Бірінші араб-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі туралы қазақша реферат
Сионистердің саясаты әрқашан көп территоряларды, БҰҰ шешімімен еврейлерге берілген территроиялардан басқа жерлерді де қолдарына түсіру болды. Сонымен, олар екі мемлекеттің де тәуелсіздігін жариялайтын күнді күтпей (1948 жылдың 1 қыркүйегі), жалпы Палестина жерін арабтардан “тазартуды” бастады. Яғни, БҰҰ-ның шешімін бірінші бұзған еврейлер, бұл- парадокс болып табылады. Бен Гурионның айтуы бойынша: “Ағылшындар өз әскерлерін Палестинадан шығарғаннан кейін, біз үлкейген және Хаганамен еврейленген мемлекетті қолымызға түсіргіміз келді”7. Англия өз әскерлерін әкетумен праллельді түрде еврейлер Тиберия, Яффа және Сафад сияқты маңызды қалаларды оккупациялай берді. Олар тіпті халықаралық статусқа ие Иерусалимнің де көп бөлігін басып алды. Онымен қоймай, сионистер көптеген террорлық актілерді ұйымдастырып, араб халқын қыруды тоқтатпады. Яғни, араб-еврей соғысы іс жүзінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы шешім қабылдаған күннен кейін-ақ басталды. 1947 жылы наурыздың аяғында Хагана басшылары жалғыз шешім-инициативаны өз қолына алып, әскери күшпен басқыншылықа өту екенін түсініп, соған байланысты “Д жоспарын” құрады. Ол жоспар бойынша,сионистік қаруланған күштер еврей мемлекетіне өтуі тиіс аудандарда өз билігін орнатуы керек, келешек еврей мемлекетінің шекараларын қорғау керек және еврей мемлекетінің территориясынан тыс отырған еврей мекендері мен халқын еврей мемлекетінің ішінде немесе сыртындағы жаулардан қорғау керек болды. Бұнда барлығы айқын көрінді-арабтардың өмір сүріп отырғаны туралы ештеңе айтылмады, олар жау деп аталып, олармен “жауларша сөйлесті”.
Мысылы, 1948 жылы мамырдың 9-нан 10-на қараған түні еврейлер арабтардың тыныш тұрған Дейр-Ясин қаласына шапқыншылық жасап, 259 адамды өлтіреді. Бірақ, бұл жалғыз факт емес. 1947 жылдың желтоқсанында Квазза ауылына қарсы, 1948 жылы наурызда Салама ауылына қарсы, ал 1948 жылдың сәуірінде арабтардың Айн-аз-Зейтун, Салах-ад-Дин, Бийр Аббас және Кастель ауылдарына қарсы қарулы әрекеттер жүргізіледі. Олар әсіресе арабталған, яғни араб халқы көп қоныстанған Яффа (қазіргі кезде Тель-Авивтің бір бөлігі) және Аккра қалаларын аяусыз қырды. 1948 жылдың сәуірінде Иерусалимнің Катамон деген ауданында да қанды күрес болып өтті. Бірінші араб Израиль соғысына дейін-ақ 400 мыңға жуық араб халқы сионистер басып алған аудандардан кетуге мәжбүр болды, яғни босқындар мәселесі соғысқа дейін пайда болды. Кейін еврейлер: “кеткен арабтардың барлығы да “өз еркімен” туған жерін тастап кетті немесе олар араб үкіметінің үгіт-насихат құрбаны болып, көшіп кетті”,-деп айтты. Оның барлығы да жалған екендігі ақиқат. Оған бұрынғы Кнессеттің (Израиль парламенті) мүшесі Ури Авнеридің айтқан сөзі дәлел: “Мен арабтарды ығыстыру Бен Гурион және оның үкіметінің мақсаты болғанына сенімдімін”8.
“Д жоспары бойынша”, Хагана әскерлері Иерусалимнің батыс бөлігін жаулап алды, батыс Галилеяға кіріп, Тель-Авив және Иерусалим арасындағы коридорға өз бақылауын орнатты. Мұндай әрекеттер жиі террормен жүргізіліп отырды. Олар Дейр-Ясин және Катамондағы трагедияны білген арабтар арасында үрей тудыру үшін насихатталды және олардың туған жерін тастап, қашып кетуі үшін айтылды. Ол кезде көптеген өлген адамдардың денелерін, олардың қалай өлгенін көрсететін фотолар көп данамен басылып шығарылып. Араб ауылдарында таратылды. Сонымен біргі, олардың ішінде “Егер сендер кетпесеңдер, бұл сендердің де бастарыңа келеді деген” сияқты жазулар болды.
Яғни, еврейлер арабтардың өз үйлерін тастап кетуіне қол жеткізу үшін психологиялық тәсілдерді де қолданды. Ал, соғыс басталғаннан кейін өз ауылдарына оралғысы келген арабтарды қуып жіберіп отырды. Мұндай саясаттың еврейлер үшін 2 жағымды жағы болды:
1) Ол арабтар үшін босқындар проблемасын туындатты, яғни арабтардың нашар дамыған экономикасы мен әкімшілігін есепке ала отырып, оларды басып кіру мүмкіндігінен айырылтты;
2) Еврейлерге олардың қатарындағы “бесінші колоннаның” жоқтығын, яғни еврей мемлекетінде арабтардың болмауын қамтамасыз етті.
Осының бәрі 1948-1949 жылдардағы Палестина соғысы араб елдерінің Израильге басып кіруі нәтижесінде басталды деген қағидаға қарсы келіп тұр.
Араб-израиль арасындағы шиеленісті қатынастар басқа араб мемлекеттерінің саясатында да көрініс тапқаны анық. Ол әсіресе Израильдің тәуелсіздігін мойындағаннан кейін байқалды. Алайда, араб мемлекеттері мен Израиль арасындағы қатынастар тек Палестина мәселесінің шешілмегеніне ғана байланысты деп айта алмаймыз. Академик Е.Примаковтың айтуы бойынша, “Араб-Израиль арасындағы конфликтінің туындауына себеп болған-Израильдің басқа араб мемлекеттерімен қатынастары”9. Оның конфликтті сипаттағы саясаты нәтижесінде тек Палестина арабтары ғана емес, басқа араб мемлекеттері де Израильдің болуына өте қатты наразылықтарын білдіріп, оның бұл жерде пайда болуы мүлдем дұрыс емес деп ойлады. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Израиль мемлекет емес, “сионистік ұйым” деп айтылды.
Сонымен, сионистердің әрекеттері өте үлкен көлемге жетті. Яғни, “бутылкадан сионистік джинді” шығарып алған Британ колониализмі қателік жасағанын енді түсіне бастады. Тіпті сионизм мақсатын өте қатты жақтаушы, сол кездегі Ұлыбртанияның сыртқы істер министрі У.Черчилльдің өзі “Егер біздің сионизм жөніндегі армандарымыз орындалмай, біздің оны дамыту жолындағы еңбегіміз бекер кетсе, мен және мен сияқты басқалар да ойларын өзгертуге мәжбүр болады, сионизмнің болашағы үшін бұл кері әрекеттерді тоқтату керек”,-деп айтты.
1948 жылы 11 мамырда Ұлыбритания күтпеген жерде Палестина5а мандатының жойылғандығы туралы жариялап, 14 мамыр күні өз әскерлерін алып кетеді. Соны пайдаланған еврейлер 14-нен 15-не қараған түні Израиль мемлекетінің құрылғандығын жариялайды. Оны сәуірде құрылған еврейлердің Ұлттық Кеңесі жариялайды. Бірінші президенті болып Хаим Вейцман сайланады. Яғни, олар Иерусалимдегі ағылшындардың штаб-пәтерінен “Юнион-Джекті” (ағылшындар өз жалауларын солай атайды) көтерді. Кейін Израильдің АҚШ-тағы елшісі болған А.Эбанның айтуы бойынша, Америка Израильді 5 минуттан кейін-ақ мойындады10. Келесі күні бірінші араб-израиль соғысы басталды.
15 мамырда Сирия, Египет, Ливан, Ирак және Трансиордания әскерлері Палестинаға кірді. Сауд Аравиясы мен Йемен де Израильге қарсы соғыс жариялады. Араб елдерінің әскерлері 21 мың ғана болса, еврейлердікі 65 мың болды. Соғысты негізінен араб жағы бастаса да, оның алғышарттарын жасаған-еврейлер. Яғни, бұл соғыс арабтар шыдамының соңғы тамшысы еді және ол бірінші араб-израиль соғысына әкелді.
Бұл жерден де Ұлыбританияның саясатын байқауға болады. Оның “кетіп бара жатып, қалу” принципінің көрінісі-соғысқа оның жақтастары-Египет, Иордания және Ирактың қатысуы. Ол дегеніміз-Англия әлі де болса сол аймақта экономикалық, әскери, идеологиялық үстемдіктерінен айырылғысы келмеді. Израиль бар үмітін АҚШ-қа артты, ал АҚШ өз алдына соны пайдаланып, аймақтың “дәстүрлі” колонизаторлары-Ұлыбритания мен Францияны ығыстырып тастағысы келді. КСРО-да Таяу Шығыстағы Англияның позицияларын әлсіреткісі келді. Бұл жерде Сталин ойында бір қателік жіберді. Оның ойынша, Гитлердің жаңа жүйеісі кезіндегі еврейлерді құтқарып қалған Қызыл әскерге алғыс ретінде Израиль КСРО-ға арқа сүйеп, онымен одақтасады. Сталинға араб әлемінде антиағылшындық леп ояту өте мңызды болды. Бұл бір жағынан дұрыс та болған шығар, бірақ Сталин неге екені белгісіз, Американы есепке алмады. Біз білетіндей, Израиль үкіметі керісінше, сыртқы саясатында АҚШ-ты таңдады.
Алғашында әскери қимылдар кезек сәттілікпен өтті, яғни бірде Израиль әскерлері жеңсе, бірде араб әскерлері де біраз жерлерді жаулап отырды. Мамырдың аяғында Араб легионы Палестинаның орталық бөлігін, Иерусалимнің ескі бөлігін және Раммалахты, Ирак әскерлері Набиус, Дженин және Туль-Кармды, Египет әскерлері Беэр-Шевуды жаулап алды. Бірақ, көңіл аударатын жайт-араб мемлекеттерінің әскерлері бүкіл соғыс барысында еврей мемлекетіне берілген территорияларды алмады. 1948 жылы қыркүйекте Араб елдерінің Лигасы шешімімен Бүкіл Палестина үкіметі немесе Газа үкіметі құрылады, оның басында Хильми-паша тұрады.
Алайда, 1948 жылдың күзінен бастап, соғыс фронтындағы жағдай өзгереді, Израиль әскерлері желтоқсанның аяғына қарай Палестинаның көп бөлігін оккупациялады.
Нәтижесінде соғыста арабтар жеңілді, оның бірнеше себептері болды:
1) Бұл соғыс көптеген ғасырлар бойы отар болған, жаңа ғана тәуелсіздігін алған араб мемлекеттері мен Ұлы державалар қолдап отырған сионизм арасында болды. Әрине Израиль әскерлері арабтарға қарағанда мықты болды, себебі оған АҚШ қаржылай және қару-жарақпен де жақсы көмектесті.
2) Англия және Ирак, Египет, Трансиордания қол қойған келісімге байланыты араб мемлекеттерін қару-жарақпен қамтамасыз етуде Ұлыбритания өз мойнына алды, яғни олар қаруды тек Англиядан алу керек боатын. Ал, ағылшындар өз алдына арабтарға қару-жарақ беруге асықпады, себебі ағылшын үкіметі бұл қару келешекте өзіне қарсы бағытталады деп қорықты. Оған қоса. Англия араб елдерінің ауызбіршілігін қаламады, керісінше кез-келген жадайда олардың арасына алауыздық тудырып отырды, ол әрине араб мемлекеттерін әлсіретті;
3) Соғыс барысында жасалған бітімдер БҰҰ-ғы ағылшын-американ блогының күшімен Израиль пайдасына шешілді.
Бұл бітімдер туралы нақтырақ айта кетсек, олар дүниежүзілік қауымдастықтың Таяу Шығыста бейбітшілік орнатудың алғашқы әрекеті болды. Қауіпсіздік Кеңесінің 4 және 13 қарашадаға қарарларына сәйкес, екі мемлекете те соғысты тоқтатып, келіссөздер арқылы бейбі келісімге келуге керек болатын. О үшін Египет, Сирия, Трансиордания және Ливан өкілдері мен Израиль өкілі Грецияның Родос аралында келісөздер жүргізуді бастады. Бұл “Родос формуласы” деген атқа ие болды. Оның негізінде 4 бітім-шартқа қол қойылды: 1) Египет-Израиль арасында (1949 жылы 24 ақпан), 2) Ливан-Израиль арасында (1949 жылы 23 наурыз), 3) Иордания-Израиль арасында (1949 жылы 3 сәуір), 4) Сирия-Израиль арасында (1949 жылы 20 шілде). Әр келісімнің Преамбуласында бұл бітім-шарттың уақытша екенігі және шекаралық сызықтардың да, яғни демаркациялық сызықтардың да уақытша екендігі айтылды. Бірақ, уақытшадан тұрақты ештеңе жоқ екендігі белгілі. Оның айқын мысалы-сол кезде уақытша белгіленген сызықтар бүгінгі күні Палестина және Израиль арасындағы шекара болып табылатыны.
Сонымен, соғыс барысында Израиль өзіне қосымша 6,7 мың шаршы шақырым жерді қосып алды, яғни Палестина арабтарына берілген территорияның 60%-ы. Палестина араб мемлекетінің құрылмаған басты себебі де осыған байланысты. Ал, қалған 40%-ын Иордания мен Египет өзара бөлісіп алды. Яғни, Трансиордания Шығыс Палестинаны алып (59,5 мың шаршы шақырым жер), Иордания болып өзгерсе, Египет Газа аймағын және Эль-Ауджа қаласын қолына түсірді (258 шаршы шақырым). Бұл да келісімдер бойынша уақытша, яғни Палестина өз тәуелсіздігін лғанға дейін ғана болды.
Бұл жерде ешқандай қосымша сұрақтар тумас үшін, Египет пен Иорданияның саясатын және бұл мәселеге араласу дәрежесін айтып кеткен жөн.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Осман империясының территорияларын өзара бөлісу басталды. Мұндай бөлісуге Палестина да ұшыраған болатын, бірақ оның жағдайы әлі белгісіз болды: ол Ұлыбританияныкі де емес, АҚШ-тыкі да емес еді. Сонда да ағылшындардың бұл мәселеде жеңіп шығуы сезілді. Бірақ, мұнда бір ұмытылып кткен жайт болды: бұдан екі жыл бұрын ағылшын барлаушысы полковник Лоуренс мұсылмандар қасиетті жерлерінің қорғаушысы, Меккенің шерифі әмір Хусейнді өз жағына қарату үшін оған Англия жеңіске жеткен жағдайда барлық арабтарға тәуелсіздік алып беретінін уәде етті. Лоуренстің бұл міндеті тіпті ресми документпен кепілденген болатын. Онда: “Ұлыбритания Меккенің шерифі қолына алғысы келетін барлық аудандардағы арабтардың тәуелсіздігін мойындайды және қолдайды”,-делінген11.
Бірақ, “Бальфур декларациясы” бұл міндетттемелерге қайшы келді, оған қоса сионистердің ол кезде айтқан “ошақ” сөзі бүкіл Палестинада еврей мемлекетін құру екендігі анық болды. Олардың Версаль бейбіт конференциясында ұсынған өз мемлекетінің картасында Иордан өзенінің екі жағы, Ливан және Сирия көрсетілді. Палестина арабтары шериф пен ағылшындарға сенеміз деп алданып қалғандарын түсінеді. Олардың Осман империясы құлағаннан кейін тәуелсіз Палестина мемлекетін жариялау ойы жүзеге аспады, керісінше олар Англияның мандатты территориясына айналды.
Нәтижесінде үлкен конфуз пайда болды: Иерусалимде феллахтар мен қала тұрғындары салық төлеуден бас тартты. Түрлі мемлекеттердегі араб лидерлері наразылықтарын білдірді, жер-жерде демонстрациялар мен митингілер ұйымдастырылды. Мұндай жағдайларда ағылшын дипломатиясының тәжірибесі мол екендігін атап өту қажет. Жағдайды тыныштандырамын деген колониялардың министрі У.Черчилль екі түрлі міндеттемелер туралы айта бастады, яғни бір жағынан арабтарды ренжітпеу, ал екінші жағынан еврейлерге иммиграция есебінен халқын өсіруге мүмкіндік беру.
Ағылшындар ыза болған әмір Хусейнді де ұмытпады, өйткені ол Таяу Шығысқа ұмтылған Францияға қарсылас ретінде және бедуин тайпаларын бағындыру үшін керек болды. Оның үлкен баласы Фейсалды Сирия билеушісі етіп қойғысы келді, бірақ ол жүзеге аспағандықтан, Бағдадтың басшысы етіп қойды, ал кіші ұлы Абдаллаға Иорданияның шығысындағы шөлдің бір бөлігін беріп қойып, Трансиорданияның әмірі етіп сайлады. Оның астанасы-Амман қаласы болды. Лондон әмірлерге территорияда тәртіп орнатуға кеткен шығындарын төлеуге уәде берді.
Ал, бірінші араб-израиль соғысы кезінде Бүкіл Палестина үкіметінің жариялануы Трансиордания королі Абдалланың жоспарына кірмеді. Ол кезде Абдалла өзін ең күштімін деп сезінді, себебі ол шашырап жүрген бедуин тайпаларының басын біріктірді және черкестерден өзінің жеке гвардиясын құрды. Сонымен бірге, ағылшын әскерінің кетуіне бірнеше ай қалғанда Лондон мен Амман арасында құпия келісім жасалған болатын. Ол бойынша, Трансиорданияға Иорданның батысы кіруі тиіс болды. Яғни, Абдалла соғысқа Палестина мемлекеті үшін емес, Палестина жерін өзіне қарату мақсатында қатысты.
Әскерді ағылшын генералы Глабб-паша немесе Абу-Хунейс бастады, оның Лондон мүддесінде жұмыс атқарғаны белгілі. Бұл Ұлыбританияға өте қолайлы болды: олар Палестинадан кетіп бара жатса да, Абдалла арқылы ол жерді өз бақылауында ұстады. Ал, Абдалла болса, оларсыз ештеңе жасай алмады, өйткені ақшаны Британ қазынасынан алып отырды.
Глабб-пашаны Ирак әскерлері қолдап, оған көмектесті (Бағдадта оның ағасы билік жүргізді). Оның адамдары Иорданияның батысын жаулап алды, Иерусалимге басып кіріп, ескі қаласынан “Хагана” отрядтарын және Палестинаның партизандық отрядтарын қуып тастады.
Соғыс бітті, египеттіктер Бүкіл Палестина үкіметі туралы біржола ұмытуға тура келді. Жағдайдың осындай болуы Абдаллах үшін тиімді болды. Ол көп ұзамай Палестина жерін өзіне қосып алып, шекарасын кеңейтіп, мемлекетінің атын Иордания деп өзгертеді. Бірақ, ол бұл орнында көп отырмайдв, себебі оны өлтіріп кетеді. Алайда, не болса да, картада араб мемлекетінің жаңа атауы пайда болды.
Соғыстың басты маңызы-сионизмнің қайта жеңіске жетуі болды. Яғни, еврейлердің ұлттық ошағы туралы идеясы өмірге келді, оған қоса Израиль БҰҰ бекіткен терриориялардан басқа көптеген жерлерді және Батыс Иерусалим немесе Жаңа Иерусалимді алды.
Соғыстың нәтижесі арабтар үшін қандай болды десек, әрине жеңілген елдің жағдайы үнемі ауыр болады. Ал, жеңілген және ған қоса, территориясынан айырылған Палестина арабтары үшін ол бірнеше есе ауыр болды. Көптеген палестиналықтар араб және араб емес мемлекеттерде шашырап, орналаса бастады. Саяси партиялар ыдырады, ал олардың басшылары басқа мемлекеттерге кетіп қалуға мәжбүр болды. Халық не істерін білмей, тосыннан сасып қалды. Оған 40 жылдардың аяғындағы араб лидерлерінің арасындағы алауыздық және саяси әрекеттердің реалистік, маңызды бағдарламасын жасау талпынысының болмағаны себеп болды. Әскери-саяси біртұтастық болмады, араб мемлекеттері империалистік державаларға әлі де тәуелді болды. Ал, жеңілістің ең басты себебі-40 жылдары барлық араб мемлекеттерінде дерлік болған әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық.
Бірақ, бұл соғыс сонымен қатар, арб әлемінің бірнеше қоғам қайраткерлеріне көзін ашып берді. Олар ұзақ жылдар бойы араб мемлекетерінің саяси және экономикалық артта қалушылығын, әлеуметтік-саяси және экономикалық жақтан кемшіліктерін түсінбей келді. Осындай қайраткерлердің бірі кейін Египеттің және бүкіл араб әлемінің танымал лидеріне айналған Гамаль Абдель Насер өзінің “Революция философиясы” атты кітабында былай деп жазды: “Біз бұйрық алған астанадағы жағдай біздің бәріміздің арамызға үлкен қоршау туғызды, бұл тіпті Фаллуждадағы қарсыластың да күшінен асып түсті”12. Яғни, Насер мен оның жақтастары Батыстың өзінің саяси ойынында араб елдерін пайдаланып отырғанын түсінді. Сол кездегі араб лидерлерінің антиизраильдік сипатта бірлікке келе алмағанының да себебі осы, яғни олар батыс елдеріне тәуелді болды.
Көптеген зерттеушілердің ойынша, араб мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының біркелкі емес немесе бір деңгейде еместігі арабаралық қатынастардың арасында да конфликтінің туындауының бір себебі болып табылады. Яғни, бұл араб елдерінің бәріне ортақ стратегиясы мен тактикасының, бірінші кезекте Палестина мәселесіне байланысты стратегиясының қалыптасуына кедергі келтіретініне сенімді.
Палестина соғысында арабтардың жеңілуінің тағы да бір жағымсыз жағы болды. 1948-1949 жылдардығы соғыс нәтижесінде араб әлемінің революциялық потенциалы ұлттық бағытқа ауыстырылды, араб әлеміндегі жұмысшы класы санасының қалыптасуы тежелді. Бүгінгі күнге дейін араб әлемінің жетекші саяси доктринасы-ұлтшылдық болып табылады, ал арабтар күресінің әлеуметтік аспектілері екінші орынға шығады. Араб ұлттық буржуазиясы өзіне қажетті бағытта және деңгейде жұмысшыларға әсер етеді.
Бірақ, оның бәрін есепке алсақ та, палестиналықтардың соғыста жеңілуінің ең басты трагедиясы-соғыс аяқталғаннан кейін олардың қолдарында не мемлекеттің, не қандай да болсын ұлттық қоғамның қалмағаны болып табылады. Олардың саяси ұйымдары ыдырап кетті, ал көптеген лидерлер өзінің кәріптілігін көрсетті. Палестина мемлекетінің 2/3-не еврейлер қоныстанды, ал қалған бөлігін, яғни Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторын тиісінше Иордания мен Египет бақылауына алды.
Палестина соғысының негізгі нәтижесі-көпжақты Палестина проблемасының туындауы, ол уақыт өте халықаралық сипатқа ие болды. Палестина 40 мың адамынан айырылды (Израиль 21 мыңнан айырылды), босқындар саны 900 мыңға жетті, Израиль жоғарыда айтып кеткендей, 6,7 мың шаршы шақырым жерді өзіне қосып алды, ол сол кезде $2,5 млрд.-ға бағаланды.
Әрине, палестиналықтардың жерлерінде жайғасқан еврейлер сол жердің халқына тыныш өмір сыйламады. Босқындар проблемасы арабтарды алаңдата бастады, себебі көптеген халық сионистік террордан қорқып, Отандарын тастап кетуге мәжбүр болды.
1948 жылы 30 маусымда-ақ Израиль үкіметі “Тасталып кеткен аудандар туралы жарлығын” жариялады, ол бойынша еврейлер арабтарға берілген, бірақ соғыс кезінде жаулап алған немесе жарты тұрғындары жоқ территорияларды “тасталып кеткен” деп, өз құрамына қосып алу құқығы болды. Олар соны негіздеп, арабтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін тартып алып отырды. Деректер бойынша, олар 16-20 млн. дунам жерді өздеріне қосып алды.
Осындай жағдайға БҰҰ халықаралық ұйым ретінде араласуы тиіс болды. Сонымен, 1948 жылы 11 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы №194 (ІІІ) қарарын қабылдады. Ол бойынша, босқындардың Отандарына қайту құқығы бар, ал кім қайтқысы келмесе, оған жоғалтқан мүлкі үшін компенсация төлейді. Бір жылдан кейін БҰҰ Палестина босқындарына көмектесу үшін және жұмыстарды ұйымдастыр үшін Таяу Шығыс Агенттігін (БАПОР) құрады. Одан кейін босқындар туралы мәселе тұрақты түрде талқыланып тұратын болды, бірнеше қарарлар қабылданды, бірақ Израиль олардың ешқайсысын да мойындамады. Тіпті сол кезде Давид Бен Гурионның: “Оларға бір тұт та жер бермейміз, біздің терриорияда бір де бір босқын болмайды” деген сөзі бар13.
Араб елдері босқындарды заңды жерлеріне қайтару туралы қаншама рет айтса да, оны ешкім құлаққа аспады. Батыс та өзінше бір шешім немесе ұмыны айтқысы келді, олар босқындарды қашып, паналаған арб мемлекеттерінде қалдырғысы келді. Алайда, мұндай шешімді араб мемлекеттері дұрыс деп таппады, өйткені:
1) Босқындарды сол мемлекеттерде орналастыру олардың Палестинадан қуылуына көну болып табылатын еді;
2) Араб мемлекеттерінің осыншама көп адамдарды қабылдап, оларға қажетті жағдай қалыптастыруға, жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндіктері болмады.
Босқындардың өмір сүру жағдайлары өте нашар еді, дегенмен олардың бір бөлігі жұмыс тауып, тұрған лагерьлерінен көшіп кетті. Ал, қалған жүздеген мың адам сол жғдайда өмірлерін жалғастыруда. Бұл жерде БҰҰ көмек көрсеткендей болды, бірақ әр босқынға жылын берілетін $25-ға қалай өмір сүруге болатынын өзіңіз де ойлап қараңыз…
Ал, Израиль арабтарды таптауды аяқтамады. 1950 жылдың наурызында ол “Жоқ адамдардың мүліктері туралы” жарлығын жариялады. Ол бойынша, 1947 жылы 29 қарашада басқа жерлерге кеткен араб тұрғындары жоқ адамдар ретінде қарастырылды, тіпті сионистік террордан қашып құтылғысы келген және Израильдің басқа аудандарына қашып кеткен адамдар да сол тізімге ілінді. Мысалы, 1948 жылға дейін Негев ауданында 48 мың Палестина арабтары өмір сүрсе, Израиль үкіметі оларды Иордан және Синай жартыаралына қуудың нәтижесінде олардың саны небары 13 мың ғана болды. Израиль шекарасында қалған 585 араб ауылының 478-і жойылды, қалған 107 ауылдың тұрғындарын көшіріп, олардың жерлері мен мүліктері тәркіленді.
Жерлерін жоғалтумен қатар, арабтар репрессияға ұшырады, себепсіз жер аударылып, жасамаған қылмыстары үшін түрмеге жабылды. Көптеген аудандарда комендаттық сағат енгізілді, террористік актілер жиілеп кетті. Мысалы, 1948-1967 жылдар аралығында олардың саны 21 мыңға жетті.
Әрине, соған байланысты Израильдегі арабтардың үлесі айтарлықтай төмендеді. Мысалы, 1949 жылы ол 52,8%-дан 18%-ға кемісе, 1950 жылы 13%-ға дейін азайды. Израильдің күшейіп алғаны сонша, ол тіпті араб-израиль соғысында жаулап алған территорияларды Палестина және Израиль арасындағы шекара, Израильдің ажырамас бөлігі деп жариялауды талап етті және бұл жерде БҰҰ-ның тарапынан көмек күтті.
Осындай империалистік саясатына және БҰҰ-ның қарарларына бағынбайтын позициясына қарамастан, Израиль 1949 жылдың 11 мамырында оған мүше болды, ал 1950 жылдың қаңтарында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қарарын бұзып, Иерусалимді өзінің астанасы етіп жариялады (1948-1949 жылдары болған соғыс нәтижесінде жаулап алған жаңа бөлігін).
Осы әрекеттердің барлығы да Батыс державаларының қатысуымен болғаны белгілі. Сондықтан, олар енді Таяу Шығыстағы оқиғалар Батыс сценариі бойынша дамып, өрістеуі керек деген ойда болды. Аймақтағы мемлекеттердің ішкі саяси дамуы есепке алынбайтын, онда тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ете алатын Кеңес Одағының да ролі еленбейтін. Олардың осындай қауіпті орындалмас ойын немесе арманын “Үштік декларациямен” түсіндіруге болады. 1950 жылы 25 мамырда Ұлыбритания, “Франция және АҚШ Таяу Шығыс аймағындағы қауіпсіздік туралы декларациясын жариялады. Бір қарағанда, ол декларацияның мақсаты жақсы болды, ол Таяу Шығыстағы қару жарысын тоқтатуға бағытталғандай болды. Ал, шын мәнінде “Үшеудің келісімі” нәтижесінде Батыс державалары сол аймақты бақылауында ұстауға тырысты. Ол бойынша, Израиль де, араб мемлекеттері де қару-жарақ және әскери материалдармен қамтамасыз етілуі керек бірақ Израильге статус-кво* беріледі, яғни ол Палестина арабтарына не істегісі келсе, істей алатын еді. Арабтардың өз ұлттық құқықтарын қорғауға байланысты барлық әрекеттерін Тель-Авив террор деп түсінді. Әрине, ол Батыстың мұндай агрессивті акциясын қолдады және тіпті ол блокқа мүше болғысы келді. Бірақ, 1956 жылғы Египетке қарсы ағылшын-франко-израильдік агрессияға байланысты бұл жоспар іске аспай қалды.
Дегенмен, кейбір жазушылардың пікірінше, 1948-1950 жылдары Израиль мен араб мемлекеттері арасында келіссөз көмегімен бейбітшілікті орнату мүмкін еді. Бірақ, сионистердің саясаты оған қайшы келеді. Бен Гурионның өзі бір сөзінде: “Арабтардың бізге жасаған ең үлкен жамандығы-олармен бейбіт келісім орнату”,- деп айтты15. Оның тағы да бір дәлелі-1948 жылы Бүкіләлемдік еврей Конгресінің төрағасы Наум Голдман Израиль мемлекетін жариялауды кейінге қалдыра тұру ұсынысынан Бен Гурионның бас тартуы. Яғни, егер сол кезде Бен Гурион оны қабылдаса, 1948-1949 жылғы соғыс және бүгінгі күнгі қиын жағдай мүмкін болмайтын еді. Еврейлердің босқындар мәселесін реттеуге қарсы шығуы да араб-израиль қатынастарының дамуына кері әсерін тигізді.
Сонымен, соғыс аяқталы, арабтар мен еврейлер арасындағы қақтығыстар бір күнге де тоқтаған жоқ. 1950 жылдан бастап олардың арасындағы конфликттер тек аралас комиссияда ғана емес, сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінде де қарастырылды. 1950-1967 жылдар аралығында Қауіпсіздік Кеңесінде болған барлық 1350 отырыстың 177-ін, яғни 15%-ын осы араб-израиль конфликтісіне арнады. Көптеген шешімдерде қақтығыстардың ең басты себепшісі-Израиль болып танылды. БҰҰ-ның бұл шешімдерін екі жақ формальды мойындаса да, олар үнемі, әсіресе Израиль тарапынан бұзылды.
Сөйтіп, Палестина соғысынан кейін арабтар арасында “палестиналықтар өзінің заңды құқықтарына жету жолында басқа араб мемлекеттеріне арқа сүйек керек”, “бірақ сонда да Палестина мәселесін шешу үшін бірігіп, қажетті күштерді ұйымдастыру керек” деген сияқты ой қалыптасады. Көптеген Палестина интеллигенциясы мен студенттері араб елдеріндегі және оның шекарасынан тыс “Бүкіл арабтық” сипаттағы партияларға кіре бастады. Ондай партиялар қатарына Араб социалистік қайта өрлеу партиясын (Баас) және Араб ұлтшылдарының қозғалысын (ДАН) жатқызуға болады.
Осы Араб ұлтшылдарының қозғалысын Палестина саяси топтарының және ұйымдарының негізі деп айтуға болады. Ол өзінің мақсаты-Палестинаны азат ету үшін күрес деп айтты да, бүкіл арабтық сипат алды. Оның бағдарламасының кейбір пункттері кейін құрылған Палестинаны азат етудің демократиялық фронты мен Палестинаны азат етудің ұлттық фронты ұйымдарының бағдарламаларына да кірді.
Яғни, осыдан бастап, арабтардың жаңа ұрпақтары арасында, әсіресе араб интеллигенциясының арасында тек араб бірлігі ғана Палестинаны азат етудің шешімі, бірден бір жолы деген ой қалыптасады.
50 жылдардың басында алғашқы, әзірше саны жағынан аз Палестина партизандарының-федайиндерінің (өзін-өзі құрбан ететіндер) топтары құрыла бастайды. 50 жылдарыдың екінші жартысында жетекші Палестина ұйымы ФАТХ-тың* негізі қаланады. Бірақ, кейбір зерттеушілердің пікірінше, ФАТХ 1957 жылы құрылды, себебі сол жылы Каир Университетін бітірген және Суэц каналындағы антиағылшындық операцияларға қатысқан Ясир Арафат Кувейтке келіп, достарымен және “Ағайынды-мұсылмандар” атты экстремистік топтың мүшелерімен құпия палестиналық ұйымды құра бастайды.
1948-1949 жылдары болған соғыстан кейін ұсақ Палестина ұйымдары да құрылды, олардың ішіндегі ең үлкені-“Аль-Джихад аль-Муккадас” (“Қасиетті соғыс”) болды. Мұндай ұйымдарға тек палестиналықтар емес, сонымен қатар басқа да арабтар кірді және олардың әрекетері Палестина арабтары атынан ғана емес, барлық арабтардың антиизраильдік әрекеттерін білдірді. Сол кездегі тек палестиналықтардың әрекеті-1951 жылы шілдеде Иордан королі Абдалланы өлтіру болып табылды. Себебі, оның Израильмен жақындасуы мәлім болды және ол Палестина территориясын Иорданияның Хошимиттік династиясы мен Израиль арасында бөлісіп алғысы келгені айқын болды.
Бұл жерде Египет Палестина арабтарына неліктен сонша көп көмек көрсетіп, қолдау жасады деген сұрақ тууы мүмкін. Ол көптеген босқындарды қабылдап, оларға жағдай жасауға тырысты. Ал, 1952 жылы Каир университетінің инженер факультетінде оқып жүрген Я.Арафат және Яффа қаласынан шыққан Салах Халаф Палестина студенттер одағының комитетіне сайлау өкізді. Оған бір коммунист, бір баасист, бір “Ағайынды-мұсылмандар” ұйымының мүшесі және төрт “тәуелсіздер” кірді. Ал, кейін 1959 жылы қарашада Каирда осы Палестина студенттері одағының негізінде Бүкіл палестина студенттерінің одағы құрылды, оны Насердің өзі қолдаған. Әрине, ол Палестина ұлттық қозғалысының дамуының өте маңызды көрсеткіші болып табылады.
Ал, Египеттің бұл жерде қаржылай және моральдық көмек көрсетуі оның көптеген прогрессивті ұйымдарды –олар ұлттық немесе бүкіларабтық болсын, өз бақылауында ұстағысы келгенімен түсіндіріледі, яғни олардың Египет саясатына жұмыс істеуін қалады.