Маркетингтің ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр түрлі формалары бар, оларды таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстардың болуы, басқарудың қалыптасқан құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың және маркетингтік ортаның ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады.
Маркетингті географиялық принцип бойынша ұйымдастыру.Ірі компаниялар кеңейтілген нарыққа өнім шығарғанда маркетинг қызметі географиялық принцип бойынша ұйымдастырылады. Мұндай құрылымдарды тауарға әр түрлі талап қоятын аймақтарда үлкен өткізу ауданы бар кәсіпорындарда қолдануға болады. Бұл жағдайда өткізуді басқаратын басты және оған бағынатын аймақтық басқармалар құру арқылы ұйымдастыруға болады.
Маркетингті ұйымдастырудың бұл түрі бір аймақтағы тұтынушылар қажеттіліктерінен ерекшеленген жағдайда тиімді болып саналады. Сонымен қатар ол өткізу нарығы аймағына өткізу стратегиясы тәжірибесін тиімді жүзеге асыруға және ең аз шығынмен тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Мұндай ұйымдастырудың негізгі басымдылықтары – шығындардың аз болуы және өз тұтынушыларымен жақсы байланыста болу. Ал кемшіліктері: қайталану мен қызметті үйлестіру проблемалары.Кәсіпорында жаңа тауарды шығарудан бастап тұтынушыға өткізуге дейінгі барлық маркетинг кешенінің функцияларын орындайтын маркетингті басқару құрылымын құру қажет. Бұл құрылым кәсіпорын қызметінің тиімділігіне бағытталып, ары қарай қарыштап дамуына жағдай жасау қажет.
«Беккер және К» ЖШС тауар саясатын талдау
Тауар саясаты кәсіпорын қызметіндегі тауар ассортиментін қалыптастыруды, олардың жаңа түрлерін шығаруды, олардың сапасының жоғары болуы мен бәсекеқабілеттілігін, өмірлік кезеңін талдауды, тауар белгілерін, қораптамасын, маркіленуін және де сервистік қызмет көрсетуін талап ететін көп факторлы қызмет аясы. Сондықтан да тауар саясаты төңірегінде қазіргі таңдағы нарық талаптарына сай өзіндік проблемалары бар. Бүгінде біздің еліміз әлемдік сауда ұйымына мүше болуға ат салысып жатқанда біздің кәсіпорындарымыз өндіретін өнімдер дүние жүзілік талаптарға сай болуы керек. Ал, бұл талаптардың бәрі сайып келгенде, тауар саясатына, яғни тауар ассортиментіне, жаңа тауарлар шығаруға, тауардың өмірлік кезеңінің ұзақтығына, қораптама, орама түрлерінің сан алуандығына байланысты. Олай болса, әр бір кәсіпорындарының өз қызмет аясында тауар саясатын дұрыс бағытқа қою заман талабы.
Сыртқы түрі сатып алушының тауарды қабылдауына әсер ететін маңызды фактор болып саналады. Ол, өз кезеңінде өнімнің табысты комбинация формасына, түсіне, дизайнына, өлшеміне және қорабына байланысты болады. Фирма өндіретін тауарлар түрінің ұйымдастыру саласына : оның сапасы, қызметі, сыртқы түрі, таңбалануы, буып-түю, орауы және сервисі жатады.
Егер өнім сапасы оны жасайтын материал құрамы, мөлшері, дәмі сияқты физикалық және химиялық құрамдарының қасиеттеріне байланысты болса, оның сыртқы түріне әр түрлі геометриялық фигуралар жиынтығынан (комбенациясынан) тұратын түрі, түсі, дизайны әсер етеді.
Форма түрі шексіз болуы мүмкін. Оларды пирамида, куб, шар, эллипсоид, төрбұрыш сияқты геометриялық фигуралар көмегімен комбинациялауға болады. Көзге жайлы және іс-қимылдың аз санымен қамтылатын өнім формасы айтарлықтай тартымды екенін физиология растайды.
Түс – бұл өнім вариациясы үшін қарапайым құрал. Әлемде 7,5 млн-ға жуық түс және 2800-ге жуық олардың аттары бар.
Түстер адам психикасына, оның көңіл күйіне әсер етеді, тыныштандырады немесе оятады. Кейбірде олар әлеуметтік символ ролін орындайды. Мысалы, автомобильдің қара түсі — өкіметке. Түстің нақты комбинациялары патенттермен қорғалады. Мысалы, сары және қызыл түс McDonalds-та, қызыл — Coca Cola-да, PEPSI-де көк түсті компанияларының фирмалық стилі ретінде қолданады.
Дизайн нарықтағы тауар дифференциациясын қолданатын ең негізгі мықты құралдардың бірі. Сәтті дизайн бұйым формасы мен тауар функциясының сәйкестігін бейнелейді.
«Беккер және К» ЖШС-нің өнімдерінің сыртқы келбетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өнімдерінің орамында ақ киім киген, ұзын мұртты аспазшы тұрады және оны жасыл түті шеңбермен домалақтап қойған. Компанияның ұраны: «Сапа дәстүрін сезініңіз…».Оның өнімдерінің жасыл – сары түсі бірден көзге түседі.
«Беккер және К» ЖШС-і сапа саласындағы саясат
Сапа саласындағы компанияның саясаты – сапа саласында максаттарды белгілеп, оған қол жеткізуді қамтамасыз ететін шешімдер негізделетін принциптер мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы болып табылады.
- Шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы – компанияның негізгі басымдылығы және табысты қызметінің негізі. Сапа-пайда нормасынан жоғары.
- Шоғырланатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасына қойылатын талаптар тұтынушының қажеттілігі және күтулерімен, табиғи өнімдері тұтынудың ғасырлық дәстурлерімен анықталады.
- Сапа негізі – компания қызметкерлері. Компания қызметкерлерінің қабілеттерін толық іске асыруға жағдай жасап отыр.
- Сапаны жақсарту негізі – қызметкерлерді ұдайы оқытып отыру және қызметкерлердің өзіндік оқып-үйренуі.
- Өнім сапасы қызметлерлерге түсінікті талаптармен және орындалатын жұмысқы деген жеке жауапкершілікпен қамтамасыз етіледі.
- Қызметкерлер жұмыстарының басты принципі – бірден дұрыс істе, қайта істеу қымбатқа түседі.
- Сапа ішкі өзіндік тәртіптен, таза әрі ұқыпты жұмыс киімінен, аумақты, панажайды, жұмыс орны мен құралдарды сәт сайын таза ұстай білуден басталады. Тазалық – компанияның фирмалық белгісі.
- Сапа жүйесінің негізі – компанияның сапа жүйесін құрайтын қағидаларды, үдерістерді, нұсқаулықтарды, технологиялық реттемелерді міндетті түрде сақтау.
- Жеткізушілерден алынатын шикізат пен материалдардың сапасы шығарылатын өнімнің сапасын анықтайды. Шикізаттың құнынан оның сапасы маңыздырақ.
- Сапа кепілінің негізі – жүйелерді, машиналар мен механизмдерді алдын ала тексеріп отыру.
- Компания ресурстарына ұқыпты қарау — өнім сапасын жақсартудың экономикалық негізі.
- Кәсіпорындағы барлық процестер өзара байланысты. әр процесс компания қызметіндегі бірегей үздіксіз процестің маңызды құрамдасы болып табылады. Екінші дәрежелі процестер жоқ.
- Процестер менеджменті жүйелі болу керек. Жүйелілік үнемі жетіліп отыруға кедергі болмау керек. Компания өндірістік процестерді жетілдіруге жағдай жасайды.
- Компанияда барлық шешімдер деректерге негізделген жүйелі талдау арқылы қабылданады. Әрқашан да әділ шешім қабылда.
- Басшы өз ұжымында көшбасшы бола білуі керек.
- Компания тұтынушылармен, жеткізушілермен, қызметкерлермен және қоғаммен сенім негізінде құралатын қарым – қатынас құруда.
Қоршаған ортаны қорғау өнім сапасын арттырумен үздіксіз байланысты.