Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамындағы өкімет билігі мен басқаруды ұйымдастыру ерекшелігі

XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың қазақ деп аталатын этникалық топқа қайтадан топталунан құрылды. Осы ұлан-байтақ жердің бүгінгі иегері «қазақ» халқы мен оның атымен аталған мемлекет Қазақ хандығы осылай тарих сахнасына шықты. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хандығынан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Бір кезде қаһарлы болған Әбілхайыр ханның олардың жолын кесуге мұршасы болмады. 1468 жылы қазақтарды шабуға үлкен қолмен аттанған Әбілхайыр жорық үстінде қаза тапты. Оның хандығы ыдырады. Әбілхайыр хандығы құрамындағы халықтар мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бірыңғай болғандықтан ешқандай ұрыс-соғыссыз олар бірігіп кетті де бүкіл жерлер қазақ хандығына қарады. Халық бұдан былай қазақтар деген атаққа мәңгі иеленді.