Ұршықтың суретін нұсқасына қарап салу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық өнерінің құралдарымен таныстыру. Заттың өзіне қарап сурет салу дағдыларын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ұршық. Ұршықтың нұсқасына қарап, бейнелеу жолдары көрсетілген көрнекті күрал. Халық тұрмысында қолданылатын жүннен жасалған бұйымдар: бау, басқұр, қоржын,алаша т.б.

Сабақтың барысы: Сабақ халықтьің сәңцік қолданбалы өнері туралы әңгімеден басталады. Жүннен тоқылған заттар туралы қысқаша түсініктер беріледі. Онан соң жүнді иіру, тоқу жайлы қысқаша мәліметтер айтылады. Жүнді иіруге арналған ұршықтың құрылысы таныстырылады. Ұршық – сабы, басы, иірілген жібі деген бөліктерден құралатындыгы ескеріледі.

Мұнан соң ұршықты тақтаға іліп, оның өлшемдер қатынасына, формаларына талдаулар жасалады, Ұршықты бейнелеу кезеңдері көрсетілген таблицаны қолдану арқылы, оның суретін салу әдістері көрсетіледі. Бейнелеу жолдары мынандай кезеңдерге бөлуі қажет: 1)Қағаз бетіне бейнені дұрыс орналастыру; 2) өлшемдердің пропорциялық қатынастарын табу; 3) ұршықтың конструкциялық құрылысын тұрғызу; 4) ұсақ бөлшектерін бейнелеу; 5) қаламмен штрих тәрізді бояу аркылы форманың көлемін шығару (7-сурет).

Оқушыладың ұршықты бейнелеуі кезінде мынандай жәрдем көрсетілуі тиіс. 1)нұсқаның пропорциялық қатынастарына балалардың назарын аударып отыру; 2)форманы қағаз бетіне дұрыс және дұрыс емес ориаластырылғандығын білдіретін таблицаны сурет салу кезінде балаларға көрсету; 3) зат құрылысын бейнелеу кезінде симметриялық формаларды дұрыс бөйнелеу әдістерін көрсету; 4) штрихпен бояу арқылы заттың формасын шығару. Сабақтың соңында жақсы орындалған жұмыстарды баларға үлгі етіп көрсетіледі.