Мазмұны
Кіріспе
1 Арифметика және алгебраға тиісті үйірме жұмыстары
1.1 Математика және өмір…… 5
1.2 Сандардың бөлінгіштік белгілері …. 7
1.3 Қажетті және жеткілікті шарттар….. 10
1.4 Теңдеулер және сандар……………… 14
1.5 Мысал және мәселелерді шешудің әдістері….. 18
1.6 Мерсенн сандары…… 21
2 Есептерді шешудің әдістері және сырлары
2.1 Сандардың квадраттарын табудың оңай әдісі …. 25
2.2 Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу әдістері….. 28
2.3 Ғажайып сандар, ең үлкен көбейтінді және ең кіші қосынды туралы теоремалар….. 31
2.4 Алтыншы математикалық амал және квадрат теңдеу…….. 33
2.5 Квадрат теңдеулерді шешу жолдарының әр түрлі әдістері … 36
3 Жоғарғы сыныптарда өткізілетін үйірме жұмыстары
3.1 Комплекс сандар….. 42
3.2 Логикалық есептерді граф арқылы шешу….. 45
3.3 Тригонометриялық теңдеулерді шешудің әр түрлі әдістері….. 49
3.4 Ұлы математиктер…… 55
Қорытынды…….. 59
Пайдаланылған әдебиеттер….. 61
Кіріспе
Білім берудің қазіргі талабы- оқушының жан-жақты іс-әрекеттік қабілетінің дамуы.Оқушыны дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше.Математиканың ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ..
Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Оқушылардың пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады.Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор.Көпшілік оқушылардың, үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығушылығының артуы оны оқыту әдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты.
Үйірме жұмысында оқушылардың математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстарында жандандырады.Сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені дұрыс.
Мектептегі математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түріне — үйірме жұмыстары жатады. Математикалық үйірме оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға. математикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді..
Негізінен барлық сыныптардағы математикалық үйірмелер екі денгейде болуы мүмкін: біреуі — үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар үшін, екіншісі-үлгерімі орта деңгейдегі оқушылар үшін.
Матeмaтикaлық үйірмедегі сабақтар төмендегі жоспар негізінде жүргізіледі:
1)Математика тарихына байланысты үйірме мүшесінін 5-10 минутқа шақталған баяндамасы, үйірме жетекшісінің немесе үйірме мүшелерінің тақырыпқа сәйкес хабарламалары;
2) Ecenmер шығару, оның ішінде жоғарғы қиындықтағы есептер;
3) Жаттықтыру есептерін және жаңылтпаш есептерін шығару;
4) Жоғары оқу орындарына mүсy емтихандарының конкурстық, есептерімен, ҰБТ-дeұсынылған тапсырмалармен үйірме мүшелерін таныс-тыру;
5) Оқушыларының әр түрлі сұрақтарына жауап беру.
Үйірме мүшелерін конкурстық есептермен таныстыру, жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының есептерінің ҰБТ тапсырмаларының деңгейі жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мұндай есептердің шартымен үйірме мүшелерін әр сабақтың сонында таныстырған тиімді тапсырмаларды оқушылар, қалауы бойынша өз бетінше үйде орындалуына болады, үй тапсырымасын орындау оқушыларға міндеттелмейді.
Оқу материалдары қиындығының өсутәртібіне сәйкес орналастырылады.
Есептердің қысқа және тиімді жолмен шығарылуына назар ауарылады, шығарылған есептердің рәсімделуіне шек қойылмайды, бірақ математикалық тұрғыдан дұрыс болуы талап етіледі.
Шығармашылық бастаманың басымдылығы геометриялық салу есептерін шығаруда ерекше байқалады. Есептің шартын өзгерткен жағдайда қанша шешімі болатынын анықтап, нақты шешімдерін көрсету қажет.
Оқу материалының мазмұнын мектепте оқытылатын математика пәнінің оқу материалдарының логикалық жалғасы ретінде қарастыруға болады. Дегенмен, қолданбалы есептің: аясында көп есептер талданады, өйткені «Қолданбалы есептер – кәсіби бағыттылық құралы» деп санаймыз.
Қазақстан Республикасының орта оқу орындары білім берудің мемлекеттік жалпығаміндетті стандартын сатылап енгізудің жауапты кезеңіне жетті.
2006-2007 оқу жылынын 1 қыркүйегінен бастап республиканың 8 мыңнан астам орта оқуорындары 10-11 сыныптарда бағдарлы білім беруді бастады. Мектеп-лицейде бағдарлы оқыту соңғы 4 жыл көлемінде іске асырылуда.
Үйірме жұмысының мақсатын және міндетін сол бағытта анықтап, төменгідей етіп белгіледік:
Окушыларлын білімділік дағдысын арттыру мен математикалық білімін тереңдету оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуда оқу материалын, әсіресе, ондағы есептерді таңдап алудың маңызы зор.
Үйірмеде қарастырылатын теориялық материалдар, анықтамалар және қолданбалы есептер жүйесі, оқушылардың зерттеушілік жұмыстары олардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ақыл-ой әрекетінің дамуына игі ықпал жасап, мамандық таңдауға әсері болады.
Оқу материалдары түрлі есептер жинақтарынан, журналдар мен белгілі математиктердің кітаптарынан, үйірме, олимпиадаға арналған ееептер жинақтарынан алынады.
Мақсаты оқушылардың интеллектілік, шығармашылық ойлауын, өздігінен білім алу және еңбек ету дағдыларын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзкарасы мен белсенділігін қалыптастыру, кәсіпкерлікке баулу.
Міндеті оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін-өзі табуы барысына көмек көрсету.
Зерттеу нысаны үйірме жұмыстарының өткізу сатыларын қарастыру
Зерттеу деректері математика ғалымдарының еңбектері пайдаланылды.
Құрылымы мазмұны, кіріспе, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер.
Дипломдық жұмыс / 61 бет