Бейімделушілік стилі (приспособления) туралы қазақша реферат
Үшінші стиль бейімделушілік стилі болып табылады. Бұл стиль өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дәлелдемей, басқа адаммен біріге әрекеттесетіңізді анықтайды. Бұл стильді мәселенің шешімі сіз үшін емес, екінші адам үшін өте маңызды болғанда қолдансаңыз болады. Сонымен қатар басқа адамның беделі жоғары болғандықтан, кикілжіңді өзіңіздің пайдаңызға шеше алмайтындығыңызды сезінгенде, сіз аяқ тартып, оппоненттің қалауымен келіссеңіз пайдалы болады. Томас пен Килменн пікірінше, сіз мұндай стильде басқа адамның пайдасына өзіңіздің қызығушылықтарыңызды құрбан етесіз. Сондықтан да, бұл стильді қолданғанда өзіңіздің қызығушылықтарыңызды бір шетке ысырып қоясыз, бірақ мұндай әрекетті мәселенің шешімі сіз үшін онша маңызды емес кезде жүзеге асырған жөн. Бұл әрекет басқа адамның қалауына қатысты өзіңізді комфортты сезінуіңізге мүмкіндік береді. Бірақ ренжіп тұрсаңыз, басқа адамға бейімделе алмайсыз. Егер де өзіңіз үшін бір маңызды нәрсені құрбан етсеңіз, сонымен қатар қанағаттанбаушылық сезінсеңіз, онда мұндай жағдайда бұл стильді қолданудың қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа адам өз кезегінде сізге де бейімделмей және сіздің жасаған әрекетіңізді бағаламаса қолданудың қажеті жоқ. Мұндай стильді кішкене жол бере отырып, аз жоғалтатыңызды сезінгенде қолданған жөн. Немесе мұндай стратегияға жағдайды уақытша жұмсартып алу қажет болғанда қолданып, кейінірек бұл сұраққа қайта оралып, өз позицияңызды қорғасаңыз болады.
Бейімделу стилі кикілжіңнен кетіп қалу стиліне аздап ұқсайды, себебі мәселені шешуді уақытша қалдырып қоюға көмектеседі. Бірақ негізгі айырмашылығы болып, сіз басқа адаммен бірлесіп әрекеттесесіз; сіз ситуацияға қатысып, екіншісінің қалауына келісесіз. Ал кикілжіңнен кетіп қалу стилін қолданғанда, сіз басқа адамның қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін ешқандай әрекет жасамайсыз. Сіз әншейін проблеманы өзіңізден шетке қарай ысырып тастайсыз.
Міне, төменде бейімдеушік стилін қолдануға қолайлы болатын сәйкес ситуациялар берілген:
— сізді болып жатқан кикілжіңдік жағдай онша толқындырмайды;
— сіз басқа адамдармен мейірімді және бейбіт қарым-қатынасыңызды сақтап қалғыңыз келеді;
— өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дұрыс екендігін дәлелдегенше, сіз үшін біреумен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу маңызды;
— басқа адам үшін нәтижесі сізге қарағанда маңыздырақ екендігін сезінгенде;
— шындық сіздің жағыңызда еместігін түсінгенде;
— сіздің беделіңіз аз немесе жеңіске жету мүмкіндігіңіз шамалы;
Басқа адамның пайдасына өзіңіздің қызығушылықтарыңызды құрбан ете немесе келісе, сіз кикілжіңдік жағдайды жұмсартып, үйлесімдік орнатуыңыз мүмкін. Өзіңіз үшін қолайлы деп ойлап, нәтижесімен болашақта қанағаттануыңыз мүмкін, немесе кейінірек өзіңізге қолайлы шешімге жету үшін осы тынышталған кезеңді уақыт созу үшін қолдануыңызға болады.[12]