Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары туралы қазақша реферат
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік,бюджеттіжасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын —профициттіқүрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бүл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды.
Шығыстардың кірістерден асып түсүі мемлекеттік бюджеттің тапшылыгынтудырады. Тапшылықтың едәуір әрі түрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттаңцы.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мүндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның қүнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады. [7]
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы қүлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) «келеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер түрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ темендейді).
Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жөне оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да түлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын
көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банкгер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы үйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың өдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясатүш тұжырымдамаға негізделеді.
1. Жыл сайынгы теңгерілетін бюджет.Мүндай бюджет мүндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті тең-геру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын үлғайтуы мүмкін. Жүмыссыздықтың болуы және халықтың табысының қүлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бүл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сай-ын қүлдыруы болып табылады. Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс.
2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет.Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы қүлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер терендігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
3.Қаржының функциялық тұжырымдамасыныңмақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық түрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мүның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады және бюджеттің тап-шылығын жаба алады. Бұл түжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады
Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін бюджеттің түжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.
Мемлекеттік бюджет пен жергілікті бюджеттің 2007 ж орындалу қорытындысы.
1 кесте
млн.тенге
Мемлекеттік бюджет | Жергілікті бюджет | |||||||
жоспар | нақты | айырма | Орындалуы
% |
жоспар | нақты | айырма | Орындалуы
% |
|
Түсімдер | 2880,3 | 2887,8 | 7,6 | 100,3 | 1078,3 | 1083,7 | 5,4 | 100,5 |
шығыстар | 3155,4 | 3113,6 | -41,8 | 98,7 | 1545,2 | 1518,9 | -26,3 | 98,3 |
Бюджеттік процесс— бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекетгік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін гана емес, соньшен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», жыл сайынғы «Республикалық бюджет туралы» занға жөне Қазақстан Республикасының басқа зандарына сәйкес жүргізіледі. Бұл зандар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікгі бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару жөне бақылау төртібін белгілейді. [4, 3 –б.]
Бюджеттің жобасын уақтылы жөне сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде үсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссиянықұрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның қүрамын анықтайды.
Бюджеттік комиссиялардың құзырына мыналар кіреді: алдағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде үсыныстар талдап-жасау;
алдағы үш жылдық кезенде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру механизмін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап жасау;
республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды кездейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап жасау тиісті қаржы жьшына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар талдап жасау және өзге де өкілеттіктер.
Бюджеттік жоспарлаужоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу төртібін Үкімет айқындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, Үкіметтің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясаты, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Президенттің Қазақстан халқына елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. [23]
Республикалық бюджет жобасын әзірлеупроцессі мынадай кезеңдерді біріктіреді:
1) алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;
2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;
4) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;
5) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу.
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге бектілген бюджеттік алынымдар көлемін ескере отырып және орта мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджет құрылымына сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін айқындайды жөне оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді. Ол ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін қарайды және олар жөнінде шешім қабылдайды.
2. Республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері, орта мерзімді фискалдық саясатта айқындалған басқа да көрсеткіштер, республикалық бюджет тапшылығының ұйғарымды шекті мөлшері және орта мерзімді жоспарда айқындалған басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады. Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды. [22]
Экономикалық жоспарлау женіндегі орталықты уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтінімдерін қарау нәтижелері, заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және Республикалық бюджет комиссиясы айқындаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимитері шегінде:
1) ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, басым инвестициялық жобалар тізбесін;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі үсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылдың 15 маусымына дейін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Республикалық бюджет комиссиясы жоғарыда көрсетілген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру кезі мен тетігін және оларды іске асыруға жауапты болатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бюджеттік жоспарлау женіндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:
-бірыңғай бюджеттік сыныптама;
-ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиті;
-басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі;
-өткен қаржы жылында Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған үш —-жьлдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;
-орта мерзімді жоспар;
-орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жасалады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 25 маусымынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті орган белгілеген кестеге сәйкес үсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін мақсатты трансферттерді және бюджеттік кредиттерді қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті органға облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, Астана бөлінісінде осы бюджеттік бағдарламалар бойынша негізделген есептеулерді ұсынады.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның олар бойынша қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі жөніндегі ұсынысы ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесінен бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейін республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттаның жобаларын және шығыстарды есептеулерді Республикалық бюджет комиссиясының шешімдерін сөйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде оны Үкіметтің қарауына ұсынады.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы Қазақстан Республикасының бірнеше оңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады. [6, 7 –б.]
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:
алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдері;
жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері, жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі, республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі, Үкіметтің резерві мөлшері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті,үкіметтік борыш лимиті жөне басқа да қағидалар болуға тиіс.
Бюджет процесінде маңызды рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы зандардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Үкіметке табыс етеді, бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей енгізеді. Жоба Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.ТалқылауҮкімет уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Ұлттық банк Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Парламенттің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығыстарының, операциялық сальдосының, таза кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профициті пайдаланудың) жалпы көлемдері бектіледі. Келесі оқылымда тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы баптары бойынша бекітіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекітуПарламент палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда Президент алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға қүқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бектіледі. Бұл жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі. [20]
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікгі уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікгі нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен, ал аудандікі (облыстық маңызы бар қаланікі) 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады. Шешім жобасының мәтінінде алдағы қаржы жылына арналған бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың, (профицитті пайдаланудың) көлемдері облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджет субвенцияларының көлемдері жөне аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алынымдар көлемдері; жергілікті атқарушы органның резерві мөлшері; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш лимиті және басқа да қағидалар болуға тиіс.
Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын кіріктіреді.
Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетке түсімдердің түсуін,бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
Бюджет кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарына сөйкес бюджетке түсетін түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы занда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа төлеуді және есепке алуды; Кодекске сәйкес түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сөйкес бюджеттен түсімдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегін өтеу есебіне есепке алуды біріктіреді.
Бюджетке түсетін түсімдер ақша нысанында жүзеге асырылады және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.
Бюджетке шетел валютасымен түсетін түсімдер Ұлттық банкпен келісе отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есепке алынады.
Түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді Бюджет кодексіне сәйкес әрбір жұмыс күні бюджетті атқару женіндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. [8]
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы занда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мөслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бектілген сомалар шегінде толық және уақтылы орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Мынадай жағдайларда — бюджет түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген жөне бюджетті атқару барысында бюджет түсімдері олардың бектілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға төмендеген жағдайларда міндетті түрде бюджетті нақтылау жүргізіледі.
Бюджет Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде бекітілген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджетті нақтылау кезінде ғана жол беріледі.
Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бюджеттің кірістері жөніндегі жылдық жоспар қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша кем дегенде отыз пайызға немесе бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша алпыз пайызға және үш тоқсанының қорытындылары бойынша сексен пайыздан астам орындалған жағдайда жол беріледі.
Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылау бюджет заңдамасында белгіленген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
Бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда секвестр— бюджет қаражаттарын жүмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік енгізіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленеді.
Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он пайыздан астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгеріс жөне толықтыру туралы заңның жобасы немесе мәслихаттың шешімі Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша төлемдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұруға құқылы.
Бюджетті секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туыңдаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық зандамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетті тузетугеорталық мемлекеттік органдар жөне оларға ведомстволық бағыныштағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгерген жағдайларда жоспардан тыс түсімдер есебінен үкіметтік борышты өтеу көлемі ұлғайған және Бюджет кодексінде көзделген жағдайларда жол беріледі.
Жергілікті бюджеттерді түзетуге қаржы жылы ішінде Үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жоғарғы бюджеттен қаражат белінген және жоспардан тыс түсімдер есебінен жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу көлемі ұлғайған және бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жол беріледі.
Өткен қаржы жылындағы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Үкіметке, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етеді. [21]
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепбекітілген, нақтыланған түзетілген республикалық бюджетті және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетеді. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке түсіндірме жазба мен түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы таңдамалық есеп қоса тіркеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жьш сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді.
Парламент өткен қаржы жылы ішінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің жылдық есебін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін кезегімен, алдымен — Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында қаралғаннан кейін Парламентт палаталарының бірлескен отырысында бектіледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті жылдан кейін жылғы 1 сәуірден, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті 1 наурыздан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы 1 наурызынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға табыс етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептеме жүргізуге, олардың атқарылуын бағалауға республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына, республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына, бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімердің орындалуына бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. [21, 4 –б.]