Ол баланың психофизиологиялық ерекшелігі мен қасиетіне байланысты. Жас ерекшелігіне байланысты музыка мұғалімі балаларды музыка қабылдауға үйретеді, тәрбиелейді. Оқудың даму мен тәрбиесі баланың психологиялық дамуына бағытталады және музыка қабылдау да осы процестегі негізгі бағыттар анықталады. Қалыпты, дені сау бала зерделі, білгіш, оны бәрі (әр нәрсе) қызықтырады, зейіні көз тартады.
Баланың таңырқауы: музыка қоршаған ортаны, адамдарды, жануар әлемін, түрлі көріністерді, табиғат көріністерін суреттейді; музыка көңілін ашады, жылатады, билейді, адымдайды, «өмірден» алынған көріністерді ойнайды … Мұғалім музыканың суреттеу-бейнелеу мүмкіншілігін балаға жеткізе білуі керек – бұл музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты, музыканы қабылдау қабілеттілігінің қалыптасуы мен дамуы болып есептеледі.
Бұл мақсаттар қалай шешіледі?
— оқушылардың қызығушылығын арттыру, қолдау, ұстап тұру деген мағына;
— мұғалімнің сөзі – музыкалық көрінісін дәл, жанды айта білу (бірақ та — жүгіріп тұрған «зайчик», сайрап тұрған «птенчик», төмен ырылдап тұрған «мишка» деген сөздер болмасын);
— музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, сабақ бөлімдерінің кезектігін ауыстырып отырған жөн:
— репертуардың маңыздылығы.
Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді түрлендіріп, кезектігін ауыстырып отырған жөн.
Музыка тыңдауда:
— кріспе сөзбен (қысқа да нұсқа, маңызының байлығы, балаларды қызықтыру, композитор туралы, шығу тарихы, кезеңі, шығармашылық тапсырмалар беру және де қандай да болсын диалогқа ынталандыруы қажет: өз пікірі қалыптасады, өзінің позициясы тұрақталады);
— ән орындау, үйрету, қайталау, еске салу т.с. (хор, ансамбль, жеке, әдебиет мәтінімен байланысы, жас ерекшелігі, репертуары, диапазоны т.с.);
— қарапайым аспаптарда орындау (бір топ аспап – шулы-соқпалы аспаптар, екінші топ – сыбызғылыр, блокфлейталар, ксилофондар, металлафондар, сырнай, домбыры т.с.);
— аудиотаспа, бейне таспаны қолдану (сонда да жанды орындау бірінші қатарда тұр);
— теориялық негіздері (биіктігі, ұзақтылығы, бояуы, екпін, ырғақ, музыкалық терминдер, жанрлар, аспаптар т.б.);
Ең негізі – көркем — бейнелік ойлауына, эмоциялық атмосфераға, қызығуына, эстетикалық талаптарға т.б. оқушыға жан жақты өсуіне, дамуына жағдай жасау.