Бағалы қағаздарды дамытудағы шетелдік тәжірибені пайдалану және оны жүзеге асыру туралы қазақша реферат
Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселелерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бүл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкімшілдік және нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жок. Бұл шешім қазіргі кезенде біздің аталмыш проблемалардың теориясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр.
Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:
— экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады.
— бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ, әлде кәсіпкерлердің өз ынтасымен құрылған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау.
Егер де осы қорытындылауды қарастыра отырып, шетелдік экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдаланылатын болса, онда келесі негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:
1. Экономикалық саясатты ғылыми негіздеу, стратегияны анықтау, шаруашылық даму тактикасын, мақсатын және басымдылығын айқындау инвестациялық-құрылымдық, ғылыми-техникалық, құқықтык сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланылады.
2. Кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес субъектілерінің нарықтық инфрақұрылымдар қызметтерінің мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындарының тиімді бағытта дамуын ынталандырылуы мақсатында ұсынушы-реттеушілік жоспарлауды жүзеге асырады.
3. Әкімшілік, заң шығару, қаржы-несие, салық және баға белгілеу механизмдерін кеңінен қолдана отырып, қоғамдық тауарлар, заңды және жеке тұлғалар табыстарының, трансакциялық шығындар «қозғалысын» тікелей мемлекеттік реттеу.
4. Сыртқы экономикалық саясатты жүргізуде мемлекеттің экспорттық потенциалын жоғарылатудың басыңқылығын мойындау және оның әлемдік шаруашылық интеграциялық процесіне «жеңіл» кіруін іске асыруды қамтамасыз ету.
1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен зандарға қол қойды. Бірақ осы жарлықтарды жүзеге асыру жолында әлі де көптеген объективті және субъективті түрдегі кедергілер бар.
Шет елдегі баға белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі корсеткендей дағдарыс жағдайынан шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсірссе халықтың тауар тұтынуын бақылауын кұшейтгі. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың: толық ырықтандырылу, соңдай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайтын, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда.
Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бүрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың жэне жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және элеуметтік-психологиялык мэселелер баршылық.
Экономикалықмәселелерге:
• нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
• нарықты дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
• заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
• салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
• бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;
• нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялықмәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы кағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінен және өздерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Бағалы қағаздар нарығына мамандарды Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұхсат берген Оқу орталықтары дайындаған болатын. Олардың жұмысын Ұлттық комиссия төрағасының жарлығына сәйкес құрылған Аттестациялық комиссия үйлестіріп отырды. Оның құрамына Ұлттық комиссияның бір мүшесі басқарушысы болып, ал мүшелері жэне хатшысы болып бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кірген. Оқуды ойдағыдай бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алып, қызмет атқаруда.
Әлемдік нарык тарихында бағалы қағаздар нарыгының негізгі үш үлгісі (моделі) бар. Олар:
I. Банктік үлгі- онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (ол Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған). Бұл үлгі бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілігін жоюды банктер өз міндетіне алады.
II. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі -онда бағалы қағаздар нарығының механизмі арқылы елдің қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, ¥лыбританияда, Малайзияда, Пэкістанда, Сингапурда). Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол — банктен алған ақшаға қарағанда — «арзан» ақша.
III. Аралас үлгі— онда бағалы қағаздар нарығының механизмі аркылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда).
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі-мүлікті кішіжәне жалпы жеке меншіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан біздің елдегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген багалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі, яғни нарықтық үлгісі асыра алады деген пікірлер молшылық.
Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтарымыналар:
1. Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі;
2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан көптігі;
3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
4. Нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі.
Бұлардан басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:
1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылатын акциядан түсетін ақша-«арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру — өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердін де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.
2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен (қаржысымен) инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды деген болжамдар көп. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру аркылы халықты кэсіпорын басқаруға тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануіа мүмкіндік туғызады.
3. Саясат факторы — дүниежүзіндегі сияқты Қазақстанда да бос ақша көздерінің негізгі иесі — халық. Мемлекеттік мүлікті жекеменшіктендіру купондары арқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқығын жүзеге асыру (халықтың социалистік менталитетін есептегенде) — бүгінгі кездегі ең өзекті саясат.