Ерте Корей мемлекеттері

Ерте Корей мемлекеттері туралы қазақша реферат

«Ерте Корей мемлекеттері» термині Ежелгі Чосон мемлекетінің жойылуы мен жаңа Когуре, Пекче және Силла мемлекеттерінің пайда болу кезеңінде қолданылады. Бұл кезең біздің заманымыздың алғашқы 3 ғасырын қамтиды.

Осы кезңнің тарихына тоқталсақ. Ежелгі Чосон б.з.б 108 жылы Қытай мемлекетінің Хань династиясынан жеңілістауып көптеген майда мемлекеттерге ыдырап кетті.  Түбектің солтүстік бөлігі және Манчжурия Пуе, Когуре, Окчо және Тонъе мелекетінің билігіне өтті. Когуре мемлекетінің құрылған жылы ресми түрде б.з.д 37 жыл, алайда қытай жазбаларында кемінде б.з.б 2 ғасыр делінеді. Ал Косочон  территориясында Қытай елі төрт провинция құрды, кейінен олардың үшеуі негізгі тұрғындар тарапынан қарсылыққа жолығып жойылды, ал төртіншісін 313 жылы Когуре жаулап алды.

Оңтүстікте аз зерттелген Чин мемлекеті Чинхан, Пенхан және Махан атты тайпалардың бірігуіне ықпал жасады. Жалпы айтқанда оларды Самхан деп атайды. Б.з.б 18 жылы Махан тайпасының территориясында Пекче мемлекеті құрылды. Кейінен оны толықтай жаулап ала бастады. Чинхан одағының алты тайпасының бірігуі нәтижесінде б.з.б 57 жылы Силла хандығы пайда болды. Пенхан бөлігі Кая мемлекетімен жаулап алынды, өз кезегінде ол Силланы жаулап алды.

Бұл кезеңнің ерекшелігі Корея территориясында темір қолданысынң кеңейюі. Оған дәлел археологиялық қазба жұмыстары кезінде темірден жасалған  қару жарақ пен ауылшаруашылығында қолданылатын құралдардың  табылуы.