Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау ерекшеліктері

Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау ерекшеліктері туралы қазақша реферат

         Бюджет кірістері — ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайырылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптастыру процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.

Бюджет кірістерінің басты материалды көзі — ол Ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғайюын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі — өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының кәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.

Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрайды. Мұндай түсімдер маңында белгілі мөлшерде және тағайындалмаған мерзімде бюджет есебінде алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

Бюджет түсімдерінің негізін салықтары мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалған.

Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі капитал сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге мемлекетке ақысыз негізінде берілген ақшаларға бөлінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымына ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.

Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салаларымен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың дамуын баяулауға, тұрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға не болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады [20].

Салықтық түсімдер деп — «ҚР бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер жөніндегі» ҚР Заңымен (Салық кодексімен) тағайындалған бюджетке төлемейтін салықтар мен басқа да төлемдер айтылады. Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмұнын солардың негізіндегі салықтар құрайды. Олар кірістердің материалдық көзі – ұлттық табысты қайта бөлісуге қатынасатын болғандықтан өндірістік қатынастардың арнайы формасын құрайды. Осыған байланысты салықтық түсімдер тұрақты ішкі белгілермен, заңнамалықты дамумен ерекше формаларымен сипатталады. Олардың нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.

Салықтық түсімдерге бюджеттердің түрлері мен деңгейлері бойынша тағайындалған басқа әр түрлі алымдар, ақылар мен баждар жатады.

Салықтық түсімдердің нақты түрлері бюджет жүйесінің тиісті деңгейлері бойынша бекітілген. Республикалық бюджет бойынша өте маңызды фискалды және экономикалық мәні бар салықтық түсімдер бекітіледі. Бұл мемлекеттік мүддеде салықтардың қаржылық категория ретіндегі функцияларын пайдалану қажеттілікпен дәлелденеді, себебі салықтардың фискалдық функциясы мемлекетке экономикалық қатынастарды реттеуге объективтік шарттар туғызады. Мысалы, мемлекет салықтардың экономикалық (реттеуші) функциясы арқылы ел экономикасында болып жатқан процестерге, қайта өндіріске, капитал қорландыру, тұрғындардың төлем қабілеттілік сұранысына маңызды әсер етеді.

Салықтарды және олардың функцияларын экономикалық процестерге әсер ету үшін пайдалану мемлекеттің салықтық саясатының негізін құрайды. Бұл саясатты іске асыру салық салудың ұйымдастырушы – құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығынан қалыптасатын салықтық механизм арқылы жүргізіледі. Салықтық емес түсімдер маңында бюджетке Салық кодексінде қарастырылғандардан басқа Бюджет кодексінде тағайындалған міндетті және қайтарылмайтын төлемдер жатады. Салықтық емес түсімдер жіктеледі: а) аумақтық белгілері бойынша; ә) қалыптастыру мен төлету белгілері бойынша; б) төлемдер төлету үшін нақты негіздері бойынша. Бірінші белгілері бойынша белгілі деңгейдегі бюджетке түсетін, яғни республикалық, облыс немесе аудан бюджеттері кірістеріне, салықтық емес түсімдер айырылады. Екінші белгілері бойынша міндетті және өз еркілік төлемдерге бөлінеді. Үшінші белгілері бойынша салықтық емес түсімдер төлемді қалыптастыратын негізге байланысты нақты түрлерге бөлінеді, мысалы, бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауар сатудан түсетіндері.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамында салықтық және салықтық емес түсімдердің рөлі мен мәні өте зор, себебі барлық кірістер ішінде 80-90 пайызы осы түсімдер үлесіне жатады және жалпы ішкі өнім көлемінің 25 пайызын құрайды, ал салықтық түсімдердің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 12-13 пайызға жетеді.

Мемлекет бойынша төленетін салықтар, алымдар, баждар және басқа төлем түрлері, оларды тағайындау, есептеу, төлеу принциптері мен тәртібі, салықтық бақылаудың формалары мен әдістері, салық төлеушілер және салықтық қызмет органдарының құқықтары мен міндеттер жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Біздің елдің салық жүйесін жасау жалпы әлем бойынша салық жүйелерін құрудың құрылымы мен принциптеріне сәйкес, ал ерекшелігі тек қана республиканың мемлекеттік жайластырушылықтың біртұтас сипатыни абайланысты, себебі мұндай жайластырушылық бюджет түрлері бойынша салық түсімдерді қатаң бөлінуін талап етеді.

Бюджет кірістерінің ішіндегі ең жоғары үлес салмағын алатын салық – ол корпорациялық табыс салығы. Бұл салық түрі 2002 жылдан бастап республикалық бюджетке заңды тұлғалар (резиденттер мен республикада өз әрекетін іске асыратын резидент еместер) төлейтін негізгі салықтардың бірі болып есептеледі. Корпорациялық табыс салығы салынатын объект болып салық салынатын табыс, төлем көзінен ұсталатын салық және республикада өкілетті мекеме арқылы өз әрекетін атқаратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы табылады.

Салық төлеушінің алған жылдық жиынтық табысынан кейбір кірістерді алу арқылы ол түзетіледі. Мұндай кірістердің түрлері салықтық заңнамаларда тағайындалған. Жылдық жиынтық табыстың түзетілген соммасынан шегерімдер алынады, яғни салық төлеушінің осы табысты алуға жұмсалған шығындары. Ондай шығындардың тізбесі салықтық заңнамаларда толық келтірілген.

Шегерімдерден алғаннан қалған салық салынатын табыстың сомасы келесі шығындарды алу арқылы 2 %-тік мөлшерде түзетіледі:

— салық төлеушінің әлеуметтік сала объектісін ұстауға нақты жұмсалған    шығындар;

— коммерциялық емес ұйымдарға тегін берілген мүлік;

— заңнамаларға сәйкес жеке тұлғаларға көрсетілген адрестік әлеуметтік    жәрдем.

Түзетілген салық салынатын табысқа 30 % мөлшерлемемен, ал негізгі     өндіріс құралы жер болатын жағдайда – 10 % мөлшерлемемен салық салынады.

Корпорациялық табыс салығы салынатын объект болып төлем көзінен ұсталатын салық салынатын табыс табылады. Мұндайларға жататындар:

—         дивиденттер;

—         жеке тұлғалардың банктегі салымдар ыбойынша төленетін сыйақыларды қоспағандағы депозиттер бойынша сыйақы;

—         ұтыстар;

—         резидент еместердің республикадағы көздерден алған табыстары;

—         резидент-банктерге, зейнетақы жинақтаушы қорларға, лизинг берушілерге және борыштық құнды қағаздар бойы төленетін сыйақыдан басқа заңды тұлғаларға төленетін сыйақы;

—         эмитенттердің купон түрінде борыштық құнды қағаздар бойы төленетін сыйақылар.

Салық төлеушілер салықтық мерзім ішінде ағымдағы айдың 20 жұлдызына дейін бюджетке корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемді енгізуі тиіс. Салықтық мерзім болып күнтізбелік жыл есептеледі. Корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салықтық мерзім маңындағы декларацияда көрсетілген нақты салықтық міндеттемелер сомасы негізінде, ағымдағы салықтық мерзім маңындағы болжамдаған осы салықтық сомасы есебімен бірге анықталады. Декларация тапсыру мерзімге дейін аванстық төлемдер сомасы өткен жылғы салықтық мерзім бойы төленген аванстық төлемдердің орташа айлық көлемінде есептеледі. Бұл салық бойынша ақырғы есеп айырысу, тағайындалған декларация тапсыру мерзімінен 10 жұмыс күннен асырмай іске асыруы тиіс.

Мүлік салығын салатын объектілер ретінде негізгі құралдар мен материалды емес активтер саналады. Ал, жер, көлік, құралдары үкіметтің шешімі бойынша консервацияда тұрған негізгі құралдар, жалпыға ортақ пайдаланатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары, инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға жаңадан енгізілген негізгі құралдар және қайта тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстар түріндегі аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ көрстілген объектілерді монтаждауды талап ететін жабдықтар салық салу объектілеріне жатпайды.

Мүлік салығын төлеуші ретінде меншік құқығында салық салынатын объектілері бар жеке тұлғаларда есептеледі. Жеке тұлғалардың мүлік салығы салынатын объектісі болып олардың меншік құқығымен тиесілі кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын келесі объектілер табылады:

  • республика аумағындағы тұрғын үй –жайлар, саяжай, құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар үй-жайлар;
  • республика аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану кезінен бастап.

Жеке тұлғалар үшін салық базасы ретінде әрбір жылдың қаңтар айының 1 жұлдызындағы жағдай бойынша уәкілетті орган тағайындайтын салық салу объектілерінң құны алынады. Салық салу объектілерінің құнын есептеу –ҚР Үкіметі анықтайды. Салық мөлшерлемелері салық салу объектілерінің құнына байланысты Салық кодексінде тағайындалған. Мысалы, егерде салық салу объектінің құны 1 000 000 теңгеге дейін болса, онда салық салу объекті құнының 0,1 пайыз мөлшерлемесімен төленеді, ал егерде 10 000 000 теңгеден жоғары болса, онда 46 500 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 1  пайыз мөлшерде салық төленеді [21].

Салық түсімдерін болжау. Салық түсімдері контингентінің есеп әдісінің сипаттамасы

Корпорациялық табыс салығының болжауы бірнеше есептеу нұсқаларымен анықталады. Бірінші нұсқа бойынша есептік кезеңде тапсырылған салық декларацияларының мәліметтер жиынтығы пайдаланылады. Бұл мәліметтер арқылы ең алдымен болжамдау мерзіміне салық салынатын табыс анықталады. Сонымен бірге шегерімдер көлемінің өзгерістері де есептеледі, яғни есепті мерзім бойынша анықталған салық салынатын табыс ағымдары жылғы инфляция деңгейі мен келесі салық жылына болжамдап отырған инфляция деңгейіне коррекцияланады. Сондай-ақ, осыған қоса зияндар көлемінің өзгерістері мен оларды ауыстыру мерзімі есептелуге тиісті.

Бірінші вариант бойынша корпорациялық табыс салығының сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Тб=Де*Іа/100%*Іб100%*Сор., мұнда

Тб-корпорациялық табыс салығының болжамы;

Де-есепті жылғы салық салынған табыс көлемі;

Іа-ағымдағы жылғы тұтынушылық бағалар индексі;

Іб-жоспарлаушы жылға тұтынушылық бағалар индексі;

Сор. – есепті жылғы салықтың  орташа мөлшерлемесі.

Екінші вариант бойынша әрбір аймақтағы ірі салық төлеушілер бойы корпорациялық табыс салығының есептелген және төленген сомасы мен салық декларациялар бойынша жылдық нәтижесі және алым-салық қалдықтары сомалар өзгерістері жөніндегі ақпарат пайдаланады. Мұндай есептеуде күтілетін түсімдерден тұрақты сипатта емес және өндірістік іс-әрекетпен байланысы жоқ біржолғы төлемдер алынады да салықтың күтілетін сомасы жоспарлап отырған тұтынушылық бағалардың индексіне корреляцияланады. Болжамдап отырған түсімдер сомасы бұл арада келесі формула арқылы анықталады:

Тб=Со*Іб/100%*Ік/100%*Сор., мұнда

            Тб – корпорациялық табыс салығының болжамдық сомасы;

Со – ағымдағы жылғы салықтың күтілетін сомасы;

Іб – жоспарлап отырған тұтынушылық бағалар индексі;

Ік – жоспарлап отырған өндіріс көлемінің индексі;

Дивиденттерден, сый берулерден, резидент еместердің қызмет түсетін салықтарды болжамдау негізінде олардың ақырғы екі жыл бойы түсімдерінің динамикасы мен болжамдап отырған мерзімдегі экономика дамуының макроэкономикалық парамертлерінің өзгерістері бойынша жоспарланады.

Шикізат секторы ұйымдары бойы заңды тұлғалардан түсетін корпорациялық табыс салығының болжамы сол ұйымдар тізіміне кірітін әрбір салық төлеушілер бойынша бөлек есептеу ерқылы анықталады. Олардың есептеу формулалары келесілер:

1. Тө=(Оіө*Біө)+(Оэ*Бэ)+(Отмд*Бтмд)*Кт, мұнда

Тө — өнім сатудан табыс, мың  теңге;

Оіө -ішкі нарықтағы өнім көлемі, мың тонна;

Оэ – экспортқа сататын өнім көлемі, мың тонна;

Отмд – ТМД елдеріне сататын өнім көлемі, мың тонна;

Біө — ішкі нарықтағы өнімнің сату бағасы, долл. 1 тонна;

Бэ – экспортқа сататын өнімнің сату бағасы, долл. 1 тонна;

Бтмд – ТМД елдеріне сататын өнімнің сату бағасы, долл. 1 тонна;

Қт – АҚШ долларына қатынасты теңгенің курсы.

2. Ст=(Тнс+Тбс) – Ш, мұнда

Ст – салық салатын табыс;

Тнс – негізгі сатудан түскен табыс;

Тбс – басқа да сатудан түскен табыс;

Ш – шегерімдер.

3. КТС=Ст*30%/100%, мұнда

КТС – корпорациялық табыс салығы;

Ст- салық салынатын табыс;

30% — корпорациялық табыс салығының мөлшерлемесі.

Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын болжамдау үшін салық органдарына тапсырылатын салық декларацияларының мәліметтері пайдаланады. Ең алдымен есептелген салық салынатын табыс сомасы мен жеке табыс салығының мөлшері пайдалана отырып, аймақтар бойынша өткен жыл мен есепті жылда қалыптасқан салық алуының орташа пайызын келесі формула арқылы анықтау қажет:

Оа=Сж/То*100%, мұнда

  Оа – салық алудың орташа пайызы;

Сж – есепті жылдағы төлем көзінен салынатын жеке табыс сомасы;

То – есепті жылдағы салық салынатын табыстың есептелген сомасы.

Содан кейін, осы пайыз бен табыс сомасының  негізінде ағымдағы жылдағы түсетін  салықтардың сомасы анықталады. Демек, төлем көзінен салынатын жеке табыс салығының болжамы келесі формула арқылы есептеуге болады:

Сж=Тк*І/100%*Оа/100%, мұнда

Сж – төлем көзінен салынатын табыс салығының болжамы;

Тк – ағымдағы жылда салық салынатын табыстың күтілетін сомасы;

І – жоспарлап отырған жылдағы тұтынушылық бағалардың индексі;

Оа – салық алудың орташа пайызы.

Осы әдіспен есептеуде күтіліп отырған түсімдер сомасынан тұрақты сипатта емес біржолғы төлемдерді алып тастау қажет.

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу үшін салық салуға жатпайтын табыс сомасы мен салықтық шегерімдер сомасына орташа мөлшерлемені қолданылады.Бұл арада аймақ бойынша қалыптасқан орташа мөлшерлеме мөлшері әсер ететін факторларға коррекцияланған есепті мәліметтер арқылы  анықталады.

Адвокаттар мен жеке  нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығы  сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Сжт =  Тк * І /100% * Ос / 100%, мұнда

Сжт – төлем көзінен  салынбайтын жеке табыс салығының болжамдық сомасы;

Тк – ағымдағы жылда күтілетін салық салынатын табыс сомасы;

І – жоспарлап  отырған жылдағы тұтынушылық бағалардың индексі;

Ос –  салықтың орташа мөлшерлемесі.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығын  болжамдау үшін ақырғы есепті мезгілдегі жеке тұлғалардың  негізгі  құралдарымен материалды емес активтерінің құны жөніндегі статистикалық мәліметтер пайдаланады. Есептеу маңында жалпы құннан салық салынбайтын объектілер құны, мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың негізгі құралдары мен материалды емес активтерінің құны алынады. Негізгі құралдардың салық салынатын құны болашақ қайта бағалау коэффициентіне түзетілімделіп, бекітілген алым мөлшерлемесі негізінде келесі формуламен есептеледі:

См=(Қнқ * К / 100%) * Сс / 100%,мұнда

См – мүлік салығының болжамдық сомасы;

Қнқ – салық салынатын негізгі құралдар мен материалды емес активтердің орташажылдық құны;

К – болашақ қайта бағалау коэффициенті;

Сс – салық мөлшерлемесі.

Жеке тұлғалардың мүлік салығының болжамы жеке тұлғаның меншік құқығыда және кәсіпкерлік іс-әрекетте пайдаланбайтын мүлігінің құны жөніндегі уәкілетті орган салық салынатын мүлік құнын анықтау үшін тұрғын үй-жайлардың бір шаршы метрінің базалық құны, оның көлемі, тозу коэффициенттері мен бекітілген мөлшерлемелерді пайдаланады. Сонымен қоса, есептеу жасағанда әрекетті заңнамаға сәйкес берілген жеңілдіктерде  есептелуі қажет. Бұл арада болжамдық түсімдер сомасы келесі формула арқылы анықталады:

См=Қнқ * Сс /100%, мұнда

Ск- көлік құралдары салығының болжамдық сомасы;

АЕК-жоспарлап отырған жылға айлық есептік көрсеткіш;

Сс-салық мөлшерлемесі;

К-пайдалану мерзіміне байланысты түзету коэффиценті.

Әлеуметтік салық мөлшерін болжамдау үшін ағымдағы жылдың осы салық бойынша салық декларацияларының мәліметтерін пайдаланады. Салық салынатын табыстың нақты көлемі мен әлеуметтік салықтың есептелген сомасы негізінде аймақ бойынша осы салықтың орташа мөлшерлемесі анықталады:

Со=Ән/Тн*100%, мұнда

  Со – салықтың орташа мөлшерлемесі;

Ән — әлеуметтік салықтың есепті жылда түскен нақты сомасы;

Тн – есепті жылдағы салық салынатын табыс көлемі.

Осыдан кейін, салық төлеушілердің салық салынатын табыстарының өсуі мен орташа мөлшерлеме мөлшерін пайдаланып, ағымдағы жылда түсетін әлеуметтік салықтың көлемі анықталады. Содан кейін, осы мәліметтер негізінде әлеуметтік салықтың болжамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

Әж=Та*Іб/100%*Со/100%, мұнда

  Әж — әлеуметтік салықтың болжамдық сомасы;

Та – ағымдағы  жыл бойынша салық салынатын табыстың сомасы;

Іб – жоспарлы жылдағы тұтынушылық бағалардың индексі;

Со — әлеуметтік салықтың орташа мөлшерлемесі.

Жер салығын болжамдау үшін келесі ақпарат қолданылады:

  • уәкілетті органдардың категориялар бойынша жер көлемі жөніндегі мәліметтері;
  • бонитет балдары арқылы сапа мен түрлерге дифференцияланған топырақ бойынша базалық салық мөлшерлемелері;
  • салық органдары ұсынған декларациялар мәліметтері.

Салық заңнамада қарастырылған жеңілдіктерді есептей отырып, жер салығының болжамдық  сомасы келесі формула арқылы анықталады:

Жж=Aж * Со * К,мұнда

Жж – жер салығының болжамдық сомасы;

Аж – жер учаскесінің алқабы;

Со — әрбір жер категориясы бойынша орташа базалық мөлшерлеме;

К – заңнамаға сәйкес жеке төлеушілер үшін тағайындалған коэффициент.

Жер салығын жоспарлау келесі категориялар бойынша іске асырылады:

а) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; ә) елді мекен жерлері;

б)өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер.

Бірыңғай жер салығын болжамдау үшін де декларациялар мәліметтері пайдаланады. Бұл салықты есептеу базасы болып жер учаскесінің бағалау құны табылады, ал оның сомасы осы осы бағалау құнға заңнамада бекітілген мөлшерлемені пйдалану арқылы есептеледі.

Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы болжамдық сомасы уәкілетті органдардың орман шаруашылығы бойынша дайындаған мәліметтері негізінде келесі формула арқылы есептеледі:

Та=Оқ * Со, мұнда

Та – орман пйдаланғаны үшін болжамдық төлемақы сомасы;

Ок – ағаш дайындау мен басқа да орман пайдалану түрлерінің көлемі;

Со – бекітілген орташа мөлшерлеме.

Су ресурстардың пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы су ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізі мен төлемақы төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану түрлеріне байланысты Үкімет тағайындаған мөлшерлемелерді қолдану арқылы келесі формуламен есептеледі:

Тс=Сп * С, мұнда

Тс – су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы;

Сп – алынған, пайдаланған су көлемі;

С – төлемақы мөлшерлемесі.

Бюджет кірістерінің шектелімдерін болжамдау процесінде әрекеттегі заңнамалық және нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды есептеу қажет және түсімдер бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша кезекті жылға бекітілген республикалық бюджет жөніндегі Заңның баптарына сәйкес болуы тиіс.

Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін болжау

Ішкі немесе жанама салықтар – ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар мен қызметке салынатын салықтар. Мұндай салықтардың нақты төлеушілері болып сол тауар немесе қызмет иелері салық сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі салықтарға қосылған құн салығы (ҚҚС) мен акциздер жатады. ҚҚС түсімдерін екі варианттың есебі елдің орташа мерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспарына сәйкес жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) болжамдық көлемі мен ҚҚС алуының орташа пайызына негізделеді. Есеп келесі формула арқылы жасалады:

ҚҚСж=ЖІӨж*Со/100%, мұнда

  ҚҚСж – ҚҚС болжамдық сомасы;

ЖІӨж – ЖІӨ болжамдық көлемі және

Со=ҚҚСе/ЖІӨе*100%, мұнда

  Со – алымның орташа пайызы;

ҚҚСе – есепті жылғы ҚҚС сомасы;

ЖІӨе – есепті жылғы ЖІӨ көлемі.

Екінші варианттың есебі ҚҚС түсуінің мониторинг жөніндегі салық органдарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл арада ірі салық төлеушілер бойынша есептелген және төленген ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер пайдаланады. Болжамдап отырған ҚҚС түсімдерінің сомасы әрбір ірі салық төлеушілер бойынша келесі формула арқылы есептеледі:

ҚҚСж=ҚҚСе*Іб/100%*Іө/100%, мұнда

  ҚҚСж – ҚҚС болжамдық сомасы;

ҚҚСе – есепті жылғы ҚҚС күтілетін сомасы;

Іб – жоспарлы жылдағы тұтынушылық бағалардың өсуі;

Іө — жоспарлы жылдағы өндірістің өсуі.

Республика аумағында импортталған тауарлар бойынша ҚҚС болжамы келесі жылғы жобалап отырған импорт көлемінің негізінде жасалады және келесі формула арқылы есептеледі:

ҚҚСи=Иж*Со/100%, мұнда

  ҚҚСи – импортталған тауарлар бойынша ҚҚС болжамдық сомасы;

Иж – жоспарлап отырған жылдағы импорт көлемі;

Со – есепті жыл бойы импортталған тауарларға ҚҚС орташа мөлшерлемесі, ал ол мынадай формуламен есептеледі:

Со=ҚҚСе/Ие*100%, мұнда

  ҚҚСе – есепті жылғы импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомасы;

Ие – есепті жылғы импорт көлемі.

Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар бойынша акциздерді болжамдау үшін алдыңғы жылда акцизделетін тауарлардың өндіріс көлемі жөнінде мәліметтер пайдаланады. Өндіріс көлемі орташа мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының көрсеткіштері арқылы анықталады. Тауарлардың әрбір түрлері бойынша акциз түсуінің болжамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі.

Аж=Өк*Са, мұнда

  Аж – жоспарлап отырған жылға акциз сомасы;

Өк – акцизделетін өнімнің өндіріс немесе өткізу көлемі;

Са – акциз мөлшерлемесі.

Ал импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциз түсімдерінің болжамы былай есептеледі:

Аи=Иж*К, мұнда

  Аи – болжамдық акциз сомасы;

Иж – импорттың болжамдық көлемі;

К – акциз алу коэффициенті: К=Ае/Ие, мұнда

Ае – есепті жылғы акциз сомасы;

Ие – есепті жылғы импорт көлемі.

 

Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін болжау

Кедендік баждар, басқа салықтар, халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша болжамдау үшін есепті мәліметтер талдауы мен республика аумағында ағымдағы мерзімде сыртқы сауда айналысының атқарылуы, өнімдердің экспорты мен импортталынған тауарлардың салық салынатан кедендік құны жөніндегі кеден органдарының мәліметтері және әрекеттегі кедендік баждар қолданады. Сонымен қоса, салық және кеден заңнамаларындағы өзгерістер мен теңгенің курсы есептеледі [21].

Шеттен әкелетін тауарлар бойынша кеден баждарының болжамдық сомасы келесі формула арқылы есептеледі:

Кб=К*Ик, мұнда

Кб – кеден баждарының болжамдық сомасы;

К – алу коэффициенті ( өткен мерзім бойынша есептелген кедендік төлемнің импорт көлеміне қатынасы);

Ик – болжамдық импорт көлемі.

Шетке шығаратын тауарлар бойынша кеден баждарының түсімдерін болжамдау маңында салық салынатын база ретінде республика немесе аймақтың орташа мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында қарастырылған экспорт көлемі алынады. Сонда осындай болжамдық түсімдер сомасы келесідей анықталады:

Кб=К*Эк, мұнда

Кб – кеден баждарының болжамдық сомасы;

К – алу коэффициенті (өткен мерзім бойынша есептелген кедендік төлемнің экспорт көлеміне қатынасы);

Эк – болжамдық экспорт көлемі.

Кедендік бақылау мен кедендік процедураларды іске асыру бойынша түсімдерді болжау салық салынатын база ретінде республиканың орташа мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының мәліметтері арқылы есептелген сыртқы сауда айналысының көлемі алынып, келесі формуламен болжамдық мөлшері анықталады:

Кбп=К*Ск, мұнда

Кбп – кедендік бақылау мен кедендік процедураларды іске асыру бойынша болжамдық түсімдер сомасы;

К – алу коэффициенті ( өткен жыл мәліметтері арқылы есептелген осы түсімдер мөлшерінің сыртқы сауда айналысының көлеміне қатынасы);

Ск – сыртқы сауда айналысының көлемі.

Роялти бойынша болжамдық түсімдерді есептеу үшін келесі мәліметтер қажет:

  • тиісті уәкілетті органдар ұсынатын пайдалы қазбалардың өндіріп алынатын болжамдық көлемі;
  • пайдалы қазбалардың орташа сату бағасы;
  • жер қойнауын пайдалану жөніндегі өзара шарттарда анықталған роялти мөлшерлемелері.

Қол қойылатын бонус бойынша түсімдерді болжамдау жер қойнауын пайдалану жөніндегі қол қойылатын өзара шарттар негізінде іске асырылады. Коммерциялық табу бонус бойынша түсімдерді болжамдау пайдалы қазбаларды өндіріп алу жөніндегі өзара шарттар негізінде жасалады.

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің болжамдық түсімдерін анықтау үшін роялтиді есептегенде қажетті көрсеткіштер керек, бірақ роялтидің орташа мөлшерлемесі орнына өзара шартта тағайындалған өнімдер бөлу бойынша ҚР үлес мөлшерлемесі пайдаланады. Үстеме пайда салықтың түсімдерін болжамдау есепті жылда әрбір өзара шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ішкі пайда нормасы 20 пайыздың үстінен алынған таза табыс сомасына байланысты.

Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжау

Капиталмен жасалған операциядан түсетін түсімдерді болжамдау осы төлемдерді төлеуді реттейтін заңнамалық актілерге негізделеді. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттің меншігіндегі материалды емес активтерді және жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді болжамдау үшін ел мен аймақтардың орташа мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының негізінде жасалған орталық, жергілікті және басқа да мемлекеттік органдардың болжамдық көрсеткіштері пайдаланады.

Республикалық бюджеттен бөлінетін ресми трансферттерінің болжамдық көлемі мен арнауларын жергілікті уәкілетті орган жеткізеді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қосымша бюджеттік тапсырыстар арқылы республикалық бюджеттен түскен арнаулы трансферттерді бюджеттік бағдарламалар бойынша бөледі.

Аудан бюджеттерінің түсімдер көлемінде облыс бюджетінен бөлінген ресми трансферттер есептеледі, ал облыс бюджетіне ресми трансферттер төмен тұрған бюджеттерден де, республикалық бюджеттен де түседі. Республикалық бюджет түсімдерінің көлемінде төменгі бюджеттер мен Ұлттық қордан түсетін ресми трансферттер есептеледі [22].