Экспорт пен Ұлттық экономика туралы қазақша реферат
Экспорт пен ұлттық экономиканы дамытудағы мемлекеттің ролін бүгінде экономикалық ғылымда ешкімде жасырмайды. Өйткені Ұлттық шаруашылықты дамытуда халықаралық сауда оның ішінде экспорт ерекше әсер етеді. Бұл жағдай экономикасы дағдарыс жағдайында тұрған елдерге қатысты болып келеді.
Сыртқы сауданың құрамдас бөлігі болып, динамикасы сыртқы сауда айналымының өсуін немесе азаюын көрсететін экспорт пен импорт табылады. Атап айтсақ экономикалы тиімділік нені сыртқа шығару, нені ішке кіргізу керектігін анықтайды. Сауда теорияларына сәйкес айтарлықтай тиімді болып экспорт табылады, өйткені ол елімізге табыс, валюта әкеледі, жұмыс ен қамтиды тағы басқалар. Аталған артықшылықтар оның қызметіне байланысты. Анықтаушы қызметі болып табылатындар:
а) ішкі рыноктың шегін кеңейту есебінен сұранысты ұлғайту арқылы ұлттық экономиканы дамытуды ынталандыру қызметі;
б) тауарлардың сапасын көтеру жағдайында жалпы ішкі өнімдегі табиғи-заттық құрылымын әртүрлендіру, өндірісті трансформациялау қызметі;
в) еліміздегі үстемдік етуші монополияларды сыртқы рыноққа итермелеп, оларды өздері сияқты монополиялық бірлестіктермен бәсекеге түсуіне жағдай жасайтын антимонопольдық қызметі;
г) ұлттық экономиканы тиімдірек мамандандыру қызметі;
д) ішкі рынокпен шектелмейтін өндіріс қуатын тиімдірек пайдалану қызметі. Бұл Кеңестік социалистік республикалар одағы бұрынғы Кеңестік социалистік республикалар одағының біртұтас халық шаруашылығы шегінде ірі масштабты өндіріс ретінде есептелген Қазақстанның өндірісі үшін өте маңызды.
е) экспорт саласындағы жаңа технологияларды, негізгі қорларды жаңарту қызметі;
ж) еліміздің төлем балансын жақсарту қызметі.
Осы жерде экспорттың дамушы елдердің нарықтық экономикасы әсер ететін арнайы қызметін де айта кеткеніміз жөн. Олар:
а) экономикалық дағдарыстың салдарын жеңілдету қызметі.
б) экспорттық салаларға шетел капиталдарын тарту;
в) сыртқы экономикалық байланыстардың есебінен дифференциациалаудың есебінен еліміздің экономикалық тәуелсіздігін күшейту қызметі. Бұл ұлттық экономиканың жекелеген немесе біріккен елдердің тобына тәуелді болуын әлсіретеді.
Сондықтан да жас егеменді республикалар экспортты бақылап отырды. Қазақстан да шет қалған жоқ. Тәуелсіз дамуымыздың алғашқы жылдарында Үкімет ішкі рыноктағы сұранысты өтейтін және ұлттық экономиканың дамуына қажетті стратегиялық ресурстардың экспортына қатаң бақылау орнатып экспорттық шектеулерді пайдалану арқылы экспортты реттеуге ден қойды.[28]
Республикамыздың экспорты шикізатқа бағытталған, сондықтан да еліміздің экономикалық жағдайы шикізат пен полуфабрикаттың әлемдік нарықтағы жағдаятына тәуелді. Егер де сыртқа шығарылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігі бір жағынан табиғи құрылымымен, ал екінші жағынан экспорттық бағасымен анықталады.
Ал осы экспорттық баға Қазақстанда салыстырмалы артықшылықтардың кесірінен өте төмен, ал экономикамыз мұнай мен металлургиялық өнімдердің тау-кен шикізатының әлемдік тауар рыногының тұтқыны болып қалып отыр.
Сыртқы сауданың талдауына сүйенсек сыртқы сауданың көлемінің артуы ішкі рыноктағы сұраныстың төмендеуімен мұнайдың түсті және қара металлдың негізгі тұтынушылары болып табылатын машина құрастыру, химия және нефтехимия салаларындағы өндірістің төмендеуімен байланысты. Мысалы, 1998 жылы машина құрастыру саласындағы өндірістің көлемі 1997 жылы салыстырсақ 1/3 қысқарған, ал химия өнеркәсібі – 37 % азайған.
Ұлттық экономиканың заманға сай дамуында таяу жылдарда көптеген сарапшылардың ойы бойынша, әлемдік қаржы рыногындағы дағдарыс пен экономиканың цикльді дамуының ерекшелігіне байланысты экспортты арттыру тенденциясы басымырақ болады (1-кестені қараңыз).
Кесте 1.
Әлемдік экспорт (млрд. долл.).
|
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
Тұтас әлем соның ішінде: |
3418 |
3659 |
3648 |
4166 |
4950 |
5161 |
5641 |
ОЭСР |
2592 |
2742 |
2691 |
3032 |
3613 |
3745 |
4138 |
Басқа елдер |
826 |
917 |
957 |
1134 |
1337 |
1416 |
1503 |
Аймақтық топтар |
|
|
|
|
|
|
|
ЕО |
1475 |
1563 |
1451 |
1655 |
2013 |
2100 |
2279 |
АТЭС |
1324 |
1442 |
1542 |
1758 |
2054 |
2119 |
2394 |
НАФТА |
549 |
581 |
607 |
672 |
776 |
832 |
948 |
АТЭС (НАФТА қоспағандағы) |
775 |
861 |
935 |
1086 |
1278 |
1287 |
1446 |
Келтірілген мәліметтерді талдайтын болсақ әлемдік рынокта оңтүстік – шығыс Азия елдерінің позициясы күшеюде, сонымен қатар дамушы елдер арасында халықаралық сауда өсіп отыр. Әлемдік саудадағы Азияның (Жапониясыз) үлесі Солтүстік Американың үлесінен асып түсіп, өсе түсуде.
Дамушы елдер тарапынан экспорттық экспансия күшеюде. Экспорттық квотаның көрсеткіші дамыған елдер үшін 27%, дамушы елдер үшін 12%, ал өтпелі кезең экономикасындағы елдер үшін (Ресейсіз) 5,5% құраған. Шикізатты экспорттайтын жекелеген елдердегі экспорттық квота ортадан жоғары деңгейде. Осыған сәйкес жағдай Қазақстанда да орын алып отыр, біздегі экспорттық квота 1991жылы 61,4%-дан 1998 жылы 35% дейін қысқарған. Бұл негізінен жалпы ішкі өнімдегі екі есеге азаюының есебінен болған.
Экспорттың импорттан айтарлықтай көп болуы нақты ресурстардың елімізден шын мәнінде кетуін білдіреді. Бұл жағдайда экспорттық квота ашықтық деңгейін көрсетпейді, керісінше республиканың шикізатқа бағытталғанын көрсетеді. Сонымен бірге экспорттық квота мен экономиканың өсуі арасында тікелей байланыс бар.
Ал енді 1 және 2 кестелердегі мағлұматтарды салыстырсақ барлық елдер үшін олардың экономикалық даму деңгейлеріне қарамастан сыртқы сауда мен ұлттық экономиканың өсу қарқыны арасында тікелей байланыс тән. Осылайша ОЭСР елдерінің сыртқы саудасы 1991 жылы 2592 млрд. доллардан 1997 жылы 4138 млрд. долларға яғни 59,6% артқан (2-кестені қараңыз).
Осы жағдайда жыл сайынғы халықаралық айырбастың өсу қарқыны 8,5% құраған. Осы байланыс өтпелі кезең экономикасындағы елдер үшін де тән болып келеді. (3-кестені қараңыз).
Ал енді 3 кестедегі мағлұматтардың негізінде республиканың экспорттық салаларында экспорттың көлемінің өсуі, ал басқасында азаюын байқаймыз. Осы жағдайда жолшыбай газ бен шикі мұнайды артып жіберу көлемі өндіру көлемінен 5% асып түскен. Тау-кен өнеркәсібінде 1998 жылы өндірілген барлық өнім түгелімен жөнелтілген. Түсті металлдарды және қара металлдарды өндіру секілді қызмет түрлерінде жөнелтілген өнімнің көлемі өндірілген өнімнің көлемінен асып түскен. Осылайша республикамыздағы экспорттың өсуі, өндірістің өсуінен асып түскен.
Кесте 2.
Әлемдік шаруашылықтың өсуі қарқыны (% өткен жылға).
1990 |
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
1998 | |
әлем |
2,8 |
0,8 |
1,8 |
1,4 |
3,0 |
2,5 |
3,0 |
3,2 |
3,0 |
Өндірістік Дамы-ған Елдер |
2,9 |
0,7 |
1,6 |
0,8 |
2,7 |
2,1 |
2,4 |
2,6 |
2,5 |
Өтпелі кезең эко-номикасындағы елдер |
1,6 |
-8,1 |
-13,0 |
-9,2 |
-7,0 |
-1,1 |
-0,3 |
1,7 |
3,25 |
Дамушы елдер |
2,4 |
3,3 |
5,1 |
5,2 |
5,6 |
4,6 |
5,7 |
5,7 |
5,0 |
Жан басына шаққанда ЖІӨ өсуші елдер қатары |
106 |
70 |
75 |
67 |
96 |
107 |
120 |
120 |
131 |
Іріктеудегі елдердің жалпы саны |
127 |
128 |
142 |
143 |
143 |
143 |
143 |
143 |
143 |
Сатып алу қабілетінің паритеті тұрғысынан сал-мақты пайдалану арқылы есепте-лінген өсудің қарқыны |
3,1 |
1,2 |
2,2 |
2,4 |
3,7 |
3,4 |
3,8 |
4,1 |
4,0 |
Экспортты талдау көрсетіп отырғандай сыртқы сауданың көлемінің артуы, ішкі рыноктағы сұраныстың төмендеуі, мұнайды негізгі тұтынушылары болып табылатын химия мен мұнай-химия және машина жасау, түсті және қара металл салаларындағы өндірістің құлдырауы есебінен болып отыр.
1998 жылы машина жасау саласындағы өндірістің көлемі, 1997 жылы салыстырғанда 1/3, химия саласнда 37% қысқарған.
Ұлттық экономиканың интернационалдануы процесінің тереңдеуі жағдайында экспорттың рөлі артып отыр. Экспорттың есебінсіз халық шаруашылығының қолайлы құрылымына қол жеткізу мүмкін емес. Осыған байланысты «салалық құрылымды оптимизациялау» деген ұғымның уақыттағы бағытын анықтайтын өндірісті приоритетті дамыту деген пікірдегі экономистердің көзқарасы кеңінен етек жайып отыр.
Кесте 3.
Қазақстанның жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі жекелеген тауарлардың топтарының экспорты мен салалардың үлес салмағы(%).
Тауарлар |
Барлық экспорт, 100% |
Сала |
Өнеркәсіптік өндірістің көлемі, 100% |
||||||||
1993 |
1994 |
1995 |
1997 |
1998 |
1993 |
1994 |
1995 |
1997 |
1998 |
||
Түрлі-түсті металдар |
17,1 |
16,4 |
14,2 |
14,7 |
14,2 |
Түрлі-түсті |
13,4 |
12,0 |
12,1 |
13,7 |
12,8 |
Қара металдар |
16,7 |
16,5 |
14,2 |
17,6 |
13,4 |
Қара |
10,5 |
11,9 |
13,8 |
12,0 |
5,7 |
Мұнай мен газ конденсаты |
|
17,0 |
16,0 |
24,2 |
29,9 |
Мұнай газ өндіру |
4,1 |
6,2 |
10,9 |
13,1 |
16,5 |
Машина құрал-жабдықтар көлік құралдары аспаптар |
|
10,0 |
5,0 |
4,0 |
2,0 |
Машина жасау металл өңдеу |
9,9 |
7,3 |
5,8 |
5,0 |
4,0 |
Тағамдар және оларды өндіруге қажетті шикізаттар |
10,7 |
6,0 |
11,0 |
12,0 |
9,0 |
Тамақ |
11,4 |
9,9 |
10,8 |
11,4 |
11,6 |
Бірақ та бұл түсінік дәл түсінік емес. Мысалға, Америка Құрама Штаттары өзінің салалық құрылымын оптимизациялау үшін шетелдік өндірушілерге ішкі тауар рыногының айтарлықтай бөлігін беріп қана қоймай, былғары аяқ-киім, металл, тоқыма тауарлары өнімдерін, сонымен қатар химия мен машина жасау өнеркәсібінің жекелеген секторларының өнімдерін өндіру үшін әлемдік рыногын да әрдайым ұсынып отырған. Бұл арзан импорт тауарлардың көмегімен бәсекеге қабілетсіз салаларға қатты соққы беру үшін жасалынған. Сонымен бірге мемлекет кейбір салаларға шикізат пен отынға деген бағаның құлдырауы есебінен өнеркәсіптің жекелеген секторларындағы жағдайын жақсартуына, сөйтіп өздерінің бәсеке қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік берген. Нәтижесінде осындай салалар қара металлургия, химия, өздерінің өндірісін модернизациялай алды. Бұл олардың шығаратын өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыруына себін тигізді. Осылайша Америка Құрама Штаттарының әкімшілігі импортты айтарлықтай өнімді машиналарға, құрал-жабдықтар мен технологияларға тиімді капиталдарды салу үшін, өндірісті модернизациялау үшін қосымша ынталандырғыш ретінде пайдаланды. Әрине осындай іс-әрекеттер Америка Құрама Штаттары экономикасының салалық құрылымын оптимизациялауға алып келді.[34]
Біздің республикамызға қатысты сөз қозғайтын болсақ, импорттың құрылымының өзгергенін, оның өсуі өндірісі дағдарысқа байланысты төмендеп отырған тауарлар рыногында байқалып отыр. Машина жасау, азық-түлік өнімдерінің импортында өсу тенденциясы байқалады. Осы ретте сәйкес тауарлардың тобында импорт экспорттың үлесінен сәл асып түседі. Республикамызда машина жасау өнімдерінің импорты сол өнімдердің экспортынан 22,8 есе, азық-түлік бойынша 1,6 есеге артық. Нәтижесінде республиканың импорты өндірісті түгелімен құртуға себін тигізеді, ақырында экономиканың салалық құрылымын ауырлатады. Әрине, осындай жағдайда оптимизациялау жөнінде сөз қозғаудың да қажеті жоқ.
Туындап отырған жағдайда салалық құрылымды оптимизациялау жөніндегі іс-шаралар мемлекеттің экспорттық қызметке араласуының күшеюі арқылы басталуы керек. Ең алдымен бұл импорттық кеден баждарын төмендету, экспорттық өнімді өндіруге қажетті жинақтауға қатысты кері схеманы қолдану жолдарымен экспортты ынталандыратын іс-шараларды қабылдау қажет. Оларды бірінші кезекте машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде қолдану қажет. Осы ретте осы салалардағы ахуалдарды өндірілетін өнімнің ерекшелігіне, өндірістің технологиялық жағдайы мен сол тектес шетел компанияларының саясатына байланысты факторлардың жиынтығы анықтайтынын айта кеткеніміз жөн. Мысалға, химия өнеркәсібіне зор көлемде капиталдың сіңісуі тән, өйткені осы салада ұзақ уақыт бойы өнімнің жаңа түрінің технологиясына жетекшілікті сақтап тұру қиынырақ болып табылады. Сондықтан да шетелдік компаниялар тұтынушыларға жететін жолды қысқартып, осы өндірісті өткізетін елдің аумағына орналастыра бастады. Қазақстанның Үкіметіне осы ахуалды өзіміздің химия өнеркәсібімізді дамытуға пайдалануымызға болады. Бізде осы секторда айтырлықтай іске қосылмаған өндірістік қуаттар баршылық. Республикамыздағы бар химиялық кәсіпорындарға полимерлік материалдардың, минералдық тыңайтқыштардың, мұнай химия өндірісін араластырған абзал болар еді.
Сонымен «салалық құрылымды оптимизациялау» дегеніміз ұлттық экономиканың әлемдік рыноктағы бәсекеқабілеттілігін анықтайтын, экономикалық пайданы көбейтетін және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірісті приоритетті дамыту. Бұған қосымша ресурстар есебінен емес, экспорттық және онымен байланысты өндірісті дамыту арқылы қол жеткізуге болады.
Ұлттық экономиканы ашық экономикаға айналдыру заңды және қарама-қайшы процесс болып табылады. Осы жағдай былай түсіндіріледі, мемлекет сыртқы экономикалық қызметті кеңейтуге ғана емес, сонымен бірге отандық өндірушілерді сыртқы ортаның әсерінен қорғауымен түсіндіріледі. Осылайша дамушы елдер мен өтпелі кезең экономикасындағы елдер үшін рыноктың ашықтығымен қатар, қорғау қиындық тудырып, асиметрия құбылысы пайда болады. Осы қиындықтарды өзара толықтыру, ұлттық экономиканың ашықтығы және қорғау негіздерінде жүзеге асырылады. Осы қиындықты шешудің негізгі құралы ретінде экспорттың жаппай қысқаруын болдырмауға бағытталған мемлекеттің экспорттық стратегиясы болып табылады.