Жоспар
Кіріспе……..2-4 бет
1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы….5-18 бет
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері….19-23 бет
2. «Шваб шұжық» кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері…..24-34 бет
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі…….35-44 бет
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті….45-56 бет
3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту……57-64 бет
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту….65-77 бет
Қорытынды……78-79 бет
Қолданылған әдебиеттер…….80 бет
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-2030” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 6 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының жолдаған Жолдауы да «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді.
Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.
Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.
Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:
— нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні, маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;
— ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;
— бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері – Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан «Шваб шұжықтары» ЖШС болып табылады. Бұл кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі механизмдер жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның Қазақстан аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады. Атқарылатын жұмыс құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен анықталады. «Кәсіпорынның өнім сапасы және оның бәсекелік қабілеті» деп аталған екінші тарауда «Шваб шұжықтары» ЖШС-і мысалға алынып, оның жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.
«Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары» деген үшінші тарау кәсіпорынның бәсекесі мен оның Қазақстан жағдайларына бейімделуіне, «Шваб шұжықтары» ЖШС қолданған қаржылық сауықтандыру жоспарларына арналады.
Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-құқықтық құжаттар зеттеліп қолданды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері және «Шваб шұжықтары» ЖШС -ң мәліметтері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс / 80 бет