Бизнес-жоспар жоспарлау процесі нәтижелерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспар бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтың құжат және менеджерлер командасының кәсіпорынды қандай түрде ұйымдастырайын деп жатқанын анықтайды. Толық бизнес-жоспар әдетте айтарлықтай көлемге ие, бірақ барлық кезде толығырақ жоспар жасаудың алғашқы варианты ретінде шағын бизнес-жоспарлар пайдаланылады. Бизнес-жоспар өнімге қарағанда процеске көбірек жақын және бизнес жоспарлаудың нәтижесін өзгеріссіз болып табылмайды. Сондықтан фирма қызыметін алғашқы белгіленген нәтижелерден ауытқыған жағдайда бизнес-жоспарды түзетудің күттірмейтін қажеттілігі бар.
Бизнес-жоспарды дайындауға әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық:
Бизнестің күнделігі. Шағын шаруа қожалығының бизнес-жоспары үлкен көлемде өнім шығарылатын, күрделі құрал жабдықтары және қаржы есебі бар ірі кәсіпорынның бизнес-жоспарынан айтарлықтай айрықшаланады.
Бәсекелестік деңгейі. Егер кәсіпорын күшті бәсекелестік күрес жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол бәсекелестер болса, онда ол бәсекелестер тарапынан күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес-жоспарды дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек.
Тұрлаусыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар тез өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейді, ол жоспарлау процесіне қиындатады және керісінше, тұрақты жағдайларда жұмыс істейді. Кәсіпорындарға болашақтағы қызметті болжамдау оңай.
Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы.
Бизнес-жоспар кәсіпкердің қабілетілігіне және оның командасының бизнестің ішкі және сыртқы ортасындағы қарым-қатынасты пайдалануына, кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс тұжырымдау ептілігіне байланысты.
Бизнес-жоспар өндірісі және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарланған мақсаттарды, онық ішінде кәсіби деңгейі жоғары менеджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс — әрекеттерді орындауға сай мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес – жоспар мақұлданса кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критерийі болуы керек .
Инвесторларды, бірінші кезекте, кәсіпорынның қарызды өтеуі, яғни оның тек пайызды төлеп қана қоймай, сонымен қатар негізгі қарызды қайтара алуы толғандырады. Сол себепті кәсіпорынның қаржылық көрсеткішін мұқият талдап, жоспарлау қажет. Бизнес – жоспар тек инвестиция тарту құралы ретінде пайдаланылады деген пікір де айтылып жүр. Шыңдығына келгенде, бизнес – жоспардың мақсат өрісі айтарлықтай кеңірек, себебі бизнес – жоспарды дайындаудың басқа да маңызды себептері бар. Соның ішінде:
Көбірек жөнге салынған жұмыс. Бизнес – жоспар менеджерлер командасының тиімді жұмыс істеуіне, яғни әртүрлі балама варианттардың ішінде өте пайдалысын тандауға, мүмкін болар тәуеклдердің алдын – алуға және олардан құтылудың немесе төмендетудің жолдарын анықтауға көмектеседі.
Болашаққа бағдарлану. Жоспарлау менеджерлеркомандасына көптеген проблемаларды болжауға, алдын – алуға және олар пайда болған кезде дайын болуға септігін тигізеді.
Ниеттердің мақұлдануы. Жоспарлау тек стратегияны тұжырымдауға ғана емес, сондай- ақ ниеттерді мақұлдау және тәсілдер арқылы оны жүзеге асыруға көмектеседі.
Нәтижеге дағдарлану. Мақсаттарды анықтау кәсіпорынды негізгі нәтижеге жетуге бағдарлайды.
Стресті басқару.Жоспарлау процесінде шындыққа негізделген мақсаттарды анықтау болашақтағы болатын стресс жағдайларынан құтылуға мұмкіндік береді.
Тиімділігі жоғары жұмысты қаржыландыру. Шындыққа жақын мақсаттарды белгілеу кезіндегі қисын әсері бизнес – жоспардың қолға түсетін аз салдары болып табылатын. Егер мақсаттар қиын болса да, бірақ жетуге болатынын адамдар көбірек дәлелдейтінін зерттеулер көрсетуде.
Кәсіпорынның жоспарлау процесінде кездесуі мүмкін бірқатар проблемаларды қарастырайық. Технологиясы тез өзгеретін салаларда жаңа бәсекелестердің пайда болуына және нарықтық ортаның өзгеруіне байланысты, бизнес-жоспар басылымға шықпай-ақ ескеруі мүмкін жағдайлар да болады. Сондықтан ортаның өзгермелілігі, тиімді бизнес-жоспар жасау жолында көңіл бөлуді талап ететін фактор болуы мүмкін. Елдегі жалпы экономикалық және саяси жағдай екінші себеп болып табылуы мүмкін, дағдарыс және қоғамдағы басқа да күйзелістер жобаларды жүзеге асыруға кері әсерін тигізері даусыз. Тұрлаусыздық пен болжамсыздық жағдайында қандай да бір міндеттерді мойынға алу өте қиын. Соңғысы – уақыт проблемасы. Әсіресе, кәсіпорын пайда болғаннан кейінгі алғашқы апта мен ай қайта құрылған кәсіпорындар үшін өте сындарлы кезең. Мұндай жағдайда дәл осы уақыт кезеңдерінің ерекше талқылануы шарт. Көбінесе, бизнес-жоспарды дайындау кезінде жіберілетін негізгі қателерді және оларды жеңу жолдарын қарастырайық.
1-кесте − Бизнес-жоспардағы негізгі кемшіліктер мен оларды жеңу жолдары
Жоспарлаудағы кемшіліктер | Тиімсіз жоспарлаудың негізгі белгілері | Кемшіліктерді жеңу жолдары |
Нақтылы мақсаттың болмауы | Жалпы,белгісіз мақсаттар;
Нақтыланбаған,саны жағынан белгісіз мақсаттар; Уақыт факторы ескерілмейді; Қосалқы мақсаттар мен нақты іс-әрекеттердің болмауы; Нәтижеге емес, қызметке бағдарлану; |
Нақтылы, санды және уақытша шамалас мақсаттарды белгілеу |
1 кестенің жалғасы
Мүмкін проблемаларды болжай алмау | Ақталмаған оптимизм;
Менеджердің баламалы стратегиясы мен жұмыс жоспарының болмауы; Менеджменттегі дағдарыстық құбылыстардың басымдылығы |
Жоспарлаудағы үлкен икемділік және болашақтағы проблемаларды болжай білу және олардан құтылудың жолын табу жағдайды бағалаудағы реализм |
Ұзақ мерзімді болжамдаудың болмауы | Қысқа мерзімді мақсаттарға бағдарлану;
Жоспарлаудың уақытылы түзетілмеуі |
Ұзақ мерзімді мақсаттарды белгілеу және оларды уақытылы қайта қарастырып отыру |
Жете белмеушілік | Ескішілдікке негізделген, күнделікті жұмыстарға шоғырлану, приоритеттердің болмауы | Командамен стратегиялық мақсаттарды жүйелі талдап отыру және қызметтің нәтижесі туралы хабарлап отыру |
Жоспармен жұмыс істемеу | Жоспарлар қайта қарастырылмайды;
Қоршаған ортадағы өзгеріске жетімсіз реакция |
Жоспарлауды оқтын- оқтын қайта қарастыру және жағдайды бағалау, тәсілдер мен әдістерді өзгерту;
Төзімділік жағдайын және конструкциялық сын жасау |
Тәжірбенің жете зерттелмеуі | Мақсаттарға талдаудың болмауы;
Қателерді және қиын жағдайларды қайта қайталау |
Жағдайды жақсыға өзгерту мақсатында бұрынғы тәжірибелерді жете зертеу:
Қиын жағдайларды шешу кезінде үлкен икемділік көрсету |
Бизнес-жоспарды дайындаудың әртүрлі тәсілдері бар.Көп тараған кітаптардың бірі ретінде Давид Бангоның ˝Бизнес –жоспарлау бойынша басқару˝ атты кітабы айтулуда. Бизнес – жоспарлау бойынша бізде алғашқы аударма ретінде Эрнест энд Янгтың ˝ Бизнес –жоспарын құрау˝ атты кітабын айтуға болады. Бұл кітап кәсіпкерлердің және бизнесті жоспарлаумен айналысатын кеңесшілердің арасында да кеңінен тараған, сондықтан бұл зерттеуде Эрнест энд Янгтың оқу құралында айтылған бизнес –жоспарды дайындау тәсілдері негізге алынған.Төменде бұл тәсіл˝Костанайстрой ˝акционерлік қоғамының цирконилік комбинаттық құрылысына тапсырыс алу үшін жасаған бизнес –жоспарының қысқаша мысалы ретінде келтірілді.
Біздің зерттеуімізге негіз ретінде бизнес – жоспардың келесі құрылымы алынады:Бизнес – жоспардың мұқабасы кәсіпорынның өзіне тән визит карточкасы болып табылатындықтан,келесідей мәліметтерден тұру қажет:кәсіпорын аты,мекен-жайы,байланыс телефоны және факс нөмірі, бизнес – жоспардың жасалған жері,жылы және айы.Бизнес – жоспардың атауы жопарлау объектісін нақты және бір мәнді етіп сипаттауы керек.Мұқаба үлгісі төменде көсетілген.
− Мазмұны. Барлық бизнес –жоспар беттері көрсетілген қосымшаларды қоса алғанда , бизнес – жоспардың барлық бөлімдері тізбектілетін мазмұннан басталады.
− Атқарушы резюме. Бизнес – жоспардың қысқа мазмұнын көрсетеді және әдетте, бизнес – жоспардың барлық бөлімдерін дайындағаннан кейін жазылады, алайда бизнес – жоспардың құрылымында ол мазмұннан кейін тұрады. Бұл бизнес – жоспардың негізгі концепциясына инвестордың ерекше көңіл аудару мақсатында істеледі,олардың көбісіне кейде бизнес – жоспардың барлық бөлімдерімен танысу қажет және қажет емес дегенді шешу үшін тек атқарушы резюмемен танысса да жеткілікті.