Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігі туралы қазақша реферат
Бағдарлы оқыту – оқушылардың қабілеті, бейімділігі және қызығушылығы бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқытудың дифференциациялау мен жекешелендіру құралы
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті – баланы белгілі бір мамандық иесі болуға даярлау, болашақ мамандығы қандай соған байланысты бейімдей оқыту
Қолданбалы курс – бағдарламадан тыс жоспар құрылып, педагогикалық кеңесте қорғалып, бекітіледі
Бағдарлы оқытудың мектептегі жүргізілу жағдайы
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2 бағытта: жаратылыстану – математикалық, қоғамдық – гуманитарлық бағытта бағдарлы оқыту жүріп жатыр.
Бағдарлы оқыту жыл басында оқушылар мен ата-аналар өтініші, мектеп кеңесінің шешімімен дәйектелді. Мектепте бағдарлы оқыту пәндерін жүргізетін білікті педагог кадрларға бөлініп берілді
Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі жылдамдап отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды.
Ал біз атаған мәселелер осы мақсатқа бағытталған. Ең бастысы — оқушыларды қабілетіне және бейімділігіне қарай дамытуға мүмкіндік береді.
Кәсіби бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі айқындауының маңызды бөлігі ретінде мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан көрінеді.
Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары кластарда туындайды танымдық қызығуылық дамиды, жеке мәнді мақсат қою талабы, кәсіби мүдде пайда болады.
Алайда, жалпы практика анализі көрсетіп отырғандай, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын нашар біледі. Жастар арасында ғылыми қызмет абыройы, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Мұндай негативті құбылыстарды жою үшін “ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр, жас адамға шынымен көмек көрсететін, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесетін жаңаша тәсілдер мен формалар керек болып отыр”.
Бұл міндетті шешуде мектептен тыс мекемелер айтарлықтай роль атқарады. Олардың тәрбиелік патенциалы оқушының мамандыққа деген қызығушылығы мен мектепте мұндай мүмкіндіктің болмауы, әсіресе ауылдық мектептер, УПК-лар мен базалық мекемелер арасындағы қайшылықты шеше алады. Қазіргі кәсіптік бағдарлау жүйесін шын мәнінде шектеп отырған оқушының жинақталған моделіне есептелген мектеп жүйесі мен оқушылардың, объективті сұранысы арасындағы қайшылықты да жоя алады
ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған шақта тәуелсіз Қазақстан дуниежүзілік білім кеңістігінде өз орнын айқындауды, еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп отыр.
Сол кеңістікте білім берудің негізі — мектеп болса, ұстаз- мектептегі оқушының жан-жақты жеке тұлға болып қалыптасуының шығармашылық күш-қуаты. Осы орайда «оқушыны субьект ретінде қарау керек» деп бүгінгі білім стандарты мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да қарастырылған.
Жаңа ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ескі жүйені бұзу үшін оқытудың жаңаша түрін ұйымдастыру қажет. Осыған орай орта білім берудің жоғары сатысындағы бағдарлай оқыту оқушыларды кәсіби дайындыққа дейінгі терең білім алудың кәсіптік оқытудың алғашқы бастамасы болып табылады.
Сол арқылы білім берудің мазмұнын саралау, кіріктіру және кәсібилендіру негізінде оқыту орта білім берудің бәріміз білетін үшінші сатысын құруға жаңаша көзқарас туындады. Мұнда білім мазмұнын айқындайтын қолданбалы курстар мәселесі аса маңызды.