Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері туралы қазақша реферат
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты:
1) Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2) Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
1) Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министірлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар ең бір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп таралған түрлері қазыналық векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.
3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындары мен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.
4) Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
5) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары — олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал арасындағы қағаздар.
3) Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал арасындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.
Акция — үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
1) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
2) бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
3) жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден – бірі түрі. Акция компанияның акционерлер алдында қарыз міндеттемесі.
Акция бірнеше түрге жіктеледі (3 сурет). Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
1) Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабының қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер болып есептеледі.
2) Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітап ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.
Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануы олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушысы арналған акцияны қолдайды.
Себебі еш жерге тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма – қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолайлығын туғызады.
Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизімі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқандағы сертификаттың сырт жағында екі жақтың қол қойылған “ индоссамент ” деген белгі қойылады.
Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа сертификаттарын алады.
Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды иемденуші тікелей, яғни қолма-қол екіншіге береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқын белгілеу тәртібі әртүрлі. Бұл туралы атулы акция иесі корпорацияда хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизмнің жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын жүзеге асырады.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.
Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді [2, 31бет].
Артықшылықты акциялар- меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төлеуін қамиамасыз етеді. Бұл акция дауыс құқын бермейді.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады:
1) Қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивті және кумулятивті емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарын пайдалануына байланысты. Олар:
Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
2) Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд мүмкіндігіне келешекте қатысу;
3) Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығыөз иемденушісі үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді.
Қатыспаушылар акциясыиесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивиденттерді келесі жылдың дивидендтеріне қосуға болмайды.
Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Артықшылықты акциялардың көбі конвертабельді. Ал конвертабельді емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ [2, 37бет].
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі — дивиденд төлеуден кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғарғы квотасы төленіп болған соң ғана беріледі.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда – директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығарылады.
Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу корпорацияның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшылықты акциялар бойынша корпорацияның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине, нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен, бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар:
1) Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі. Акция сол меншіктенудің куәлігі тәрізді.
2) Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері бекітілген және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Акционер де дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді.
3) Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқы бар.
4) Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы сомасы көрсетілген. Облигацияда бірнеше элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық қойылым, өтеу туралы нұсқау, эмиссия қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Номиналы деп, облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтеу мерзімі келгенде алады.
Купондық қойылым– жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген сыйақы-төлем.
Өтеу күні – компанияның сатып алушысы облигацияны номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Эмиссия шарты — ашықтан-ашық облигация шығару мәмілесі.
Өтеу туралы нұсқау — эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.
Облигациялар қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді.
Қамтамасыз етілген облигациялар – оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Бұл облигациялар корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы қағаздар жатады. Осыған байланысты мынандай айырмашылықтарды атауға болады:
1) Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер.
2) Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және облигацияларымен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары.
3) Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі.
Облигацияның рейтингі – олардың инвестицияланған сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.
Жай акциялар тәрізді облигациялар да, иесі ұсынушы және атаулы болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектіге төленеді. Ал атаулы облигациялардың иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға пайыз алу үшін чек толтырып береді.
Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары:
1)Қысқа мерзімді- 1жылдан 3жылға;
2)Орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылға;
3)Ұзақ мерзімді – 7 жылдан да көп жылға дейінгі;
Қорыта айтқанда, корпорация өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен де қаржыландырады. Дегенмен, акциядан гөрі, облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигацияда пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша, белгіленген соманы төлеуге міндетті емес [2, 46бет].
Сонымен бірге облигация шығару корпорацияға қауіпті болғанымен, ол өте арзан. Ұзақ мерзімде төленген дивидендтер сомасы жыл сайын төленген сыйақы сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады.
Инвесторлар көзқарасы бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация – тиімді. Сондықтан тәуекелмен қосымша шығын шығарып алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көзі жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер компания бағалы қағаздың екі түрін де қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін төлем, облигация иелеріне төлейтін төлемнен жоғары болады деген болжамға байланысты.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндаттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге ) берген қарыз міндеттемесі.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
1) Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді.
2) Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғанына қарамастан міндетті түрде өтеу керек.
3) Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель немесе тратта болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай сома толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керек екені көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Сонымен бірге, вексель берүшінің аты- жөні жазылып, қол қойылады. Жай вексельдің айналымын 4 суреттегі өрнекпен көрсетуге болады:
1) Вексельді сатып алушы сатушыға береді ( векксель беруші – вексель иемденушіге) ;
2) Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге);
3) Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады;
4) Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді- вексельді өтейді.
Аудармалы вексельдеп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге (ремитентке) төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі
Акцептдегеніміз — есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі. Аудармалы вексельдің айналысын 5 суреттегі өрнекпен көрсетуге болады
1) Вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа), яғни қарыздарға тауарды және траттаны береді.
2) Төлеуші вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге қайтарады.
3) Вексель беруші акцепттелген вексельді ремитентке – аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жібереді.
4) Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді.
5) Трассат банкке вексельді өтеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды.
6) Ремитент вексельді несие берушіге жібереді.
7) Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне жібереді.
8) Ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.
Вексельді басқа біреуге пайдалануға берген жағдайда “индоссамент” деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші, яғни индоссант жазады, ал индоссамент алған адам индоссат деп аталады [2, 51бет].
Вексельдің қолдану аясына, келісім жағдайына және олардың тауарлар мен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және жалған вексельдер болып бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында беріледі.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып табылады. Оған банктік, қазыналық және банк емес несие ұйымдарының вексельдері жатады.
Жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат. Оларға достық, қола(бронза), яғни құр-қуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады.
Корпоративті бағалы қағаздар – бұл эмитент болып акционерлік қоғам, кәсіпорын және банктер, инвестициялық компаниялар және қорлар болып табылатын бағалы қағаз. Корпоративті бағалы қағаздардың түрлері: қарыздық (долговые), өндірістік және үлестік (долевые) бағалы қағаздар болып бөлінеді.
Қарыздық бағалы қағаздар – егер ақшалық қаражаттар белгілі бір мерзімге қолдануға берілсе, заемдық қаражаттарды қолданғаны үшін, алдын-ала белгіленген пайызбен қайтаруға жататын несиелік қатынас. Берілген формаға сәйкес, қаражаттарды тартуға, корпаративті бағалы қағаздардың келесі түрлері қолданылады: облигация, вексель, депозиттік және жинақтаушы банктің сертификаттары.
Үлестік бағалы қағаздарды ала отырып, оның иесі кәсіпорын ортақтасы, меншікті үлесті болып табылады. Бағалы қағаздардың бұл түрі акция ұстаушыны акционерлік қоғамның нақты меншіктің үлесін куәландырады.
Акция және облигациядан тұратын инвестициялық қаржының дәстүрлі қосымшасы болып, өндірістік бағалы қағаздар болып табылады. Оларға: опциондар, фьючерстік келісім шарт жатады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл мемлекеттің ішкі қарыздың пайда болғанындағы форма; бұл мемлекет эмитент болып қатысатын бағалы қағаз [1, 60бет].
Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналымға жіберу, келесі негізгі мәселелерді шешуге қолданады:
1) Инфляциялық емес негізде, яғни айналымға қосымшасыз ақша шығаруға мемлекеттік бюджеттің дефицитін қаржыландыру немесе келесі жағдайда, яғни, бюджеттік шығындар белгілі бір календарлық күнге оның сол күнге қаржылық жарлығынан алып кетсе (кассалық дефицит); бір айға табыстардың түсімі немесе сол кезеңдегі бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін қажет қаражаттарға қарағанда, кварталы азырақ (маусымдық дефицит); жылдық көрсеткіш бойынша бюджет табысы оның шығынынан төмен және бұл дефицит келесі жылдағы бюджетке түсім арқасында жабылмайды (жылдық дефицит);
2) Әлеуметтік қамтамасыз ету, инфрақұрылым, құрылыс салаларында мемлекеттік программаларды мақсатты қаржыландыру;
3) Экономикалық белсенділікті реттеу: айналымдағы ақша массасы, инфляция және бағаға, шығынға, экономикалық өсуге, т.б әсер ету.