркілік фольклорлық-аңыздық материалдарды да пайдалануымыз керек. Бастапқыда ежелгі адамдардың санасында мифологиялық және діни компоненттер басымдыққа ие болған. Аңыздық және діни мәтіндердің мазмұнында жалпылықтың аз емес екендігі белгілі және бұл ұқсастықтың негіздерін тереңірек талдау керек. Айтқандай, түрлі тайпалардың мифологиясынан олардың пайда болуы, ерекшелігі және сонымен бірге олардың байырғы бірлігі жөніндегі жалпы идея көрінеді, олардың біртұтас тарихи тағдырлас және біртұтас елдік-өркениеттік, шаруашылық-мәдени ерекшеліктерін, эгоцентристік ұмтылыс-тарын көруге болады. Мұның өзі зерттеушілер тобын байсал-дылықпен ізденістерге үндеп, Тұран-Түркістан өркениетін дәйектеуге мүмкіндік береді. Әрине, алыс замандарда өмір сүрген кез келген тұлғаның уақыт өтісімен аңыздандырылып жіберетіндігі белгілі. Мәңгі тоқтамас уақыт тезі не нәрсені болмасын тоздырады, оздырады. Зерттеушілердің осы бағыттағы ізденісі тежелмеуі керек. Осы орайда біз олардың тарихи, этнографиялық, лингвистикалық т.б. деректермен расталынғандығын қалар едік. Бірақ та басқалай тарихи фактілердің бірсыпырасы субъективтік сипаттас емес деп кім айта алады? Тарихи факт – бұл оқиғаның өзі емес, оның тарихшының немесе жазушының (айтушының) басында бейнеленіп, содан соң ескерткіште (деректе) көрініс тапқан және тарихи білім жүйесінен орын алған көрінісі. Бұл бейнеленудің нәтижесінде болып өткен оқиғаның немесе үдерістің мазмұны ғана емес, сонымен бірге оны қабылдайтын адамның баға беруі де жүзеге асады. Содан соң ғана барып тарихшы, яғни біздің замандасымыз, кәсіпқой зерттеуші тарихи деректі қарастырады. Тарих факт субъективтендіріліп, бүгінгі күн тұрғысына модернизацияландырылады (жаңарты-лады). Сонымен, тарихи өткен оқиғалардан қазіргі ұлттық-әлеуметтік мұраттар, мақсаттар, жолдар және пікір-жорамал-дардың дәйектелінуі іздестіріледі, солардың негізінде тіпті алдағы күндегі дамудың ықтималдық моделі ұсынылады. Олай болса, Түркістан өркениеті тарихының сабақтары, әсіресе, Орталық Азия халықтарының бірігуіне үндеп, олардың одағының негізделуіне септеседі. 13. Философиялық және теориялық тұрғылар қай-қайсы тарихшының болмасын методологиялық ұстанымын анықтайды. Бұл тұрғыда глобал-дық ғылыми революцияның үшінші толқыны жағдайында методологиялық плюрализм өзінің «азаматтық құқығын» алды деуге болады. Әңгіме күрделі, көп қырлы объект дәлірек, тереңірек және мазмұндырақ түрлі ғылыми бағыттар мен мектептер тұрғысынан бейнеленетіндігі туралы болып отыр. Ірі ғалым-психологтар әрбір адам (ғалым, саясаткер, азамат) өзінің шешімін қорғауда ерікті деп біледі. Зерттеушілердің деректік материалдарға негізделген тұжырымдарға сенім көбірек болады деген ұстанымы зерттеу барысында ескерілді. Бірақ, түрлі құндылықтық, дүниетанымдық және методоло-гиялық позицияларда тұрған ақындар, тарихшылар тарапынан бірдей тарихи фактілерге, әсіресе, Aфрасиаб тұлғасы мен ежелгі сақтар немесе түркілер тарихына қатысты берілетін әр түрлі бағалаулардың берілуі мүмкін екендігі белгілі. 14. Бұдан 40000 жыл бұрын соңғы палеолиттің кезеңі басталады. Ол замандағы адамның түркілер мекен еткен жерлердегі физикалық-психикалық типі қазіргі адамдікіндей. «Это были люди, – писал Л.Г.Олех, – обладавшие мыслительными спо-собностями и своим физическим обликом принципиально не отличавшиеся от современного человека»[28]. Сібірден табылған статуэткалардың жасы: 27000. Біз ежелгі Түрік өркениетін қарастырғанда көне адамдарға алғашқы жабайылар ретінде қараған және тарихнамалық дәстүрде бекіп қалған тұжы-рымның теріс екендігін ескеріп, Новосібірлік ғалым В.Е.Ларичев сияқты авторлардың ежелгі адам жоғары интел-лектуалдық әлеуетке ие болған, оның айрықша, құрметке лайықты мәдениеті, «белгілік рәміздермен» жазылған тас «кі-таптарының» болғандығы, палеолиттік сібір ескерткіштерінен нақты жер, күн, ай, планетарлық күнтізбелерді табуға қолдары жеткендігі жөніндегі дерек-тұжрымын басшылыққа алдық[29]. Мальтадан адамдардың бұдан 20 мың жыл бұрын өмір сүргендігін растайтын көне қоныстар мен баспаналар, теріден жасалған киім киген әйелдердің скульптуралық бейнелері табылды. Л.Г.Олехтің сөзіне қарағанда, Европадан мұндай статуэткалар әзірге табыла қойған жоқ. Ол кездегі Сібірдегі климаттың Европадағыдан түбегейлі айырмашылығы болмаған. Әйелдердің бұл бейнесі көркемдік ізденістерді ғана білдіріп қоймай, сол замандағы адамның рухани ізденістерін де сипаттайды, әлеуметтік тәртібін бейнелейді[30]. Мұның өзі ежелгі Тұран-Түркістан тұрғындарының өзіндік мәдениетінің болғандығы жөнінде сөз қозғауға мүмкіндік береді. Ал, И.Г.Гердердің бұл ретте мәдениетке тілді, ғылымды, дінді, өнерді, қолөнер кәсібін, мемлекетті жатқызғандығы белгілі. Және мәдениет – бұл адамдар тарапынан қабылданған құнды-лықтар жүйесі. Ежелгі түркілердің де сан қырлы іс-әрекеттерінің тұрақты тәсілдері мен әлеуметтік мұраттары болған. 15. Өркениеттер локалдық және глобалдық сипаттас болады. Философ О.Тоффлер адамзат тарихындағы аграрлық, индустриалдық және қазіргі – ақпараттық сияқты үш өрке-ниеттік толқынды тілге алады. Ал, аймақтық (локалдық) өркениеттер – бұлар египет, рим, грек, европа және т.б. өркениеттері. Біз ежелгі түркілердің б.д.д. мыңжылдықтардағы тарихына қатысты «Тұран өркениеті» ұғымын қолдануды жөн көрдік. Өйткені, б.д.д. II-I мыңжылдықтарға жататын ежелгі-парсы эпостары мен деректерінде эпоним және этноним ретін-дегі Тур мен Тұран терминдері қатталған. Бұл терминдердің осынау мағынада қолданғандығын кейінгі ғасырлардағы жазба ескерткіштерден көруге болады. Әрине, бұл – Амудариядан сонау Солтүстікке дейін созылып жатқан аса үлкен аймақтың барлық тұрғындарының жиынтық атауы еді.

Тұран-Түркістан өркениетінің іргетасын, ядросын не құрайды? Тұлғалар мен халықтардың идентификациясы үшін дүниежүзілік діндердің пайдаланатындығын естен шығар-мауымыз керек. Ондағы үстем дін тәңіршілік пен ата-бабалар культі еді. Түркілерде өзімшілдік емес, алдағы дамудың таңдауы үшін жауапкершілікті анықтайтын басқа қалыптар-ұстанымдар мен «ортақ іс» менталитеті болған. Сондықтан да біздің еліміз өнеркәсіп пен шикізат қоқыстары тасталатын жері ғана емес, сонымен бірге гуманитарлық қалдықтардың жері болмауы үшін барлық күш-қуатымызды елдің мәдени әлеуетін нығайтуға жұмсауымыз керек. Ауылды өркендетпей бұған қол жеткізу мүмкін емес. ХХI ғасырдағы соғыстарда, А.В.Соболев айтқандай, әскери әлеует емес, мәдениеттің нақ өзі, шешуші рөль атқаратын болады. Сондықтан Тұран өркениеті лайықты орынға ие болу үшін төзімділік, сондай-ақ, біздің елімізді мекендеген этностық топтардың барша мәде-ниеттерінің мазмұнындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды тұтынуға деген ұмтылыс қажет. Тұран-Түркістанның түрлі аймақтарында жалпылық көп болған. Жалпылық Жердің түрлі аймақтарында мекендеген тайпалар арасындағы байланыстар-дың нәтижесінде пайда болған деп тұжыруға болады. Түрік-тер, арийлер және басқалардың өзара әсерлесуі механизмдерін зерттеу Тұран-Түркістан өркениетінің табиғаты мен генезисін түсіну үшін, түрік мәдениетінің қалыптасуы мен әрі қарай дамуын түсіну үшін қажет. Мұндай түсіну – Орталық Азия, Иран, Индия және Ресей халықтарының арасындағы қатынастардың дамуы стратегиясын, оңтайлы гео-саясатын дәйектеудің маңызды факторы болып табылады. 16.Ататегіміз, тарихымыз жөніндегі ақпараттар зиялыларымыздың еңбектері, шығармашылығы арқылы тау-тасқа таңбаланды, ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа берілді. Жалпы қоғамды ілгеріле-тетін тұлғалы адамдар десек, олардың өмірінің беймәлім тұстары, ой-толғаныстары және пікірлерінен хабардар болып отыру да аса маңызды, деп ойлаймыз. Тарихи үдерістер өздігінен өрбімейді. Олар жекеленген тұғалардың іс-әрекетінде көрінісін тауып жатады. Сондықтан біз Түркі тарихын оның тұлғаларының өміріндегі қызықты да, күрделі сәттерді көрсету арқылы танып-білуге болады деп білеміз.

16. Этностық қауымның пайда болуы, дамуы және трансформацияға ұшырауы – адамзат қоғамының ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылатын жалпытарихи үдеріс. Ондаған мың жылдар бұрын басталған бұл процесс бүгінгі күні де жалғасуда. Бірақ та этностың дамуы жолындағы үздіксіз сабақтастықтың қамтамасыз етілуімен бір қатарда оның тарихының кейбір тұстарында аталмыш жалғастықтың үзіліп қалуын растайтын деректер баршылық.

Бір этнос неліктен тасқындап өркендейді де, содан соң кенеттен дәл сондай қарқынмен регрессиялық жолға түседі, ал басқалар болса мыңдаған жылдар бедерінде өзінің шын мәніндегі қалпы мен мәнін өзгеріссіз сақтап қала алады? Этногенетикалық механизмнің сипаты қандай? Этностар бірдей мүмкіндік пен әлеуетке неліктен ие емес, ең алдымен этноэволюцияның негізгі қозғаушы күштері қандай деген сауалға жауап беруге тиістіміз. Содан кейін ғана барып этникалық процестерді қарастыруға болады деп білеміз. Шынында да қоғам дамуының негізін оның әлеуметтік-экономикалық структурасы ма, әлде этникалық құрамы құрайды ма деген сауал күрделі және оған біржақты жауап беру оңайға түспесе керек. Мәселен, көбінесе бірыңғай әлеуметтік-саяси құрылымға ие, сонымен бірге түрлі этникалық құрамды мемлекеттердегі даму деңгейінің біркелкі емес екендігі белгілі. Бұл ретте этностар бифуркация (бір нәрсенің екі бөлікке ажыруы) негізінде кенеттен жаңаша мәнге ие болып, революциялық жолмен қалыптасады немесе бір қалыпты эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болатын айырмашылықтардың біртіндеп жинақталуына орай бой көтеретінін айта кеткен жөн.

Әлеуметтік мектеп өкілдері этникалық идентификация маңызының артып баруын қазіргі уақытта Әлем бойынша экономикалық модельдер мен технологияның таралуына, еңбектің бөлінуіне байланысты артта қалған халықтар өкілдері реакциясының күшеюімен, сондай-ақ дүниежүзілік бәсеке-лестіктің нәтижесінде елдердегі ішкі этникалық өзара әрекеттесудің салдарымен, белгілі бір топтардың саяси және экономикалық өмірде белсенділік танытуымен түсіндіруге тырысады. Жалпы алғанда, адамның әрдайым өзін «біздің» бөлігі ретінде, оның белгілі бір этникалық топқа жататын-дығын түйсінуді қажетсінуі өмірде өзіне бір сүйеніш іздеуімен анықталмайды ма? Шынында да құрылымы тұрақты болған-дықтан, этнос адам үшін сенімді топ болып есептелінеді. Этностың кейбір элементтері мен белгілері этностық қауым-дастықтың пайда болуы мен дамуының қажетті шарты, этнос-тың қалыптасуының объективті факторы ретінде қарасты-рылуы керек деген ой-пікірдің жаны бар. Мұндай факторға әлеуметтік-экономикалық құрылым, шаруашылық тип пен территория бірлігі жатады, дейді В.Ф.Генинг[31]. Ал, тар мағынада этникалық белгілерге нақты этностар арасындағы шын мәніндегі айырмашылықтарды бейнелейтін этностың өзіне ғана тән ерекшеліктерді жатқызуға болады.

Этнос терминінің мән-мағынасын түсінуде осы уақытқа дейін ғалымдар арасында бірізділік жоқ. Алыс шетелдерде этностық қауымдастықты саясаткерлер мен зиялылардың белгілі бір мақсатқа қаратылған іс-қызметінің (бірыңғай мәдени қауымдастық шеңберінде әлеуметтік комфортты қамтамасыз етуді көздейтін) нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік құрылым ретінде қарастыратындар бар. Нәтиже-сінде этнос – мәдени айырмашылықтар емес, этнос белгілері жөніндегі бірыңғай түсініктердің жиынтығы болып шығады. Әрине, этникалық айырмашылықтар (тіл, құндылықтар, ойлау мен жүріс-тұрыс қалыптары, тарихи жад, дін, туған жер туралы ұғымдар, ата-бабалар жөніндегі аңыздар, мінез-құлық, халықтық және кәсіпқойлық өнер т.б.) өмірде бар нәрсе.

Этнос құндылықтарының оның өкілдерінің тарапынан қабылдануының сипаты қалыптасқан тарихи ситуацияға, этностық топтасудың стадияларына, этносты қоршай өмір сүріп жатқан басқа этностардың әлеуетіне байланысты болады. Этностың тарихында кішігірім топ ретіндегі, тікелей туыстастықтың негізінде табиғи бірлік ретінде пайда болатын отбасы өзіндік рөл ойнайды. Осыдан барып қарапайым санадан тектік бірлік ұғымы орын алып, ол алыс замандарға байланыстырыла қандық туыстастық ретінде түсініледі. Жалпы алғанда, этностың негізгі ерекшеліктеріне ойлау мен сезім қыртыстарының жүйесі және жүріс-тұрыс пен қимыл-қозғалыстардың стереотиптері жатады. Әсіресе, мінез-құлықтың сипаты маңызды рөл атқарады. «Олар» және «біздер» оппозициясы алға тартылған мезетте бұлар көріне бастайды. С.А.Токарев айтқандай, этностың дамуы барысында оның кейбір белгілері алдыңғы орынға шығып, басқалары ысырылып қалуы мүмкін[32]. Мұнда этнос мүшелері-өкілдерінің этностық бітім-болмыс пен ерекшеліктерге деген ерекше ықыласы, етене жақындығы, әрине, біртұтас этностық-мәдени орта мен олардың бірге өмір сүруі арқылы қалыптасады да, бара-бара биологиялық табиғи бейілділікке ұласады. Бұл ретте мұның гендік деңгейі тұрғысынан әңгімені өрбітуге болар еді. Сондықтан да этностың табиғи және тарихи сипаты жөнінде сөз қозғауға әбден болады деп білеміз. Яғни оны ішінара биоэволюцияның заңдылықтары негізінде де қарастыруға болады деген қорытындыға келеміз.

Этносты зерттеудің тағы бір ұстанымы – этностық қауымдастықты орнықтырудың басты шарты ретінде оның жуық арадағы өткеніне ғана емес, сонымен бірге праэтностық тарихын пайымдауды көрсеткен болар едік.

  


[1] Бллингброк Г.С. Письма об изучении и пользе истории. – М., 1978. – С. 11.

[2] Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. – М., 1978. –С.9.

[3] Еркін Әбіл, Тамара Әлібек, Аманжол Күзембайұлы. Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. – Қостанай: ТОО «Центрум», 2009. – С. 59.

[4] Вольные строки Г.Бельгера //Свобода слова. –6 августа 2009 г.

[5] Трейки Г. Цит. алынды: Методические проблемы истории. – Минск, 2006. –С.199;  Еркін Әбіл, Тамара Әлібек, Аманжол Күзембайұлы. Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. – Қостанай: «Центрум», 2009. – 53 б.

[6] Репина Л.П., Зверева В.В. История исторического знания. –М.: «Дрофа», 2006.

[7] Теория и история историографии. – Спб., 1915.

[8] Коллингвуд Дж.Р. Идея истории: Автобиография. –М., 1980. –С. 235.

[9] Лукиан. Избранное. – М., 1962. – С. 418.

[10] Медушевская О.С. Современное зарубежное источниковедение. – М., 1983. –С. 5, 7.

[11] Философия истории: Учебное пособие /Под. ред. Панарина А.С. –М., 2001. – С.172-173.

[12] Философия истории: Учебное пособие /Под. ред. Панарина А.С. –М., 2001. – С. 177.

[13] Бұл да сонда. – С. 180.

[14] Бұл да сонда. – С.208.

[15] Иванов Г.М. Исторический источник и историческое познание (методологические аспекты). – Томск: Изд. Томск. университета, 1973. –С. 29.

[16] Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және ислам (тарихи-мәдениеттанулық зерттеу). – Алматы: «Өнер», 2002.

[17] Әбжанов Х.М. Қазақстан тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдары //Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. Мемлекет тарихы институты. Ғылыми бюллетень. –№2. – Астана. –2009. –27-б.

[18] Әбжанов Х.М. Қазақстан тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдары //Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері. Мемлекет тарихы институты. Ғылыми бюллетень №2. –Астана. –2009. –28-б.

[19] Бұл да сонда.

[20] Ибрагимов С.К. Еще раз о термине «казах» // Труды института истории, археологии, этнографии АН Казахской ССР. –Т.8. –А., 1960; Семенов А.А. К вопросу о составе и этногенезе узбеков Шайбани хана // Труды института истории, археологии, этнографии АН Таджикской ССР. –Т. ХІІ. – Сталинабад, 1954.

[21] Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. – М., 1965. – С.15-17.

[22] Поршнев Б.Ф. Социальная психология и история. – М.: Наука, 1966. – С. 81, 95.

[23] Ehrenberg V. Hellenes. The Oxford Classical Dictionary. Oxford, 1953, p. 411. Цит: М.Крюков. Эволюция этнического самосознания и проблема этногенеза: htt: // scepsis.ru/ Library/id_908.html. – C. 2.

[24] Аристофан. Комедии. Т. 2. –М., 1954. –С. 17.

[25] Геродот. История в девяти книгах. –Т. 1. –М., 1888. – С. 203. Цит.: по М. Крюкову. – С.5.

[26] «Лицзы». Комментарии Е. Шаоцзюня. –Шанхай, 1926. – С. 14-15.: Цит. по статье М. Крюкова. – С. 5.

[27] The Chinese Classics. Vol. 2, p. 253. Цит: по М. Крюкову… – С. 7.

[28] Олех Л.Г. История Сибири. – Ростов-на-Дону, Новосибирск: «Сибирское соглашение», 2005. – С. 36.

[29] Ларичев В.Е. Палеолит Маньжурии, Внутренной Монголии и Восточного Туркестана. –Сибирь Центральная и Восточная Азия в древности. – Новосибирск, 1976.

[30] Олех Л.Г. История Сибири. –Ростов-на-Дону, Новосибирск: «Сибирское соглашение», 2005. – С. 32-33.

[31] Генинг В.Ф. Этнический процесс. – Свердловск, 1970. – С. 23.

[32] Токарев С.А. Проблема типов этнических общностей (к методологическим проблемам этнографии) // Вопросы философии, 1964, № 11. – С. 43.