Биологиялық отын саласының дамуы

Биологиялық отын саласының дамуы туралы қазақша реферат

Биологиялық отынның түрлеріне: мәдени плантациялық  әр түрлі түрдегі биологиялық қоспалар, ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтары, өсімдіктерден ( мискантус, рапс) жатады.

Қазіргі таңда биологиялық отын қорын  дамыту дүниежүзінің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Дәстүрлі энегия көздері ( көмір, мұнай, газ) арқылы болашақты елестету мүмкін емес. Сонымен қатар биоотын құрамына биогаз, биодизель, биоэтанолда кіреді.

Энергетиканың бір бөлігін биологиялық отын құрайды: Австрияда- 12%, Финляндияда — 23%, Еуропа одағында — 14%.

Еуропа одағында биологиялық қоспа ( биомасса) отын ретінде пайдаланылады. Биологиялық отын қоры 1993 жылы 47 млн.т.,

2003 жылы 69 млн.т. мұнайдың баламасы ретінде қолданылды.

Тұтынатын энергия тасушылардың биомассалық мөлшері: АҚШ — 3,2%, Дания — 8%, Австрия — 12%, Швеция — 18%, Финляндия — 23%.

Өсімдік майын дизельдік отын ретінде пайдалану үшін дүниежүзінің өндіруі.

2003 жылы 2 млрд. литр

2005 жылы 5 млрд. литр

Ал, 2020 жылға қарай  24 млрд. литрге жеткізуді болжап отыр.

Дүниежүзінде автомобильдердің отыны ретінде биоэтанол қолданылады:

2006 жылы – 2 %

Ал, 2015 жылы- 30 % жеткізеді деген болжам бар.

Өсімдік шикізатының жаңартылған ресурстарын қолдануға негізделген биоотын саласының дамуы, әлемдік деңгейдегі болып жатқан процесстерге климаттың өзгеруі және шикі мұнай бағасының тоқтаусыз өсуі және т.б себептерге байланысты. Биологиялық отынның басқа отын түрлерінен басты айырмашылығы-ол бактерияларды қолданып өндіріледі және қоршаған ортаны ластамайды.

Көптеген мемлекеттер мұнайға тәуелділіктерін азайту, экологияны жақсарту мақсатында биоотынмен қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламалары мен  жобаларын жасауда және дамытуда. Егер мұнайлық отынға 5%  биоотын қосылатын болса, онда қоршаған ортаның көмірқышқыл газымен ластануын     2 % -ға қысқартуға болады. Биоотын өндірісімен айналысу үшін жер ресурстары болуы қажет. Бұл көрсеткіштер бойынша Европа өзін 50%, ал Жапония -тек 5% қамтамасыз ете алады. Сондықтан шет елдік мемлекеттер биоотын шикізатын өсіру үшін инвестицияларды құятын жобаларды қарастыруда.

Қазақстан–жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орынды алады және көптеген пайлалануға жарамды жер ресурстары бар. Сондықтан           әлемдегі көптеген мемлекеттер Қазақстанды тек қана мұнайлы держава деп қана қоймай, қайта жаңартылатын энергия көздерін осында өсіруге болатын бай жер ресурстары бар мемлекет деп қарайды.

Сұйық биологиялық отын

Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша 2012 жылы күніне сұйық биоотынды өндіру 1,75 млн.-ға жетеді. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Швеция, Бельгия, Германия және басқа да елдер автомобильдерін биоотын қоспаларымен, биоэтанол, биодизельмен жүргізеді. Автомобильді шығарушылар жаңа бағдарламалар негізінде жаңарып тұратын отынға ауысуды қолдап, сұйық биологиялық отынмен жүретін автокөліктерді жасауда. Ресейде де жаңа идея: жүк тасушы транспорттарды пеллетенді (жамылғылы) отынға көшіру пайда болды.

Қатты биологиялық отын

  Қатты биологиялық отын – жоңқа, түйіршіктер, брикеттер ағаштан өндіріледі. Ауылшаруашылық қалдықтарын қатты биологиялық отынға айналдыру, электр, жылу энергиясын тұтыну ұлғаюда. Еуропада түйіршікті отынды қолдану және өндіру көлемі артты. Алдыңғы қатарлы пеллет (жамылғы) өндіруден екі жылғы өнім өндіру көлемінен (Еуропа бойынша) 1-ші орынды German Pellets неміс компаниясы иеленді. 2007 жылы осы компанияның 3 заводы айына 65 мың т. (жылына 780 мың тонна) түйіршікті отын шығарды. Еуропада түйіршікті отын өндіру және қолдану соңғы 15-20 жылда өсті. Түйіршікті өндіретін негізгі өнеркәсіптер (электр станциялары мен қазандықтар үшін) Скандинавия, Швеция, Данияда орналасқан, ал Австрия мен Германияда түйіршікті отынды тұтынушылар мен жеке сатып алушылар (үй иелері мен кіші қазандықтар үшін)  өндіреді. Қазіргі таңда Еуропада орта есеппен жылына    8 млн.т. жылу түйіршіктерін өндіретін қондырғылар орналасқан. Сонымен қатар АҚШ, Канада және Ресейде де аз мөлшерде орнатылған.

Қатты биологиялық отыннан энергияның өндірілуі 

Елдер

2006

2008

Өзгеруі (% есебімен)

Франция

9,678

9,669

0,1

Швеция

7,467

7,937

6,3

Германия

6,130

7,861

28,02

Финляндия

7,364

6, 608

-10,3

Польша

4,062

4,299

5,8

Испания

4,137

4,176

0,9

Австрия

3,25

3,507

7,9

Барлығы

55,587

58,678

5,6

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Сибикин Ю.Д., Сибикин М.Ю.Нетрадиционные возобновляемые источники энергии. Москва, 2009 г.
  2. Бурман А.П.и др.Основы современной энергетики. Список литературы.
  3. Бурман А.П:и др. Основы современной энергетики.  – М.МЭИ.2002 г.
  4. Безруких П.П., Арбузов Ю.Д., Борисов Г.А. и др. Ресурсы и эффективность использования возобновляемых источников энергии.– С. –Гб. Наука. 2002 г.
  5. Қазақша рефераттар malimetter.kz
  6. Методические указания по расчету выбросов загрязняющих веществ при сжигении топлива в котлах.– М.: М.О. Гидрометеоздат. 1985 г.
  7. Будрейко Е.Н., Зайцев В.А. Введение в промышленную экологию.–М.: Профобр. 1991 г.