Экономикалық реформалар және олардың нәтежелері туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО – дағы экономиканы либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ. 80- ші жылдарының соңында (1988 ж) басталды. Алайда олар КСРО – ның құлауына байланысты 1991 жылы үзіліп қалды.
Менің ойымша, шаруашылық қызметтерін либералдандыру, еңбек ұжымдарына жалға беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару жүйесін және жалпы одақтық бағдарлама шеңберінде материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуді орталықтандыру сол кезеңнің өзінде республикаралық шаруашылық байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының коперативтік салаларындағы әр түрлі өндірістік технологиялық байланыстар арасындағы келісімдік – құқықтық қатынастарды бұзды.
Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік – техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына, инфляцияның өсуіне және ақша – кредиттік жүйенің дағдарысына алып келді де, бұл жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да эконмикасында көрініс тапты.
КСРО мемлекеттік ститистикалық комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989 жылмен салыстырғанда бүкіл ел бойынша жалпы қоғамдық табыс екі пайызды (ұлттық табыс 3,6 пайызды) өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық өнімі – 2,8 пайыз (44,40-б.) төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды, оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кеміді.
1-кесте
1989-1991 жж Қазақстан республикасындағы әлеуметтік экономикалық негізгі көрсеткіштерінің индексі ( алдыңғы жылдармен салыстырғанда пайыздық түрде)
1989 |
1990 |
1991 |
|
Өндірілген ұлттық кіріс | 99,9 | 99,1 | 89,7 |
Өнеркәсіп өнімдері | 102,5 | 99,2 | 99,1 |
Ауыл шаруашылық өнімдері | 92,7 | 106,8 | 77,4 |
Капиталдың салынуы | 104,0 | 97,0 | 105,0 |
Деректер: автордың өзі [29,12-б.] негізінде құрастырған
1991 жылы Қазақстан экономикасы КСРО – ның экономикасымен үйлесімді дамыды, яғни құлдырау жалғаса түсті.
Егеменді Қазақстан Республикасындағы эконмикалық қайта – құрулар 1992 жылдан басталды. Олар кезең – кезеңімен жүргізілді.
Реформалардың алғашқы кезеңі – 1992-1993 жж қамтыды, яғни Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған уаықттан бастап өз валютасын енгізгенге дейінгі аралықта. Осы жылдардағы елдің экономикасы Ресей федерациясындағы экономикалық және саяси өзгерістерге толық тәуелді болды. Реформалар өзінің жартылайлығымен, шешімдер мен әрекеттердің қарама – қайшылылығымен, ақша – кредиттік және бюджеттік саясаттың жүйесіздімен сипатталынды. [19,17-б.]
Бұл кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуының өзгешілігі 1990 – 1991 жж құрылымдық дағдарыстан жүйелі әлеуметтік – экономикалық дағдарысқа өтуінен болып табылады. Осы жағдайды бірқатар авторлар тарнформациялық деп әділ атаған еді. (44, 46-б.) Ол өзінің бұрын соңды болмаған дәрежедегі тереңдігімен және қамту көлемінің кеңдігімен ерекшеленді.
2-кесте
Қазақста Республикасының 1992-1994 жылдардағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы (1991жылмен салыстырғанда пайызбен)
Көрсеткіштер |
1992 |
1993 |
1994 |
Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) | -5,3 | -14,0 | -24,8 |
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі | -14.0 | -27,0 | -47,0 |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері (барлық категориядағы шаруашылықтар) | 29,0 | 20,0 | -5,0 |
Негізгі капиталға салынған капитал (қаржыландырудың барлық қорларына) | -47,0 | 68,0 | -73,0 |
Тұтыну бағаларының индексі | -16,1 | 284 | 5615 |
Бөлшектік тауарайналым (өткізудің барлық каналдары) | -33,0 | -44,0 | -72,0 |
Экспорт | -65,0 | -67,0 | -67,0 |
Импорт | -66,0 | -72,0 | -74,0 |
Деректер: (45, 11,18,22,25,33,45,63,64-беттер)
Энерготасымалдаушылардың бағасы нақты белгіленіп қойылған уаықтта, 1992 жылдың қаңтарында басталған бағаларды либеризациялау процессі 1994 жылдың соңына дейін созылды да, бұл жағдай эконмиканың барлық салаларында, әсіресе сыртқы экономикалық қатынастарда реформаларды жүзеге асыруға кедергі болды.
Бағаның еркін қалыптасуына мүмкіндік бермей сыртқы сауданы либерализациялау республикадан сыртқа аса маңызды шикізат түрлерін, көбіне республикалық тұтынуға зиянын тигізе отырып, шығаруына жағдай жасады. Себебі әлемдік бағалар ішкі белгіленген бағадан 2-3 есеге жоғары еді. Нәтижесінде барлық бұрынғы мемлекеттік – серіктер Қазақстандық «стратегиялық» тауарлардың жолына ішкі барьерлер (квоталар, лицензиялар, кедендік тарифтер) қоя бастады. Оған қарамастан шетке ондай тауарларды шығару өсе берді, ал валюталық түсімдер шетелдік банклерде қалып қойды.
Қазақстанда, экспорттық шектеу көбіне тарифтік емес сипатта жүрді. Елдің сыртқы сауда саясатында іс жүзінде импорттық пошлиналар болмады. Орталықтық – экспорттық жүйеден рынокқа өту кезеңінде экспорттық — импорттық және төлемдік операцияларды дұрыс бақылау жалға қойылмай отырған уақытта, аса қажетті іс – шара болып табылатын – лицензиялау және квоталау жүйелі қолданылды.
Бұл кезеңде сыртқы сауда операциялары гиперинфляция және республикаралық қамысздандыру саласы бойынша есеп айрылысу жүйесі жұмыс істемей тұрған уақыт жағдайында жүргізілді. Бартерлік операциялар кеңінен қолданылды, мұнда көбіне олар эквиваленттік емес айырбас сипатында болды.
Басқа түрлі өнімдердің (қызмет) бағасы еркін болып тұрған және рубльдің бағасы үнемі төмендеп отырған жағдайға энерготасымалдаушылардың бағасын либериалдандыру мәселесінің шешілмеуі, электр энегергиясын, мұнайды өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында осы өнімдердің бағасын үнемі өсіріп отыру (жылына 3-4 рет) қажеттілігін туындатты. Бұл өз кезеңінде тұтынушылардың өз тауарлары мен қызмет түрлерінің бағаларын көтеруге алып келді.
Ең соңында, энерготасымалдаушылардың баға өсімінің, жаңа шыңы туындады да, ол спираль тәрізді баға реакциясын соңынан ертті. Мұнда «бағаларды теңестіру» процессі үздіксіз жүрді де, ол Қазақстан экономикасын бұрын болып көрмеген инфляция қарқынына душар етті. Бұл жағдайды төмендегі кестеден байқау қиын емес.
3-кесте
1991-1997 жылдар аралығындағы баға динамикасы (алдыңғы жылдармен салыстырғанда пайызбен)
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
|
Тұтыну бағалары |
247 |
3060 |
2265 |
1258 |
160 |
128 |
111 |
Өнеркәсіп өнімдеріне өндірушілердің бағасы | 312 | 3916 | 1423 | 2023 | 140 | 118 | 111 |
Деректер: (5,57-б.)
1993 ж қаңтарында шұғыл антидағдарыстық іс – шаралар және әлеуметтік – эконмикалық реформаларды тереңдету жайындағы бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның негізгі міндеті рыноктық инфрақұрылымды және қоғамдық, ұдайы өндірістің барлық салаларында бәсекелестік ортаны қалыптастыру деп жарияланды.
Бағдарлама, барлығынан бұрын, мемлекет меншігіннен алу және жекешелендіру концепциясына қатысты түзетулер енгізді. Қазақстан Республикасы үкіметі кәсіпорындарды, газ кендері мен стратегиялық маңызды салаларды тездетіп сату үлкен қателік деп тапты, сондықтан да жекешелендіру бағдарламасына стихиялы түрде емес, мемлекет тарапынан қатал бақылау орнату арқылы жүргізу ұсынылды.
Қазақстанның экономикалық саясаты осы кезеңде мынадай принциптермен жүргізілді.
1) Өндірістің бәсекелестік рыноктық өзіндік реттеу мен мемлекет тарапынан экономикалық дамудың негізгі параметрлік макроэкономикалық реттеу синтезіне негізделген әлеуметтік – нысаналық аралас экономика құру;
2) Ұлттық кәсіпкерліктің барлық түрлеріне,оның ішінде әсіресе, материалдық табыс өндіретін, қызмет көрсету, транспорт және бөлшек сауда салаларындағы жеке меншік түріне қолдау көрсету;
3) Өндірістің құрылымдық қайта құрылуына негізделген «жылдам экономикалық даму стратегиясын» жүзеге асыру; отын – энергетикалық және металлургиялық комплекстерге бірінші кезектілік жүйесін, азық – түлік және халық тұтыну тауарлары рыноктарын дамыту, тұрғын үй мәселесін шешу;
4) Мемелекетаралық байланыстарды – бірінші кезекте ТМД елдерімен, Батыспен, Қиыр Шығыс мемлекеттерімен және Түрік – Азиалық әлем елдерімен қатынаста, экономикалық – саяси серіктес таңдауда пргматизм ұстанымын сақтау. (22,31-б.)
А) 1993-1997 жж эконмикалық реформалар
Қазақстанда сапалы экономикалық қайта құрулардың жаңа кезеңі 1993 жылы қарашада ұлттық валюта – теңгенің енгізілуімен, жүйелі қайта құрулар және тұрақты кредиттер бағдарламасы шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарының кең көлемде көмегін тартумен басталды.
Бұл кезең өзіндік макроэкономикалық саясаттың жүргізілуімен, салық салу, бюджеттік және банктық жүйелерде, сыртқы экономикалық әрекеттестікте, оның ішінде шетел капиталын және кедендік істерді тартуда нормативтік құқықтық база құрумен, рыноктарды және нарықтық инфрақұрылымдарды дамытумен сипатталады.
Алайда, 1994 жылдың орта тұсына дейін Қазақстан үкіметі қабылдаған бағытты іске асыруда орынсыздық және шегіністік көрсетті. Бірінші кезекте бұл бүкіл 1994 жыл бойына созылған бағаларды либералдандыру процессіне қатысты болды.
Әрі қарай либералдандыру және сыртқы экономикалық байланыстардағы сапалылықты өсіру мақсатында Қазақстан Үкіметі мынадай шешім қабылдады:
— 1994 жылдың басында либералдандыруға ұсынылған тауарлар тізімі маңызды түрде қысқартылды;
— экспорттық квота 1993 жылы белгіленген 25 атаудан 1994 жылы 7 атауға дейін төмендетілді (27,49-б.). Квоталар шикізаттарға ғана сақталды.
— Экспорттық және импорттық пошлиналар мөлшері төмендетілді, осы салықтар салынатын тауарлар түрі қысқартылды, экспорттық салықтарды валюталық төлеу жойылды, бұл жағдай тауарлардың экспорты мен мипортына дем берді, олардың құрылымын жақсарта түсті;
— 1994 ж 1 қаңтарда аукциондық, валюталық рынокта сатылуға міндетті валюталық табыстың пайызы 50 пайызға дейін өсірілді (27,50-б.) және барлық экспорттық түсімдердің республикаға қайтарылу тәртібі енгізілді де бұл жағдай капиталдың кемуін қысқартты.
Алайда, менің ойымша, 1992-1994 жж үкіметтің сыртқы экономикалық қатынасына қатысты қабылданған шешімдері, көбіне қарама – қайшылықты және жеткілікті дәрежеде сапалы болмады. Оның салдарынан өнімдердің экспортына мемлекеттік компаниялардың монополиясы түрінде сыртқы саудаға мемлекеттің тікелей қатысуы маңызды болып қала берді; жеке кәсіпорындарға кедендік және салықтық жеңілдіктердің берілуі сыртқы экономикалық байланысқа (СЭБ) қатысушыларды тең емес жағдайға дұшар етті; экспортты лицензиялау және квоталау түрінде реттеу ұлттық валютаның іс жүзіндегі айырбас бағамын айқындауға ммүкіндік бермеді, ТМД елдерімен саудадағы көптеген мәселелердің реттелмеуі сауда байланыстарының тарылуына, бартерлік операциялардың кеңейюіне (1994 жылы 30 пайыз экспорттық және 14,2 пайыз импорттық заттар тікелей тауар айырбасы тәртібінде жүзеге асырылды) алып келді. (29, 54-б.)
1994 жылы шілдеде кезекті антидағыдарыстық бағдарлама қабылданды, оның басты мақсаты 1995 жылдың соңына қарай макроэкономикалық тұрақтандыру және жүйелі институтционалдық қайта құрулар жасау болып табылды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бұрынғыға қарағанда дәйектірек және мақсаттырақ жүргізілді (әсіресе ақша – кредиттік және бюджеттік саясатты қатал жүргізуге байланысты).
Дәл осы кезеңде, Қазақстанның ұлттық Банкі (ҚҰБ) ақша саясатын жүзеге асыруда, басты назарын, инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін ақша массасын сандық көлемде басқаруға, сондай – ақ өндірістің әрі қарай дамуы үшін айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге шоғырландырды. Қайта қаржыландыру мөлшері инфляцияның іс жүзіндегі қарқынына байланысты анықталынды, ал мемлекеттік қүнды қағаздар мөлшері аукциондарда белгіленді. Кредиттік ресурстарды орналастыруда аукциондар арқылы жүргізілді. Екінші дәрежедегі банкілерге резервтік талаптарды белгілеу де реттеу икемдірек жүргізілді.
1995 жылдың ортасынан бастап Қазақстанның ақша – кредиттік саясаты аспапатары дамыған елдерге тән тағы бір дәстүрлі шарамен – ҚҰБ жеке өзінің құнды қағаздар портфельін қалыптастыруды бастағанда ашық рыноктаға операциялармен толықтырылды. Осы мақсатта арнайы құнды қағаздарын ҚҰБ ноталарын шығару жүргізілді. Олардың шығару көлемі мақсатты ақшалай агрегаттардың мөлшеріне қарай белгіленді. Сондай – ақ тенгенің айырбас бағамының тербелуін болдырмау мақсатында валюталық рыноктағы интервенция сияқты рыноктық экономика үшін дәстүрлі реттегіш те іске қосылды. 1996 жылдан бастап екінші дәрежедегі банктерді кредиттеу саясаты да біршама өзгерді, оның көлемі қысқартылды, ал аталмыш операциялардың негізгі бағыты банктық жүйенің өтімділігін қолдау болып танылды. Жеңілдетілген кредиттерді беру және ҚҰБ – не кредит алу үшін тікелей жауаптыларды қарастыру тоқтатылды. Кредиттерді орналастыру аукциондар, банктераралық рынок арқылы, сондай – ақ ломбардтық негізде жүзеге асырылды.
Барлық салалардағы өндірістің төмендеуінен, шаруашылықтағы субъекттердің салықтарды төлеуден жасырынуынан, инфляцияның жоғары дәрежеде жүруінен, бюджеттің табыстық бөлігінің күрт төмендеуіне байланысты туындайтын аса қолайсыз экономикалық жағдайға бейімделе отырып, бюджеттік саясат өте қажетті әлеуметтік – эконмикалық іс – шараларды қардыландыруға және экономиканың маңызды функционалдық жүйелерінің қызметін (энергетика, отын және коммуникалды шаруашылықты) қамсыздандыруға бейімделуі қажет болды. Нәтижесінде осы жылдары бюджет инвестициялық, инновациялық, құрылымдық және әлеуметтік сияқты маңызды функцияларын біршама жоғалтты.
1994 жылдан бастап бюджеттік дефециттің бір бөлігін инфляцияланбаған көздер – сыртқы займдар және мелекеттік құнды қағаздарды шығару арқылы жабу жүзеге асырылды. Соған сәйкес осы мақсат үшін ҚҰБ кредиттік ресурстарын қолдану қысқартылды.
Бюджеттік дефецитті кредиттеудің қысқартылуымен бірге, Ұлттық Банктің ақша массасының өсуін ұстап тұруы және кредиттік ресурстардың бағасын реттеуде жүзеге асырылды. Егер 1993 ж қайта қаржылау мөлшері инфляцияның қарқынан төмен қалып қойып отырса, 1994 жылдан бастап ол позитивтік дәрежеде қолдау тауып отырды. Осылайша 1993 жылдан 1997 жылға дейін ол 300 пайыздан 18,5 пайызға дейін кеміді. (28, 58- б.)
Бұл кезеңде салық саясаты да белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшрады. Салықтар мелекеттік бюджетті толықтырудың фискалды әдісі ғана емес, сондай – ақ инвестициялық — өндірістік әрекеттерді ынталандыру құралы сияқты қарала бастады. Бір жағынан бұл өзгерістер осы уақытша жүріп жатқан индивидуалды жоба бойынша ірі кәсіпорындарды жекешелендірумен байланысты болды. Онда инвесторларға үлкен көлемде салықтық жеңілдіктер берілді.
1995 жылдың шілдесінде республикада кедендік жүйені реттеуді қалыптастыратын жаңа Кедендік кодекс қабылданды. Осы жылдың қаңтар айында Ресей Федерациясымен, Белоруссиямен, Қырғызстанмен (Тәжікстанның кейінрек қосылуымен) кедендік одақ туралы келісім – шарт жасалынды.
1996 жылдың басында республикада «1996-1998 жж реформаларды тереңдету бойынша Үкімет жұмысының бағдарламасы» қабылданды, оның басты мақсаты макроэкономикалық тұрақтану және құрылымдық – институтционалдық қайта құрулар салаларында 1994-1995 жж қол жеткізген табыстарын бекіту, өндірістің құлдырауын тоқтату, содан соң экономикалық өсім мен тұрғындардың өмір сүру дәрежесін жақсартуды қамтамасыз ету болып табылды.
Қарастырылып отырған кезеңде мынадай аса маңызды құжаттар әзірленіп, қабылданды: 1996-1998ж банктық секторды әрі қарай реформалаудың бағдарламасы; шаруашылықтағы субъекттердің әлеуметтік объекттерін кезең – кезеңімен біртіндеп жергілікті бюджетке беру бағдарламасы; құнды қағаздар рыногы және сақтандыру рыногын дамыту; тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді өсіру; ұсақ және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету;
Антиинфляциялық қатал саясат жүргізудің нәтижесінде қаржы тұрақтылығындағы алғашқы жетістікке , тұтыну бағасы индексін 1992 ж 3061 пайыз деп, 1997 ж 111 пайызға дейін жеткізуге ( 3 –кесте) тенгенің валюталық бағамын тұрақтандыруға, бюджеттің дефецитін азайтуға (1997 – 3,7 пайыз ЖІӨ — нің) (45, 39-б), өндірістің экспортқа бейімделген салаларындағы өндірісті тұрақтандыруға және біршама жандандыруға қол жеткізілді .(4 –кесте).
4 — кесте
1993-1997 жылдар аралығындағы өнеркәсіп өндірісі
көлемінің динамикасы
Өнеркәсіп салалары |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
Жалпы өнеркәсіп | -14,,8 | -28,1 | -8,2 | 0,3 | 4,0 |
Электроэнергетика | -4,4 | -15,2 | -1,6 | -10,3 | -14,2 |
Отын энергиясы | -14,8 | -14,0 | -12,3 | 2,2 | 0,5 |
Қара металлургия | -24,4 | -29,5 | 11,7 | -17,5 | 25,2 |
Түсті металлургия | -7,8 | -22,8 | 3,8 | 3,6 | 13,8 |
Химиялық, мұнайхимиялық | -44,6 | -41,1 | 3,6 | -27,0 | -29,9 |
Машина жасау және металлөңдеу | -14,7 | -37,1 | -27,8 | -9,2 | -29,9 |
Өнеркәсіп құрылысы материалдары | 26,8 | -57,1 | -31,8 | -33,6 | -19,3 |
Жеңіл өнеркәсіп | -11,7 | -44,3 | -58,8 | 19,8 | -18,8 |
Тамақ өнеркәсібі | -13,7 | -26,1 | -20,7 | 35,1 | 0,3 |
Ормандық, ағашөңдейтін және целлюлоз-қағаз өндірісі | -8,7 | -44,9 | -40,7 | -10,1 | -27,4 |
Деректер: (45,362-б.)
Реформалардың екінші кезеңінің басты нәтижесі принципиалды жаңа экономикалық ахуал болды, оның нәтижесінде әкімшілік – командалық экономиканы рыноктық экономикаға трансформациялау процессі өзгертілген сипатқа ие болды. Негізгі жүйелік қайта құрулардың арасында мыналарды бөліп қарауға болады:
— Экономиканың либералдандырылуы. Шаруашылық өмірдегі мемлекеттік түрлердің қысқартылуы, СЭБ либералдандырылуы, шетелдік капитал үшін елдің ашылуы, салыстырмалы түрде тұрақты валюталық режимнің қалыптастырлуы. Мемлекет өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін форвардтық, фъючерлік және т.б келісім түрлерін қолданып биржалық сауданы дамыта отырып, басқа да субъектілермен ішкі және сыртқы рыноктарда тең шарттар жағдайында өзара қатынас жасауды бастады. Еркін баға белгілеу және олардың құрылымын қалыптастыру принциптерін іс жүзінде асыру басталды, онда мемлекеттік реттеу механизмі өкімдер мен қызмет көрсету түрлерінің шектеулі түрлеріне сақталды, баға ұсыныс пен сұраныс талаптарына жауап беретін болды.
— Жалпы экономикалық ортаны өзгерткен, жекеменшік секторы басым конукладты экономика негіздері қалыптасты. Рыногқа бейімделген шаруашылық құрылымдарының дамуы шын мәнінде жағдайлардың жасалынуына, конукладты экономика негіздерінің қалыптасуы мен кеңейуіне, сапалы және жауапекршілікті жекеменшік иелерінің қалыптасуына бастама жасалынды. Шығындарымен кең көлемді жекешелендіру процессі аяқталынуға жақын қалды. Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің алдыңғы кезеңдерінің заңды салдары ретінде, осы кезеңдегі мемлекет мүлкін жекешелендіру және қацта құру кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және демонополизаиялау бағдарламасы жүзеге асырылуымен эконмикада дамыған жеке меншік секторының қалыптасуы, тәртіптің рыноктық моделіне бейімделген. Сапалы жеке меншік иесінің пайда болуы, сондай – ақ ұсақ және орта бизнестегі кәсіпкерліктің дамуы, сапалы рыноктық бәсеке үшін база мен қажетті жағдайлардың кеңейюі басталды (1991 жылы басталған жекешелендірудің нәтижесінде 1996 жылдың соңына қарай жекешелендірілген кәсіпорындар мен обьектілер саны 20,2 мың болды, оның ішінде өнеркәсіпте – 1,7; ауыл шаруушылығындп – 2,5, құрылыста – 0,8; транспортта – 0,9; сауда мен тамақ кәсіпорындарында – 7,1; тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарында – 28,8) [45,356-б.]
— Рыноктық экономика және инфрақұрылым институттарының дамуы шаруашылық жүргізуші субъекттерге қызмет көрсететін, олардың шығарған өнісдерін өткізуге, т.б көмектесетін құрамында банктер жүйесі, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар және т.б бар рыноктық инфрақұрылымының негіздері құрылды. (1996 ж соңына қарай республикада жұмыс істейтін банктер саны 101 [45,360-б.] Еңбек, капитал және тауарлар рыноктарындағы қатынастарды реттейтін заңдар жетілдірілді. Сауданың, қаржы – кредиттік және рыноктық эконмикалық басқа да институттарының дамуы республиканың өндірістік потенциаоына құрылымында өзгеріске ұшыратты, онда қызмет көрсету саласының үлес салмағы жүйелі т.рде өсе түсті (қызмет көрсету саласының ЖІӨ құрылымындағы үлесі 1993ж 40,2 пайыз болса, 1997ж 57,5 пайызды құрады [23,153-б.];
— Салыстырмалы түрде тең салмақты тұтыну рыногының құрылуы. Қазақстанның экономикалық жүйесінің тарнсформациялануы аз уақыт ішінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруге және де тұтыну рыногында белгілі бір теңдікке қол жеткізуге мүмкінлік берді. Тұтынуға арналған тауарлардың көпшілігі бойынша ұсыныстар төлеу сұраныстың төлем қабілетінен асып түсе бастады. Бұл факт, менің ойымша импорттың интенсивті түрде өсуінен, тұрғындардың жиған қорының құнсыздануынан, өндірістердің тоқтап, тұтыну бағаларының өсуінен туындады.
— Қаржының тұрақтануы. Мұны инфляция қарқынының төмендеуі динамикасы және қаржы рыногының пайыздану мөлшері дәлелдейді. (инфляия 1993ж 2200 пайыз болса, 1997 ж 11,2 пайызды құрады[25,58-б.] Мемлекеттің алтын валюталық қорының бағамы тұрақтанды. Мемлекеттік бюджет дефециті мен сыртқы сауда балансы сальдосына қатысты жағымды тенденциялар көрініс тапты, ол инфляциялық емес әдістермен қаржыландырыла бастады. Өнеркәсіптің бірқатар салаларында өндірістің тұрақтану тендениялары байқалды.
Жоғарыда айтылған Қазақстан эконмикасын реформалардың кезеңіндегі жетістіктерімен бірге, бұл уақытта бірқатар өткір мәселелер де орын алды. Атап айтқанда, экономикалық қайта құрудың алғашқы жылдарында өндірістің айтарлықтай құлдырауы (1991-1996жж республиканың ЖІӨ жартысына дейін қысқарды)бұл жағдай әлеуметтік саладағы проблемалардың шиеленісуін туғызды. 1996ж тұрғындардың ақшалай кірісі 1991 жылғы дәреженің 11 пайызын құрады. [45,128-б.]. Тұрғындарды жұмыспен қамту проблемасы да шиеленісті. 1996 ж ресми түрде тіркелген жұмыссыздар белсенді тұрғындардың 13 пайызын құрады [Сонда].жұмыссыздардың саны (тіркеуде тұрған) Қазақстанның жұмыспен қамту қызметіне келіп түскен шағымдардың (жұмысшыларды қажет еткендерден) 25 есе көп болды. Мәжбүрлі ұзақ демалыста жүрген және толық емес жұмыс уақытымен еңбек етіп жатқандардың саны 1996 жылы эконмикалық белсенді тұрғындардың шамамен 7 пайызын құрады.
Өндірістің құлдырауы және әлеуметтік мәселелерден бөлек республикада мынадай проблемалар болды: біріншіден, айналымдағы қаржыларын тауысқан және қажетті кредиттік ресурстарды алуға мүмкіндігі жоқ кәсіпорындардың қаржылық жағдайының нашарлығынан төлемдік дағдарыс. Екіншіден, инвестициялық саладағы проблемалар қиындай түсті. Инвестицияның қысқару көлемі эконмиканың басқа да салаларындағы құлдырау параметрінен асып түсті. Тек 1993-1995жж өзінде капитал салу жартыдан да көп қысқарды: 6068 млн нан 2961 млн тенгеге дейін [сонда].
Маңызды проблемалардың болуына қарамастан Қазақстанның эконмикасын реформалаудың екінші кезеңінде, жүзеге асырлыған институтционалдық қайта құрулардың жағымды макроэконмикалық тенденциялардың тұрақтануы және қалыптасудың негізін қалады. Бұл жағдайлар 1998-2002жж республиканың экономикалық дамуының үшінші кезеңінде көрініс тапты.
Б) 1998- 2002 жж экономикалық реформалар.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің динмикасының сипатына бұл жылдарды бөлек алып қарауға болады. Аталған жылдар салыстырмалы түрде тұрақтылығымен ерекшеленеді. № 5 кесте Қазақстанның 1998 – 2002 ж экономикасының даму динамикасындағы тенденцияларды сипаттайды.
5- кесте
1998-2002 жылдар аралығындағы Қазақстан республикасындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы
Көрсеткіштер |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
ІЖӨ | -1,9 | 2,7 | 9,8 | 13,5 | 9,8 |
Өнеркәсіп өндірісі көлемі | -2,4 | 2,7 | 15,5 | 13,8 | 10,5 |
А/ш жалпы өнімі | 41,9 | 33,0 | 48,5 | 17,3 | 3,4 |
Негізгі капиталға инвестиция (қаржыландырудың барлық көздері) | 7,1 | 8,3 | 13,2 | 44,7 | 19.0 |
Тұтыну бағаларының индексі | 7,1 | 8,3 | 13,2 | 8,4 | 9,5 |
Бөлшек тауар айналымы | 19,1 | 2,3 | 7,1 | 15,7 | 8,2 |
Экспорт | -14,9 | 2,0 | 55,1 | -3,9 | 12,5 |
Импорт | -7,0 | -15,3 | 21,2 | 11,1 | 0,5 |
АҚШ долларының теңгеге қатысты орташа бағамын | 78,30 | 119,52 | 142,13 | 146,74 | 153,28 |
Декректер: (31,26-б.),(32,9-б.),(33,9-б.),(34,3-б.),(35,3-б.)
1998-2002 жж аралығында ЖІӨ, өнеркәсіп өндірісі, инвестиция көлемі және тағы да басқа маңызды көрсеткіштердің өсуі басталды. Алайда Қазақстан экономикасы дамуының жағымды динамикасы, таралу географиясы біртіндеп кеңейе түскен осы жылдары болған әлемдік қаржы дағдарысы, біршама баяулатты. 1997 жылы азияның Оңтүстік – Шығысында басталған дағдарыс, 1998 жылы Ресейге келіп жетті де, Қазақстанның экономикасына кері әсерін тигізді. Осылайша 1998жыл елдің ІЖӨ төмен көрсеткіш көрсеткен, осы кезеңдегі жалғыз жыл болды, ал 1999 ж ұлттық валюта маңызды девольвацияға ұшырады.
1997 жылдан Қазақстанда ақша – кредиттік методологияны жүзеге асыру, дамыған елдердің стандарттарына сәйкес, толық қалыптасты және ҚХБ ресми мөлшерінің өзгерісін, міндетті резервтен нормаларын ашық рыноктағы операцияларды және ішкі валюталық рынлктағы интервенцияларды қосты. Инфляция қарқынының төмендеуінің салдарына сәйкес сыйлықтардың ресми мөлшері төмендетілді – ломбардтық кредиттер бойынша сыйлықтар мөлшері реқаржыландырудың ресми мөлшері т.б
1998 жылы ақша – кредиттік саясат әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жүргізілді және осы ақуалға тән қажеттіліктер көрініс тапты. Сондықтан да Қазақстанның қаржы секторын қорғау қатал сипатқа ие болды. Соған қарамастан 1999 жылы ұлттық валютаның бағамының еркін ағымы режимі қабылданды және ол маңызды көлемде девольвацияланды. Бұл жағдайда ақша – кредиттік саясаттың басты мақсаты инфляцияның өсу қарқынын болдырмау болып табылды. Бұдан банк, бұрынғыдай екінші дәрежедегі банктердің кредиттік белсенділігін арттыру актуалды мәселе болып қала берді, соған байланысты ҚҰБ жыл бойына қайтақаржылау мөлшерін, бұл көрсеткіш кейіннен қаржы ақуалы толық тұрақтанды 14 пайызға азайды. [ 37,22-23-б.]
Бюджеттік – салықтық саясат реформалардың бұл кезеңі мемлекеттік бюджеттің орындалуының тұрақтануы, мемлекеттік бюджет дефециті мөлшерінің азаюы (ІЖӨ салыстырғанда), салықтық заңдарпдың отандық тауар өндірісін қолдауға қарай бейімделуі сияқты негізгі ерекшеліктерімен сипатталады. Салықтық механизмдер белгілі бір салалардың дамуын қолдауға бағыттала отырып бұрынғыға қарағанда дәлірек қолданылтын болды. Мысалы, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру үшін 1999 ж салық заңдарына өзгерістер енгізілді, онда машина жасау және химия өнеркәсіптері үшін НДС-ті төлеу уақыты 90 күнге ауыстырылды, ал жеңіл өнеркәсіп үшін, бұдан бөлек, НДС-ң нольдік мөлшері енгізілді. 2000 жылы салық заңдарының жекелеген жағдайларына өзгертудің негіздемелерін әзірлеу жұмыстары жалғастырылды. Онда, ішкі рынокқа қарай бейімделген машина жасау кәсіпорындары, өнеркәсіптің химиялық, мұнайхимиялық және ағаш өңдеу салалары үшін жұмсақтау салық тәртібін енгізуді қарастырылды.
Бұл кезеңде Қазақстанның сыртқы сауда саясатында отандық тауар өндірісін қорғау құралы ретінде сыртқы эконмика заңдық база кеңейтілді, Қазақстан республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлігінде антидемингтік бақылау Комитеті құрылды. Шетелдік рыноктарда қазақстандық компаниялардың мүдделерін белсенді түрде қорғау басталды (мысалы , өткізу рынктарын кеңейту қызметі шеңберінде АҚШ – та бірқатар антидемингтік жанжалдарда ұтысқа қол жеткізілді).
2000-2002 жж сыртқы сауда саясатын іске асыруда ТМД елдерімен еркін сауда жасау режимімен және Қазақстанның БСҰ- на кіруге белсенді күш жұмсалынуымен сипатталды.
Үшінші кезеңде жүзеге асырылған көптеген қадамдардың ішінен, ең прогрессивті деген макроэкономикалық дәреженің мынадай шараларын ерекше бөліп қарауға болады:
— жекешелендіру және меншіктік басқару процесстерінің жетілдірілуі;
— жерді рыноктық айналымға түсіруге мүмкіндік берген «Жер туралы» заңның 2001 ж. қаңтарында қабылдануы. Ауылшаруашылықтағы жерді мемлекеттің меншігінде сақтай отырып, мемлекеттік емес жерді пайдаланушылар тең құқықтарға ие болды және ұзақ мерзімге уақытша жалгерлік шартпен жерді пайдаланушыларға айналды.
— өңдеу өнеркәсіптері кәсіпорындарын қайта қалпына келтіруді бастауға мүмкіндік берген отандық тауар өндірушілер мен импорттарын толтырушыларды қолдайтын іс – шаралар комплекстері қабылданды.
— Банктық секторды әрі қарай нығайтуға және тұрғындар қаржыларын инвестициялық процесстерге тартуға бағытталған қаржы саласындағы реформалардың тереңдетілуі (екінші дәрежедегі банктердің депозиттеріне салымдардың кепілдемелік қоры құрылды, сақтандыру рыногында маңызды реформалар жүргізілді)
— Әлемдік рыноктардың бағалық конъюктураларындағы жағымсыз өзгерістерге елдің тәуелділігі төмендетілді. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж 23 тамызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» №402 жарлығы және Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен 28 қаңтар 2001 жылы №543 «Қазақстан Республикасы ұлттық қорын құру және пайдалану тәртібі» жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының құрылуымен қалыптасты. Қордың қаржысы жекеменшік немесе мемлекеттік ұйымдарға беру үшін, сондай – ақ міндеттерді қамтамасыз ету үшін қолдануға тиым салынды.
Жалпы алғанда, бұл кезеңді Қазақстандағы экономикалық реформалардың негізгі бөлігінің аяқталу кезеңі деп қарастыруға болады. Эконимкалық қайта құрулардың және дамудың бұл кезеңінің негізгі нәтижесі ретінде мына жайларды айтуға болады:
1. Бұрынғы шаруашылық жүйе ыдырауының және әлеуметтік – эконмикалық формацияның радикалды трансформациясының жағымсыз салдарын негізінен жеңуі. 90-жылдардың басында Қазақстан респуликасы тап болған өткір проблемалардың басым көпшілігі, үлкен немесе аз көлемде болса да шешімін тапты; рноктық типтегі экономика қалыптасты; ол өз кезеңінде елдегі қаржы – экономикалық ақуалды тұрақтандыруға қол жеткізу негізінде әрі қарай өсу үшін алғы шарттар жасады.Осының негізінде 2000-2003жж ІЖӨ нің тұтас өсуі — 42,3 пайызды құрады, бұл жағдай Қазақстанға экономиканың даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік берді.
2. Қазіргі заманғы рыноктық шаруашылық стандарттарына бара- бар нормативтік – құқықтық базаның қалыптасуының аяқталуы. Құнды қағаздар рыногы, қаржы жүйесі, еңбек рыногы, салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынас және экономиканың басқа да көптеген салаларында дамытылған заңдар қабылданды және жұмыс істеуде.
3. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру және экономиканың қуатты жекеменшік бизнеспен араласқан типін құру сияқты процесстердің негізгі бөлігінің аяқталынуы. Жүзеге асырылған институтционалды қайта құрулардың негізінде рыноктық және өндірістік инфраструктура компанияларының кең көлемдегі ортасы қалыптасты, ұсақ және орта бизнес белсенді түрде дамыды. Қызмет көрсету саласының тез өсуімен ел эконмикасы құрылымындағы диспронорция реттелді.
4. Мемлекеттің қаржы саласындағы барлық негізгі бағыттарда орнықты тұрақтылыққа қол жеткізілді; мемлекеттік қаржылар облысында, ұлттық валюта бағамында, банктік жүйенің орнықтылығы мен ливидтылығында, ҚҰБ алтын валюталық резервтерінде, инфляция динамикасында, ақша рыногында және мемлекеттік бағалы қағаздар рыногындағы пайыздық мөлшерлерінде. Қаржы тұрақтануы тұрғындардың бос қаржыларының маңызды көлемін айналымға түсіруге және экономиканың нақты секторын банкілердің көлемді түрде кредиттеуінің өсіруіне мүмкіндік берді. 1998 жылдан 2002 жылға дейін тұрғындардың банктердегі салымдары 10 сеге өсті. [ 38, 54-б]
5. Эконмикада инвестициялық — өндірістік процестердің белсенді әрекет етуі. 90 жылдардың соңына қарай ЖІӨ динамикасы көлемінде, өнеркәсіп өндірісінде, инвесттициялық қызметте, және бірқатар басқа да маңызды көрсеткіштерде үлкен көлемдегі прогресс байқалады. Экономиканың барлық салаларында — өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, транспорт және байланыста, саудада және т.б даму процессінің жүзеге асырылуы республиканың комплексті және жүйелі даму сипатын дәлелдейді.
6. Нақты құрылымдық қайта құруларға жүйелі түрде бейімделуі. Рыноктық институттар және шаруашылық механизмдерін қалыптасыру облысында бірқатар нақты қадамдардың жасалынуы нәтижесінде Қазақстан экономиканы реформалау қарқыны бойынша ТМД елдерінің басым көпшіліген басып озып кетті. Атап айтқанда Қазақстан ТМД елдері арасында мынадай іс – шараларды алғашқы болып енгізді: зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепілдеу жүйесі, ҚҰБ линиясы бойынша Дүниежүзілік банктегі қарызды мерзімінен бұрын жабу, Ұлттық қорды қалыптасыру, ұлттық валятаның девальвациялануының салдарынан орын алған банктердің салушлар мен зейнетақы қорларының бағамдық шығындарының орын толтыратын мемлекеттік компенсация, авто иелерінің міндетті сақтандыру жауапкершілігі т.б. Қазақстан ТМД елдері ішінде инвестиция тарту көлемі жағынан сөзсіз лидерлік жағдайға көтерілді. Мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыны басқаруда бүгінгі заманғы оптимизация әдістерін белсенді түрде қолдануда:
шетелдік рыноктарға құнды қағаздарды шығару, қайта сақтандыру т.б іс – шаралар.
Тәуелсіз Қазақстанның 10 жыл ішінде жүргізген экономикалық реформасынан қортындылайтын болсақ, жалпы нәтижелері республика алдында тұрған күрделі міндеттердің табысты атқара алғандығын дәлелдейді. Жүргізілген көлемді қайта құрулардың нәтижесінде негізінен шаруашылық жүйе реформаланды, либералды ашық рыноктық экономика принциптеріне негізделген экономикалық қатынастар жүйесі қалыптасты, рынок стандарттарына және ұлттық экономикалық орта ерекшеліктеріне сәйкес комплексті басқару жүйесі құрылды және әрі қарау даму үстінде.