БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ туралы қазақша реферат
Еліміздің болашағы болып саналатын ұрпақ тәрбиесінде, оқу үрдісінде өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің, нарықтық экономика кезеңінің қалыптасуы жас ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілетін, шығармашылық, кәсіби біліктілігі мен білімділігінің қалыпты дамуын талап етеді.
Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оның жеке басын жан – жақты дамыту мен мектепте оқытудың жаңа технологиясын қолдану ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағына зор үміт артып «Алдымызда атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін» — деп атап көрсетті.Осыған орай бүгінгі таңда қоғам ізгілікті адамгершілік тұрғыдан жаңартудың әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыра алатын жаңа тұрпатты, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу және қалыптастыру қажеттілігі алға қойылып отырған мақсаттардың бірі. Сондықтан еліміздің білім беру сапасын арттыру мен оның инновациялық дамуына жол ашу жастардың білімді, іскер, отансүйгіш азамат болуына қол жеткізу.
Олай болса қазіргі таңда бастауыш сынып оқушысының жайы басқаша. Мектепте берілетін білімнің теориялық жақтары, құбылыстарды түсіндіру, байланыстарды анықтау, оларды жапылау күннен күнге тереңдетіліп келеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының мектепте толық білім алуын қамтамасыз ету мен сол ортаға бейімделуін дамыту оның физиологиялық және психологиялық негізін ескере отырып тек оқу әрекетінде ғана емес күнделікті барлық жағдайда дұрыс ұйымдастырып қолдауды талап етеді. Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабелеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді, мінез құлық ерекшеліктері қалыптасады.
Бастауыш сыныпта балаға берілетін ақыпараттар сол сәтте оның өзіне қызық емес, бірақ болашаққа маңызды материалдармен оқып танысады. Ал оны қызықты әрі, заман талабына сай жаңа инновациялық технологияны қолдану арықыл есте жылдам қалатындай етіп ұйымдастыру қажет. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының оқу жүйесінде балалар айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтардың ең алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе психологиялық дайын еместігі. Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, мұғалім тұлғасы, қоршаған ортамен қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай баланың өмірі айтарлықтай өзгереді: бәрі оқуға, аранйы тәртіпке, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең. Мектеп алғашқы күннен бастап оларға интеллектуалдық және физикалық күшті қажет ететін тапсырмалар береді. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық дамуы мен мектепте оқуының өзіндік ерекшеліктеріне арналған зерттеулері Коломинский Я.Л., Панько Е.А., Чуткина Г.М., Венгер Л.А., Мухина В.С. және баланың мектепке психологиялық даярлығы мен мектепке бейімделу туралы отандық ғалымдар Баймұратова Б., Қойбағаров., А.Ш.Стыбаева, Қ.Сейсенбаевтың еңбектері маңызды орын алады.
Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастыратын отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Оқушылардың мінезін тәрбиелеу мен қалыптастырудың басты міндеті – олардың жан-жақты дамыған, білімді, салауатты, отансүйгіш болып өсуіне жағдай жасау. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы бастауыш сыныпта бастау алады және психологиялық, педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты болады.
Осы мақсатта бастауыш сынып оқыушылардың оқу әрекетінде кезедесетін қиындықтарын анықтау мен жоюға арналып жүргізілген психодиагностикалық жұмыстың негізгі мақсаты төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталады:
— бастауыш оқушыларының мектепке бейімделуінің әлеуметтік–психологиялық деңгейін анықтау;
— оқу әрекеті барысында қиындыққа кедескен оқушылар тобын саралау, олардың себептері мен мінез-құлқын анықтау;
— білім алу мен тәрбиелеу барасында қиындық туғызған жағдайларды шешуге, психологиялық көмек көрсетуге арналған жолдарын анықтау.
Баланың мектептегі психологиялық жағдай туралы тек баланың өзінен алған ақпараттар ғана емес жалпы жеке карталары, мұғалімдер және ата-аналардан алынған сауалнамалар арқылы да толықтырылады. Құжаттарға жасалынған талдау оқушының педагогикалық жетістігін көрсетсе (бағалары), оқушылардың күнделікті жұмыс дәптерлері олардың қосымша танымдық ерекшеліктерін анықтауға негіз болды. Оқушылардың дәптерлерін зейін қойып тексеруден біз олардың оқуға және жекелеген пәндерге деген қызығушылығын, ерекше қабілеттерін байқадық (ұқыптылық, қызығушылық, жауаупкершілік, ерекше қабілеттілігін).
Диагоностикалық жұмыстың негізгі бөліктері оқу жылдың қараша, желтоқсан айларында жүргізілуі тиімді. Мұнда негізігі үш бағытта ұйымдастырылады: оқышыларды тексеру, ата-аналар мен мұғалімдерден сауалнама алу. Осы үш бағыттағы жүргізілген жұмыстар біруақытта қамтылу қажет. Мысалы балаларға «Маған мектепте не ұнайды» тақырыбында сурет салуды ұсынуға болады. Бұл әдістеме баланың мектепке деген мотивациясын зерттеу болып табылады. Баланың салынған суреттерінің берілген тақырыпқа сай келмеуі автордың сипаттауынша төмендегідей қорытыдыланады:
— мектепке деген мотивациясының көрінбеуі және ойын мотивінің көрінуі. Бұл жағдайда балалар машина, ойыншық, соғыс әрекеттерін, өрнектер салды.
— балаладағы жағымсыз қасиет. Бала мектеп тақырыбына сурет салудан үзілді-кесілді бас тартады. Оның ұнатқан суретті салуы сінез-құлық мектеп тақырыптарына қиындықпен бейімделу деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді.
— қойылған мақсатты түсінбеу. Балалар ешқандай сурет салмаса немесе көшіріп алса, мұндай балаларда психикалық даму жоғары екендігін көрсетеді.
Суреттердің берілген тақырыпқа сәйкестігі:
— оқу жағдайлары мектеп мотивациясын, оқу белсенділігін және оқушылардың танымдық мотивін көрсетеді.
— оқу жағдайына емес мектептің сыртқы көрінісі мектепке жағымды қатынасты көрсетеді, бірақ сыртқы мотивациясының басымдығы анықталынады.
— мектептегі ойын жағдайларының суреті мектепке қатынастың жағымды екенін көрсетеді, бірақ ойын мотивациясы басым болуымен ерекшеленеді.
Баланың күнделікті дамуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Ата-аналар, тәрбиеші-мұғалімдер, психологтар балалармен тілдесіп, оларға жеткізетін мағлұматтарды доғаратын болса балалардың өсіп жетілуіне, рухани жағынан толыққанды дамуына өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әр қилы өзгеріске ұшырар еді.
Бастауыш сынып оқушылары жаңа ортаға енген кезде үлкендерден ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді.
Қорытындылай келе, әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу үздіксіз оқу-тәрбие процесі мен үлкендердің қолдауының ғана жемісі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Астана, 2007 жыл 28 ақпан.
2. Мұқанов А. Жас және педагогикалық психология-Алматы;1981.
3. Стыбаева А.Ш. Первичная психологическая адаптация детей 6-7 лет к условиям школы.-Тараз.,2003.
4. Широкова Г.А. Практикум для детского психолога — Ростов-на-Дону., 2004