“Байқоңыр” космодромы туралы қазақша реферат
Кіріспе
Қазақстан экологтары біздің жерімізде қазір 21млн тонна өнеркәсіп қалдығы жиналып қалғанын айтып, дабыл қағуда. Соның 30 млн-ы – радиоактивті қалдықтар.
2004 жылы 9-10 қаңтарда болған Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға сапары кезінде “Байқоңыр” ғарыш айлағын жалға алу мерзімін 50 жылға ұзарту және оны екі жақтың бірлесіп пайдалануы жөнінде ортақ келісімге қол жеткізді.
Әлемде ең “ғарышқұмар” ел саналатын Ресей өзінің ғарыш аппараттарының 70%-ін “Байқоңырдан” ұшырады. Бұрынғыдай емес, қазір ғарыш кешенінде жоспарланған бағдарламалар мен жобаларға Қазақстан мамандарын көбірек қатыстыруға мүмкіндік қарастырылып жатыр. Екі ел президентінің кездесуі барысында қол жеткізілген тағы бір нәрсе — “Байқоңыр”-дың экологиялық қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету болса, бұл бағыттағы бастамаларды әзірге көре алмай отырғанымыз рас. Келісімде экологиялық тұрғыдан қауіпті отындармен (мәселен, гептил) жұмыс істейтін ғарыштық-зымырандық кешенді пайдалануды біртіндеп қысқарту қарастырылғанмен, түбегей шешімін таппаған сыңайлы.
“Байқоңыр” бүгінде әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы саналады. Қазір оның аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады. Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке – 75 шаршы, батыстан шығысқа 90 шақырымға жуықтайды. Айлақтың жер бетіндегі инфрақұрылымын 9 ұшу кешенін, ғарыш аппараттары мен зымыран тасығыштар құрастырып, сынақтан өткізілетін 11 ғимаратты, ғарыш аппараттары мен екпінді блоктарға отын және сығылған газды құюға арналған 3 стансаны, 2 аэродромды және өлшеу кешенін қамтиды.
“Байқоңыр” төңірегіндегі экологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екеніне зер салайық: мәселен осыншама жыл бойына ғарыш айлағын гептилмен жұмыс істейтін 2000-нан аса зымыран тасығыштар ұшырылыпты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ғалымдары Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының ауласында, жер қыртысында, өсімдіктерде, суында гептильдің түрлі көлемдегі дозалары барын анықтапты. Кей өңірлердің 1 шаршы метрінде гептильдің мөлшері 2500 млг-ға дейін жететін көрінеді. Ал, оның адам денсаулығына аса қауіпті емес деп саналатын ең жоғарғы дозасы – 1 шаршы метрге 0,1 млг болуы керек!
“Байқоңыр” космодромы туралы қысқаша мәлімет
Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобил жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.
“Байқоңыр” бүгінде әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы саналады. Қазір оның аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады. Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке – 75 шаршы, батыстан шығысқа 90 шақырымға жуықтайды. Айлақтың жер бетіндегі инфрақұрылымын 9 ұшу кешенін, ғарыш аппараттары мен зымыран тасығыштар құрастырып, сынақтан өткізілетін 11 ғимаратты, ғарыш аппараттары мен екпінді блоктарға отын және сығылған газды құюға арналған 3 стансаны, 2 аэродромды және өлшеу кешенін қамтиды.
Ғарыш кешенінің тарихы өз бастауын 1955 жылдан алады. Сол жылдың 2 ақпанында КСРО Министрлер Кеңесі кейін “Байқоңыр ғарыш айлағы” деп аталып кеткен №5 Ғылыми зерттеу полигонын салу туралы шешім қабылданған болатын. Космодромның әкімшілік орталығы халқы 60 мыңға жуық Байқоңыр қаласы.
Кешеннің орналасу территориясы келесі табиғи ерекшеліктермен сипатталады. Басымды рельеф – тұздалған учаскелері бар құмды далалар мен жылжымалы бархандар. Сараң шөптер шғлденің аяғына дейін ғана жарамды, бұдан кейін қурап қалады. 12-15 м/с –тан астатын желдер кезінде 20-25 күнге созылатын борандар тән. Кешеннің қолдануға берілген жері (70%) жайылымдық жерлер. Космодром бойынша жарамсыз жерлер көлемі 1,8 га тең және ол карьерлер, қалдықтар төгілетін Байқоңыр қаласының төңірегіндегі аумақтар болып табылады.
1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор», т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды.
1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мүсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды.
Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.
Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті.
Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
Әрине, космодром аумағындағы экологиялық жағдай қалыптасуының негізгі факторы Арал теңізінің шөлейттенуі мен өзгеруі болып табылатындығы айқын, бірақ “Байқоңырдың” тіршілігі де табиғи ортаның қалпына кері әсерін тигізеді.
Атауы |
Ракета түрлері |
Бірінші ғарыш |
Соңғы ғарыш |
Жалпы ғарыш |
Координаталары |
|
СК 17П32-5 (№ 5) (Гагаринский старт) |
Площадка № 1 | Семейство «Р-7» | 15 мамыр 1957 | 28 сәуір 2010 | 602 на 23.12.2007 |
45.92° с. ш. 63.342° в. д. (G) (O) |
СК 17П32-6 (№ 6) | Площадка № 31 | Семейство «Р-7» | 14 қаңтар 1961 | 17 қыркүйек 2009 | 204 на 14.12.2007 |
45.996° с. ш. 63.564° в. д. (G) (O) |
СК № 15 | Площадка № 41 | «Р-16», «Космос» | 25 мамыр 1963 | 27 тамыз 1968 | 22 | 45.976° с. ш. 63.669° в. д. (G) (O) |
СК 11П877 (№ 1) | Площадка № 45 | «Зенит-2», «Зенит-3SLБ» | 13 сәуір 1985 | 30 қараша 2009 | 41 | 45.943° с. ш. 63.653° в. д. (G) (O) |
СК № 2 | Площадка № 45 | «Зенит-2» | 22 мамыр 1990 | 4 қазан 1990 | 2 | 45.94° с. ш. 63.655° в. д. (G) (O) |
СК № 23 (81Л) | Площадка № 81 | «Протон-К» | 16 шілде 1965 | 27 мамыр 2004 | 104 | 46.074° с. ш. 62.978° в. д. (G) (O) |
СК № 24 (81П) | Площадка № 81 | «Протон-К» | 22 қараша 1967 | 1 мамыр 2010 | 59 | 46.071° с. ш. 62.985° в. д. (G) (O) |
СК № 19 (90Л) | Площадка № 90 | «УР-200», «Циклон-2» | 5 қараша 1963 | 9 желтоқсан 1997 | 113 | 46.081° с. ш. 62.932° в. д. (G) (O) |
СК № 20 (90П) | Площадка № 90 | «УР-200», «Циклон-2» | 24 қыркүйек 1964 | 24 маусым 2006 | 11 | 46.08° с. ш. 62.935° в. д. (G) (O) |
СК № 95 (90П) | Площадка № 109 | Р-36М, «Днепр» | 4 шілде 1974 | 9 сәуір 2010 | 30 | 45.951° с. ш. 63.497° в. д. (G) (O) |
СК № 37 (110Л) | Площадка № 110 | «Н-1», «Энергия» — «Буран» | 18 мамыр 1970 | 15 қараша 1988 | 3 | 45.965° с. ш. 63.305° в. д. (G) (O) |
СК № 38 (110П) | Площадка № 110 | «Н-1» | 21 ақпан 1969 | 3 шілде 1969 | 2 | 45.962° с. ш. 63.31° в. д. (G) (O) |
СК № 59 | Площадка № 175 | «Рокот» (вариант 14А01Р) |
26 желтоқсан 1994 |
1 | 46.052° с. ш. 62.986° в. д. (G) (O) | |
СК № 39 (200Л) | Площадка № 200 | «Протон-М», «Протон-К» | 20 ақпан 1980 | 24 сәуір 2010 | 128 | 46.04° с. ш. 63.032° в. д. (G) (O) |
СК № 40 (200П) | Площадка № 200 | «Протон-К» | 23 шілде 1977 | 31 наурыз 1991 | 64 | 46.036° с. ш. 63.038° в. д. (G) (O) |
СК № | Площадка № 250 | «Энергия» |
15 мамыр 1987 |
1 | 46.008° с. ш. 63.305° в. д. (G) (O) |
Апаттар
1996 ж. 14 мамыр – «Союз» зымырантасығышы құлады.
1997 ж. 20 мамыр – «Зенит» зымырантасығышы құлады.
1999 ж. 5 шілде – «Протон» зымырантасығышы құлады.
1999 ж. – «Протон» зымырантасығышы құлады.
(Негізінен осындай 37-38 апат болған, бірақ нақты дерек жоқ).
Тарихи анықтамалар
1955 ж. 12 ақпан – «Байқоңыр» ғарыш айлағын салу жөнінде шешім қабылданды.
1955 ж. 12 мамыр – кешеннің құрылысы басталды.
1957 ж. – «Р-Э» зымыраны ұшырылды.
1961 ж. 12 сәуір – Тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты. Ю. Гагарин ғарышта болып қайтты.
1991 ж. 2 қазан – Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров ұшты.
1957-95 жж. – Айналадағы ортаға және халық денсаулығына кері ықпал туралы деректер шектеліп келді.
1997 ж. 4 қазан – Ресей Федерациясы «Байқоңыр» кешенін жалға (аренда) алған жағдайда оның аймағындағы экология және табиғатты пайдалану мәселесі жөніндегі келісімге қол қойылды.
1998 ж. 21 қазан – табиғатты қорғау заңының бұзылуын болдырмау жөніндегі Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ұйғарым шығарды.
1998 ж. қараша – 1999 ж. мамыр ұйғарымды орындау туралы Ресей жағымен хат алмасылды. Ресей жағы ұйғарымның барлық тармақтарын орындайтындығы туралы хабардар етті.
1999 ж. 29 наурыз – Ресей-Қазақстан комиссиясы кездесіп, бірлескен хаттамаға қол қойды.
1999 ж. 2 шілде – Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ғарыш айлағынан зымырантасығыштардың ұшуына тыйым салынатыны туралы Ресей жағына ескерту хат жолдады.
1999 ж. 5 шілде – Ақаумен ұшырылған «Протон» зымырантасығышы Қарқаралы ауданының жеріне құлады.
1999 ж. 27 қазан – «Протон» зымырантасығышының апаты. Оның сынықтары Атасу поселкесінің жанына құлады.
1999 ж. 18 қараша – келісімдерге қол қойылды. Келген шығынның орнын толтыру Ресейден талап етілді.
Жалға беру шарты (1994 ж.)
Жалға беру ақысына (жылына АҚШ-тың 115 млн. доллары) табиғатты пайдалану төлемі де қосылған. (Бірақ қоршаған ортаны қорғау қорына одан бір тиын да түспей отыр).
Экология және табиғат қорғау мәселесі 1997 ж. 4 қазанда жасалған келісіммен жеке реттеледі.
Ғарыш айлағы объектілеріне бөгде адамды кіргізу көзделмеген. Бұл мәселе 1999 жылдың 1 қарашасындағы жеке ережемен кейіннен реттелген.
Ракета-тасушылардың қоршаған ортаға тигізетін әсері
Космодром әрекеті мына кері әсерлерге әкеліп соғады деп саналады:
А) ұшырылудан кейінгі периодта атмосфералық процестердің табиғи режимінің бұзылуына;
Б) ракеталар отынының токсинді компоненттерімен ауа массалары мен жерүсті кеңістігінің былғануы;
В) табиғи өндірістік-шаруашылық биологиялық объектілердің зақымдануына;
Г) территорияның ұшу аппараттарының қалдықтары мен фрагменттерінен қоқысталуына;
Қарағанды облысының ресми емес экологтарының айтуы бойынша Жезді аумағында ракет-тасушылардың жіберілуі жазғы айларда ұзақтығы 10 сағатқа жететін 5-8 күнге дейін созылатын шаңды борандардың, қысқы айларда 2-3 күнге созылатын ақ борандардың келуімен тұстас болады, бұл өз кезегіне 4қуатты желді күндер көлемінің жылына 40-50 дейін өсуіне әкеліп соғады.
Қазгидромет деректерінің талдау нәтижесінде 1988-1997 жылдар арасындағы үш қаладағы (Астана, Жезказган, Қызылорда) ауа райы жағдайының өзгеруі келесідей анықталады. Барлық параметрлер дерлік бір деңгейде жөнелтулерден кейін сол және басқа жаққа ауысып, және осы ауысулар жөнелтулерден кейін қалыптасқан ауа райы жағдайларының өзгерулерінің жалпы санының ұлғаюы салдарынан орын тапты. жай құбылыстарға қарағанда жиірек жөнелтулерден кейін болатын ылғалдылыққтың төмендеуі, ауа температурасының қыста төмендеуі мен жаз мезгілдерінде ұлғаюуы, жел жылдамдығының өсуі, бірақ қауіпті жағдайларға дейін сирек барады. Ғарыштық аппараттарды жөнелтумен байланысты ауа райы жағдайларының үнемі күрт нашарлауы белгіленбеген.
Ғарыштық тіршілікке адамзаттың өндіруші әрекетінің басқа да облыстары секілді экологиялық тосқауылдар (авария) қаупі тән болмақ. Олар жобалау кезінде қателіктер жіберу мүмкіндігімен, тәжірибе жүргізудегі, қоршаған ортаға келтірілетін салмақты зақымдануға әкелетін ғарыштық техниканы утилизициялау мен эксплуатациялауда болатын ерекше жағдайлар (происшествие) пайда болуымен байланысты. Яғни, жоғарытоксинді ракеталар жанармайын және басқа да зиянды заттарды пайдалану қоршаған орта мен адамға зиянын келтіру қаупі айқын.
Ғарыштық аппараттар жану өнімдерінің әсері Жер атмосферасында сезіледі. Негізгі зиянды факторларға атмосфераның жерүсті қабаты – тропосферада жану өнімдерінің көп көлемде шығарылуы, стратосферада озон концентрациясының, ал ионосферада еркін электрондардың сирелеуі.
Атмосферадағы көміртегі оксиді Жердің радиациялық балансына әсерін тигізеді, оның көлемінің ұлғаюы парниктік эффектіге, яғни ауа мен Жер бетінің температурасының ұлғаюына әкеліп соғады. Бір ғана РН “Протонды” жөнелту кезінде 200т-дай көміртегі оксиді, ал РН “Союзда” 133т атмосфераға шығарылады. Салыстыру үшін мына мысалды қарастырайық.
1995ж Қазақстан бойынша көміртегі оксиді қалдықтарының жалпы көлемі 221,478 млн т болса керек. “Байқоңыр” өңірінен осы жылы 19 ракет-тасушылар жөнелтілді (8-РН “Союз”, 8-РН “Протон”, 2-РН “Циклон”, 1-РН “Зенит”), мұндағы ракет-тасушылардан атмосфераға шыққан СО2-ның жалпы көлемі 2965т тең. Оның республика бойынша СО2-нің жалпы салмағы небәрі 0,001% құрады.
Ракеттерді жөнелткендегі атмосфераға енетін токсинді заттарға көміртегі қышқылы жатады. РН “Протонды” жөнелту кезінде атмосфераға бұл заттың 17 тоннасы шығарылады. Карбюраторлы автомобильдер жылына 1т бензин қолдану есесімен орта есеппен 0,42т көміртегі қышқылын шығарады. Осылайша, бір ғана РН “Протонның” жөнелтілуін көміртегі қышқылының көлемі бойынша 40,5 автомобильдердің жылдық эксплуатациясына теңеуге болады. Көміртегі қышқылының негізгі көзі жанармайдың өндіріс пештерінде, котелді және автомобильді двигательдерде толымсыз жануы болып саналады.
Стратосферада негізгі кері әсерді ракетті жанармайдың жану өнімдерінің озонды қабатқа шығарылуы жатады. Озон сұйықтықты ракет двигательдерінің жану өнімдерінде және ракетті двигательдердің факелдерінде жоғары температуралардың әсерінен азот пен кислородтан бөлінетін азот қышқылдарында салмақты мөлшерде болатын су булары нәтижесінде зақымданады. Мысалы, “Протон” ракета-тасушысының ұшуы кезінде озоносфера қабатында оның траекториясының аумағында озон қабаты сиреген кеңістігі пайда болады. Бұл кеңістіктің траекторияға қатысты 20 және 30км биіктіктегі радиусы сәйкесінше 0,3 пен 1км-ге тең, ал 35км биіктікте 3км-ге дейін жетеді. Аумақтың 20 және 35км биіктікте өмір сүруінің уақыты сәйкесінше 30мин және 3сағатқа тең. Глобалды масштабта осы ракетаның озонды зақымдау потенциалы –Жердің озон қабатының массасына қатысты массасы 0,0064%-дан аспайды.
Озонға зақым келтіретіннің қауіптісі – хлор. Оның бір ғана молекуласы 100 мыңдай озон молекуласын жоя алады. Ракет-тасушылардың қатты денелі жанғыш заттардың жануы өнімдерінде хлор мен хлорсутектің үлкен массалары болады. Мысалы ракет-ғарыштық “Спейс-Шаттл” жүйесі ұшу кезінде 180т хлор мен хлорсутекті шығарады. Ортаның қозуы (электрондар концентрациясының азаюы, озон массасының азаюы, т.б.) 9-12 сағатқа дейін созылады.
Глобальды масштабта РТ-лардың ұшуы кезіндегі атмосфераға шығарылатын жану өнімдері келтіретін зақым өндірістік қалдықтармен салыстырғанда төмен, бірақ басқалардан айырмашылығы атмосфераның кең ауқымды диапазон биіктігінде, әсірісе жоғарғы қабаттарына – стратосфера мен ионосфераға әсерін тигізуінде. Атмосфераға ракеталар қалдықтары әсерінің бұл ерекшелігі күтпеген салдардан сақтап қалу үшін өзіне алдағы уақытта тереңірек көңіл бөліп зерттеуді талап етеді.
Космодромнан ұшырылатын ракет-тасушушылар мынадай ракета отынының компоненттері қолданылатын двигательдерді қамтиды:
А) токсинді емес – сұйық оттегі мен Т-1 маркалы керосин, сұйық оттегі мен сутегі;
Б) токсинді – “самин” және “меланж” типті қышқылдар(окислитель) мен жанармай – симметриялық емес диметил-гидразин (гептил). Осы компоненттер қауіпті токсинді заттардың 1-класына жатады.
Сақтау мен орнату кезіндегі қауіпсіздік шараларының жүргізілуіне қарамастан, ұшыру технологиясының өзі табиғи ортаның ластануына әкеліп соғады. “Протон” типті ракет-тасушылардың бірінші бөлшектерінің бөліп түсуі кезінде қышқыл қалдығы 2-3,5 тоннадай жанармайды құрайды. Атмосфера қабаттарында бактердің жойылуға ұшырауы кезінде ластаушы заттардың бұлты пайда болады. Олар жан-жаққа үлкен территорияларға жайылып қонады, ал жер бетімен соқтығысуы кезінде жер бедерінің локальды ластануы ауаға, жерасты суларға таралады.
Бүгінгі күні сұйық ракеталар отынының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің негізгісі сұйық ракет двигательдерінен бөлініп шығатын токсинді компоненттермен, отын бактері мен ракет двигательдері қалдықтарымен ракет-тасушылар бөлшектерінің бөлініп түскен жердегі аудандардың ластануы. Сұйық ракет отындарының компоненттері табиғатқа және құлап түскен жерінің ландшафтына байланысты табиғи процестердің әсерінен түрленіп токсинді қасиетінен айырылуы да мүмкін, және сақталып жиналуы да мүмкін, яғни тірі ағзаларға қауіп төндіреді.
Аса маңызды мәселе: жер бедерінің гептилмен және оның туындыларымен ластануы. Гептил суда қалдықсыз ериді және түрлі жазықтықтарда жақсы сорбирленеді, қышқылдық реакцияларға жеңіл қатысып, бұдан канцерогенді және басқа да өнімдерді туғызады. Ракет-тасушылардың бөлшектерінің бөлініп түсетін жерінде гептилдің салмақты мөлшері (90% дейін) жанып, қалғаны жер қыртысында сақталып, мұнда ұзақ уақытқа қалады.
Зерттеулер деректері бойынша, жүргізілетін тәжірибелер жерасты және жерүсті су ресурстарына әсері шамалы екенін айтады. Су технологиялық процесте ғарыштық ракеталарды дайындау мен ұшыру жұмыстарына пайдаланбайды. Ракет отындары қалдықтарын жандыру станциялары бар. Олар жұмыс жағдайында орналасады және табиғат қорғау нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес эксплуатацияланады, бұл өз кезегінде қоршаған табиғи ортаның ластануын рұқсат етілетін деңгейге дейін төмендетеді. Су ресурстарының ластануы тек “Протон” ракет-тасушылары бөлшектерінің құлап түсу аудандарында ғана болуы мүмкін. Әйтсе де оларды табу үшін компетентті ұйымдар мен қаржы-қаражат керек.
Екі жақтың алған міндеттерін ескере отырып, космодромның әскери бөлімдері мемлекетаралық құқық актілерімен қатар ҚР-ның табиғат қорғау нормаларын қолдана отырып, “Байқоңыр” кешені қызметкерлерінің және жанасатын аудандар халқының денсаулығын, табиғи байлықтарын сақтап қалуға барлық күшін салуда.
Жалға алу келісіміне сәйкес, Ресей Жағы ракет-тасушылар бөлшектерінің құлап түсу алаңдарын ракет отыны компоненттерінің төгілулерін тазарту жұмыстарын жүргізуі керек. Гептилдің төгілу жеріндегі грунттің ластануына төтеп бермеу үшін ол жерді хлор қышқылымен шолып және керосин қосып ашық жандыру арқылы термиялық обработка жасайжы, ал бұл шаралар жер бедеріндегі органикалық заттардың жоғары дәрежеде жойылуындағы қажетті детоксация деңгейін қамтамасыз етпейді.
Қазіргі кезде гептилмен жаралған полигондар территориясының жер бедерін детоксациялаудың түрлі әдістерін зерттеу жұмыстары жалғастырылуда.
Қалдықтар түсіп қонатын аудандар территориясында ракет ұшыру кезінде көшірілетін халық тұрады. Бұған қарамастан, полигоннның кері әсерінің көлемі ауада және суда таралу есесімен бұл шекарадан да аспайтындығында күмән келтіреді. Арнайы зерттеулердің жоқ болу салдарынан ол аймақ көлемін есептеп табу оңайға соқпайды.
1999 жылы “Протон” ракет-тасушыларды ұшырудың қоршаған ортаға тигізетін әрекеті мен кері әсерін төмендету мақсатындағы Қазақстан-Ресей біріккен бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілген болатын.
РТ “Протон-М” –нің экологиялық қасиеттерін жақсарту мақсатында М.В. Хруничев атындағы ГКНПЦ-те отын компоненттерінің төгілу аудандарының 1 деңгейін пайдаланбаған компоненттер қалдықтарын бактерден 45км және одан жоғары биіктіктен шығару арқылы соларды ликвидациялау және ракет-тасушылардың бқлінетін бөлшектерінің құлап түсетін аумақтарын азайту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Космодромнан ұшырулар әсерінің мәселесі Қызылорда облысы территориясындағы қалыптасқан “спецификалық” жағдаймен де байланысты. “Байқоңырдың” негативті әсерін регионның басты экологиялық проблемасы – Арал проблемасынан бөліп қарауға болмайды. Бұрынғы теңіз түбінің тұздың үлкен “қорымен” жақын орналасуы (70км), олардың тоқтаусыз жанама территориялар мен “Байқоңырдың” ұшыру алаңдарына шығарылу үрдісі бір-біріне кері әсерін көбейте отырып, климаттық жағдайларға атмосфералық жауын-шашындар тұрақтылығына және химиялық құрамына әсерін тигізеді.
Айта кететін жайт, қазіргі заманғы ракет-ғарыштық техниканың құрастырушылары оның экологиялық қасиеттеріне көбірек мән береді.
Сөз жоқ, “Байқоңыр” космодромының әрекеті Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайына әсерін тигізеді. Сонымен қатар, территория аумағындағы толық ақпаратты алу үшін арнайы зерттеу жұмыстары да қажет.
Кешен территориясының жағдайы сонымен бірге Байқоңыр қаласының шаруашылық әрекетімен де байланысты. Барлық ластанулар дерлік (құрылыс қалдықтары, металлолом, темірбетонның үйіліп жатқандары) КСРО кезіндегі космодром мен қала құрылысы кезінде пайда болған. Қазіргі кезде жаңа объектілердің құрылысы орын тапқан жоқ. Полигондағы табиғат қорғау әрекеттері Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің территориалды органдарымен жүзеге асырылады. Солай, 1996 жылы территорияның ракет отындары компоненттерімен ластануы локальды екенін және жарылыс өнімдері, жану өнімдері мен ракет отындарының токсинді концентрациясы шектеулі рұқсат етілетін концентрациядан 3-5% аспайды.
“Байқоңыр” космодромының болашағы туралы
“Байқоңыр” космодромы әрекетінің қоршаған ортаға әсері туралы айтқанда оның жағымды жақтары туралы ұмытпағаны да жөн. Келесі фактілер мен сандарға назар аударайық.
Космодром үшін жалға алу ақысы жылына 115 млн. АҚШ долларын құрайды. Ресей жыл сайын “Байқоңыр” космодромы объектілерін жақсы дәрежеде ұстау үшін ондаған млн-ды, Байқоңыр қаласының өмір сүруін қамтамасыз ету үшін 25-40 млн салады, 17 млн-ға Қазақстан өндірушілерінен электрэнергиясын сатып алып, теміржол мен автожолдар шығындарын, кеден салықтарын төлейді, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды облыстарынан азық-түлік өнімдерін сатып алады.
Бүгінде Байқоңырда және оған жапсарлас Төре-Там мен Ақай ауылдарында 60 мыңдай халық тұрып жатыр. Олар “Байқоңыр” кешеніне РФ-ның қаражат әрекетінің арқасында жұмыс істеп жүр.
“Байқоңыр” космодромы жабылса, Қазақстан экономикалық және әлеуметтік шығындарға тап болады: жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын ликвидациялау, Байқоңыр қаласының тағдыры. Бұдан басқа, “Байқоңыр” космодромының кейінгі эксплуатациясына маңызды қосатын жай – ғалымдардың ғарыштық техниканы қолдану арқасындағы жаңа технологиялардың өсуі, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өсуіне жол беруінде. Өз құрамындағы “Байқоңыр” кешені арқылы Қазақстан мемлекетаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік ала алады.
Қортынды
«Байқоңыр» ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған адамзат баласының ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді.
«Байқоңырдың» қызмет ете бастағанына 40 жылдай уақыт болса, осы уақыт ішінде ол Қазақстанды әлемге танытты. Алғашқы жер серіктері осында ұшырылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, мұнда тұрған ғимараттар мен басқа да жарақтардың құны 25-30 млрд долларға бағаланады екен. Ол бұрынғы Кеңес Одағынан қалған мұра. Ол Қазақстанның ғылыми дәрежесінің өсуіне де үлкен әсер етті.
Қазақстан Республикасының дамып, даңқы әлемге танылған кезеңі.Ғаламшарымыздағы ең бірінші ғарышалаң өз елімізге оралып, өз ғалымдарымыз жұмыс жасауда.ХХІ-ғасыр компьютер технологияларының ғасыры екеніне бәрінің көзі жетті.Қалаған адам кез-келген қоғамдық орындарда да, үйде де неше түрлі линзалар қолдана алатын болды.Ол құралдың желіге кіру, онлайн сойлесу, жиналыс ұйымдастыру, жарнама жасау сияқты мүмкіндіктері көп.Мемлекетіміздің алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаев мырза жоспарлаған 50 елдің қатарына ену орындалып, тіпті бірінші ондықтың ішіне кірдік.Басқа елдің жастары мен үлкендері салт-дәстүрімізге, мұражайларымызға қызығып келуде.Ең бірінші ғарышқа зымыран ракета ұшқаннан бері танымал болған едік.Тоқтар Әубәкіров есіміне үлкен астрономиялық академия өз жұмыс бастап, көптеген ашулар ашылуда.Сол уақыт аралығында космонафттарымыз күн жүйесіндегі сегіз планетаға барып қонған болатын, Плутонды да қосқанда.Тоғызыншы дененің кеңістігіндегі топырақ уран қосылған топырақ тәріздес заттан тұратыны дәлелденді.Шиелідегі уранмен салыстыру арқылы екеуінің құрамы бір екенін білді.Қазақстан осы жылдары уран арқылы қарқынды дамыды.Жер бетінде мұнайдың сапасы түсіп, жоғалып бара жатқасын, көп елдер дағдарысқа ұшырады.
Сол кездерден бастап тартылыс күшінен шығу қиынға соқпады.Айға 15 минут ішінде жетіп, оны толығымен зерттеу дәрежесіне жетті.Жер серігінде зымыран ракеталарды жөндеу, бөлініп кеткен қалдықтарды жинау, қайта өңдеп шығару жұмысы атқарылуда.Екі күн сайын Байқоңыр ғарыш айлағынан бір зымыран, айдан бір зымыран ұшатын болғандықтан, жердің қорғағыш озон қабаты тесіліп, метеориттер мен астероидтардың құлау қаупі пайда болды.Және де жасыл қоршаған ортаның табиғаты бұзылып, жердің өз осінен айналу мен күннен айналу жылдамдығы артты.Яғни бір тәулікте 24 сағат емес, 20сағат болып өзгерді.Сол себептен зымыран ракеталардың ұшуының көптігін азайту үшін екі айда зымыран бір рет ғана ұшырылып отырды.Ғалымдарымызға күні-түні аянбай жұмыс атқарса да, жерді құтқару қиындай түсті.Енді шын үлкен қауіптер төне бастады әсіресе:күннің циклондарының артуы, адамдардың тез өсіп, тез қартаюы, ауа құрамының бұзылуы, ауданы жарты метр метеориттер мен астероидтардың құлауы, адам қанының ластануы, халықтардың саны азаюы.
Ақпан айының басында КАЗ-72 Сатурнның 62 серіктерін зерттеу үшін ғарышқа аттанды.Ол зымыран ракетаның ішінде біздің екі ғарышкеріміз болды.2050 жылы Сатурнның Минт серігіне әуе шары мен парашют тәріздес құрылғымен барып қону, 2010жылдары жоспарланған болатын.Байқоңыр космодромы сонан бері қарқынды дамуына байланысты, 20жыл ерте баруды көздеді.Екі ұшқышымыз зымыранда 8сағат болып, Минт серігіне қонды.Олар түскен ортаның 98%-озон газынан тұратынын анықтап, жердегі ғалымдарымыздан сол газ бөлігін жерге алып келу туралы бұйрық қабылдады.Бұл жерге ешқашан тастар мен мұздықтардың құламауы, осы озонның мөлшері көп болуының әсерінен екен.Минттің салмағы мен тығыздығы жерден аз болса да, оның ауданы екі есе үлкен екендігі бұрыннан мәлім.
Енді ғалымдарымыздың алдынан үлкен ашулар күтіп тұр.Зиялыларымыздың көзінен үміт көрінді.Жерге зымыран ракетамен екі ұшқышымыз аман-есен қайта оралғаннан соң, зерттеу жұмыстары бүткіл Қазақстанды қамтыды.Келесі мақсат-автоматты түрде басқарылатын жерді қорғайтын озон қабатын ойлап шығару.2030жылдың көктемінде оның құрамы мен сызбасы дайын болды.Сол аралықта зымыран ракеталарға ұшуға тыйым салынды.
Уран көмегімен жұмыс атқаратын машиналар қоршаған орта мен табиғатты тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.2030дың күзінде, зымырандар ұшатын уақытта ғана ашылып, автоматты түрде қайта орына келетін «озон қабаты01» атты Жерді қорғайтын газ құрамды өнертабыс пайда болды.Сол арқылы Жердің айналу жыламдығы орнына түсіп, халықтың ахуалы жақсарды. Ауа құрамындағы элементтер бір мөлшерге түскендіктен, қанның құрамы тазарып, Қазақстан халқының саны 24миллионға жетті.Осы жұмыстарда жақсы еңбек еткен ғалымдармен ұшқыштар сый-сыйапаттармен марапатталды.Зымыран ракеталардың ғарыш кеңістігінде саяхаттауы, қайта өз қалпына келіп, Байқоңыр ғарыш айлағы жайнай түсті.
Қолданылған әдебиеттер
1.“Қазақстан. Экологиялық бюллетень”, 1999ж журналы
2. “Дүние” , 2004ж журнал №6,3
3. Қазақ энциклопедиясы, 2 том
4. Орталық Қазақстан, 2000, 9 желтоқсан
5. ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы – «Ізденіс», 2001, № 4,5, 105-108 бб.