Қазіргі уақытта даму жолын таңдау нарыққа өтетін экономика үшін өмірлік маңызы бар проблема болып табылады. Жоспарлық экономиканы нарықтық экономикаға қалай қайта құруға болады деген мәселені тәжірибе жүзінде ғана емес, сонымен бірге теория жүзінде шешу күрделі. Басқа елдердің тәжірибелерін зерттеу қоғамды экономикалық түрлендірудегі аса маңызды сәттерді анықтауға, нарықтық экономиканы дамыту бағытының және қазіргі өндірісті құрудың принциптік мәнін айқындауға көмегін тигізуі мүмкін.
Индустрияландыру процестерін талдау үшін таңдалған уақыт кезеңінде сол немесе басқа мемлекеттің немесе аймақтың экономикалық даму сипатына әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды бөліп көрсету керек. Әрбір елдің бастапқы сатыда қандай да бір “старттық мүмкіндіктері” болады, яғни географиялық орны, табиғи байлықтардың, капитал мен еңбек ресурстарының бар болуы, сондай-ақ қоғамның білімділігінің және жұмыс күшінің білістілігінің деңгейі, рыноктық институттардың дамығандылық дәрежесі, тарихи және мәдени дәстүрлер және т. с. с. бұл ішкі факторлар көп дәрежеде экономиканың әрі қарай дамуын және экономикалық стратегияның таңдалуын анықтайды.
Мысалы, өндірістің шоғырлануы және интернационалдануы, ғылыми-техникалық сферадағы халықаралық кооперация және капиталды шетке шығару, әлемдік шаруашылықты құрылымдық қайта құру, қызметтер, сфераның өсуі және т. б. сияқты, экономикалық дамуда белгілі мұқтаждықтар тудыратын, әлемдік даму бағыттары сыртқы факторлар болып табылады. Ішкі және сыртқы факторларды талдау сол немесе басқа елдің, аймақтың экономикалық дамуының өнеркәсіптік стратегиясын ұйымдастыруға, әлемдік рынокта бар салыстырмалы артықшылықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Бүгінде бір мемлекетте барлық әлемдік техникалық шешімдерді жарыса орындаудың және олардың таралуын қамтамасыз етудің экономикалық мүмкін еместігіп түсіну қажет және өте маңызды. Меншікті өндірісі және оның техникалық қайта қарулануын дамытуда аса пайдалысы – бұл республиканы халықаралық экономикалық шоғырлануға және бірінші кезекте, ол үлкен тиімділіктен дәмелендіретін және шетел инвестицияларын және жоғары техологияларды тартуға мүмкіндік беретін бағыттарда қосылу. Бұл жағдайда мұндай немесе басқа әлеуметтік-экономикалық басымдықтарға жылдам әсер тигізу мүмкіндігі пайда болады: табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін, мысалы, табиғи ресурстардың берілген түрлерін өндіру көлемін кеңейту кере пе немесе аса арзанырақ ауыстырғыштарды пайдалану керек пе.
Басқаша айтқанда, еңбекті мемлекетаралық бөлу ауқымында инвестициялық саясатқа жаңа сапалы ыңғайдың пайда болуы туралысөз болады, онда шетел серіктері арасындағы “жанысу нүктелерінің” мөлшері кеңейеді және күрделі салымдарды аса тиімді пайдаланудағы жалпы қызығушылық негізінде инвестициялық ресурстар ағының екі жақтық басқару мүмкіндігінді іске асырылады. Бұл сыртқы экономикалық байланыстардағы серіктес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың енді жаңарған моделіне өту үшін алғышарттат тудырады. Оның негізгі сипаттамаларының бірі – қарым-қатынастығы серіктестердің экономикалық және ғылыми-техникалық қызметінің тиімділігін күрт жоғарылатуға мүмкіндік беретін, барған сайын біртекті болатын мемлекетаралық экономикалық кеңістікті тәжірибелік қалыптастыру. Ынтымақтастықтың бұл жаңа моделін астарында объективті негіз-шаруашылық өмірдің, ғылымның, техниканың әлемдік экономикаға барынша терең шоғырлануы бар.
Әр түрлі елдердің өндірістік аппараттарының элементтерін ірі халықаралық құрылымдарға біріктіруге мүмкіндік беретін, әлемдік шаруашылықтың атқаратын ролін жоғарылату және географиялық шекараларын кеңейту мен интернационалдандырудың өзекті процесі жүреді. Сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дәл осы жағы шетел инвестициялары мен жоғары технологияларды жұмылдыру саясатн табысты іске асыруда шынайы гарант болуы мүмкін. Бүгін берілген процесті ескермеудің мәні жоқ, өйткені ол ақырында еңбекті халықаралық бөлудің жіберілген пайдасымен, әлемдік рыноктағы технологиялық тосқауылды жеңумен, қазіргі тауарлар мен қызметтердегі мен – басымдықтарды берілген саясатты іске асыру түрлеріең қатты көңіл аударуды талап етеді. Сөз халықаралық ынтымақтастықтың негізгі объектілері туралы болып отыр.