Алтын Адам реконструкциясы

Алтын Адам реконструкциясы туралы қазақша реферат

«Алтын адам» Қазақстан аумағына жататын Есік қорғанынан табылған, біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғғ. өмір сүрген көшпенділердің тарихынан, өркениеті мен мәдениетінен хабар беретін, бүгін де әлемдік мәдени құндылықтардың қатарына енген бірегей туынды.  «Алтын адам» бас киімінің ұшар басындағы арқарды (тоқты) ғалымдар Тоқты дәуірімен байланыстырады. Тоқты белгісі Марс басқаратын От стихиясымен байланысты. Негізінде От стихиясын тығыз материяда жүзеге асыруға тырысқан шығармашылық бастау, ынта, ерік-жігер деп талдауға болады. Бұл белгі бастапқы идеяны, өзінің жеке қасиеттерінің бәрін жете, сезіне, түйсіне білетін, тың идеялар тудыруға, қалыптастыруға, өзін-өзі көрсетуге және экспансияға тырысқан тұлғаның идеясын толық мағынасында түсінуді білдіреді. Басқарушы Марс Тоқтының іс-әрекеттеріне, мінезіне пәрменді күш, мықтылық береді. Мінездері бойынша олар бірбеткей, пысық  Тоқты дәуірі Христостың туғанына дейін, одан екі мың жыл бұрын басталған-тын. Жобамен осы кезеңде Ежелгі Шығыс елдерінде, Мысыр мен Месопотомияда, сондай-ақ Индияда кеннен темірді айырып алу тәсілін ашады. Бұл қола дәуірінің соңы мен темір дәуірінің басына келеді. Темірдің қолданылуы адамзатқа үздіксіз соғыс әкелген Тоқты дәуірінің күшіне енген кезін нақты сипаттайды. Бұл — Марстың басқаруымен, Тоқты белгісіне тән алға ұмтылушылықпен және экспансиямен түсіндіріледі. Тоқты дәуірінің басталуымен алғашқы еуропалық өркениет – Крит аралындағы миной мәдениеті бастау алады. Христостың туғанына дейін, шамамен екі мың жыл бұрын, орта миной кезеңінде урбанизация үдерісі жүріп, қалалар, Кност, Мелия, Фест секілді алғашқы сарайлар салынады. Ғалымдар қоғамның бір типіне жатқызатын Грек және Рим өркениетінің барлық бастамаларын Тоқты дәуірінің идеясына сәйкестендіреді (осыған байланысты айта кететін бір жайт, Ежелгі грек аңызында Критте аты аңызға айналған Афин мен батыр Тезей «Жұлдызды бұқаны» өлтіреді – Минотавра). Десек те, адамдар Тоқты дәуірінен де кейін соғысты, әсіресе ХХ ғасырдағы болған соғыс көне дәуірде болған соғыстан асып түсті, алайда бұл соғыстың ХХ ғасырдағы соғыстан айырмашылығы, ежелгі дәуірде күнделікті маңызға айналған, батырдың жеке басының көзсіз ерлігін асқақтататын, ержүректілігін көрсететін құрметті соғыс болды. Батырлардың болуы Тоқты дәуіріндегі маңызды оқиға, себебі батыр дегенің бәрінен бұрын жеке, биік тұратын, толық қалыптасқан Тұлға, Тұлғаның алға ұмтылушылығы мен қалыптасуын көрсететін, Тоқты белгісінің алғашқы сипаттарының бірі ретінде көрініс беретін құбылыс. Тоқты дәуірінің кезеңі сол замандағы дін – зороастризммен тығыз байланысты. Зороастризм ақсүйек (арий) тайпаларының арасында, олар Иранның белгілі бір аумағын жаулап алған кезде, пайда болды. Зороастризмнің нақты пайда болған жері солтүстік-шығыс Иран мен Ауғанстанның, Арменияның бөлігі және Орта Азия. Солтүстік ақсүйектер (арийлер) қазіргі Ресей мен Қазақстан аумағында да пайда болды деген дерек те бар. Зороастризм адамзат тарихындағы алғашқы пайғамбарлық және монотеистік дін болып саналады. Ашо Заратуштраның туған жері мен уақыты нақты анықталмаған. Ғалымдар Заратуштра біздің дәуірімізге дейін, екі мың жыл бұрынғы кезеңде, б.д.д. VI ғасырда өмір сүрген дейді. Дәл осы кезеңде дәуірдің барлық болмысын, ой-толғамын көрсететін «хайуанаттар стилі» бірге пайда болады. «Алтын адам» салтанатты киімінде ежелгі шебер жаһанның мифологиялық көрінісін, жақсылық пен жамандықтың бітіспес айқасын, жарық пен қараңғылықты ғажап айшықтай білген. Индо-иран халқының, сонымен қатар сақ тайпаларының санасында әлемдік болмыс үш бөліктен тұрған: жоғары — аспан әлемін, орта – жер әлемін, төменгі – жер асты әлемін білдірген. Скиф өнерінде хайуандардың бейнесі (бұғы, тауешкі, антилопа т.б.) жер әлемінің символы ретінде олар өлуге хақылы. Ежелгі адамдардың сенімі өлімге әкелетін өмірдің тіршілігі үнемі жаңғыру арқылы тұрақты түрде жаңарып тұратынына әкеп саяды. «Алтын адам» бас киімі хайуандар, өсімдіктер және геометриялық фигуралар бейнеленген әшекейлерден тұратын күрделі де үйлесімді композиция. Әшекейлердегі хайуандар жатысы кәдімгідей емес, мысалы, жамбасы айналдырылып берілген. Бәлкім, көшпенділер өнерінде құрбандыққа шалынатын хайуан осылай бейнеленген, ал оның көрінісі – дәстүрге негізделген шартты композициялық схема болар. «Хайуанаттар стилі» өнері адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын айғақтайтын, адамның жақсылық пен жамандықтың, өмір мен өлімнің мәңгілік күресін шын мәнісінде түйсінудің айнасы іспеттес болды“Мәде
ни мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұражайын ашуға байланысты былтыр күзде Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Мәулен Әшімбаевтың арнайы келіп, Алтын адам табылған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт¬қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағдарламасына байланысты Президент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерткіштерді жаңғырту жұмысы ерекше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс… Ол жұмыстардың біткеннен кейінгі тағдыры қандай бол-мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-шашық тастап кетеміз бе?”, – деп, қынжыла ескерткен болатын. Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүргізілген археологиялық жұмыстарға көңілі толмайтыны айқын аңғарылады. Алайда Елбасының сол ескертпесін қатаң басшылыққа алған-алмағанымыз әлі белгісіз. Академик Досмұха¬мед Кішібеков: “1969 жылы Алматы облысының Есік қаласына жақын жерден бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген “Алтын адам” табылды. Бұл, әлем ғалымдарының пікірінше, Египеттегі Тутанхамоннан кейін¬гі екінші үлкен ғылыми жетістікке жататын жаңалық еді”, – дейді. Бірақ, өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін сол “екінші үлкен ғылыми жаңалыққа” лайық ұлттық шара жасай алған жоқ едік. Енді, міне, “Мәдени мұраның” шарапаты бұған да тиіп, ол шара екі жыл көлемінде жүзеге асатын болып жатса және газет: “Бұл істе әрбір ұсақ-түйекке дейін мән берілуі тиіс”, – деп, қамқор болып жатса, қалай қуанбассың! Бірақ, соның жақсы бітуін де осы бастан жан-жақты ойластырған жөн. Ол үшін ең әуелі, меніңше, Президент айтқандай, мұның “құрылыс емес, ғылыми жұмыс” екенін есте ұстау қажет. Сондықтан, қорық-мұражайды салу жұмысымен қабат оның ғылыми-зерттеу жағын да тереңдетуге тиіспіз. Сонда ғана әлемдік мәні бар тарихи мұражайымызды өзгелерге лайықты дәрежеде танытып, өз деңгейінде дәріптей аламыз. Сол іске азды-көпті көмегі тие ме деген ниетпен бірер пікір айтпақпыз. Президент “Мәдени мұраға” қатысты Отырарды мысалға келтірсе, мен Бесшатырды мысалға келтірмекпін. Алтын адам Іленің бір жағалауынан табылса, Бесшатыр келесі жағында жатыр. Қазір ғалымдар екеуін де сақ дәуірінің ескерткіші дейді. Бесшатырда ғалым К.Ақышевтың айтуынша, 26 шаршы километр жерді алып жатқан 31 оба бар. Соның он сегізін 1957-1961 жыл аралығында ғалым Кемал Ақы¬шев қазып, зерттеген. “Бесшатыр қабірі өз заманында ағаштан салынған күрделі құрылыстардың бірінен саналған. Ол үш бөлімнен тұрады: дәліз, ауызғы бөлме, қабір”.“Бесшатыр ескерткіші Іле аңғарын мекендеген сак-тиграхаудалар тобына жататын тайпалардың қасиетті герросы болғандығына (патшалары мен көсемдерін жерлейтін арнайы орын – Б.Н.) ешқандай дау жоқ”, – деп тұжырымдайды. Алайда, ол обаларда зерт¬тейтін қазір ешқандай кейіп те, зат та жоқ, тек ашық-шашық жат¬қан тастар мен топырақ қана қалған.