Казіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен айқындалады. Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі. Өндіріс көлемі төмендеуінің алғы шартына экономикадағы қорлану диструкциясын жатқызамыз. Осы салдар түптеп келгенде өндіріс пен тұтыныстың арасындағы негізі пропорцияны бұзады.
Қазіргі нарықтың маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық салдарларың дәл есептей алмайды.
Біріншіден, бұл тауар және ақша кайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым кұралы ретінде колданылысында, онда айырбас процесі Т-А-Т екі қарама-қарсы актіге үзіледі:
I) сату Т-А болса,
2) сатып алу А-Т болмак.
Тауарды сату деген сол мезгілде басқаны сатып алуды көрсетпейді:
сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін — ақша жинақтау құрады ретінде қолданылады. Алайда тауар өндірушілер өзара бір-бірімен байланысты. Мысалы: егер мата өндіруші келесі тоқыма партиясын сатып алуды кейінге қалдырса, онда тоқыма өндіруші мақта өндірушімен есептесе алмайды, ал ол мақта жинайтын комбайнды берушілермен, олар болса машина жасаушылармен (құрастырушылармен) есептесе алмайды және т.б. Бұндай жағдай жай тауар өндірісіне ғана тән болғанмен, бұл құбылыс казіргі жаппай өндірісте де кездесуі мүмкін. Сату мен сатып алу актісіндегі үзілістер де төлем телемеу шынжырының туу пайда болуының нақты мүмкіндігі жатыр және сондықтан өндіріс құлдырауы пайда болады.
Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы рыноктағы сұраным пен ұсыным арасындағы диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс мен тұтыныс аясында да ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.
Үшіншіден — бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық дағдарыстарды әдетте, артық өндіру дағдарысы деп те айтады. Экономикалық дағдарыстар динамикасы артық өндірудің XIX-шы ғасырдағы құбылысы 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-11 жылдан соң пайда болып отырған жылдар аралығы: 1825. 1836. 1847, 1857. 1866, 1873, 1882, 1891.
Ал, ХХ-шы ғасырда дағдарыстар арасындағы мерзім 8 жылдан 3-4 жылға дейін кысқара бастады: 1900. 1907, 1917, 1921, 1929-33, 1937-38.
Әсіресе дағдарыстар арасындағы мерзім екінші дуниежүзілік соғыстан соң айқын байқала бастады: 1945, 1953, 1957, 1960, 1969, 1973, 1979, 1981.
Экономикалык дағдарыстар аса тереңдемейтін болды, бірак жиілеп кетті. Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалык дағдарыстар негізінен Еуропа елдерінде болса, осы соғыстан соң экономикалық дағдарыстардың орталығы америка континентіне ауысты — онын ішінде АҚШ – та.
Егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейін экономикалық дағдарыстар негізінен әлемдік сипатка ие болса, экономикалық дағдарыстың бір мемлекетте пайда болуы мен екен, сол мезетте өзінің орбитасына әлемдік кауымдастықтағы көптеген елдерді үйіріп алады. Екінші дүниежүзлік соғыстан соң экономикалқ дағдарыстар негізінен ресми сипатка ие болды. Мәселен, XX-шы ғасырдың екінші жартысында артық өндірудің әлемдік экономикалық дағдарысы үш-ақ рет байқалды: 1958, 1974, 1980 жылдары. ал ХІХ — шы ғасырда бұдан 3 рет артық болды.
Артық өндіру экономикалық дағдарыстары екі қызметті атқарады: бұзушылық және сауықтырушылық. Сөйтіп өндіріс пен тұтынушы арасындағы қалыптаскан диспропорцияны бұзады. Өңдіріс мына жағдайда тоқтайды:
— бағаның төмендеуі оның қызметінің пайдасыздығына ұрындырады және ол кәдімгі пайданы таппайды да.
Шығар жол біреу ғана — өндірістік қорларды жаналау:
— машина, күрделі жабдықтарды және аз шығын жұмсайтын пайдалылық әрі пайда әкелетін өнім өндірісіне кірісу қажет.
«Бәсекелестік күрес, әсіресе техникадағы шешуші төңкерістер кезінле, ескі еңбек құралдарын оның табиғи өлуіне дейін жаңасымен ауыстыруды талап етеді. Катастрофа, дағдарыстардың басты қояр нәрсесі — кәсіпорындағы ірі жабдықтарды кең қоғамдык масштабта мерзімінен ертерек жаналауға итермелейді». каггиталынын. жаңару мерзімі — бұл кезекті дағдарыстың материал. Өндірістің және оның негізігі жасау мерзімі болып табылады. ТМД елдерінде 1990-ыншы жылдары экономикалық дағдарыстың жаңа типі пайда болды — бұл өндіруі жетпеген дағдырыс. Себеп КСРО-ның құлауына байланысты бұрынғы одақтас республикалардың өзара экономикалық байланыстарының үзілуі және жаңадан егеменді мемлекеттердің құрылуы. Сондай-ақ статистикалық мәліметтердің көрсетуінше, өндіруі жетілмеген экономикалық дағдарыстың алғы шарттары КСРО-ның құлдырауынан ұзақ уакыт бұрын қалыптаса бастаған, дәлірек айтсақ 70-ші жылдардың өзінде басталған. Сол кездің өзінде жанар-жағар және шикізат салалаларының өндірісінде құлдырау байқалған: көмір мен мұнай, темір рудасын өндіру қысқарған, шойын мен болат балқыту кеміген.
Бұл экономикалық ұдайы өндіріс мүмкіндіктерінің тығырыққа тірелгендігін көрсетті және ол жағдай ауыл шаруашылығында байқалды. Нәтижесінде соңғы 20 жылда астық, картоп, көкөніс басқа да өнімді өндіру көлемі өзгеріссіз қалып, ал елдегі тұрғындар саны шамамен 20% — ға артты. Мәселенің бұлай күрделенуі әскери шығындарға қаражаттың мол жұмсалуымен және тұрғындардың ақшалай табысының кәдімгідей өсуімен байланыстырылады.
Құлдырау фазасында мемлекеттің барлық шаралары іскерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталуы тиісті. Салықтық-бюджетгік саясат төңірегінде – мөлшерлеменің төмендеуі, жаңа инвестицияға салықтық жеңілдік беру, тездетілген өтелім саясатын жүргізу қажет. Кредиттік-қаржылық саясат кредиттік экспансия (октемдік) жүргізуді карастырады. Оның мақсаты — елде қосымша кредиттер арқылы экономика өмірін жандандыру. «Арзан ақша» саясаты жүргізіледі. Берілетін несиелерге пайыздық мөлшерлемелер төмендейді, капиталдық салымдардың көбеюіне әкелетін, банктердің кредиттік ресурстары көбейеді, іскерлік белсенділік күшейеді, жұмыссыздық төмендейді.
Мемлекет экономикалық жағдаятының көтерілуі кезеңінде экономиканың «қызып» кетуін болдырмау үшін және шаруашылық өмірінде осыған байланысты болатын ауыр жағдайларды болдырмау үшін, салықтық-бюджеттік және кредиттік-қаржылық саясатының, осыған қарама-қарсы шараларын косатын, тізгіндеу саясатын жургізеді. Салықтық-бюджеттік саясат салық мелшерлемесін көтерумен, мемлекеттік шығындардың қысқаруымен, өтелім саясатын өткізу төңрегіндегі шектеу саясатымен сипатталады. Кредиттік-қаржылық саясатында кредиттік шектеу элементтері басым бола бастайды, яғни, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілуін, банктің кредиттік ресурстарының қысқаруын білдіретін, «қымбат каржы» саясаты жүргізіледі.