Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары мен бағыттары

Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі жолдары мен бағыттары туралы қазақша реферат

Ауыл шаруашылығын инвестициялаудың экономикалық механизмі инвестициялық кешеннің өндіріс құрылымы мен оның жаңа принциптерге негізделген жұмыс істеу механизмін құруды талап етеді.

Көп жыл бойы Қазақстан экономикасының аграрлық секторы бұрынғы одақтық шикізаттың қосалқысы ретінде дамыды. Енді осы секторды жаңа жағдайда шетелдің инвестицияларының дамытуда атқаратын ролі жоғары болып отыр. Осыған байланысты аграрлық секторды инвестициялық кеңістікті қалыптастыру және кеңейту үшін республикалық бағдарламаны дайындап, оны іскс асыру белгілі бір практикалық мәнге ие болады.

Аграрлық өндірісте капитал салуға ең қолайлы сала астық  өндіру комплексі. Инвесторлар ауыл шаруашылығының бұл саласына оның табыстылығы үшін ғана емес, халық шаруашылығының өзге тиімді салаларын шетелдік инвесторлардың алып қоюына байланысты келуде.

Еліміздің аграрлық саласындағы инвестициялық саясат кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бұл мемлекетіміздің отандық және шетелдік инвесторға қолайлы жағдай жасау саясатын ұстап отырғанын көрсетеді. Ол үшін баламалы рыноктың институттар жүйесін құру қажет дегеніміз-шаруашылық қызыметіне қосымша реттеушілік енгізу немесе мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, әкімшілік тарапынан қойылатып кедергілерді жою, тіркеу жүйелерін және де ауыл шаруашылығындағы жеке кәсіпкердің қызыметтерін бақылауды ықшамдау, тауар өндірушілер үшін қолайлы экономикалық жағдайлар туғызу. Салынған қаржыдан дұрыс нәтиже шығаруды алдын ала болжай білу инвестициялық жобаны дұрыс бағытқа салуға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы инвесторлар үшін мына факторларға байланысты тиімсіз, қауіпті сала болып  отыр.

— аграрлық өндірістің табиғи факторларға тәуелділігіне байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ;

шығаруды алдын ала болжай білу инвестициялық жобаны дұрыс бағытқа салуға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы инвесторлар үшін мына факторларға байланысты тиімсіз, қауіпті сала болып отыр.

— аграрлық өндірістің табиғи факторларға тәуелділігіне байланысты дұрыс өнім алып, салынған қаржыны қайтаруға толық сенім жоқ;

— ауыл шаруашылығы өндірісінің маусымдылығы жұмыс күшін, материалдық-техникалық және басқа қорларды толық пайдалануға мүмкіндік бермейді, яғни табыс бірқалыпты түспейді.

Осы факторларға байланысты аграрлық өнімді өндіруге капитал айналымы жәй және түсетін пайда өте төмен болғандықтан инвесторлар бұл салаға аса қызықпайды.

Әлемдегі аграрлық экономиканы дамыған елдер тәжіребиесіне қарасақ, олар табиғи факторларға байланысты алдын ала шаралар қолданып, ауыл шаруашылығының өнімін өндірушілерге әртүрлі қолдау көрсетіп жағдай туғызып отырады.

Қазіргі кезде қаржы ресурсы кез-келген кәсіпорындар үшін бірінші кезектегі маңызды құралдар болып табылады. Олар өндірісті ұлғайтуға (қызмет көрсету), өндірісте қажетті шикізатты сатып алуға және өз қарамағандағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қанағаттандыруға жұмсайды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының меншікті инвестициялық мүмкіндігі шектеулі. Меншікті салымдар үлесінің азаюына көптеген жағдайлар әсер етеді, солардың ішінде ағымдық тұтынуға пайданы бөлу, амортизациялвіқ аударылымдардың төмендеуі, қажетті ақша айналымдарының жоқтығы, мемлекеттік қолдаудың тез арада төмендеуі, салықтың өсуі, инфляциялық процестер және т.б.

АӨК-е шет елдік инвесторлардві тарту өңдеуші салалардағы негізгі құралдар үшін маңызды болып табылады. Өйткені негізгі құралдарды жаңартуға, реконструкциялауға  мүмкіндік беріп,  өндіріске  жаңа  отандық

технолгияларды енгізуге жағдай жасайды. Алайда ел экономикасына шет елдік инвестицияны тартудың жақсы жақтарымен қатар, кері жақтары да қалыптасады, яғни экономикалық байланыстылықтағы өсуі шет елдік капиталмен сипатталады. октік экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру мен дамыту мәселесі үшін біріншіден, баға теңсіздігін (диспаритет) жою, екіншіден, кәсіпорындар үшін несиені кеңейту және оны беру механизмдерін жеңілдету, үшіншіден, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында маркетингтік кызметті жандандыру және рынок конъюнктурасын үнемі бақылау, төртіншіден, ауыл алдыңғы қатарлы тәжірибелі шаруашылық-лидерді бұқаралық ақпарат құралдарында кең түрде баяндау.

Жыл сайын республикада және жекелеген аймақ, облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтеді. Мұнда тауар өндірушілер өздерін, өндірілген өнімдерінің ассортименті мен көрсетілетін қызмет түрлері жайында ақпараттар бере алады. Сондай-ақ, өндірген өнімдерін сатуды ынталандыруда насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда өнім және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің жетістігі жөнінде ақпараттар түседі.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің үшінші бағыты маркетингтік жоспарлау және бақылау жүйесін ұйымдастыру мен маркетингтік басқару болып табылады. Соңғы жылдары кәсіпорындарда маркетингтік бөлімнің ашылуы кадрлық өзгерістер мен мамандардың нақты атқаратын функцияларын айқындады. Кәсіпорын мамандарының негізгі функцияларына тоқталамыз.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мамандардың маркетингтік функциясы 

   Жаңа рынокке шығу мүмкіншіліктерін зерттеу
Жоспарлау-        экономикалық    бөлімінің   мамандары Ішкі шаруашылықтық жоспарлау, тауар саясатын жоспарлау

Есепті, бақылауды ұйымдастыру мен шығынды талдау

Баға қою

Кәсіпорынның мүмкін рыногін талдау

Өткізу каналдарын іздестіру

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының маркетингтік қызметінің негізгі бағыттары өндірілген өнімдерді бөлу, оның тұтынушыға жеткізілуі және маркетингтік басқару болып табылады. Қазіргі жағдайда өнімді өткізу әрбір кәсіпорын үшін өзекті, әрі кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Барлық   өнім  өндіретін кәсіпорындар мақсатты  рынокта  өзінің  өткізу аймағын      ұлғайту үшін мүмкіншіліктерді іздестіреді. Ол үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

  •  өнімді өткізудің тиімді каналдарын іздеу;
  •  меншікті сауданы ұйымдастыру;
  •  өз  өнімдерімен  әртүрлі  ймақтарға  бару және  оны жан-жақты жарнамалау;
  •  тікелей маркетингтің басқа да тәсілдерін іздестіру (затқа айырбастау,өзара есеп айырысу және т.б.);
  •  тәуелсіз  көтерме (агент, аукцион, көтерме рынок) және бөлшек делдалдар арқылы сату.
  •  тікелей маркетингтің басқа да тәсілдерін іздестіру (затқа айырбастау, өзара есеп айырысу және т.б.);
  •  тәуелсіз көтерме (агент, аукцион, көтерме  рынок) және бөлшек делдалдар арқылы сату.

Маркетингтік жұмыстың екінші маңызды бағыттарының бірі өндірілген өнімнің тұтынушыға жарнама, көрмеге қою және кезеңдік басылымдар арқылы жеткізілуі. Осының ішінде кең тарағаны алдыңғы қатарлы тәжірибелі шаруашылық-лидерді бұқаралық ақпарат құралдарында кең түрде баяндау.

Жыл сайын республикада және жекелеген аймақ, облыстарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтеді. Мұнда тауар өндірушілер өздерін, өндірілген өнімдерінің ассортименті мен көрсетілетін қызмет түрлері жайында ақпараттар бере алады. Сондай-ақ, өндірген өнімдерін сатуды ынталандыруда насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда өнім және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің жетістігі жөнінде ақпараттар түседі.

Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің үшінші бағыты маркетингтік жоспарлау және бақылау жүйесін ұйымдастыру мен маркетинггік басқару болып табылады. Соңғы жылдары кәсіпорындарда маркетинітік бөлімнің ашылуы кадрлық өзгерістер мен мамандардың нақты атқаратын функцияларын айқындады.

Кейінгі жылдары диверсификация (әртараптандыру) деген термин жиі айтылып жүр. Алайда бұл сөз көпшілікке онша түсінікті емес, жұмбақтау болып көрінеді. Негізінде бұл сөздің аудармасы әртүрлілік немесе әрсаланы дамыту, ал өндірістің дамуы шығарылатын өнімнің түрін көбейту деген мағынаны білдіреді.

Өзін-өзі астық және басқа да азық-түлікпен қамтамасыз ету кез-келген мемлекет тәуелсіздігінің маңызды белгілерінің бірі. Ал іс жүзінде ешбір мемлекет, тіптен өте бай АҚШ, Жапония, Франция сияқты мемлекеттерде

 

өзін-өзі азык-түліктің тек өздерінде шығатын өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмайды.

Биыл   үш   жылдық аграрлық   азық-түлік   бағдарламасын   іске   асыру аяқталды. Біз еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл   шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінеді.

Ауыл шаруашылығының экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі-ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіптердің дамуы болып табылады.

Облысымызда ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірудің көлемі жылдан жылға артуда.

Бүгінгі таңға облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен 70-тен аса ірі акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 908 кішігірім цехтар мен кәсіпорындар айналысуда. Олар 15 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында облыс бойынша 9,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеге  артты.

Қазіргі уақытта өңдеу саласында мақта өңдейтін, көкөніс пен жеміс-жидек және жүн мен тері өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар ашу, сонымен қатар жұмыс істеп тұрғандарын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Сайрам ауданымен көршілес жатқан Түлкібас, Төлеби аудандарында көкөніс, жеміс-жидек өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығы толық пайдаланылмауда, Мақтарал, Қазығұрт пен Түркістанда бірде-бір өңдеу цехтары ашылмаған.

Жоғарыда айтылғандай, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын 900-ден аса кішігірім цехтардың бүгінгі таңға 143-і тоқтап тұр. Оның 85 үн диірмендері, 43 өсім, май сығу цехтары (мезгілмен) және наубайханалар тоқтап тұр.

Мақтаарал, Отырар, Сарыағаш аудандарында соңғы жылда жаңадан бірде-бір өңдеу кәсіпорындары ашылған жоқ.

Облыстағы ең ірі Мақтарал ауданында 12 мақта өңдеу зауыттарын есептемегенде, небәрі 26 кішігірім өңдеу цехтары бар оның 9-ы мезгілмен жұмыс істейтіндіктен тоқтап тұр.

Ал жалпы алғанда биылғы жылдың алты айында аталған цехтарда 920,6 млн.теңгенің өнімі өңделіп, өткен жыл көрсеткіштен 138 пайызға артты.

Мал өнімдерін қайта өндеуде ең басты проблемалардың бірі теріменжүнөнімдерін қайта өңдеу болып отыр. Өзімг өндірілген тері мен жүн өнімдері шет елдерге арзан бағада  әкетілуде.

Шымкент қаласындағы «Шымкент былғары аяқ-киім зауыты», Арыс қаласындағы «Сейхун» (жүн өңдеу), Түркіістандағы «Фарраб КО ЛТД» (тері өңдеу) серіктестіктері мен бұлардан басқа тағы 10-нан астам кіші цехтар осы салаларда жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін орта кәсіпорыңдар мен кішігірім цехтар туралы мәлімет (01.06.2004 жыл)

Аудан, қала аттары

Кішігірім цехтар саны

О.і тоқтап тұрғаны

Өңделген тауар құны (млн.теңге)

Жұмыс істейтін адамдар саны

01.06

2003 ж

01.06.

2004 ж

Пайызы
1 Арыс

19

3

31,6

34,7

109,8

184

2 Бәйдібек

60

8

5,1

5,6

109,8

224

3 Қазығұрт

225

41

41,3

43,9

106,3

344

4 Мақтаарал

26

9

2,0

4,9

2,4 есе

127

5 Ордабасы

49

11,1

41,4

3,7 есе

120

6 Отырар

21

4

1,6

4,4

2,7 есе

25

7 Сайрам

123

15

307,0

480,7

1,5 есе

576

8 Сарыағаш

49

19

52,8

52,1

98,7

175

9 Созақ

15

8,8

20,8

2,3 есе

22

10 Түркістан қ

83

3

3,9

12,1

3,1 есе

122

11 Төлеби

61

16

29,8

30,1

101,0

137

12 Түлкібас

49

4

65,0

67,0

103,0

179

13 Шардара

9

2

12,3

12,4

101,5

21

14 Кентау

23

4

2,1

15,3

7,2 есе

70

15 Шымкент

96

15

111,1

113,3

102,0

319

  Облыс бойынша

908

143

685,5

946,8

138,1

2645

 Ауыл шаруашылығы 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, ағымдағы бағада 83.1 млрд. Теңгені құрады, бұл 2002 жылғы деңгейден 3.5-ға артық, оның ішінде мал шаруашылығының өнімі-24.4 млрд.теңге немесе-5.1 -ға, егін шаруашылығының өнімі 58.6 млрд.теңге немесе-2.8 ға.

Одан әрі, ауыл шаруашылығының дамуын таңдаулы тұқым шаруашылығы, жерді агрохимиялық зерттеу, ауылшаруашылық техникаларын лизинг арқылы алып жаңарту, машина — технологиялық стансалар құру, тыңайтқыш және жанар-жағар материалдарын алуды субсидиялау.

Облыста асыл тұқымды мал шаруашылығы мен ветеринарлық қызметті қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет.

Алдағы уақытта Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз үшін отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады.