Білім жүйесіндегі мектеп психологы жұмысының психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 бөлім. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мазмұны
1.1. Психологиялық қызмет көрстеудің қалыптасу тарихы
1.2. Мектеп психологі жұмысының мазмұнын анықтау жолдары
2 бөлім. Мектеп психологі жұмысында қолданатын психологиялық әдістемелер
2.1. Оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері
2.2. Оқушылардың таным процестерін диагностикалау әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша А Жеткіншектер агрессиясын диагностикалауға арналған әдістеме
Қосымша Ә Ассоциативтік ес көлемін анықтау әдістемесі
Қосымша Б Зейінді бағалау (Мюнстерберг әдістемесі)

К І Р І С П Е

Психологиялық қызмет қазіргі кезде әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.

Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур.

Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте, бұрынғы кеңес мектептер тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтағандар М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Рмисая т.б. ғалымдар жасады. Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жұр.

Психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда ұйымдастыруды қажет етеді. Олардың үлгі моделін жасағанда М.Р.Битянованың психодиагоностикалық минимумдар негізінде барлық жұмысты ұйымдастыру ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар И.В.дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школной психологической службе» деген еңбекке сүйене отырып көптеген мәслелердің мән-мағынасын ашып алуға мүмкіндік туады. Осы әдістемелік құралдар орыс тілінде ғана жарық көріп жүр, әлі қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан мектеп психологтары түп нұсқадан бастап барлық әдістемелерді толық өздері анықтап шығуға тура келіп тұр. Тек соңғы кезде С.Х.Бектенғалиева, Н.Қ.Ядгарова «Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру», жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л.К.Көмекпаеваның «Психологиялық қызметті ұйымдастыру», Т.Р.Нұрмаханбетова, Ш.Е.Рсмаханбетова «Тәжірибелік психология» кітабы осы оқулықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.

Метеп психологиялық қызметінің шешілмеген мәселелері көп болғандықтан дипломдық зерттеу тақырыбын: «Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыру бағыттары» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.

Зерттеу пәні: мектеп психологиясының мазмұны.

Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысының негізгі бағыттар мен зерттеу әдістерін жүйеге келтіру.

Зерттеу міндеттері:

— білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;

— мектеп психологі қызметінің негізін құратын психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

— мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрстеу жолдарын анықтау.

Зерттеу базасы: Қызылорда қаласындағы №47 мектеп – гимназиясы.

Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Айзенг, Стреляу, КОС тестерін пайдалану жолдарын үйрену, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, нәтижелерін таладау арқылы олардың психологиялық мінездемелері жасалды, дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстар ұйымдастырылды.

Екінші кезеңде психологиялық қызметтің пайда болуы мен даму тарихы зерттелініп, орта білім беретін мектептердегі психологиялық қызметінің мазмұны туралы ұсыныстар және психодиагностикалық зерттеу жүргізуге негіз болатын әдістемелер жүйеге келтірілді.

Магистрлік жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 75 бет