Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару механизмдері туралы қазақша реферат
Еліміздегі нарықтық қатынастарға көшумен байланысты болған өзгерістер эканомиканы басқарудыңбарлық жүйесіне әсер етті. Соның ішінде эканомикалық , ұйымдық және әлеуметтік қатынастардан түбегейлі өзгеруіне жағдай жасады .
Ауыл шаруашылық өндірісін басқаруда ұйымдастыру механизімін жетілдіру , ауыл шаруашылық өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі ішкі және сыртқы факторлар ауыл шаруашылығы өндірісін басқару қызметіне тікелей әсер етеді , сондықтан да бұл факторларды ауыл шаруашылық өндірісін басқару жұйесін қалыптастырғанда үнемі ескеру қажет. Оған жататындар ауыл шаруашылығының табиғатпен тікелей байланыстылығы , өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс құралы болып жермен тірі биологиялық организмдердің табылуы .
Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруда ұйымдастыру механизімін жетілдірудің тағы бір себебі , рыноктық қатынастарға көшумен байланысты экономикадағы өзгерістер әсерінен ауыл шаруашылығы саласындағы қалыптасқан басқару құрылымдары әлі даму үстінде , олай дейтін себебіміз кеңес одағы кезінде ауыл шаруашылығы саласында тек екі ұйымдық құрылым жұмыс жасады , ол совхоздар мен колхоздар және мемлекет басқарушы роль атқарады. Ал рыноктық экономикаға көшумен байланысты ауыл шаруашылығы саласында көптеген жеке меншікке негізделген ұйымдық – құқықтық құрылымдар жұмыс жасауда және олар әлі дамып , қалыптасу үстінде. Сондықтан өндірісті рынокқа бейімдеу үшін оны дұрыс ұйымдастырып , басқара білу қажет .
Сонымен қатар бүрын мемлекет басқарушы қызмет атқарса , қазіргі таңда реттеуші қызмет атқарады.
Жалпы әртүрлі меншік жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың өзіндік ерекшеліктері болады. Елімізде 70 жыл бойы үстемдік еткен Кеңес үкімті кезінде аграрлық секторда жер мен мүліктің меншік иесі мемлекет болғандықтан , мемлекеттің бір орталықтан басқарылатын жүйе басшылық етті. Сол кезде қалыптасқан басқару жүйесін бес деңгейге бөліп қарастыруға болады . Олар : КСРО ауыл шаруашылығы министірлігі , облыстық ауыл шаруащылығы басқармасы , аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы кәсіпорындарда қалыптасқан жұйесі . Яғни, мұнда тауар өндіруші бір орталықтан бекітілген , бір орталыққа бағынатын жоспар негізінде жұмыс жасады .
Қазіргі танда өнім өндіру жеке меншікке негізделгендіктен ауыл шаруашылығы саласында үш басқару жұйесі қалыптасқан , олар : мемлекеттік , шаруашылықтық және кәсіпорындардың өзін — өзі басқару жұйесі . Мұнда мемлекет әртүрлі эканомикалық тегеуріндерді қолдана отырып , реттеуші қызмет атқарады. Ал шаруашылық басқару жүйесі тауар өндірушілердің белгілі бір мақсатқа коммерциялық емес ұйымдарға бірігу арқылы дүзеге асады , яғни олар мемлекет пен бәсекелестері алдында өз мүдделері мен көзқарастарын қорғау мақсатында ассоциацияларға , одақтарға , қауымдастықтарға бірігеді
Жалпы ауыл шаруашылығы мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жұйесі өз қызметімен келесі принциптерге негіздеп жүргізеді :
— мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жұйесінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты нақты қызмет ету шегі болуы қажет ;
— ауыл шаруашылығы саласында бұл екі жүйенің де қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болады , олар мемлекеттік басқару ( жоғарыдан — төменге ) қарай жүргізілетін басқару принціптеріне негіздеме , шаруашылықтың басқару тауар өндірушілердің ерікті бірігуі негізінде ( төменнен — жоғары ) қарай басқару принціпіне негізделеді . Мемлекеттік басқару жұйесі аграрлық салада мемлекеттік щаралармен байланысты алдын ала белгіленген қызметтер мен ұйымдық құрылымдар негізінде жүзеге асады. Ал шаруашылық басқару жұйесі рынок талабына тез бейімделетін , икемді жұйеден түрады және ол коммерциялық емес ұйымдарға бірігуші тауар өндірушілердің эканомикалық — әлеуметтік мүддесін жүзеге асыратын болғандықтан ерікті және демократиялық принціптерге негізделген үйымдық құрылымынан тұрады . Мемлекеттік басқару жұйесі әкімшілік – аумақтық принцип негізінде қалыптасады , ал шаруашылықтың басқару жұйесі ерікті бірігу негізінде болғандықтан тауар өндірушілердің мамандану бағытына байланысты бірігуді жүзеге асырады .
Кәсіпорындардың өзін — өзі басқару жұйесі әртүрлі ұйымдық – құқықтық нысандарда қалыптасқан басқару жұйесі арқылы жүзеге асады , олар өндірістік кооперативтер , акционерлік қоғамдар , шаруашылық серіктестіктерінде қалыптасқан басқару жүйесі .
Агроөнеркәсіп кешенінде жүргізілген реформа нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісін басқару жүйесі түбегейлі өзгереді , бір орталықтан басқарылатын совхоздар мен колхоздар орнына жеке меншік құқығына негізделген өз алдына жүмыс жасайтын ұйым түрлері пайда болады .
Сонымен қатар қандай да болмасын кәсіпорынның шаруашылық қызметін , тиімді жүргізу үшін қазіргі кездегі рыноктық басқару жұйесінің мән – мағынасын ,оның ерекшеліктеріне жақсы түсіну , оларды кәсіпорынның күнделікті қызметінде ескере отырып , қазіргі АӨҚ – індегі басқару жүйесінде орын алып отырған кемшіліктерді жою бағытында жұмыс жүргізу керек .
Атап айтқанда :
. қазіргі қолданыстағы басқару жүйесі эканомикалық тәсілдерін өз дәрежесінде , толығымен пайдалана алмай отыр ( жекелеген басқару звеноларының соңғы нәтижеге деген материалдық ынталылығы байқалмайды ) ;
. қолданыстағы басқару жүйесі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу , сату арасында баяғыдан қалыптасқан дәстүрлі байланыстар негізінде құрылған. Оларда орын алмасудағы тепе – теңсіздік , салалар арасындағы үйлесімсіздік , т. б. жағымсыз жағдайлар толық сақталғандықтан , басқару жүйесіне қазіргі қалыптасып келе жатқан эканомикалық ахуалға байланысты баламалы өзгерістер енгізе қою өте қиын .
Республикамызда агроөнеркәсіптік кешенді басқару мынадай жүйелерден тұрады :
. өзін — өзі басқару ;
. шаруашылықты басқару ;
. мемлекеттік басқару немесе реттеу ;
Өзін — өзі басқару жүйесі дегеніміз жекелеген шаруашылықтардың өз ісін жүргізу үшін өзін — өзі басқару . Қазіргі кезде жекелеген шағын шаруашылықтарда басқару құрылымы екі саладан тұрады ,яғни меншік иесі және тауар өндіруші . Мұндай құрылымды меншік түрінің пайдалы жақтары да жоқ емес . Біріншіден , орталықтан басқарушылықтан арылыды. Екіншіден , басқару жоғарыдан емес , төменнен жоғарыға қарай жүргізіледі. Үшіншіден , шаруашылық иелері өз ісін өз қалауынша жүргізуге мүмкіндік алады . Өзін — өзі басқарудың мәні мынада : тауар өндіруші өз ісіне қожа және ол шаруашылық құрылымын өз қалауынша құрып , шаруашылықтағы тиімді деген басқару органын дамыта алады .
Жеке шаруашылықтардағы өзін — өзі басқарудың дамуы өзге формадағы шаруашылықтың пайда болуына жол ашады . Мысалы , шаруа қожалықтарында өзін — өзі басқарудың дамуы шаруа қожалықтары одақтарының немесе ассоциацияның дамуына жол ашады .
Шаруашылықты басқару осы өзін — өзі басқару принципіне негізделеді . Себебі, Кеңес Одағы кезінде ауыл шаруашылығында тек екі меншік түрі совхоздар мен колхоздар жұмыс жасады.
Мемлекеттік басқару екі бағытта жүргізіледі :
. әкімшілік басқару , оның ішінде мемлекеттік механикалық тексеру , жерді пайдалану жөніндегі бақылау , мал дәрігерлік , карантиндік , мал тұқымын асылдандыру басқару қызметтері жатады ;
. мемлекеттік реттеу , ол экономикалық тегеуріндер арқылы жүзеге асады . Олар : бюджеттік қаржыландыру , көмек қаржы көздері , әр түрлі жәрдемдер пайдалану арқылы ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру т. б ,
. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару рыноктық қатынастардың дамуына байланысты экология , байланыс жүйесінде саясатқа түзету енгізумен , осы салаға ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін енгізумен , ақпараттармен қамтамасыз етумен , кадрларды қайта дайындаумен жалғасады .