1962 жылы Бас штаб құпия операция «Анадырьді» ойластырып қойған еді. Төрағасы КСРО маршаллы Ованес Хачатурович Баграмян болды. Жоспар бойынша бұл стратегия АҚШқа қателік ой туғызуы керек еді. Барлығы бұл техниканың барлығы Чукоткаға жіберіледі деп хабарланды. Және соған қоса теріден жасалған киім-кешектерді портқа әкеле бастады. Тек, бұл операцияда бір мүмкіндігі болмады, зымырандарды тыға алмады. Ал американдық ұшақтар U-12 әрдайым Кубаны үстіден бақылап отыратын еді.
Зымырандарды, техниканы, және әскерилерді 6 түрлі портқа Североморсктан Севостопольға дейін жеткізді. Оларды шығару үшін арнайы 85 кемелер арналды. Бірде-бір капитан жүктің құрамын және тасымалдау жолын білген жоқ. Олардың қолында тек бір ғана хат болды. Онда, Кубаға дейін жету, НАТО кемелерімен кездесуден алшақ болу туралы ғана көрсетілді.
Тамыздың басында, Кубаға бірінші кемелер келе бастады. 8 қыркүйек күні түнде бірінші жүктер ашыла бастады, ал 2 жүк 16 қыркүйек күні келді. Штаб Гаванада орналасты. 14 қазан 1962 жылы Кубаға 40 зымыран жеткізілді.
U-2 ұшақтары тамыз айының соңында зымырандарға арнайы құрастырылып отырған құрылғыларды суретке түсіріп алды, бірақ 4 қыркүйек 1962 жылы Джон Кеннеди Конгресстің алдында Кубада ешқандай құрылғылар жоқ екенін мәлімдеді. Ал шындыққа келетін болсақ, кеңес мамангерлері 9 позиция құрылғыларын Р-12 және Р-14 үшін салып жатқан болатын. 1962 жылы қыркүйекке дейін американдық ұшақтар АҚШ ВВС Кубаны айына екі рет ұшып тұратын. 5 қыркүйектен 14 қазанға дейін бұл іс – әрекеттер тоқтатылған еді. Себептері: ауа-райы жаман еді, және Джон Кеннеди кеңес зымыранымен АҚШ ұшағы жарылысынан қорыққан еді. Бұл ұшу процессі Барлау орталық басқармасымен (ЦРУ) бақыланған еді.14 қазаннан бастап ВВС-нің қолына көшті. Оның ұшқышы Ричард Хейзер болды. Ол Кубаға аттанып, видеоға түсіріп, кассетаны БОБ-қа үсынады. Аналитиктер кеңес зымырандарының қондырғыларын аңғарып, АҚШ әскерінің жоғарғы қолбасшысына хабарлайды. 16 қазанда 8:45те бұл хабарламаны АҚШ президентіне айтып, суреттерді дәлелдеме ретінде ұсынады. Джон Кеннеди Кубаны бақылауды 90 есе арттырады. Егер бұрында айында екі рет қана ұшса, келесіде оның бұйрығы бойынша ұшақтар Кубаны күніне 6 реттен бақылап тұру керек еді.