Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасыкелесідей:
- Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
- Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
- Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
- Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:
- Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
- Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
- Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы:
- Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
- Инвестициялар өседі.
- Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
- Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
- Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
- Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
- Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
- Тауарлардың бағасы өседі.
- Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
- Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
2 кесте
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар | Тоқырау фазасында | Өрлеу фазасында |
1. Ақша несие саясаты | Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы.
|
Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. |
2. Фискальдық саясат | Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. | Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты | Жалақыны өсіру. | Жалақыны төмендету. |
4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. | Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. | Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. |
Мақсат: | Шаруашылық белсенділігін ынталандыру | Шаруашылық белсенділігін тоқтату. |
Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық
циклдің типтері |
Ұзақтылығы | Себептері, ерекшеліктері |
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары» | 2-4 жыл | Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. |
2. К.Жуглярдың «орташа толқындары» | 10 жыл | Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. |
3. Кузнецтің циклдары | 18-25 жыл | Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты |
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» | 40-60 жыл | Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы.
|
5. Форрестердің циклдары | 200 жыл | Энергия куаты мен материалдарға байланысты. |
6. Тоффлердің циклдары | 1000-2000 ж. | Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты. |
Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген сенім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұмыссыздык ұлғайып, несие-ақша байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғаяды және кәсіпорындар кұлдырап, жойыла бастайды. Экономикалық циклдың, келесі фазасы депрессия («гіергеззіо» — латын сөзі, төмендеу, терендеу деңгейді білдіреді). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады. Келесі фаза — тірілу, бүған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістін дамуын ынталандырады. Циклдың кезекті фазасы — өрлеумен алмасады. Өрлеу өнім өндірудін қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызынын (%) нормасы төмендейді.
Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және тереңдей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымен ерекшеленді. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды — дамыған елдердің экономикасын қамтыды.
Дағдарыс кезеңі сипатында жаңа құбылыс — инфляция пайда болды. ҒТР жағдайында, әлемдік кауымдастықтағы көптеген елдерде экономиканың салалық құрылымында өзгерістер болуда. Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жаңа салалар — прибор құрау, робот құрау карқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар — көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады. бұл олардың техникалық, технологиялық артта қалуымен түсіндіріледі. Осылай кұлдырау құбылысы құрылымдық дағдарыс деп аталады.