Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан — Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.
Қараман – Ата ескерткіші Маңғыстаудың орта бөлігінде, ол үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман – Ата Шопан – Ата әулиетінің інісі екен делінеді. Екі мешітті жалғастыратын жер асты жолы болған, бірақ ол уақыт өте құлап қалған. М.Мендіқұлов Қараман – Ата мешітінің салыну кезеңін 13 ғасырға жатқызады. Ал Әбілғазы Қараман – Атаны Балқаннан түркмендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді.
Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстан аумағындағы ең көне археологиялық ескерткіштер облыстың оңтүстік жағындағы ежелгі шақпақ тас жыныстары қазындылардан табылды. Бұлар — шель-ашель құралдары мен оларды дайындауға пайдаланылған заттар ұшырасатын тұрақтар. Аймақтың ежелден-ақ қоныс орны болғанына ерте тас дәуіріне жататын петроглифтер де куә.
Кейінгі палеолит кезеңінде қазіргі Батыс Қазақстан аумағының табиғат жағдайы құбылмалы болды. Мұз қабатының еруі мен Кавказ жотасының солтүстік сілемдерінің жаңадан тектоникалық түзілуі Каспий маңы деңгейін жоғарылатты, сөйтіп бүкіл бүкіл Каспий маңы ойпатын тегіс су басты (“Қазақ ССР тарихы”, 1 –том, Алматы, 1980,81 – бет). Осындай елеулі жергілікті өзгерістер климаттың құрғап, шөлейттеуіне әкелді. Ірі – ірі шөп қоректі жануарлар қырылды. Ең соңғы мамонттардың бірі Жайық өзенінің сол жағында бұдан шамамен 8000 жыл бұрын жойылған (Сонда, 82 – бет). Қазақстан аумағындағы неолит пен энеолит кезеңінде Еуразияның кең – байақ кеңістігіндегідей андронов мәдениетіне ұқсас, біртеті шаруашылық сипатына қарай біріккен, ірі тарихи – мәдени аймақтар қалыптасты (қ. 5 – қосымша).
Батыс және Орталық Қазақстан аумағында палеолит кезеңінде, көптеп табылған жебе тәрізді заттардан көрінетіндей, аңшылыққа бейімделген біртұтас материалдық мәдениет қалыптасқан. Неолит дәуірінің тұрақты өзендік және көлдік типті болып келеді. Бұл кезең мәдениетінің Оңтүстік Орал, Солтүстік Қазақстан және Арал маңы мәдениеттерімен ұқсас тұстары да бар, оның басты ерекшелігі – көшпелі тұрмыс кешкен дала аңшыларының әдениетімен сипатталады.
Аңшылар мен балықшылардың тығыз мәдени – шаруашылық байланыстары, әсіресе кельтминар мәдени қауымдастығын айқын байқалады, олар Батыс Қазақстан аумағында бедерлі қолөнер түрінде ( шапақ тас құралдары мен ерекше пішін оюланаған қыш ыдыстар) ұшырасады. Батыс Қазақстан облысындағы көне мәдени ошақтарының арасында барынша зерттелгені – кельтминар археологиялық мәдениеті неолитте пайда болып, қола дауірінің ортасына дейін созылды. Бұл мемлекет өзін шектен тыс тұрақтылығымен ерешеленеді,, археологиялық деректердің материалдық тұрмыстары бірнеше мыңжылдықтар бойы өзгеріссіз сақталды. Кельтминар археологиялық мәдениеті Жайық өңірінде, өздерінің теңізге жағасына таралды. Бұл, алдымен, аулаушылар – терімшілер болды, кейін құғақ жерлерді игеруге орай аулаушылар – терімшілер мәдениетіне ұласты. Бұл мәдениет өкілдері мүмкін алғашқы ұсақ жануарларды қолға үйрете бастаған болар, бірақ кельтминалықтар жалпы алғанда “неолит төңкерісі” — өндіруші шаруашылықтың пайда болуына қатысқан жоқ. Кельтминар археологиялық мәдениетінің ескерткіштері Ақтөбе облыс аумағында барынша зерттелді. Батыс Қазақстан облысындағы “Солянка” (тасқала маңы) қоныстарында материалдарын зерттеуші ғалымдар осы археологиялық мәдениетке жатқызып жүр.
Соңғы 25 жыл көлемінде Ғ.А.Кушаевтың далалық зерттеулері нәтижесінде анықталған ескерткіштер Далалық Жайық бойы аумағы б.з.б. ғасырдың басына дейін қола мәдени – тарихи қаудастығына кіргеннін көрсетті. “Кресты” қонысы мен қорымында жүргізілген көпжылдық қазба жұмыстары барысында едәуір қызық материалдар табылды. Қазіргі кездегі бұл аймақтағы қара шұңқырлы археологиялық мәдениеттің (б.з.б. 3 ғасыр – 2 ғасыр басындағы) Далалық полтавкиндік архиология мәдениеті өрісіне кіреді деген болжамға дәлел де (кейбір табындылар негізінде) бола алатын бірден бір ескерткіш. Дәлме — дәл осы жерінде қима мәдениеті жергілікті варианты – ескі қорға шұңқырсыз топырақты қосымша үю арқылы жерлеу қалыптасады. Ал қалғандары керамика формасы, ою – нақышы, жер ғұрпы – Дон бойы мен Еділ жағалауында қималық жерлеуді толық қайталады.
Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданы аумағында “Қырықоба” атты ескерткіш 19 – ғасырдан ғалымдарға белгілі, 1883 жылы Кастаньенің тізбесінде “Қараоба” деген жергілікті атаумен енген, Еуразиядағы ең улкен қорғандар кешенінің бірі қима мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетеді.
Сарматтық археологиялық ескерткіштері барынша жан — жақты зерттелген мәдениеттердің бірі болып саналады. Зерттеудің объектілі жағдайларынна бөлінеді, атап айтқанда – а) Прохоровтық (ерте сарматтық) – б.з.б. 4 ғ. — б.з.б. 2 ғ.; ә) Сусловтық (орта сарматтық) — б.з.б. 2 ғ. – 2 ғ.; 3 ( соңғы сарматтық – 2 ғ. – 4ғ. Соңғы археологиялық мәдениет жылдары Шипов станциясы маңынан зерттелген ескерткіштерге байланысты шиповтық деп аталған еді. Бірақ одан әрі зерттеу барысында олар б.з. 4 – 5 ғасырларындағы ғұндар заманына жатқызылады.
Темір дәуірі Далалық жайық өзенінде б.з.б. 9 ғасырдың соңынан 4 ғасырға дейін Савромат архиологиялық мәдениетінің қалыптасу кезеңі болды. Осы кезеңді зерттеуші К.Ф.Смирнованың пікірінше, Жайық өңіріндегі аталмыш тайпаның іріктелуі нәтижесінде Еділ бойында б.з.б. 8 ғасырда савромат ескерткіштерінің еділбойлық жергілікті тобы пайда болады. Бұл мәдениеттің қалыптасуындағы негізгі құрамдас бөлік қима археологиялық мәдениетін жасаушы тайпалар еді.
Жалпы алғанда савроматтардың археологиялық мәдениеті қару – жарақты жауынгерлерді о дүниелік азығы саналатын ірі – ірі жануарлар қаңқаралымен бірге жер бетіне жерленген қорғандық ескерткіштермен сипатталады. Өте қызғылықты ескерткіштердің бірі – Володарка селосы маңындағы фалларлы жерлеу. Мұндағы мәдени материалдар савромат тайпаларының герк – фракациялықтармен байланысын куаландырады. Савроматтық археологиялық мәдениеттің соңы осы аймақта аса ірі (4 м жоғары) қорғандардың пайда болуымен аяқталады. Әдеттегідей, олардың көпшілігі тоналған, әйтседе сол уақытты сипаттайтындай сан – алуан деректер сақталған. 1987 -1988 жылдары Филиповка селосы түбіндегі қорғанды зерттеу кезінде көркедік құндылығ,ына баға жетпейтін, түсті және бағалы металдардан жасалған өте көп бұйымы бар, үш қойма табылды. Сарматтардың савроматтармен тектік байланысы бар, бірақ уақыт өте келе олардың арасына алан тайпаларының (Жайық өңірі массагеттерінің барынша күшті этникалық бөлігі) сіңісуімен материалдық мәдениеттің сыртқы бет – бедері өзгере береді. Сарматтық археологиялық мәдениет қорғандық ескерткіштерден, жерастылық, кейде жер бетіндегі қорымдардан тұрады. Көптеген қару — жарақ — ұғымалы қола және және мыс жебе, қанжар ұзын найзалар бірге көмілген. Өліктің басы көбінесе оңтүстікке қаратылады. О дүниелік тағам ретінде қой сүйектері мен ішінде қандай да бір сусын болған, қоладан жасалған қыш ыдыстар ұшырасады. Көптеген қорымдар ерте заманда – ақ тоналған, әйтсе де сақталғандарының үлес салмағы аз емес және олардан көптеген дерек алуға болады. Уақыт өте келе со4ғы сарматтардың көпшілігі хундармен (сюннулармен) араласып, жұтылып кетті және Батысқа бет алған көшке қосылды.
Б.з.б. 6-4 ғасырларда Еділ – Жайық бойы даласының ұлан – ғайыр аумағын бір –бірімен туытас тайпалар мекендеді. Еділ – Жайық өзендері аралығында археологиялық ескерткіштер Қараөзен және Сарыөзен жағалауларынан, Қамыс – Самар көлдерінің маңынан табылды. Жайық өңірінде олар көбінесе Елек, Шаған, Шыңғырлау өзендері жағалаурарында, Қобданың Елекпен қосылған жерінде, Жайықтың сол жағалауында кездеседі. Археологиялық ескерткіштер шартты түрде екі тарихи кезеңге: савромат мәдениеті (б.з.б. 7 -5 ғасырлар) мен сармат мәдениетіне (б.з.б. 4 – 2 ғасырлар бөлінеді. Соңғы сармат мәдениеті алғашқы жазба жұмыстарын жүргізген жердің атымен “прохоров ескерткіштері” деп те аталған.
Батыс Қазақстанның ежелгі тұрғындары отқа табынушылар болғандықтан өлікті өртеудің бірнеше түрі қолданылған. Қорымдарда табыну ғұрыптары мен салт – жоралғыларына қатысты көптеген бұйымдар ұшырасады. Сол кездегі савромат қорымдарында көптеген қару – жарақ пен аттың әбзел тұрмандары, әсіресе жүген, жон ұштары, сондай – ақ, қола және темір семсерлер жиі кездеседі.
Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында сармат әскері мен қару – жарағының реформасы аяқталып, қару – жарақты атты әскердің алғашқы отрядтары пайда болады. Б.з.б. 4 – 3 ғасырлардағы әскери саяси өзгерістер аймақтағы этно – саяси процеске айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Сарматтардың Орта Азия тұрғындарымен де, сондай – ақ Кавказ, Шығыс Европа және Қазақстанның тайпалық одақтарымен де қарым – қатынаста болғанын күмансыз.
Әсіресе, сармат мәдениетінің нышандары ерте орта ғасырлар кезеңіндегі жер рәсімдерінде, зират тұрғызу әдісінде айқын көрініс тапқан. Облыс аумағынан табылған (Сантас тауы маңы, 1970) кейінгі көшпелілер ескерткіштеріне тән ерекшеліктер:
1) мүрдені аттың жіліншігімен, сүйегімен қоса жерлеу (8-9 ғ.); 2) жылқының тұтас қаңқасымен қоса жерлеу (9 – 11); 3) ат әбзелдері – жүген, айыл, ер – тұрманмен қоса жерлеу.
Әдетте, тарихи мерзім дәстүрі бойынша мәдениеті 11 ғасырдың екінші жартысынан 13 ғасырдың 30 – жылдары аралығына жатқызылатын оғыз – печенегтерінің архиологиялық ескерткіштері обалар сипатында болып келеді. Оғыздар мен печенегтердің әдеп – ғұрпы мен материалдық мәдениеті арасында айырмашылық аз, сондықтан Жайың өңірінің 9 – 11 ғасырдағы архиологиялық ескерткіштерін ортақ алып қарастырамыз. Олардың ішінде мейлінше құндылығы – І Қарасу және Қалмақ – Чабан қорымдары. Аймақта Алтын Орда ескерткіштері – обалар мен қалалықтар көп кездеседі, әрі олар толық сақталған. Бұлардың арасында көрнектісі — Сарайшық. Обаларды қазғанда көшпенділердің жерлеу кезеңдері айқын көрінеді. Өткен дәуірлерге тән рәсім адамды ат – көлігімен қоса жерлеу мүлдем жойылады. Зираттардан Алтын Орда архемдері (теңгелер) жиі табылады.
Алтайдың жібек мақтасының үлкен бөлігі сақталған Шалқар қорымындағы қыпшақ сүйегінің моласы зерттелді. Көптеген бұрымдардан бұлғар айнасы, т.б. заттар шықты 15 ғасырдағы араб географы Дешті Қыпшақтың көршілес мемлекеттерімен кеңінен сауда және саяси байланыста болғанын айтады.. Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі Жайық өңірінің ылғалдануы, сондай – ақ қоғамдық саяси өзгерістер Алтын Орда орталығын Еділ бойы мен Жайық өңіріне көшіруге мүмкіндік береді.
Осы себептен де аймақта бұл кезеңнің ескерткіштері молынан ұшырасады, бірақ олар барынша толық зерттеліп болған жоқ.
Алтын Орда ескерткіштерінде дәстүрлі шығыстық – түркілік мәдениеттің, Орта Азияға тән қолөнер әдебінің ықпалы байқалады.
Жалпы кез келген аймақтық материалдары мәдениетімен таныстыру барысында архиологиялық зерттеулердің өзге ғылым салаларынан, әсіресе тарих пәнінен өзіндік ерекшелігін ұмытпаған жөн. Ең бастысы мұнда тарихтағыдай нақты тұлғалар қатыспайды, әйтсе де өткен кезеңдердегі тұтыным заттарын тауып зерттеу арқылы архиология сол тарихи тұлғалардың (ұлыстар мен тайпалардың, т.б.) белгілі бір кезеңде нақты аймақта болғанын — өмір сүріп, тірлік еткенін дәлелдейді. Алғаш рет Батыс Қазақстан облысындағы архиологиялық ескерткіштері хақында П.И.Рычковтың “Орынбор губерниясының топографиясы” (1762) және академик П.С.Палластың “Ресей мемлекетінің әр алуанжерлерін аралап саяхаттау” (1770, 1778) атты еңбектерінде айтылды. 19 ғасырдың 50 – жылдары Орынбор Кадет корпусының түлегі, алғашқы қазақ ғалымдарының бірі – С.Бабажанов аймақтағы печенег – қыпшақ дәуірінің ескерткіштері — балбал тастар туралы жазды. Оның зерттеу еңбегіндегі ой – тұжырымдары орыс ғалымдары (П.И.Небольсин, В.В.Григорьев, т.б арасында жоғары бағаланып, жас қазақ ғалымы Ресей география қоғамының күміс медаліне ие болды.
Одан кейінгі жылдары батыс Қазақстанның архиологиялық ескерткіштерін зерттеуде орыс ғалымдары Ахарузин (1889ж), И.А.Кастенье (1810), П.С.Рыков (1925- 27), М.П.Грезнов, И.В.Синицын (1948-50), т.б. ғалымдар қатысты. Әсіресе, өлке тарихын зерттеп, тануға Орал педагогикалық институтының оқытушысы археолог Ғ.Кушаевтың сіңірген еңбегі зор. Оның басшылығымен Жәнібек, Фурманов, бұрынғы Тайпақ, Бөкей ордасы аудандарында (1971) арнайы барлау жұмыстары жүргізіліп 500 аса ескерткіштер (342 оба, 48 мола, 11 мазар) есепке алынды. 1972-86 жылдар аралығында облыс аумағындағы 1000 аса архиологиялық ескерткіштер тіркелді. Архиологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Батыс Қазақстан облыстық өлкетану музейі өткен дәуірлердегі материалдық мәдениеттің аса құнды үлгілері мен: қышқұмыра, темір қанжар, семсер, темір және қола жебе, зергерлік әшекейлік бұйымдар және т.б. жәдігерлік бұйымдармен толықты.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысындағы 460 оба қазылып, Жайық өзенінің сол жақ алабындағы 25 мола зерттелген.
Халық архитектура ескерткіштері. Батыс Қазақстан аймығының солтүстік батыс бөлігіндегі халықтық архиологиялық ескерткіштері көршілес облыстар мен салыстырғанда этнографиялық тұрғыдан да, тарихи архитектуралық жағынан да аз зерттелген. Бұл қалыптасқан зерттеу дәстүрлеріне және аумақтың негізгі ғылым орталықтан шалғай орналасқандығына, бәлки Жайық өңірінде мемориялдық- рәсми архитектуралық үрдісінің кенже әрі баяу дамуына да байланысты болуы мүмкін.
Көне жазбаларда қазіргі Батыс Қазақстан облысы мен оған шектес аумақтардағы ескерткіштер туралы деректер аракідік ұшырасып отырады. Мәселен, 1768- 74 жылы академиялық экспедицияны басқарған П.С.Паллас “Саяхаттар” атты еңбегінде “1773 жылы студент Быков… Нарын даласының шағылдарына дейін келеді… Толағай көлінен 10 верст қашықтағы даладан ол қалмақтардың шикі кірпіштен қалаған пирамидасын тапты, оны қалмақтар “ Шороллигин Билгассун” (Топырақ қала) деп атайды” деп жазды. Осы еңбекте , сондай-ақ А.Н.Харузиннің жазбаларында қазақтардың мола — қорымдарының ерекшелігіне көңіл бөледі, әйтсе де оның өзіндік болмысын, әсіресе тастан қашалған эпиграфиялық ескерткіштер тұрпатын ашып көрсете алмаған. И.А.Кастаньенің “Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің ежелгі дүниелері” (Орынбор, 1910) еңбегінде Жайықтың сол жақ беткейіндегі кейбір архиологиялық ескерткіштері шалқар көлінің солтүстік шығысындағы күйдірілген кірпіштен салынған ортағасырлық зират қалдығы мен Жымпиты болысындағы “жүз жыл бұрын” ағаштан салынған Әбіл бейіті туралы сөз қозғайды. Сондай- ақ өлкетанушы Е.Ф.Тимофеев “Урало- Прикаспийская степь” аймағында (Орал, 1930, №4) сол Жымпиты уезіндегі көне зираттар, мешіт ғимараты жөнінде жазады.
Алайда далалық Жайық архиологиялық ескерткіштерін мақсатты түрде зерттеу жұмыстары тек 1980 жылы Республика Мәдениет митингі “Казпроектреставрация” институтының Орал архитектура экспедициясының (жетекшісі Т.Төреқұлов) күшімен жүргізілді. Іздестіру экспедициясы шолу сипатында өтіп, мемориялдық- рәсми ескерткіштер қатарын құжаттау мақсатында зерттеу жүргізілді.
1998 жылы Батыс Қазақстандағы кең ауқымда этномәдени тұрғыдан зерттеу шеңберінде шыққан арнайы экспедиция (жетекшісі — С.Әжіғалиев, архитектор- Ғ.Мұсабеков бар) дәстүрлі- халықтық, бірінші кезекте, мемориялдық-рәсми архитектураны қарастырады. Облыстағы Ақжайық, Касталов, Бөкей ордасы, Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандарының аумағындағы ескерткіштер назарға алынды. Экспедиция жұмысы барысында Жайықтың оң жағалауы Бөкей болысы жағында орналасқан ескерткіштер мұқият әрі тыянақты зерттелді, сондай — ақ, Жайықтың сол жақ, “Бұқара бетіндегі“ қорымдарға барлау жасалып , есебі алынды. Осы орайда Батыс Қазақстан облысында мемориялдық- рәсми архитектура ғимараттары Арал, каспий аймағына таралған халық сәулеткерлік пен тас қашау өнері ескерткіштерінің құрамдас бөлігі екендігі тұжырымдалды. Бұған қоса, далалық Жайық өңірінің ескерткіштерінде географиялық фактормен өлкелік тарихи-әкімшілік ерекшеліктері айқын аңғарылды. Мәселен, аймақтың батыс жағалауындағы құлпытас арасында беті жазық, эпиграфиялық пішіндегілері, ал шығыс жағында бөлікті, ауқымды тасбелгілер жиі ұшырасады. Сондықтан олар екі жергілікті топқа Бөкей ордасы және Жайық өңірі ескерткіштеріне бөлінеді. Атырау тобымен бірге бұл екеуі де солтүстік Каспий кешендерінің тобына жатады (қ. 12-15 қосымшалар).
Әсіресе оң жағалауда, “Бөкей бетінде” орналасқан ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктері мол. Олар көбінесе Қараөзен мен Сарыөзен алабында 19 ғасыр мен 20 ғасыр басындағы қорымдарда, Жалпақтал, Казталовка ауылдары маңындағы ескі зираттарда шоғырланған. Әсіресе, Жалпақтал маңындағы қорымдағы тастан қашалған құлпытастар тарихи – этнографиялық және архитетуралық тұрғыдан көңіл аударарлық. Мұндағы көне белгілердің бәрі Бөкей Ордасындағы эпигарфилық құлпатастардың әдібімен жасалған. Әдетте, жалпақ, кейде шаршы пішіндес қашалған, ұзын не орташа биіктіктегі құлпытастардың жазба бөлігі әр алуан кескінде бедерленген. Олардағы араб қарпімен айшықталаған жазулар мен таңбаларға қарап, мұнда негізінен байбақты, тана, табын, т.б. рулардың өкілдері жерленгенін байқауға болады. Осы қорымдағы кейінгі кезеңдерде салынған ағаш ескерткіштерге де дәстүрлі сәулеттік кесуін сақталған. Сонымен қатар арнаулы экспедицияға қатысқан зерттеуші ғалымдар Көктерек, Казталовка, Беспішен, Айдарлы, Жаңаөзен, Мәстеқсай, ескіқала ауылдарының маңындағы зираттардың, Бөкей Ордасындағы Хан зираттарының (қ. 11 – қосымша) этнографиялық – тарихи архиологиялық ескерткіштеріне зейін аударды. Жәңгір хан М.С.Бабажанов, т.б. тарихи тұлғалардың кесене – бейіттерінің сақталу жайына көніл бөлді.
Обылыстың шығыс жағында, сол жағалаудағы аудандарда орналасқан мемориалдық – рәсіми архиологиялық ескерткіштері әлі күнге дейін тиянақты зерттелмеген. Мұнда негізінен далалық Арал – Каспий аймағына таралған дәстүрлі нышан – ауқымды көп бөлікті құрылыстар кездеседі. Солардың қатарында Әулие қасірет қорығы мен Қондыке бейітін атауға болады. Дәстүрлі соқпа тәсілімен құйылған молалар да осы өңірінде ғана ұшырасады. Ақкөл ауылының оңтүстік шығысында Қазының бейіті бар. Ал Қаратөбе ауданындағы Ақбақай қорымына төре тұқымы – Мұхит Мерәліұлы, Шәңгерей Бөкеев, т.б. жерленген. Сондай – ақ аудан орталығы – қаратөбе ауылынан солтүстікке қарай 20 км жердегі қорымға С.Датұлының серігі, батыр әрі би Қаратау Өмірзақұлы жерленген.
Шола зерттеу нәтижесінде Батыс Қазақстан болысындағы дәстүрлі мемориалдық – рәсми архиологиялық ескерткіштеріне Еділ татарларының әсері байқалады. Ал сол жағалау тұрғындары Үстірт ескерткіштерінің әдібімен көп бөлікті, тастан қашалған белгі орнатуға бейімделген. Сонымен қатар, облыс аумағындағы қорымдарда өзге де ерекшеліктер – отарлау кезеңінің просинциялық архитектурасының нышандары да із қалдырған. Облыс шеңберіндегі, әсіресе солтүстік пен шығыс кеңістіктегі ескерткіштерді кешенді түрде зерттеп, зерделеу келешектегі міндеті болмақ (қ. 16 – қосымша).
Облыс тарихында жергілікті экономикалық, әлеуметтік — мәдени дамуына үлес қосқандар көп. Тоғызыншы бесжылдықтың кезінде “Омега” прибор құрылысы зауыты, “Металист” тігін және киіз бастыру фабрикасы салынды. Он бірінші бесжылдықта “Оралмұнайгазгеология” мұнай – газ бұрғылау бірлестігі құрылды. Бірегей Қарашығанақ мұнай – газ конденсаты кен орны батысында “Қазақгаз” мемлекеттік холдинг компаниясы ұйымдастырылды. Норвегия, Жапония және басқа шет елдерге экспорт шығаратын мия өңдеу зауыты жаңа өндіру корпусына көшірілді. Обылыс аумағында өнеркәсіптің түрлі салаларын қамтитын жүзге жуық кәсіпорын бар. Облыс орталығының өнеркәсіп кәсіпорындары 30 шет елге өз өнімдерін өткізді.
Орал қаласы – тоғыз жолдың торабы, мұнда қала мен облыс орталықтарына, жақын және алыс шет елдерге темір жол ауа, су және автомобиль жолдары тоғысады.
Еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, бес даму жолын таңдауына байланысты Батыс Қазақстан облысының саяси — әлуметтік өмірінде, жергілікті басқару жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. 1992 жылы республикада әкімшілік басқару институты енгізіліп, облыс әкімі Н.Есқалиев (1992-93), Жақыпов (1993-2000) болды. 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап облысты Қ.Көшербаев басқарды. Жергілікті басқару жүйесінде облыстық мәслихаттың да алатын орны зор. Бұл мемлекетті билік органы тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністен сайланған депутаттар арқылы облыс тұрғындарының ерік – жігерін білдіреді. Сондай – ақ батыс қазақстандықтар республика аумағында маңызды мемлекет, қоғамдық іс – шараларға белсене қатысып, саяси – құқықтық және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға үлес қосып келеді. Мәселен, еліміздің жоғарғы заң шығарушы органына А. Есенғалиев, И.Б.Водолазов, Э.Ғаббасов, В.В.Киянский, Т.Сапаров, Р.Сүйербаев (1994), М.Артығалиев, С.Мұқанов (1996), В.Б.Асанов, Қ.Шалабаев, В.Я. Землянов (1999), сондай –ақ В.И.Балдин, А.Таспихов, Р.Ахметов депутат сайланды.
Облыс тарихында жергілікті экономикалық, әлеуметтік – мәдени дамуына үлес қосқан басшылар есімі құрметпен аталады. Мәселен, Кеңес өкіметі жылдарында облыс партия комитетін К.М. Аммосов (1932), І.Құрамысов (1934), Х.М.Пазиков (1937), М.С. Салин (1946), С.Тоқтамысов (1955), С.Ниязбеков (1959 – 62), ш.Қоспанов (1962 -75), М.Ықсанов (1975 – 86), Н.Ескалиев (1986 -92), облыс атқару комитетін әр жылдарда Х.Ищанов, Ғафиатуллин, П.П. Волошко зерттеді.