Ауытқу экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы

Ең қарапайым анықтамада цикл-сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының  төмен түсуін сипаттайды. Цикл- өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономианың үздіксіз ауытқуы болып саналады.

Циклдің басты қасиеті бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінін үш түрі бар:

1.Тұрақты өсу

2.Өсудің біркелкі еместігі

3.Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі дамуы)

Өсу ретінде (табыстар,ЖҰӨ,капитал жұмсау,тұтыну және т.б) тұрақты немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі.

Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі.Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық динамикасын сипаттайды.Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша  циклда болады деген қорытынды шығады . Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау,инновация, өнеркәсіптік және т.б. циклда өмір сүреді.

Экономика теориясы циклдік себебінің үш түрін бөліп көрсетеді:

-Экономикалық жүйеге салыстырмалы (табиғи, саяси және т.б. ие) сыртқы цикл құбылыс

-Жалпы экономикаға тән ішкі цикл құбылыс

-Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың ішкі және сыртқы факторлардың жиынтық цикл себептері.

Қазіргі  уақытта зерттеушілер, сыртқы (экзогенді) факторлар бұл циклдердің бастапқы серпінін туғызушы, ал ішкі (эндогенді) себептер бұл серпіндерді  сатылық (фазалық) ауытқушылыққа айналдырады (қайта құрады) деп болжайды.

Экзогенді (экономикадан тыс) себеп циклдер ішінде ғылыми- техникалық жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар.Эндогенді  себептер ішінен батыс  зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан, циклдер проблемаларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор акселератор тетіктері (механизмдері) қойылады.Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатының (фаза):көтерілу шыңы мен ең төмен құлдырауының екі нүктесі болатынын ерекшелеп көрсетуге болады.

Көптеген экономист  теоретиктер себептерін ұсыныс пен сұраныс жылжымалы, өйткені соның нәтижесінде, олардың балансында автоматизм жоқ болса да,экономика тепе теңдік нүктесінен шығып кетеді деп санайды. Табыстың қарқынды ауытқу себептерін  капитал жұмсаудағы өзгерістерден (ауытқулардан) іздеу керек , оның үстіне капитал жұмсаудың әр түрлі типтері табысқа түрліше әсер етеді.Сөйтіп , тұтыну және инвестициялық сұраныс , циклді құрауда шешуші маңызға ие болады. Экономика теориясы, цикл табиғатын бақылауда да бірыңғай емес.

Циклдікке Қарсы Реттеу тұжырымдамасын әзірлеуге көзқарастың алуан түрлілігіне қарамастан олардың бәрі реттеудің екі бағытының: неокейнстік немесе неоконсервативтік бағыттардың біріне ден қояды. Біріншісі жиынтық сұранысты реттеуге, екіншісі жиынтық ұсынысты реттеуге бағдарланады.