Сабақтың мақсаты: Шар туралы түсінік беру. Оқушыларды нәрсенің өзіне қарап бейнелеу әдістерін үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Екі түрлі формадағы шар, /бірі шеңбер формаласында болады/. Шар формасындағы заттар /футбол добы, анар, апельсин, мандарин, алма, т.б./ және оның суреттері.
Сабақтың барысы: Сабақтың басында оқушыларға шар туралы түсінік беру үшін футбол добы, қарбыз, аквариум, глобус, анар, алма формалары жайлы айтылады. Олардың көлемді болып келетіндігі, шеңберден айырмашылығы болатындығы көрсетіледі. Сонан соң шарларды тақтаға іліп қойып, оларды салу жолдары көрсетіледі. Шарларды бейнелеу жолдары алдын-ала дайындалған таблица бойынша түсіндіріледі: 1) шарлардың пропорциялық өлшемдер қатынасын табу; 2) форма құрылысын бейнелеу; 3) ұсақ бөлшектерін бейнелеп түрлі-түсті бояулармен бояу.
Оқушылар шардың нұсқасына қарап сурет салу алдында тақтадағы көрнекті құрал (таблица) алынып тасталады. Балалардың бейне мен нұсқаны үнемі салыстырып отыруын естен шығармау қажет. Шарлардың бейнесі нұсқасына әбден ұқсас болған соң, бояуға әбден ұлықсат беріледі. Жәрдемші сызықтар өшіріледі. Бояу кезінде ұқыптылықты сақтауды естен шығармау қажет.