Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен — жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен — халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнiң жағдайы тұрақталып келедi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша, заңды тұлға мәртебесiндегi ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2007 жылы 491,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристiк топтардың келуiнен түскен кiрiс 2007 жылы 12,1 млн. теңгенi құраған.
Алайда экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.
Бірінші кезекті экологиялық мәселелерді шешуде маңыздысы болып саналатын бұл туризм саласындағы мәселелер. Дамуға бел байлағаннан кейін, яғни дамыған елдер қатарына кіруді мақсат қылғаннан кейін бірінші орында қоршаған ортаны дамыту, көркейту мәселелерін шешіп, содан кейін туристік саладағы табиғи қорғайтын туризм, соның ішінде экологиялық дамуына аса көңіл бөлу керек.
Экологиялық туризм бүгінде – соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша кең тараған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты болып табылады. Экологиялық туризмнің танымалдылығына дәлел болатын фактілер, яғни экотуризмді одан әрі дамытуға қызығушылық танытып жүрген атақты халықаралық ұйымдар: Бүкіләлемдік Туристік Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры, Халықаралық табиғат күзеті одағы және табиғат ресурстары.
Экотуризмді халықаралық және аумақтық деңгейде дамыту жөнінде жаппай барлық жерде конференциялар, конгресстер, кеңестер, симпозиумдар (халықаралық жиналыс) өткізілді. Осының нәтижесінде көптеген фирмалар туризмнің ішінен экотуризмге баса көңіл бөлді. Осындай кеңестердің бірі 2004 жылы басталған Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі бастама ағымдағы жылы аяқталатын болады. Бастаманың мақсаты — ауылды өңірлердегі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ауыл тұрғындары арасында экологиялық сана-сезімнің деңгейін арттыру болып табылады.2009 жылы экологиялық туризм жөніндегі қоғамдастық үкіметтік емес ұйымдардың көмегінсіз туристік фирмалармен тікелей жұмыс істей бастады. Көптеген елдер тәжірибесі дәлелдегендей туризм индустриясы кез-келген экономиканың маңызды бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады.
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан бәсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндіктері бар. Бұған мүмкіндік туғызатындар:
— аймақтың пайдалы геосаяси жағдайы халықаралық туристік және коммерциялық тасқындар өтуінің мүмкіндігін сол территория арқылы туғызу;
— саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформалар өткізу;
— табиғи ландшафтыладың әралуандылығы, экологиялық туризм ұйымдарына жануарлар мен өсімдіктер әлемі;
— мәдени-тарихи үзілістік ресурстардың әртүрлілігі;
— еркін еңбек ресурстарының болуы.
Бірақ, осыған қарамай, экологиялық туризмнің дамуының көптеген мәселелері бар.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан туризм жүйесі туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ. Үзілістік ресурстардың молшылығы өте күрделі материалдық базаның құрылғанын қалайды.
Ең маңызды және комплекстік мәселе экологиялық туризм мен туристік қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-техникалық базаның жағдайына, сонымен қатар потенциалды сұраныс масштабының сәйкес келмеуіне байланысты. Осыдан келесі мәселе туындайды – осы туризм саласындағы мамандардың жоқтығы.
Экологиялық туризм сияқты географиялық мәселелер бүтіндей туризм екеуі өзара бір-бірін толықтырып комплексті шешім қабылдауды талап етеді. Туризмнің басқа түрлері секілді экологиялық туризмнің де дамуы қонақ үйлер құрылысы, туристік базалар, кіріс жолдар, тамақтану пунктері, жарнама өнімін даярлау және басқа да мақсаттарды қаржыландыру және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуге байланысты.
Күзетілетін табиғи аймақтарда экологиялық туризм дамып келеді. Қазіргі уақытта олар қаржылық және материалдық көмекке зар.
Республикамызда экологиялық туризмді дамытуға арналған ғылыми негізделген бағдарлама осы саланы мемлекеттердің әлеуметтік экономика саясаты төңірегінде қарастырып, іске асыруы қажет.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептеріне келесілерді жатқызуға болады:
— экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы;
— экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есептің болмауы;
— салық саясатының жетілмегендігінің нәтижесінде туристік қызметке шетел туритерін қабылдайтын және отандық туритерді шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын шектеусізден 20 % көлемінде қосымша құнға салық салынады;
— ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін және ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;
— магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан экологиялық туризм обьектілеріне көліктің жетуінің төменділігі;
— экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халыаралық тәжірибенің болмауы.
Қазақстандағы туристік қызметтің даму болашағын қарастыру кезінде туристік қызметті мемлекттік деңгейде қабылданған стратегиялармен, бағдармалармен дамытпаса қоршаған ортаға жылдам дамушы туризм кері әсер ету мүмкіндігін ескерту қажет. Экологиялық туризмнің обьектісі болып табылатын табиғи су қоймалардың ластануында үлкен рольді мыналар атқарады: туризмнің моторизациясы; тазарту құрылғалары жоқ туристік базалардың коммуникалды кәсіпорындарының шығаратын қоқыстары. Әрине, экологиялық туризнің дамуы секілді сәйкес инфроқұрылымсыз болмайды. Ең бірінші, көрсетілетін обькетілер оптималды үйлестірілген орындарда, яғни көлікке қол жеткізімділіктің коммуникациондық құрылыстың, материалдық-техникалық базаның даму деңгейі мен тамақтану базаларын ұйымдастыруға мүмкіндіктердің болуын ескере отырып туристік қызметті дамыту қажет. Өйткені экологиялық туризмнің обьектісі жаратушы табиғат болғандықтан, инфрақұрылымды табиғат ландшафтары аса үлкен өзгерістерге ұшырамайтындай етіп дамыту қажет. Ереже бойынша, негізінен алғашқы ландшафтың өзгеру қауіпі тау және таулы аймаққа жақын аудандарға төнеді. Туристік жылжулардың көптілігіне байланысты ертеден шағын туристік базалар және аңшылық үйшіктер енді ірі қонақ үй кешендері мен демалу базаларына орын береді. Қыстық демалу турлерін дамыту кезінде шаңғы трассалардың, жолдардың, электро жүйелерін жүргізу, орман алаңдарының қысқаруына себеп болып, нәтижесінде бірте-бірте табиғат кешендерінің дағдарысына және ландшафтардың эстетикалық тартымдылығының төмендеуіне әкеліп соқты. Экологиялық туризм экотуризм обьектісі сиқты табиғи табиғат ортасын сақталуымен байланысты. Сондықтан қаражат экотуризмді кең таратуға ғана қажет емес. Таулы лашықтардың көріну аландарының құрылысына, маршруттың реттелуіне – белгілі бір қаражат қажет. Бірақ осы уақытта қорғалатын табиғи территориялар мемлекеттен қаржыландырылмайды, сондықтан болашақта капиталды салуда барлық жағдайлар жасалуы керек. Сөйте тұра, табиғи обьектілірді қалпына келтіру және күтудегі барлық міндеттер жекеменшіктің мойнында болады. Берілген территорияда инфрақұрылыстың дамытуымен айналысатын жеке меншік ұйымдардың иегерлері барлық табиғи ресурстарды тиянақты және жүйелі қолдануды қамтамасыз ету тиіс.
Экотуризм дамуы – мүлтіксіз және туристік қызмет нәтижесінде болған экожүйеге теріс әсер етуін төмендетудегі жалғыз жол болып табылады. Барлық дерлік елдерде экологиялық туризмнің дамуына үлкен көңіл аударады. Соның нәтижесінде біздің тіршілік әрекетімізді қолдап тұратын қоғамның табиғи ортаға және экожүйеге көңіл аударуы жоғарылай бастады.
Осы арқылы Қазақстандағы экологиялық туризм дамуы, біздің көзқарасымыз бойынша республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешенінің сәтті дамуына, сондай-ақ басты әлеуметтік-экономикалық елдің мақсаты – қоғамның тұрақты дамуы мен салауатты өмір салты болуы үшін қоршаған ортаны жағымды жағдайлармен қамтамсыз етуді ұйымдастыруға қол жеткізу.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Алиева Ж.Н. Экологический туризм: Учеб. пособие. Алматы: Қазақ университеті, 2002.
2.Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. Алматы, 2000.