1898 ж. 4-қыркүйекте Максим-Горький ауданының Качиры ауылында шаруа отбасында дүниеге келеді. КОКП орыс мүшесі. Азамат соғысына қатысушы. 1929 ж. колхоз ұйымдастыруға қатысушылардың бірі. Соғыстың алғашқы жылдарында колхоз төрағасының орынбасарлық қызметін атқарады. Қызыл Армия қатарына 1941 жылдың 29 қыркүйегінде шақырылады.
Қиын-қыстау әскери соғыс жолын аға сержант Андрей Николаевич Елгин Минск полкінің 88-ші Витебск Қызылту ордені, Суворов дивизиясы атындағы автоматшыларының 611-ші атқыштар ротасының бөлімше командирі болады.
1943 жылғы суық қараша ұрыстарында Андрей Елгин өзге жауынгерлерге үлгі ретінде жауға ерлікпен қарсы тұрады. Бірінші болып жау траншеясына аяқ басып, 8 қарсыласты мерт қылады. Мерген ретінде ол 37 гитлерліктің көзін жояды. Бас командование болса батырдың ұстамдылығына және қайтпас қайсарлығына қарап сеніп, аға сержант А.Н. Елгинге әскери бөлімшелік — жауынгер полктің туын тапсырады.
1944 жылдың 22 қазанында біздің 88 атқыштар дивизиясы Шығыс Пруссияның Голдап қаласын иеленеді. 11 күн бойы табанды күрес, тақалы тірес жүреді. 3 қарашада гитлерліктер қаланы қайтарып алуға әрекет жасайды. Оларға біздің жауынгерлеріміздің кейін шегінетін жолын кесіп, қоршауға алуға мүмкіндік туады. 4 қарашада түн мезгілінде полк штабынан қоршауды бұзып өтуге бұйрық келіп түседі.
Қайсар ту ұстаушы жау пулеметіне «Ура!» — деп қарсы қол бастайды. Көп кешікпей жау пулеметшілері талқандалып, бірақ Андрей Николаевич қатты жарақат алады. Қан аққанына қарамай өз жауынгерлерінің бағытына қарай еңбектеп жылжи берді. Неміс солдаттарының бір тобы оны тұтқынға алмақшы болғанымен, бірақ бұл жолы да батыр Елгин соңғы күші қалғанша, теңсіз күшке қарамай жауды жеңіп шығып, фашистерін өлтіреді. Бірақ бұл жолы екінші жарақаты, өлім жарақатын алған еді. Полк туы қанға боялғанымен, кеңес жауынгерінің ерлігі арқасында қорғалып қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығы бойынша 1945 жылдың 20 наурызынан Андрей Николаевич Елгинге өмірден өткен соң Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
Качиры ауылының орталығында Батырға арналған ескерткіш орнатылған. Сонымен қатар Қашырда батыр есіміне орта мектеп және көше аты берілген. Ол тұрған үйде мемориалды тақта да орнатылды. Оның есімімен қаламызда көше атауы беріліп (1965), Женіс көшесінде (1975) бюст орнатылды.