Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары

Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары туралы қазақша реферат

        Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теориның таралуының обьективті негізгі – социализімнің күшеюі мен екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады.Экономикалық қарқынының проблемасы имперализнің колониалды жүйесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуның алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.

Экономикалық өсу тақырыбы аясындағы мәселердің өзектілігі — өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептердің жатуында: алдыңғы қатарлы қатарлы дамыған елдерде экономикалық даму қарқының баяулауы,жұмыссыздықтың асқыну, мемлекеттік монополистік капитализнің күшеюі – мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу проблемарын алға тартты.

«Экономикалық өсу теориялары»шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ;

  1. Харрод-Домардың моделі;
  2. Экономикалық өсудің неоклассикалық  бағыты;
  3. Экономикалық өсудің  неокейнстік бағыты;
  4. Өсудің қазіргі заманғы,жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.

Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын…

Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу терияларының негізін ағымын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды. « Халықаралық экономикалық теория»  еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. « Экономикалық цикл кітабында ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді,яғни оның себебі мультипликатор иен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы ара қатынас Харродты эконмикалық өсу аясын зерттеуге әкелді,бұл туралы ол ең алғаш 1939ж « Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жарияланды, ал кейініректе бұл туралы 1948 –жылы « Эконмикалық динамика теория кітабында мәлімдеді.

 

     Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты. Экономикалық өсудің неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде паайда болды. Бұл теория дағдарыстың жағдайдағ экономика негізінде қалыптасты. Ол техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстракцияланды. Алайда, оның қолдануы қысқа мерзімге есептелді. ҒТП, бұзыла бастады, сөйтіп одан абстрациялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамудың әркелділігі қушейе түті. Германия, Франция, жапония, Италия елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды.Бұл жағдай мұқият түсіңдіруді талап етті, ал Кейнс теорисы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды.

Экономикалық өсу теориялар әртүрлі коньюктуралық жағ дайға жарамды, жалпы ұдайы өндіріс теориясын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Неокейнстіктер экономикалық саясаттың басты мақсаты- толық жұмысбастылыққа жету болуы тиісдейді. Оладың пікірінше, осындай жолмен жұмыспен қамту мәселесін шешуге болады. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орындарды алған бұл теорияның таралуының обьективті негізгі – социализмнің күшеюі екі әлемдік жүйелердің эканомикалық жарысы болып табылады. Американ эконоисті Э.Домар «халықаралық конфликт өсу проблемасын өмір сүрудің шарты етеді» дейді.

Экономикалық даму темпі проблемасы имперализмнің колониалды жүйесінің құлауымен байланысты өрши түстіғ дамушы елдердіңэкономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу темпімен байлаысты.

Өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептер жатыр алдыңғы қатарлы капиталистікелдерде экномикалық даму темпінің баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік капитализмнің қүшеюуі – мұның бәрі капиталистік ұдайы өндіріс темпі проблемасын алға тартты.

Экономикалық өсудің неокейнстік теориясының мазмұны. Бұл концпекциялардың Дж.М. Кейнстің көзқарастары болды, яғни капиталистік экономиканың стихиялы механизмі сұраныс пен ұсыныс арасындығы тепе-теңдікті қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде адамдардың және материялдық ресуртардың толық емес жұмысбастылығы орын алады, капиталистік экономиканың тұрақтылығына жету үшін тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор  тиімді сұранысты анықтайтын факторларға әсер ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу капиталистік экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайда.

Неокейнстіктердің негігі проблемасы- өткізу проблемасы болып табылад, яғни егер сұраныстың қозғалыундағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда экономика динамикалық тепе-тең жағдайда болады. Тиімді сұраныстың өзгеруі өндірістің нақты деңгейін және оның потенциялды мүмкін деңгейден ауытқуын анықтайды. Ұлттық табыстың өсуі (ұлттық табыстан сұраныс деңгейі тәуелді) кейнстіктердің пікірінше, капитал қорлануының  фунциясы болып табылады, ал капиталға сұраныс ұлттық табыстың өсу темпімен анықтайды.

Экономикалық өсудің Неокейнстік моделіне маңызды орынды тұтыну мен қорлану арасындағы сандық өзара байланысты қарастырулар алады. Неокейнстіктер экономикалық өсудің басты

факторы ретінде инветицияны, басқаша сөзбен, капиталдың қорлану нормасын санайды.Басқа да фактор ретінде өндірістің капитал сыйымдылығын (капиталдың шығарылған өнімге қатынасы) атайды. Буржуазиялық экономистер  бұл коэффициенттіңиндустрияландыру кезінде артқанын «кемелденген экономика кезеңінде төмендегенін байқаған. Ал кейбір кейнстіктер бұл коэффифиент үнемі тұрақты дейді.

Кейнстітер инвестицияларды екіге бөледі:

  1.  туынды – тұтынудың өсуінен пайда болған
  2.  тәуелсіз – техникалық прогреске, мемлект саясатына, халық санының өсуіне негізделген.

Бұл жалпы алғанда, жасанды болып келеді. Тәуелсіз (автаномды) инветитциялар шындығында тіпті тәуелсіз емес. Олар жалы капиталистік ұдайы өндірістік, пайда нормасының қозғалысына тәуелді. Неокейнстік теорияда қолдану прлблемасы жинақмен байланысты қарастырылады. Егер инвеститциялар жинақтауға тең болса, онда эконмика қиыншылықтарды сезінбейді. Жинақтардың инветитциялардан артып кетуі кәсіпорындардың жүктелмеуінен және жұмыссыздыққа әкеледі. Инвеститциялардың сұраныстың жинақтардан артуы бағалардың өсуіне әкеледі. Жалпы жинатау мен қорлану арасындағы пропорция ұлттық табыты пайдалануды талдауда үлкен қызығушылық тудырады, Бірақ та Неокейнстіктер осы  2 – дәрежелі байланыстардың көмегімен негізгі экономикалық процестерді түсіндіруге тырысады. Өздерінің теориялық талдулары арқылы  олар өсу темпіне айтарлықтай түсіндірмелер береді. Мысалы , Э Хансен  АҚШ-тағы өндірістің өсу темпінің баяулауын соғыстан кейінгі жылдарда жекекапитал салымдары мен тұтыну сұранысына әсер ететін автономды күштерінің әсерінің әлсіреуімен түсіндіріледі. Оның ойынша, АҚШ-тың бүкіл жүйесі инвеститциялық мүмкіндіктер баяу ұлғайып жатса да, жинақтаудың өсуіне бағынады. Оның себебін ол тұтыну сұранысының жетіспеушілігінен , нәтижесінде күштерді толығымен пайдаланбаудан, капитал сыйымдылығ коэффициенттің төмендеуінен , материялдық өндіріс сферасына қарағанда капиталл сыйымдылығы төмен болатын қызмет көрсету сферасының ұлғаюынан көреді.

Мультиплекатор мен акселятордың үйлеуі негінде циклдік кейнстік моделі құрылған. Мұндағы негізгі мәселе – сұраныс мәселесі.

Жинақтау қорлануға теңестіріледі, өндірістік және өндірістік емес инвестициялар арасында үнемі айырмашылық бола бермейді. Жұмыс істеушілердің тұтынуы капиталистердің тұтынуымен теңестіріледі. Нақты тұтынудың орнына психологиялық категория ретіндегі «тұтынуға бейімділік» келеді. Көптеген формулалардың кемшілігі параметрлердің тұрақтылығы да болып табылады. Мысалы, Харродта капитал сыйымдылығы коэффиценті тұрақты, ал негізінде ол еңбек өнімділігінің өсуі мен техникалық прогрестің нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірқатар экономистер өсу формулаларын барынша қарапайымдауға қарсы шығып, ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін кейбір қосымша факторларды ескере отырып, неғұрлым күрделі модельдер құрды. Олар еңбектің ролін, оның өнімділігінің артуын, техникалық прогрестің ролін ескере бастады, капитал салымдары құрылымдарының мақсатты өзгеруінің критерийлерін іздестіре бастады. Бұлар көпфакторлы модельдер деп аталды.

Модельдеудегі жаңа момент – экономикалық өсудегі көп секторлы модельдер жасау (ағылш. экономисті Р. Стоун) болды, мұнда өсу модельдері баланстық кестелермен, «шығын-өнім шығару» моделімен үйлестірілді. «Шығын-өнім шығару» моделі экономика салалары арасындағы байланысты көрсетуге талпынады, ол шахматтық баланстық кесте түрінде құралады, онда әрнбір сала екі реттен қатысады: өндіруші және сатып алушы ретінде.

Горизонтальды сызық бойымен әрбір салада өндірілген өнімдер мен қызметтердің бөлінуі, ал вертикальді сызық бойымен сол саланың шығындары көрсетіледі.

Экономикалық өсудің көпсекторлы моделін жасау экономикада құрылымдық жылжуларды бейнелеуге, экономикалық бағдарламалау үшін және салалық құрылымының өзгеруі үшін негіз болуға бағытталады. Бұл модельді қарастыру буржуазиялық экономистердің нақтылыққа ұмтылуын көрсетеді, алда олар танымал оң нәтижелерге жетті. Стационарлы қоғам моделінен бастаған олар өсу моделіне өтті. Техникалық прогреске, ұлтттық табысты бөлуге, капитал-өнім қатынасының өзгеруіне абстракциялана отырып, осы бағыттың экономистері нәтижесінде осы факторларды модельде қамтыды. 1-модельде бір тауар, бір өндіріс факторы қарастырылды. Келешекте сызықты бағдарламалау негізінде басқа да факторлар қамтылды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы капитал салымдарының салыстырмалы тиімділігі проблемасын талдауда, математикалық аппаратты жетілдіруде экономистер көптеген жетістіктерге жетті.

Алайда, модельдің мәнділігі осы модельдің негізінде жатқан ғылыми емес экономикалық теорияның әсерінен төмендеді. Оларға «шекті пайдалылық» теориясы, «өндіріс факторлары» теориясы, «капитализм дамуындағы дағдарыссыздығы» теориясы объективті экономикалық процестердің мазмұнын бейнелемейді. Ұлттық табысты құруда тек еңбек қана емес, сонымен қатар капитал мен табиғи ресурстар да қатысатыны туралы тұжырымдаған «өндіріс факторларының» теоретиктері сондай-ақ ұлттық табыстың өсу факторларының нақты ролін дәлелдейді. Қоғамдағы барлық табыстардың сомасы ретіндегі ұлттық табысты анықтау ұлттық табыстың мөлшері мен көздерінің құруына әкеледі.

Мемлекеттің көмегімен дағдарыс пен жұмыссыздықты жоюға болатыны туралы көзқарас тұрақты «балансталған» өсу моделі негізінде жатыр. Модельде капитализмнің антогонистік қарама-қайшылығы, оның заңдылығы сыналады.

Көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық факторлар модеьде ешқандай көрініс таппайды. Оларға таптық күрес, капиталдың қорлану көлеміне, жұмыс күшінің құнына әсер ететін факторлар, ақшалай және нақты жалақы арасындағы қатынас, т.б. жатады.